*ШУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БӨЛІМІ » Материалы за 09.02.2016
Көшіру
Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы N 345 Заңы
Осы Заң балаларды қоғамдағы толымды
өмiрге даярлау, олардың қоғамдық мәнi бар және шығармашылық белсендiлiгiн
дамыту, әлемдiк өркениеттiң жалпы адамзатқа тән құндылықтары негiзiнде оларды
жоғары имандылық қасиеттерге, елжандылық пен азаматтыққа тәрбиелеу, олардың
бойында ұлттық сана-сезiмдi қалыптастыру принциптерінің басымдығына сүйенiп,
баланың Қазақстан РеспубликасыныңКонституциясында кепілдiк берiлген негiзгi
құқықтары мен заңды мүдделерiн iске асыруға байланысты туындайтын қатынастарды
реттейдi.
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынандай негізгі ұғымдар
пайдаланылады:
1) ата-анасының
қамқорлығынсыз қалған бала – ата-ана құқықтарының шектелуіне немесе олардан
айрылуына, ата-анасы хабар-ошарсыз кетті деп танылуына, олардың қайтыс болды
деп жариялануына, әрекетке қабілетсіз (әрекет қабілеті шектеулі) деп танылуына,
ата-анасының бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеуіне, ата-анасының
баласын тәрбиелеуден немесе оның құқықтары мен мүдделерін қорғаудан жалтаруына,
оның ішінде ата-анасының өз баласын тәрбиелеу немесе емдеу мекемелерінен алудан
бас тартуына байланысты, сондай-ақ ата-анасы қамқорлық жасамаған өзге де
жағдайларда жалғызбасты ата-анасының немесе екеуінің де қамқорлығынсыз қалған
бала;
2) бала – он сегіз
жасқа (кәмелетке) толмаған адам;
3) бала құқықтарын
қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдар – бұл балаларды
әлеуметтік қолдауды, әлеуметтік-тұрмыстық, медициналық-әлеуметтік,
әлеуметтік-педагогикалық, психологиялық-педагогикалық, құқықтық қызметтер
көрсету мен материалдық көмек көрсетуді, өмірде қиын ахуалға тап болған балаларды
әлеуметтік оңалтуды, мұндай балалар еңбекке қабілетті жасқа жеткенде олардың
жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етуді жүзеге асыратын ұйымдар;
4) баланы әлеуметтік
оңалту – бала жоғалтқан әлеуметтік байланыстар мен функцияларды қалпына
келтіру, тұрмыс-тіршілікті қамтамасыз ету ортасын толықтыру, оған қамқорлық
жасауды күшейту жөніндегі іс-шаралар;
5) баланың әлеуметтік
бейімделуі – өмірде қиын ахуалға тап болған баланың қоғамдағы құндылықтарды,
мінез-құлық қағидалары мен нормаларын игеру және қабылдау арқылы әлеуметтік
ортаның жағдайларына белсенді түрде бейімделу процесі, сондай-ақ басынан
кешірген психологиялық және (немесе) моральдық зардаптарды еңсеру процесі;
6) баланың заңды
өкілдері – ата-ана, бала асырап алушылар, қорғаншы, қамқоршы, патронат
тәрбиелеуші, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес балаға қамқорлық
жасауды, білім, тәрбие беруді, оның құқықтары мен мүдделерін қорғауды жүзеге
асыратын олардың орнындағы басқа да адамдар;
7) баланы экономикалық
жағынан қанау – бұл бала еңбегінің ең нашар нысандары, оның ішінде кәмелетке
толмағандармен сауда жасау, оларды қылмыстық әрекетке немесе қоғамға жат
іс-әрекеттер жасауға, жезөкшелікпен айналысуға, порнографиялық суреттер
шығаруға немесе кәмелетке толмағандарды порнографиялық сипаттағы ойын-сауық
іс-шараларына қатысуға тарту, сондай-ақ жұмысқа қабылдау үшін Қазақстан
Республикасыныңзаңдарында белгіленген ең төменгі жастан кіші балалардың
еңбегі;
8) жетім бала –
ата-анасының екеуі де немесе жалғыз басты ата-анасы қайтыс болған бала;
9) қамқоршылық – он
төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі балалардың құқығы мен заңды мүдделерін
қорғаудың құқықтық нысаны;
10) қорғаншылық – он
төрт жасқа толмаған балалардың құқығы мен заңды мүдделерін қорғаудың құқықтық
нысаны;
11) мемлекеттік ең
төменгі әлеуметтік стандарттар – мемлекет белгілеген әлеуметтік қызметтер
көрсетудің, нормалар мен нормативтердің ең төменгі көлемін қамтитын, балалар
өмірінің сапасын қамтамасыз ететін негізгі көрсеткіштер;
12) мүгедек бала –
тіршілік етуінің шектелуіне және оны әлеуметтік қорғау қажеттігіне әкеп
соқтыратын аурулардан, жарақаттардан, олардың салдарынан, кемістіктерден
организмінің функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығына зақым келген он сегіз
жасқа дейінгі адам;
13) патронат –
ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы уәкілетті мемлекеттік орган мен
баланы тәрбиелеуге алуға тілек білдірген адам (патронат тәрбиелеуші) жасасатын
шарт бойынша азаматтардың отбасына тәрбиелеуге берген кездегі тәрбиенің нысаны;
14) өмірлік қиын
жағдайда жүрген балалар – қалыптасқан мән-жайлардың салдарынан тыныс-тіршілігі
бұзылған және осы мән-жайларды өз бетінше немесе отбасының көмегімен еңсере
алмайтын балалар; арнаулы білім беру ұйымдарындағы, ерекше режимде ұстайтын
білім беру ұйымдарындағы балалар.
Ескерту. 1-бап жаңа
редакцияда - ҚР 2010.11.23 № 354-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн
өткен соң қолданысқа енгізіледі), өзгеріс енгізілді - ҚР 05.07.2014№ 236-V (01.01.2015
бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Осы Заңның күші Қазақстан Республикасының азаматтарына қолданылады. Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын бала, егер Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Республикада азаматтар үшін белгіленген құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады, сондай-ақ міндеттерді атқарады.
2. Осы Заңның баланың құқықтары мен
міндеттерін белгілейтін нормаларының күші кәмелетке толғанға дейін Қазақстан
Республикасыныңзаңдарына сәйкес азаматтық әрекетке қабілеттілігін толық
көлемінде алған балаларға қолданылады.
Ескерту. 2-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.11.23 № 354-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан
кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
3-бап. Қазақстан Республикасының баланың
құқықтары туралы заңдары
1. Қазақстан Республикасының баланың құқықтары туралы заңдары Қазақстан РеспубликасыныңКонституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының бала құқықтарын қорғау саласындағы өзге денормативтiкқұқықтықактілерiнен тұрады.
4-бап. Балалардың тең құқықтылығы
1. Тегiне, нәсiлiне және қай ұлтқа жататындығына, әлеуметтiк және мүлiктiк жағдайына, жынысына, тiліне, бiлiмiне, дiнге көзқарасына, тұрғылықты жерiне, денсаулық жағдайына, балаға және ата-анасына немесе басқа заңды өкілдерiне қатысты өзге де мән-жайларға қарамастан, барлық бала тең құқыққа ие.
2. Некеден де және некесіз де туған
балалар тең әрi жан-жақты қорғауды пайдаланады.
Ескерту. 4-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2010.11.23 № 354-IV (алғашқы ресми
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Заңымен.
5-бап. Баланың құқықтарын шектеуге тыйым салу
Қазақстан
Республикасыныңзаңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, баланың
құқықтарын шектеуге болмайды.
Ескерту. 5-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.11.23 № 354-IV (алғашқы ресми
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Заңымен.
2-тарау. БАЛАЛАР МҮДДЕСIН КӨЗДЕЙТIН МЕМЛЕКЕТТIК САЯСАТ
6-бап. Балалар мүддесiн көздейтiн мемлекеттiк
саясаттың мақсаттары
1. Қазақстан Республикасының балалар мүддесiн көздейтiн мемлекеттiк саясатының мақсаттары:
1) балалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ету, оларды кемсiтушілікке жол бермеу;
1) баланың құқықтарын заң тұрғысынан қамтамасыз етуге;
7-бап. Қазақстан Республикасы орталық және жергiлiктi
атқарушы органдарының мемлекетте
баланың
құқықтарын қорғау мәселелерi
жөніндегi
өкiлеттiктерi
1. Орталық атқарушы органдардың
баланың құқықтарына кепiлдiктердi қамтамасыз ету жөнiндегi өкiлеттiктерiне:
1) балалар мүддесiн
көздейтiн мемлекеттiк саясаттың негiздерiн талдап жасау;
2) алынып
тасталды - ҚР13.01.2014 N 159-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік
он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
3) өз құзыретi шегiнде
баланың құқықтары мен бостандықтарын реттеу және қорғау жөнiндегi нормативтiк
құқықтық актiлердi қабылдау;
4) балалардың өмiрiн
жақсартуға бағытталған мемлекеттiк ең төменгi әлеуметтiк стандарттарды
белгiлеу;
5) бюджет қаражаты
және Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынбаған өзге де көздер
есебiнен балалар мүдделерiнде мемлекеттiк саясатты iске асыру жөнiндегi
iс-шараларды жүзеге асыру;
6) баланың құқықтарын
қорғау мәселелерi бойынша мемлекеттің халықаралық мiндеттемелерiн орындау және
халықаралық ұйымдарда мемлекет мүддесiн білдiру;
7) алынып тасталды - ҚР13.01.2014 N 159-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік
он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
8) алып тасталды - ҚР 29.12.2014 №
269-V(01.01.2015 бастап қолданысқа
енгізіледі) Заңымен;
9) осы Заңда,
Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің
және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де
өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.
2. Алынып тасталды
3. Жергiлiктi атқарушы
органдардың бала құқықтары кепiлдiктерiн жүзеге асырудағы өкiлеттiктерiне:
1) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 №
124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан
кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
2) балаларға арналған
әлеуметтiк инфрақұрылымды қалыптастыруға қатысу;
3) баланың құқықтары
мен заңды мүдделерiн қорғау жөнiндегi консультацияларды хабарлау мен өткiзу,
iс-шараларды жүзеге асыру тәртiбiн белгiлеу;
4) тәрбие, бiлiм беру,
денсаулық сақтау, ғылым, мәдениет, дене тәрбиесi мен спорт, әлеуметтiк қызмет
көрсету және отбасын әлеуметтiк қорғау саласында балалар мүдделерiне орай
орталық атқарушы органдар айқындаған мемлекеттiк саясатты iске асыру жөнiндегi
iс-шараларды жүзеге асыру;
4-1) жетім балаларды,
ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды міндетті түрде жұмысқа
орналастыруды және тұрғын үймен қамтамасыз етуді белгіленген тәртіппен жүзеге
асыру;
5) жергілікті
мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасыныңзаңнамасымен
жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру
жатады.
Ескерту. 7-бапқа
өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.12.20 № 13, (2005.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2009.07.17 № 188-IV (қолданысқа
енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.03.19 №
258-IV, 2011.01.06 № 378-IV (алғашқы ресми
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі),
2011.07.05 № 452-IV(2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі),
13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн
өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 №
124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін
күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.01.2014 N 159-V (алғашқы ресми
жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
29.12.2014 № 269-V(01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
3-тарау. БАЛАНЫҢ НЕГIЗГI ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МIНДЕТТЕРI
8-бап. Баланың денсаулық сақтауға құқығы
1. Әрбiр баланың денсаулық сақтауға бұлжымас құқығы бар.
3. Баланың денсаулық сақтауға құқығы:
1) баланың денсаулығын сақтау саласында Қазақстан Республикасыныңзаңдарын қабылдау;
2) балалардың салауатты өмiр салтын насихаттау және ынталандыру;
3) балалардың денсаулығын сақтау саласындағы ғылыми зерттеулердi мемлекеттiк қолдау;
4) баланың, оның ата-анасының денсаулық жағдайына бақылау жасау және балалар ауруларының алдын алу;
5) бiлiктi медициналық көмек көрсету;
6) баланың денi сау болып өсiп жетiлуiне қажеттi қолайлы қоршаған орта жасау;
5. Баланың өмiрiне, денсаулығына
және дене бітімі мен психикасының қалыпты өсiп-жетілуіне зиян келтiретiн кез
келген ғылыми тәжiрибелер немесе өзге де эксперименттерге тыйым салынады.
Ескерту. 8-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2010.11.23 № 354-IV (алғашқы ресми
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
9-бап. Баланың даралық ерекшелiкке және оны сақтауға
құқығы
Әрбір бала туылғаннан кейін
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тіркелуге тиіс. Туылған кезінен
бастап оның аты, әкесінің аты және тегі, ұлты және азаматтығы болуына құқығы,
ал Қазақстан Республикасыныңзаңдарында көзделген жағдайларда оларды
сақтауға құқығы бар.
Ескерту. 9-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.11.23 № 354-IV (алғашқы ресми
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Заңымен.
10-бап. Баланың өмiр сүруге, жеке басының бостандығына,
қадiр-қасиетiне және жеке өмiрiне қол сұғылмауға
құқығы
1. Әрбiр баланың өмiр сүруге, жеке басының бостандығына, қадiр-қасиетiне және жеке өмiрiне қол сұғылмауға құқығы бар.
11-бап. Баланың сөз және ар-ождан бостандығына,
ақпаратқа, қоғамдық өмiрге араласуға құқығы
1. Әрбiр баланың сөз бостандығына және өз пiкiрiн айтуға, ар-ождан бостандығына, өзiнiң қоғамдық белсендiлiгiн дамытуға, жасына сәйкес ақпарат алуға және оны таратуға, қоғамдық бiрлестiктерге, сондай-ақ басқа да коммерциялық емес ұйымдардың нысандарына және Қазақстан Республикасыныңзаңдарымен рұқсат етiлген бейбiт жиналыстарға өз еркiмен қатысуға құқығы бар.
2. Мемлекеттiк органдар балалардың
жеке адами тұлғасын, олардың шығармашылық бейiмдiлiгiн, әлеуметтiк
белсендiлiгiн, ғылыми, техникалық және көркем шығармашылығын дамытуды, олардың
интеллектуалдық меншiгiн қорғауды, балалардың өмiрi мен денсаулығын сақтауды,
қоршаған табиғи ортаны, тарих пен мәдениет ескерткiштерiн қорғауды өзiне мақсат
тұтатын, қайырымдылықты жүзеге асыратын, мәдени және спорттық өмiрге қатысуға
тартатын, демалысты ұйымдастыратын қоғамдық ұйымдарға жәрдемдеседi.
Ескерту. 11-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 16.11.2015 № 403-V Заңымен (алғашқы
ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа
енгізіледі).
12-бап. Баланың қажеттi тұрмыс деңгейiне құқығы
1. Әрбiр баланың дене бiтiмінің, психикасы мен жан дүниесiнің толымды дамуы үшiн қажеттi тұрмыс деңгейi мен жағдайы болуға құқығы бар.
13-бап. Баланың мүлiктiк құқықтары
1. Әрбiр баланыңзаңмен белгiленген тәртiппен және мөлшерде өз ата-анасынан және отбасының басқа да мүшелерiнен қаражат алуға құқығы бар. Балаға алименттер, жәрдемақылар және басқа да әлеуметтiк төлемдер ретiндегi тиесiлi сомалар ата-анасының (олардың орнындағы адамдардың) билiк етуiне келiп түседi және олар баланы күтiп-бағуға, оған бiлiм беруге және оны тәрбиелеуге жұмсалады.
2. Әрбiр баланыңзаңдарда
белгiленген тәртiппен өз бетiнше немесе өзiнiң заңды өкілдері арқылы мәмiлелер
жасауға, банктерде салымы болуға және жалақысына, стипендиясына немесе өзге де
кiрiстерiне және интеллектуалдық меншiк құқығы объектiлерiне билiк етуге, өзге
де мүлiктiк құқықтарды иемденiп алуға және оларды жүзеге асыруға құқығы бар.
Ата-аналар
немесе заңды өкілдер баланың жәрдемақысын немесе материалдық көмек ретiнде
мемлекет бөлген ақшалай қаражатты баланың атына банкке салуға құқылы.
3. Әрбiр баланың өзi тапқан табысқа, өзi
сыйға немесе мұра ретiнде алған мүлiкке, сондай-ақ баланың қаражатына сатып
алынған басқа да кез келген мүлiкке меншiк құқығы бар.
Өз еңбегiмен
табыс табатын бала, егер ол ата-анасымен бiрге тұратын болса, отбасын асырауға
жұмсалатын шығындарды бөлiсуге қатысуға құқылы.
Баланың өзiне меншiк
құқығымен тиесілі мүлiкке билiк ету құқығы Қазақстан Республикасының
азаматтықзаңдарымен айқындалады.
14-бап. Баланың тұрғын үйге құқығы
1. Әрбiр баланың Қазақстан
Республикасыныңтұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үйге құқығы бар.
2. Білім беру
ұйымдарындағы, медициналық және басқа да ұйымдардағы, оның ішінде қоғамнан
уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін ұйымдардағы, қорғаншылықтағы немесе
қамқоршылықтағы, патронаттық тәрбиедегі жетiм бала, ата-анасының қамқорлығынсыз
қалған бала тұрғын үйге меншiк құқығын немесе тұрғын үйді пайдалану құқығын caқтайды,
ал құқығы болмаған жағдайда олардың Қазақстан Республикасының тұрғын үй
заңнамасына сәйкес тұрғын үй алуға құқығы бар.
Мемлекеттiк тұрғын үй
қорынан берілген тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы
орган жалдаған тұрғын үй жетiм балаларда, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған
балаларда олар білім беру ұйымдарында, медициналық және басқа да ұйымдарда,
оның ішінде қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін ұйымдарда,
қорғаншылықта немесе қамқоршылықта, патронаттық тәрбиеде болған кезеңде олар
кәмелетке толғанға дейін сақталады.
3. Ата-анасының
қамқорлығынсыз қалған балаларды, оның iшiнде жетiм балаларды оларға басқа
тұрғын үй берiлмейiнше, тұрып жатқан тұрғын үйінен шығаруға болмайды.
4. Осы
баптың2-тармағында аталған балалардың тұрғын үйге меншiк құқығын немесе
тұрғын үйді пайдалану құқығын сақтауды жергiлiктi атқарушы органдар қамтамасыз
етедi.
5. Он төрт жасқа
толмаған жетім баланың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланың тұрғын үйін
иеліктен шығару, оның ішінде айырбастау немесе сыйға тарту бойынша мәмілелер
жасауға немесе олардың атынан кепілгерлік шартын, тұрғын үйді өтеусіз
пайдалануға тапсыру немесе кепілге қою бойынша мәмілелер, заң жүзінде, өсиет
бойынша оларға тиесілі мұрагерлік құқықтардан бас тартуына, олардың тұрғын үйін
бөлуге немесе одан үлес бөліп алуға әкеп соқтыратын мәмілелер жасасуға жол
берілмейді.
Ескерту. 14-бап жаңа редакцияда - ҚР 04.07.2013 № 126-V Заңымен (алғашқы
ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа
енгізіледі).
14-1-бап. Жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз
қалған балалардың тұрғын үйін
сақтауды
қамтамасыз ету
1. Жергiлiктi атқарушы органдар:
1) жетім балалардың,
ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйін есепке алуды
жүргізеді және оның сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
2) жетім балалар,
ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа,
патронаттық тәрбиелеуге, білім беру ұйымдарына, медициналық және басқа да
ұйымдарға орналастырылғанға дейін олардың тұрғын үйін сақтауды қамтамасыз
етеді;
3) жетім балалардың,
ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйіне қорғаншылық
белгiлейдi.
2. Баланың заңды
өкілдері жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын
үйін сақтауды қамтамасыз етеді.
Баланың заңды өкілдері
қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның
келісімімен, жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың
тұрғын үйін Қазақстан Республикасының Үкіметібекітетін үлгі шарт
негізінде жалдауға (қосымша жалдауға) бере алады.
Тұрғын үйді жалдау
(жалға алу) шарты бойынша алынған ақша жетім балалардың, ата-анасының
қамқорлығынсыз қалған балалардың банктік шотына есептелуге жатады.
Жетім балалардың,
ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйін сақтау қағидаларын
Қазақстан Республикасының Үкіметібекітеді.
Жетім балалардың,
ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйін сақтау қағидалары:
1) жетім балалардың,
ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйін есепке алу;
2) жетім балалардың,
ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйіне қорғаншылық
белгілеу;
3) жетім балалардың,
ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйін жалдауға (жалға)
тапсыру;
4) баланың заңды
өкілдерінің жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың
тұрғын үйін сақтау жөніндегі міндеттерді орындауын бақылауды жүзеге асыру
тәртібін қамтиды.
3. Жергілікті атқарушы
органдардың лауазымды адамдары және баланың заңды өкілдері жетім балалардың,
ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйін сақтау жөніндегі
міндеттерді орындамағаны үшін Қазақстан Республикасыныңзаңдарында
көзделген жауаптылықта болады.
Ескерту. Заң 14-1-баппен толықтырылды - ҚР 04.07.2013 № 126-V Заңымен (алғашқы
ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа
енгізіледі).
15-бап. Баланың бiлiм алуға құқығы
1. Әрбiр баланың бiлiм алуға құқығы бар және Қазақстан Республикасының бiлiм туралызаңдарына сәйкес оған тегiн бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім және конкурстық негiзде тегiн техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары бiлiм алуға кепiлдiк берiледi.
4. Мемлекет балалардың бiлiм алу
кезеңiнде әлеуметтiк қорғауды қажет ететiндерiнің күтiп-бағу шығынын толық
немесе iшiнара көтередi. Олардың бiлiм алу кезеңiнде әлеуметтiк көмектің
мөлшерлерi мен көздерiн Қазақстан Республикасының Yкiметiбелгiлейдi.
Ескерту. 15-бапқа
өзгеріс енгізілді - ҚР 2007.07.27 № 320 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
16-бап. Баланың еңбек бостандығына құқығы
1. Әрбiр баланың еңбек бостандығына, қызмет және кәсiп түрлерiн еркiн таңдауға құқығы бар.
4. Баланы оның денсаулығына қауіп
төндіруі немесе білім алуына кедергі келтіруі не оның денсаулығына және дене
бітімі, ақыл-ойы, рухани, моральдық және әлеуметтік жағынан дамуына нұқсан
келтіруі мүмкін кез келген жұмысты орындауға қабылдауға немесе тартуға тыйым
салынады.
Ескерту. 16-бапқа
өзгеріс енгізілді - ҚР 2007.05.15 № 253, 2010.11.23 № 354-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн
өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
16-1-бап. Баланың экономикалық қанаудан қорғалу құқығы
Әрбір баланың экономикалық қанаудан
қорғалуға құқығы бар.
Ескерту. Заң 16-1-баппен толықтырылды - ҚР 2010.11.23 № 354-IV (алғашқы ресми
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Заңымен.
17-бап. Баланың мемлекеттiк көмекке құқығы
1. Мемлекеттiк көмек оны алуға құқығы бар әрбiр балаға тағайындалады. Мемлекеттiк көмектің мөлшерi және оны көрсетудің шарты мен тәртiбi Қазақстан Республикасыныңзаңдарымен белгiленедi.
18-бап. Мемлекеттiк ең төменгi әлеуметтiк стандарттарды
белгiлеу
1. Балалардың мүддесiн көздейтiн мемлекеттiк саясат мемлекеттiк ең төменгi әлеуметтiк стандарттар негiзiнде жүзеге асырылады.
5) Қазақстан Республикасының тұрғын үйзаңдарына сәйкес тұрғын үйге құқығын қамтамасыз етудi;
7) бiлiктi заң көмегiн көрсетудi қамтиды.
4. Тиiстi бiлiм беру ұйымдарындағы,
арнаулы оқу-тәрбие ұйымдарындағы, денсаулық сақтау, әлеуметтiк қызмет көрсету
ұйымдарындағы немесе өзге де мекемелер мен ұйымдардағы балалардың өздерiне
ұсынылған қызмет көрсетулердiң мемлекеттiк ең төменгi әлеуметтiк стандарттарға
сәйкестiгін мезгiл-мезгiл бағалап отыруға құқығы бар.
Ескерту. 18-бапқа өзгеріс
енгізілді - ҚР 2007.07.27 № 320 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
19-бап. Баланың дем алуға және бос уақытын пайдалануға
құқығы
1. Әрбiр бала өзiнiң жасына, денсаулығына және қажеттерiне қарай демалуға және бос уақытын пайдалануға құқылы.
4. Мемлекет балалардың демалуға,
сауығуға және бос уақытын пайдалануға құқығын қамтамасыз ету жөнiндегi
iс-шараларды жүзеге асырады.
5. Балалардың
сауықтыру, спорт, шығармашылық және бос уақытты өткізетін өзге де ұйымдарында,
лагерьлері мен санаторийлерінде құдайға құлшылық етуді, дiни жораларды, рәсімдерді
және (немесе) жиналыстарды өткізуге, сондай-ақ діни ілімдерді таратуға
бағытталған іс-әрекеттерге жол берілмейді.
Ескерту. 19-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.10.11 № 484-ІV(қолданысқа
енгізілу тәртібін 2-баптанқараңыз) Заңдарымен.
Әрбiр бала Қазақстан РеспубликасыныңКонституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандығын, ар-ожданы мен қадiр-қасиетiн, Республиканың мемлекеттiк нышандарын құрметтеуге, еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға, тарихи және мәдени мұралардың сақталуына қам-қарекет жасауға, тарих және мәдениет ескерткiштерiн сақтауға, табиғатты сақтауға және табиғи байлықтарға ұқыпты қарауға мiндеттi.
21-бап. Баланың отбасында өмiр сүру және тәрбиелену
құқығы
Баланың мүдделерiне қайшы келетiн
жағдайларды қоспағанда, әрбiр баланың отбасында өмiр сүруге және тәрбиеленуге
құқығы, өзiнiң ата-анасын және басқа да жақын туыстарын бiлуге құқығы, олардың
қамқорлығы мен тәрбиесiн алуға құқығы бар.
Ескерту. 21-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2010.11.23 № 354-IV (алғашқы ресми
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Заңымен.
22-бап. Баланың отбасындағы құқықтары
Әрбір бала отбасында Қазақстан
РеспубликасыныңКонституциясында, осы Заңда және Қазақстан Республикасының
басқа дазаңдарында белгіленген жеке мүліктік емес және мүліктік
құқықтарға ие.
Ескерту. 22-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.11.23 № 354-IV (алғашқы ресми
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Заңымен.
23-бап. Бала тәрбиелеп отырған отбасыларына мемлекеттiк
қолдау
Мемлекет бала тәрбиелеп отырған
отбасыларына Қазақстан Республикасыныңзаңдарында белгiленген тәртiппен
әлеуметтiк көмек беру арқылы қолдау көрсетедi.
Ескерту. 23-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2010.11.23 № 354-IV (алғашқы ресми
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Заңымен.
24-бап. Ата-анасының баланы тәрбиелеу, күтiп-бағу және
асырау жөніндегi мiндетi
1. Ата-анасы немесе басқа да заңды өкілдері өздерiнің қабiлетi мен қаржы мүмкіндiктерi шегiнде баланың жан-жақты дамуы үшiн қажеттi жағдай жасауға мiндеттi.
25-бап. Баланың ата-анасымен бiрге тұру құқығы
1. Баланың өз ата-анасымен немесе басқа да заңды өкілдерiмен бiрге тұруға құқығы бар.
26-бап. Баланың өзiнен бөлек тұратын ата-анасымен
қарым-қатынас жасау құқығы
1. Баланың өмiрi мен денсаулығына қатер төндiретiн жағдайлардың болуын қоспағанда, баланың өзiнен бөлек тұратын ата-анасы туралы ақпарат алуға, олармен кездесiп, араласып тұруға құқығы бар.
2. Бала құқығын шектеуге байланысты туындаған, осы бапта көзделген даулар сот тәртiбiмен шешiледi.
5-тарау. АТА-АНАСЫНЫҢ ҚАМҚОРЛЫҒЫНСЫЗ
ҚАЛҒАН БАЛАНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ
27-бап. Қорғаншылық, қамқоршылық және патронат
1. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға оның мүлiктiк және мүлiктiк емес жеке құқықтарын қорғау үшiн Қазақстан Республикасыныңзаңдарынасәйкес қорғаншылық, қамқоршылық немесе патронат белгіленеді.
3. Жергiлiктi атқарушы органдар қорғаншылық және қамқоршылық органдары болып табылады.
5. Аға-інілері және апа-сіңлілері
бар балаға қорғаншылық немесе қамқоршылық белгіленген жағдайда, олардың бірге
тұруы үшін жағдай жасалады.
Ескерту. 27-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2010.11.23 № 354-IV (алғашқы ресми
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Заңымен.
Отбасында өсiріп-жетiлдiру мен тәрбиелеу үшiн жағдайлар жасау мақсатында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала Қазақстан Республикасыныңзаңдарындабелгiленген тәртiппен асырап алуға берiлуi мүмкін.
29-бап. Баланы тәрбиелейтiн, емдейтiн және сол сияқты
өзге де мекемелерде күтiп-бағу мен тәрбиелеу
1. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала, оны отбасында тәрбиелеуге беруге мүмкіндiк болмаған жағдайда, тәрбиелейтiн, емдейтiн немесе сол сияқты өзге де балалар мекемелерiне орналастырылуға тиiс.
2. Балаға тиесiн алимент, жәрдемақы және басқа әлеуметтiк тө
Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі N 591 Заңы
Осы Заң кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу жөнiндегi мемлекеттiк органдар қызметiнiң құқықтық, экономикалық және әлеуметтiк негiздерiн айқындайды.
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және
панасыз қалудың профилактикасы саласындағы мемлекеттiк реттеудi Қазақстан
Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкiметi, орталық атқарушы
органдар, сондай-ақ жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар жүзеге асырады.
Ескерту. 5-бапқа өзгеріс
енгізілді - ҚР 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
7-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыретi
8-бап. Жергiлiктi өкiлдi және
атқарушы органдардың
құзыретi
9-бап. Кәмелетке толмағандардың
iсi және олардың
құқықтарын қорғау жөнiндегі
комиссиялар
10-бап. Iшкi iстер органдарының құзыретi
11-бап. Кәмелетке толмағандарды бейiмдеу орталықтары
12-бап. Бiлiм беру органдарының құзыретi
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы
Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V ҚРЗ
Осы Заң Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметіне кіруге, оны өткеруге, тоқтатуға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді, мемлекеттік қызметшілердің құқықтық жағдайын, материалдық қамтамасыз етілуі мен әлеуметтік қорғалуын, сондай-ақ өзге де адамдардың мемлекеттік органдардағы қызметі мәселелерін айқындайды.
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) «А» корпусы – кадр резервіне
іріктеудің, конкурстық іріктеудің, мемлекеттік қызметті өткеру мен тоқтатудың
ерекше тәртібі, сондай-ақ арнайы біліктілік талаптары көзделген басқарушылық
деңгейдегі мемлекеттік әкімшілік лауазымдар;
2) «А» корпусының мемлекеттік
әкімшілік қызметінің кадр резерві – «А» корпусының бос не уақытша бос
мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткер Қазақстан Республикасы
азаматтарының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен
қалыптастырылып, жүйеленген тізімі;
3) «Б» корпусы – «А» корпусына
енгізілмеген мемлекеттік әкімшілік лауазымдар;
4) бонус – Қазақстан
Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік қызметшілерге
қызметінің тиімділігін бағалау нәтижелері бойынша белгіленетін ақшалай төлем;
5) бiлiктiлiк талаптары –
мемлекеттiк лауазымға орналасуға үмiткер азаматтарға білімі, жұмыс тәжірибесі
және құзыреттері бойынша қойылатын талаптар;
6) Қазақстан Республикасының
мемлекеттiк қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) – мемлекеттiк
қызметшiлердiң мемлекеттiк органдарда мемлекеттiк билiктiң мiндеттерi мен
функцияларын iске асыруға бағытталған лауазымдық өкiлеттiктерді атқару
жөнiндегi қызметi;
7) құзыреттер – нақты мемлекеттік
лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің
және дағдылардың жиынтығы;
8) лауазымды адам – билiк өкiлiнiң
функцияларын тұрақты, уақытша немесе арнайы өкiлеттiк бойынша жүзеге асыратын
не мемлекеттiк органдарда ұйымдастырушылық-өкiмдік немесе әкiмшiлiк-шаруашылық
функцияларды атқаратын адам;
9) лауазымдық өкiлеттiктер – нақты
мемлекеттiк лауазыммен көзделген, мемлекеттiк қызметшiлер өз қызметiн жүзеге
асыратын мемлекеттiк органдардың алдында тұрған мақсаттар мен мiндеттерге сай
келетін құқықтар мен мiндеттер;
10) мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшi
– Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы
Президентінің актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, өз қызметін тұрақты
кәсіби негізде жүзеге асыратын мемлекеттiк қызметшi;
11) мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазым
санаты – тиісті біліктілік талаптары бар мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымдар
жиынтығы;
12) мемлекеттiк қызметшi –
мемлекеттiк органда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген
тәртiппен республикалық немесе жергiлiктi бюджеттерден не Қазақстан
Республикасы Ұлттық Банкiнiң қаражатынан ақы төленетiн мемлекеттiк лауазымды
атқаратын және мемлекеттiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыру мақсатында
лауазымдық өкiлеттiктерді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматы;
13) мемлекеттік қызметшілердің
қызметтік әдебі (бұдан әрі – қызметтік әдеп) – мемлекеттік қызметшілердің осы
Заңда және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерініңәдеп кодексінде
белгiленген мінез-құлық қағидалары;
14) мемлекеттік қызмет істері
жөніндегіуәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – Қазақстан
Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін, мемлекет
қызмет саласында біртұтас мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын
мемлекеттік орган;
15) мемлекеттiк лауазым –
нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген лауазымдық өкiлеттiктер шеңбері
жүктелген мемлекеттiк органның құрылымдық штат бiрлiгi;
16) мемлекеттiк саяси қызметшi –
тағайындалуы (сайлануы), босатылуы және қызметi саяси-айқындаушы сипатқа ие,
саяси мақсаттар мен мiндеттердi iске асыруға жауаптылықта болатын мемлекеттiк
қызметшi;
17) мүдделер қақтығысы –
мемлекеттік қызметшінің жеке басының мүдделері өзінің лауазымдық өкілеттіктерін
орындамауына немесе тиісінше орындамауына әкеп соғуы мүмкін болатын кездегі
мемлекеттік қызметшінің жеке басының мүдделері мен оның лауазымдық
өкілеттіктері арасындағы қайшылық;
18) тәлімгер – мемлекеттік қызметке
алғаш рет қабылданған мемлекеттік қызметшігебекітілетін, оның кәсіби
бейімделуіне практикалық көмек көрсететін мемлекеттік қызметші;
19) төменгі лауазым – мемлекеттік
органның штат кестесінде көзделген лауазымдар санаттарының
арасындалауазымдар тізіліміне сәйкес санаты төмен тұрған болып табылатын,
«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің мемлекеттік лауазымы;
20) уақытша бос мемлекеттік лауазым
– мемлекеттік лауазымды атқаратын мемлекеттік қызметшінің іссапарға баруына,
әлеуметтік демалыста не мемлекеттік тапсырыс негізінде оқуда болуына, сондай-ақ
ауруы денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекітетін
еңбекке жарамсыздықтың неғұрлым ұзақ мерзімі белгіленген аурулар тізбесіне
енген болса, науқастануы салдарынан оның қатарынан екі айдан астам уақыт жұмыс
орнында болмауына байланысты уақытша бос мемлекеттік лауазым;
21) уәкілетті комиссия – Қазақстан
Республикасы азаматтарының мемлекеттік әкімшілік қызметке кіру, оны өткеру және
тоқтату, сондай-ақ мемлекеттік органдарға шетелдік жұмыскерлерді тарту
мәселелерін қарайтын комиссия, оның ережесі мен құрамын Қазақстан
Республикасының Президенті бекітеді;
22) үстемеақы – «Б» корпусының
мемлекеттік әкімшілік қызметшісіне Қазақстан Республикасының заңнамасында
айқындалған тәртіппен белгіленетін лауазымдық айлықақысына ақшалай қосымша ақы;
23) іссапарға бару
–ҚазақстанРеспубликасыныңзаңнамасында белгіленген тәртіппен
мемлекеттік қызметшілердің бұрынғы жұмыс орны (мемлекеттік лауазымы) сақтала
отырып, басқа мемлекеттік органдарда, Қазақстан Республикасының шет елдердегі
мекемелерінде және өзге де ұйымдарда мемлекеттік лауазымдарға орналасуы.
2-бап. Қазақстан Республикасының
мемлекеттік қызмет
саласындағы заңнамасы
1. Мемлекеттік қызметтің құқықтық негізін Қазақстан
РеспубликасыныңКонституциясы, Қазақстан
РеспубликасыныңЕңбеккодексі, осы Заң, Қазақстан Республикасының
өзге де нормативтік құқықтық актілері құрайды.
2. Егер Қазақстан Республикасы
ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше қағидалар
белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
1. Осы Заңның күші:
1) Қазақстан
РеспубликасыныңКонституциясында, конституциялық заңдарында немесе өзге де
заңнамалық актiлерiнде олар үшiн өзгеше құқықтық мәртебе айқындалған
жағдайларды қоспағанда, барлық мемлекеттiк қызметшiлерге;
2) Қазақстан Республикасының
заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде реттелмеген
бөлігінде жергілікті өкілді органдар тағайындайтын немесе Қазақстан
Республикасының заңдарына сәйкес сайланатын мемлекеттiк әкімшілік
қызметшiлерге;
3) Қазақстан Республикасының құқық
қорғау қызметі туралызаңнамалық актілерінде көзделген ерекшеліктері бар
құқық қорғау қызметін өткеріп жүрген мемлекеттiк қызметшiлерге қолданылады.
2. Осы Заңның күші:
1) техникалық қызмет көрсетудi
жүзеге асыратын және мемлекеттiк органдардың жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн
адамдарға;
2) Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкінің және оның ведомстволарының қызметшілері мен техникалық қызметшілеріне;
3) Қазақстан Республикасының
еңбекзаңнамасына сәйкес еңбек шарты негізінде қызметін мемлекеттік
органдарда жүзеге асыратын адамдарға, оның ішінде мемлекеттік органдардың
шетелдік жұмыскерлеріне қолданылмайды.
4-бап. Мемлекеттік қызметтің негізгі қағидаттары
1. Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызмет:
1) заңдылық;
2) қазақстандық патриотизм;
3) мемлекеттiк биліктің заң
шығарушылық, атқарушылық және сот тармақтарына бөлiнуiне қарамастан,
мемлекеттiк қызмет жүйесiнiң бiртұтастығы;
4) азаматтар құқықтарының,
бостандықтарының және заңды мүдделерiнiң мемлекет мүдделерi алдындағы
басымдығы;
5) мемлекеттік органдар
қызметіндегі тиімділік, нәтижелілік, ашықтық;
6) азаматтардың мемлекеттiк
қызметке қол жеткiзуге тең құқығы;
7) азаматтардың мемлекеттiк
қызметке кiруiнiң ерiктiлiгi;
8) мемлекеттiк қызметшiлердiң
кәсiбилiгi;
9) меритократия – мемлекеттік
қызметшінің жеке сіңірген еңбектері мен жетістіктерін мойындау, оны қабілеттері
мен кәсіби даярлығына сәйкес мемлекеттік қызмет бабында ілгерілету;
10) жоғары тұрған мемлекеттiк
органдар мен лауазымды адамдар өз өкiлеттiктерi шегiнде қабылдаған шешiмдердi
орындаудың бағынысты мемлекеттiк қызметшiлер мен төмен тұрған мемлекеттiк
органдардың мемлекеттік қызметшілерi үшiн мiндеттiлiгi;
11) мемлекеттiк қызметшiлердiң
бақылауда болуы және есептiлiгi;
12) мемлекеттiк қызметшiлердiң
лауазымдық мiндеттерiн орындамағаны не тиiсiнше орындамағаны және өздерiнiң
лауазымдық өкiлеттiктерiн асыра пайдаланғаны үшiн жеке жауаптылығы;
13) әдептілік;
14) құқық бұзушылықтарға
төзбеушілік;
15) мемлекеттiк құпияларды немесе
заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын қызметтi қоспағанда, қоғамдық пiкiр
мен жариялылықты ескеру;
16) мемлекеттiк қызметшiлердiң
құқықтық және әлеуметтiк қорғалуы;
17) мәнi бiрдей жұмыстарды
орындағаны үшiн еңбекақыны тең төлеу;
18) мемлекеттiк қызметшiлердi
лауазымдық мiндеттерiн үлгілі атқарғаны, мінсіз мемлекеттік қызметі, ерекше
маңызды және күрделi тапсырмаларды орындағаны үшiн көтермелеу;
19) мемлекеттік қызметшілерді
оқытудың және қажетті құзыреттерін дамытудың үзіліссіз болуы;
20) мемлекеттік қызметшілерді
даярлаудың, қайта даярлаудың және олардың біліктілігін арттырудың практикалық
бағдарлануы қағидаттарына негізделеді.
2. Мемлекеттiк органдарда саяси
партиялардың ұйымдарын құруға жол берiлмейдi. Мемлекеттiк қызметшiлер
лауазымдық өкілеттіктерiн атқару кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының
талаптарын басшылыққа алады және саяси партиялардың, қоғамдық бiрлестiктер мен
олардың органдарының шешiмдерiне байланысты болмайды.
1. Мемлекеттiк қызмет iстерi жөніндегі органдардың бiрыңғай жүйесін уәкiлеттi
орган, оның аумақтық бөлімшелері, уәкілетті органға ведомстволық бағынысты
ұйымдар құрайды.
Аумақтық бөлiмшелер өз қызметiн
уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгілеген құзырет
шегiнде жүзеге асырады.
2.Уәкілетті орган:
1) Қазақстан Республикасының
мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасын жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар
әзiрлейді, сондай-ақ өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының заңнамасында
белгiленген тәртiппен нормативтiк құқықтық актiлер қабылдайды;
2) мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдар
санаттарына қойылатын үлгiлiк бiлiктiлiк талаптарын әзiрлейді
жәнебекiтеді;
3) мемлекеттiк қызмет персоналы
жөнiндегi автоматтандырылған бірыңғай дерекқорды (ақпараттық жүйені)
қалыптастыру бойынша жалпы үйлестіруді қоса алғанда, мемлекеттік саяси және
әкімшілік қызметшілерінің кадр құрамының жай-күйіне, сондай-ақ мемлекеттік
қызметтің мемлекеттік саяси және әкімшілік лауазымдарына мониторинг жүргізеді;
4) «А» корпусының мемлекеттiк
әкiмшілiк қызметінің кадр резервінқалыптастырады;
5) Қазақстан
Республикасыныңзаңнамасына сәйкес мемлекеттік әкiмшiлiк қызметшілерді,
мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымдарға орналасуға кандидаттарды және құқық қорғау
қызметіне кіретін азаматтарды тесттен өткізу тәртібін, бағдарламаларын және оны
ұйымдастырудыайқындайды;
6) осы Заңға сәйкес мемлекеттік
саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімін, сондай-ақ актілерді
әзірлейді және Қазақстан Республикасының Президентінебекітуге ұсынады;
7) министрліктер мен орталық
мемлекеттік органдардың жауапты хатшыларының және аппарат басшыларының
мәртебесі мен өкілеттіктерін айқындайтын актілерді әзірлейді және Қазақстан
Республикасының Президентінебекітуге ұсынады;
8) мемлекеттік органдардың
мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, оның ішінде шет елдерде даярлау, қайта
даярлау және олардың біліктілігін арттыру мәселелері жөніндегі қызметін
үйлестіреді;
9) мемлекеттiк әкiмшілiк
қызметшiлердi даярлау, қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру бойынша
мемлекеттiк тапсырысты қалыптастыру мен орналастыруды үйлестiреді;
10) мемлекеттiк органдардың
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасын сақтауын,
мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдепті сақтауын, мемлекеттік қызметтер
көрсету сапасын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік
бақылаудыжүзеге асырады;
11) мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға
орналасуға арналған конкурстарды өткiзу тәртiбiн айқындайды;
12) кандидаттың қойылатын
біліктілік талаптарына сай келуі бөлігінде мемлекеттік әкімшілік лауазымға
тағайындауды келіседі;
13) мемлекеттік әкімшілік
қызметшінің лауазымдық нұсқаулығын әзірлеу мен бекіту тәртібінайқындайды;
14) персоналды басқару қызметі
(кадр қызметі) туралы үлгілік ереженібекітеді;
15) мемлекеттік әкімшілік қызметтің
кадрдағы іс қағаздарын жүргізу құжаттарының үлгілік нысандарын әзірлейді
жәнебекітеді;
16) осы Заңды және Қазақстан
Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерін бұзып қабылдаған
шешiмдерiнiң күшiн жою туралы лауазымды адамдар мен мемлекеттiк органдарға
ұсыныстар енгiзеді;
17) мемлекеттік органдарға
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызмет мәселелері
бойынша тексеру нәтижелерінде анықталған бұзушылықтарды жою туралы өз құзыреті
шегінде қаралуы міндетті ұсынулар енгізеді;
18) мемлекеттiк қызмет мәселелерi
бойынша халықаралық шарттардың жобаларын дайындауға қатысады;
19) мемлекеттік органдарда
персоналды басқару тиімділігін бағалауды жүзеге асырады;
20) персоналды басқару
қызметтерінің (кадр қызметтерінің) жұмысына әдіснамалық басшылық жасауды
үйлестіреді және жүзеге асырады;
21) мемлекеттiк органдардың немесе
лауазымды адамдардың Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет саласындағы
заңнамасын бұзу, сондай-ақ қызметтік әдепті сақтау мәселелерi бойынша
әрекеттерi (әрекетсіздігі) мен шешiмдеріне жеке және заңды тұлғалардың
шағымдарын қарайды;
22) мемлекеттік органдардың
мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің тағылымдамадан өтуін ұйымдастыру жөніндегі
қызметін үйлестіруді жүзеге асырады;
23) осы Заңда, Қазақстан
Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде көзделген өзге де
функцияларды жүзеге асырады.
3. Уәкiлеттi органның облыстарда,
республикалық маңызы бар қалаларда, астанада Әдеп жөніндегі кеңестері болады,
олар туралы ереженi уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының
Президентiбекiтедi.
4. Уәкiлеттi органның және оның
аумақтық бөлiмшелерiнiң шешiмдерi бұйрықтар нысанында ресiмделедi.
6-бап. Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі)
1.Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) өз құзыреті шегінде:
1) мемлекеттік органның құрылымдық
бөлімшелерінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы
заңнамасын орындауы жөніндегі қызметін үйлестіреді;
2) тәртіптік, конкурстық және кадр
мәселелері жөніндегі өзге де комиссиялардың қызметін ұйымдастырады;
3) мемлекеттік әкімшілік
қызметшілердің жұмысын бағалауды жүргізу, конкурстық іріктеу, мемлекеттік
қызметшілерді қызмет бабында ілгерілету, қызметтік тергеп-тексеру, мемлекеттік
қызметшілерді тәртіптік жауаптылыққа тарту, мемлекеттік қызметшілерді қызметтен
шығару рәсімдерінің сақталуын қамтамасыз етеді;
4) кадрлар іріктеуді ұйымдастырады,
мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметті өткеруіне байланысты құжаттарды
ресімдейді, мемлекеттік қызметшілердің дербес деректерін, мемлекеттік әкімшілік
қызметшілердің жұмысын бағалау және оқудан өту нәтижелері туралы мәліметтерді,
оның ішінде мемлекеттік қызмет персоналы бойынша автоматтандырылған бірыңғай
дерекқорда (ақпараттық жүйеде) есепке алуды жүзеге асырады;
5) мемлекеттік қызметте болуға
байланысты шектеулердің сақталуын қамтамасыз етеді;
6) мемлекеттік қызметшілердің
тағылымдамадан өтуін, тәлім алуын, жұмысын бағалауды, оларды даярлауды, қайта
даярлауды және біліктілігін арттыруды белгіленген мерзімдерге сәйкес
ұйымдастырады, мемлекеттік қызметшілерді көтермелеуді қолдану тәртібін
әзірлейді;
7) Қазақстан Республикасының
заңнамасында белгіленген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2. Персоналды басқару қызметі (кадр
қызметі) мемлекеттік органның басқа құрылымдық бөлімшелерінен ұйымдық жағынан
дербес болады, жауапты хатшыға немесе аппарат басшысына, ал жауапты хатшы және
аппарат басшысы лауазымдары енгізілмеген мемлекеттік органдарда мемлекеттік
органның басшысына тікелей бағынады.
3. Облыстарда, республикалық маңызы
бар қалаларда, астанада, аудандарда, қалаларда тиісті әкімшілік-аумақтық
бірліктердің бюджеттерінен қаржыландырылатын атқарушы органдар үшін персоналды
басқарудың бірыңғай қызметін (кадр қызметін) Қазақстан Республикасының
мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасына сәйкес құруға жол беріледі.
Жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын облыстық, республикалық маңызы бар
қалалардың, астананың, аудандық, қалалық атқарушы органдардың персоналды
басқарудың бірыңғай қызметі (кадр қызметі) осы атқарушы органдардың басшыларын
тағайындауға құқығы бар лауазымды адамның (органның) шешімімен құрылады.
Орталық мемлекеттік органның және
оның ведомствосының аудандық, қалалық аумақтық бөлімшелері үшін орталық
мемлекеттік органның және оның ведомствосының өңіраралық немесе облыстық
аумақтық бөлімшесінде персоналды басқарудың бірыңғай қызметін (кадр қызметін)
құруға жол беріледі. Аудандық, қалалық аумақтық бөлімшелердің персоналды
басқарудың бірыңғай қызметі (кадр қызметі) орталық мемлекеттік органның және
оның ведомствосының өңіраралық немесе облыстық аумақтық бөлімшесі басшысының
немесе жоғары тұрған органның шешімімен құрылады.
7-бап. Мемлекеттiк қызметшiлердің
мемлекеттік лауазымдарын
сыныптау
1. Мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік лауазымдары Қазақстан
РеспубликасыныңКонституциясына, заңдарына және Қазақстан Республикасы
Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік
құқықтық актілеріне сәйкес қалыптастырылады.
2. Мемлекеттік әкімшілік
қызметшілер үшін мемлекеттік лауазымдардың санаттары белгіленеді. Мемлекеттік
саяси қызметшілер үшін мемлекеттік лауазымдардың санаттары белгіленбейді.
3. Мемлекеттік саяси және әкімшілік
қызметшілер лауазымдарының тізілімін уәкілетті органның ұсынуы бойынша
Қазақстан Республикасының Президентібекітеді.
2-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ
8-бап. Мемлекеттік қызметшілердің
мәртебесі және олардың
құқықтық кепілдіктері
Мемлекеттік қызметшінің
мәртебесіҚазақстанРеспубликасыныңзаңдарында белгіленген,
мемлекеттік қызметте болуына байланысты шектеулері бар Қазақстан
Республикасының азаматы ретінде мемлекеттік қызметшінің жалпы құқықтарын,
бостандықтары мен міндеттерін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет ерекшеліктеріне
негізделген құқықтарын, міндеттері мен жауаптылығын қамтиды.
Қазақстан Республикасының
азаматтары мемлекеттік қызметші мәртебесіне Қазақстан Республикасының
мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік
лауазымға тағайындалған немесе сайланған кезден бастап ие болады және
мемлекеттік қызметті тоқтатқан кезден бастап одан айрылады.
9-бап. Мемлекеттiк қызметшiлердiң негізгі құқықтары
Мемлекеттiк қызметшiнiң:
1) Қазақстан Республикасының
азаматтарына Қазақстан РеспубликасыныңКонституциясында және заңдарында
кепiлдiк берiлетiн құқықтар мен бостандықтарды пайдалануға;
2) өзіне мәлім болған сыбайлас
жемқорлық құқық бұзушылықтың анық жағдайлары туралы өзі жұмыс істейтін
мемлекеттік орган басшылығының және (немесе) құқық қорғау органдарының назарына
жеткізген жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқықтық және
өзге де қорғалуға;
3) еңбегiнiң қорғалуына,
денсаулығының сақталуына, қауіпсіз және тиімді жұмыс істеу үшін қажеттi еңбек
жағдайларына;
4) әлеуметтік және құқықтық
қорғалуға;
5) өзінің лауазымдық өкiлеттiктерi
шегiнде мәселелердi қарауға және олар бойынша шешiмдер қабылдауға қатысуға,
тиiстi органдар мен лауазымды адамдардың оларды орындауын талап етуге;
6) лауазымдық өкілеттіктерін атқару
үшiн ұйымдарға белгiленген тәртiппен баруға;
7) басшыдан мемлекеттiк қызметшi
атқарып отырған мемлекеттік лауазымға сәйкес мiндеттерді және лауазымдық
өкiлеттiктер көлемiн дәл айқындап беруді талап етуге;
8) жеке басының қадiр-қасиетiнiң
құрметтелуiне, басшылар, өзге де лауазымды адамдар және азаматтар тарапынан
өзiне әдiл және құрметпен қарым-қатынас жасалуына;
9) өзi атқаратын мемлекеттік
лауазымға, жұмыс сапасына, тәжiрибесiне және осы Заңда белгiленген өзге де
негiздерге қарай ынталандырылуына және еңбекақы төленуiне;
10) тиiстi бюджет қаражаты және
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қаражаты есебiнен даярлануға, қайта
даярлануға және бiлiктiлiгiн арттыруға;
11) мемлекеттік орган оны Қазақстан
Республикасының заңнамасына сәйкес жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары
бойынша мемлекеттік тапсырыс шеңберінде оқуға немесе тағылымдамадан өтуге
жіберген жағдайларда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген
өзге де жағдайларда жұмыс орнының (мемлекеттік лауазымының) сақталуына;
12) өзiнiң мемлекеттiк қызмет
өткеруiне қатысты материалдармен кедергiсiз танысуға, қажет болған жағдайларда
жеке түсiнiктемелер беруге;
13) бiлiктiлiгi, құзыреттері,
қабілетi, сiңiрген еңбегi және өзiнiң лауазымдық мiндеттерiн адал орындауы
ескеріле отырып, мемлекеттік қызмет бабында ілгерілетілуге;
14) мемлекеттік қызметшiнiң
пiкiрiнше негiзсiз айып тағылған жағдайда қызметтiк тергеп-тексеруді талап
етуге;
15) сыбайлас жемқорлық құқық
бұзушылық үшін не мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық
үшін оның жауаптылығын қарау жағдайларын қоспағанда, мемлекеттiк қызметтен өз
қалауы бойынша шығарылуға;
16) зейнетақымен және әлеуметтiк
қамсыздандырылуға;
17) лауазымдық өкілеттіктерін
атқару үшін қажетті ақпарат пен материалдарды белгіленген тәртіппен алуға;
18) жоғары тұрған мемлекеттiк
органдар мен лауазымды адамдарға мемлекеттiк қызметтi жетiлдiру жөнiнде
ұсыныстар енгізуге құқығы бар.
Мемлекеттік қызметшінің өзге де
құқықтары Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы
Президентінің актілерінде белгіленуі мүмкін.
10-бап. Мемлекеттiк қызметшiлердiң негiзгi мiндеттерi
Мемлекеттiк қызметшiлер:
1) Қазақстан
РеспубликасыныңКонституциясын және заңнамасын сақтауға;
2) Қазақстан Республикасының
Президентiбекiткен тәртiппен мемлекеттiк қызметшiнiң антын қабылдауға;
3) азаматтар мен заңды тұлғалар
құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуын және қорғалуын
қамтамасыз етуге, олардың өтiнiштерiн Қазақстан Республикасыныңзаңнамасында
белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде қарауға және олар бойынша қажеттi
шаралар қабылдауға;
4) функцияларын өздерінің
лауазымдық өкілеттіктеріне сәйкес жүзеге асыруға;
5) лауазымдық өкілеттіктерін жүзеге
асыру кезінде саяси партиялардың, қоғамдық және діни бірлестіктердің қызметінен
бейтарап және тәуелсіз болуға;
6) қызметтік тәртiпті сақтауға;
7) Қазақстан
Республикасыныңзаңдарында белгіленген шектеулердi сақтауға;
8)қызметтік әдепті сақтауға;
9) басшылардың бұйрықтары мен
өкiмдерi, жоғары тұрған органдар мен лауазымды адамдардың шешiмдерi мен
нұсқаулары олардың лауазымдық өкілеттіктері шегiнде шығарылған болса, оларды
орындауға;
10) мемлекеттiк құпияларды және
заңмен қорғалатын өзге де құпияны сақтауға, оның iшiнде мемлекеттiк қызметтi
тоқтатқаннан кейiн заңмен белгiленген уақыт iшiнде сақтауға, ол жөнiнде қолхат
беруге;
11) лауазымдық өкілеттіктерін
атқару кезiнде алатын, азаматтардың жеке өмiрiн, ар-намысы мен қадiр-қасиетiн
қозғайтын мәлiметтердi жария етпеуге және Қазақстан Республикасының заңдарында
көзделген жағдайларды қоспағанда, олардан мұндай ақпарат берудi талап етпеуге;
12) мемлекеттiк меншiктiң сақталуын
қамтамасыз етуге, өзіне сеніп тапсырылған мемлекеттiк меншiктi қызметтiк
мақсаттарда ғана пайдалануға;
13) өздеріне мәлім болған сыбайлас
жемқорлық құқық бұзушылық жағдайлары туралы өздері жұмыс істейтін мемлекеттік
орган басшылығының және (немесе) құқық қорғау органдарының назарына дереу
жеткізуге;
14) лауазымдық міндеттерін тиiмдi
атқару үшiн өзiнiң кәсiби деңгейi мен біліктiлiгiн арттыруға;
15) өздерін жоғары оқу орнынан
кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыс шеңберінде оқуға
жіберген мемлекеттік органда тікелей оқу аяқталғаннан кейін, сондай-ақ
уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының
Президентiайқындаған тәртіппен және мерзімдерде мемлекеттік қызметте
жұмыспен өтеуге мiндеттi. Осы міндеттемені орындамау мемлекеттік қызметшінің
мемлекетке өзін оқытуға бөлінген бюджет қаражатын және оқумен байланысты
шығындарды орындалмаған міндеттемелерге бара-бар өтеуіне әкеп соғады;
16) Қазақстан
Республикасыныңзаңнамасына сәйкес мемлекеттік органның ақпараттық
ресурстарымен жұмыс процесінде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге
міндетті.
Мемлекеттік қызметшілердің өзге де
міндеттері Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы
Президентінің актілерінде белгіленуі мүмкін.
11-бап. Мемлекеттік органдардың
басшылары болып табылатын
мемлекеттік саяси қызметшілердің
және облыс,
республикалық маңызы бар қалалар
және астана
әкімдерінің негізгі функциялары
1. Мемлекеттік саяси қызметшілердің функционалдық міндеттері Қазақстан
Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің
актілерінде, тиісті мемлекеттік орган туралы ережеде және міндеттердің
бөлінуінде айқындалады.
2. Мемлекеттік органдардың бірінші
басшылары болып табылатын мемлекеттік саяси қызметшілердің және облыс,
республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімдерінің негізгі функциялары
мыналар болып табылады:
1) мемлекеттік органның
мақсаттарын, тиісті аумақты дамыту мақсаттарын айқындау;
2) мемлекеттік саясатты
тұжырымдауға, айқындауға және іске асыруға ықпал ететін шешімдерді қабылдау;
3) сыртқы саясат қызметі
саласындағы уәкілетті органның келісімі бойынша шетелдік дипломатиялық
өкілдіктердің басшыларымен өзара іс-қимыл жасау;
4) Қазақстан Республикасының
Парламентінде және басқа да мемлекеттік органдар мен ұйымдарда мемлекеттік
орган атынан өкілдік ету;
5) мемлекеттік, үкіметтік
бағдарламалардың және өзге де жобалардың орындалу барысын реттеу және бағалау;
6) Қазақстан
РеспубликасыныңКонституциясында, заңдарында және Қазақстан Республикасы
Президентінің актілерінде көзделген өзге де функциялар.
12-бап. Орталық мемлекеттік
органдардың жауапты
хатшыларының, аппарат басшыларының
және облыс,
республикалық маңызы бар қалалар
және астана
әкімдері аппараттары басшыларының
өкілеттіктері
1. Министрліктердің және Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдардың
жауапты хатшыларының мәртебесі мен өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының
Президентібелгілейді.
2. Орталық мемлекеттік органдардың
аппарат басшыларының өкілеттіктеріне:
1) мемлекеттік органға жүктелген
мақсаттарды іске асыруды ұйымдастыру;
2) өз құзыреті шегінде мемлекеттік
органдардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастыру, үйлестіру және
бақылау;
3) мемлекеттік органның құрылымдық
бөлімшелері туралыережелерді бекіту;
4) егер Қазақстан Республикасының
заңдарында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік органның «Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік қызметшілерін мемлекеттік лауазымдарға тағайындау және мемлекеттік
лауазымдардан босату;
5) мемлекеттік органның тәртіптік
және конкурстық комиссияларының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асыру;
6) қызметтік тәртіптің сақталуын
бақылауды жүзеге асыру;
7) еңбек қатынастары мәселелері
жоғары тұрған лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған жұмыскерлерді
қоспағанда, мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілерін іссапарға жіберу,
оларға демалыс беру, материалдық көмек көрсету, даярлау, қайта даярлау және
олардың біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақылар төлеу мәселелерін шешу;
8) еңбек қатынастары мәселелері
жоғары тұрған лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған жұмыскерлерді
қоспағанда, мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілерінің тәртіптік
жауаптылығы мәселелерін шешу;
9) өз құзыреті шегінде Қазақстан
Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралызаңнамасы
талаптарының орындалуын қамтамасыз ету;
10) мемлекеттік органның
мемлекеттік саяси қызметшілері қабылдаған шешімдердің орындалу барысын бақылау;
11) Қазақстан Республикасының
заңдарында және өзге де нормативтік құқықтық актілерінде жүктелген өзге
өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.
3. Облыс, республикалық маңызы бар
қалалар және астана әкімдері аппараттары басшыларының өкілеттіктері «Қазақстан
Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»
Қазақстан РеспубликасыныңЗаңымен белгіленеді.
4. Орталық мемлекеттік органдардың
жауапты хатшыларына, аппарат басшыларына, облыс, республикалық маңызы бар
қалалар және астана әкімдері аппараттарының басшыларына орталық мемлекеттік
органдардың (облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың
жергілікті атқарушы органдарының) бірінші басшыларының міндеттерін жүктеуге,
сондай-ақ орталық мемлекеттік органдардың жауапты хатшыларының, аппарат
басшыларының, облыс, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімдері
аппараттары басшыларының міндеттерін орталық мемлекеттік органдардың
(облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті
атқарушы органдарының) бірінші басшыларына және олардың орынбасарларына
жүктеуге жол берілмейді.
5. Құқық қорғау органдарының
аппараттары басшыларының өкілеттіктерін олардың бірінші басшылары айқындайды.
6. Орталық мемлекеттік органдардың
жауапты хатшылары, аппарат басшылары және облыс, республикалық маңызы бар
қалалар және астана әкімдері аппараттарының басшылары осы бапта көзделген
лауазымдық өкілеттіктердің орындалуына дербес жауапты болады.
7. Орталық мемлекеттік органдардың
жауапты хатшылары мен аппарат басшылары және облыс, республикалық маңызы бар
қалалар және астана әкімдері аппараттарының басшылары функциялары мен
өкілеттіктерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда Қазақстан
Республикасының орталық мемлекеттік органдарының басшылары, облыстардың,
республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдері аталған адамдардың
мемлекеттік лауазымды одан әрі атқаруы туралы мәселеге Қазақстан
Республикасының Президенті белгілеген тәртіппен бастамашы болуға құқылы.
13-бап. Мемлекеттiк қызметте болуға байланысты шектеулер
1. Мемлекеттiк қызметшi:
1) өкiлдi органның депутаты болуға;
2) педагогтiк, ғылыми және өзге де
шығармашылық қызметтi қоспағанда, басқа да ақы төленетін қызметпен айналысуға;
3) кәсiпкерлiк қызметпен
айналысуға, оның iшiнде коммерциялық ұйымды басқаруға тiкелей қатысу Қазақстан
Республикасының заңнамасына сәйкес оның лауазымдық өкілеттіктеріне кiрмейтiн
болса, ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, коммерциялық ұйымды басқаруға
қатысуға;
4) өзi қызмет iстейтiн не өзiне
тiкелей бағынысты немесе өзiнiң тікелей бақылауындағы мемлекеттік органда
үшiншi тұлғалардың істерi бойынша өкiл болуға;
5) өзiнiң қызметтiк жұмысын
материалдық-техникалық, қаржылық және ақпараттық қамтамасыз етуге арналған
құралдарды, басқа да мемлекеттiк мүлiк пен қызметтiк ақпаратты қызметтiк емес
мақсаттарда пайдалануға;
6) ереуiлдi қоса алғанда,
мемлекеттiк органдардың қалыпты жұмыс iстеуiне және лауазымдық мiндеттердi
орындауға кедергi келтiретiн әрекеттерге қатысуға;
7) лауазымдық өкiлеттiктерiн
атқаруына байланысты азаматтар мен заңды тұлғалардың көрсетілетiн қызметтерін
жеке мақсаттарында пайдалануға құқылы емес.
2. Мемлекеттік қызметші мемлекеттік
лауазымға кіргеннен кейін бір ай ішінде осы адамға заңды түрде тиесілі ақшаны,
сондай-ақ мүліктік жалдауға берілген мүлікті қоспағанда, өз меншігіндегі,
коммерциялық ұйымдардың жарғылық капиталындағы үлестерді, акцияларды (акцияны)
және пайдаланылуы кірістер алуға әкелетін өзге де мүлікті мемлекеттік қызметті
өткеру уақытында Қазақстан Республикасыныңзаңнамасында белгіленген
тәртіппен сенімгерлік басқаруға беруге міндетті. Мүлікті сенімгерлік басқару
шарты нотариатта куәландырылуға жатады. Мүлiктi сенiмгерлiк басқару шартының
нотариат куәландырған көшiрмесiн мемлекеттiк қызметшi нотариат куәландырған
күннен бастап он күн мерзiмде жұмыс орнындағы персоналды басқару қызметіне
(кадр қызметiне) ұсынады.
3. Қазақстан Республикасы
Үкіметінің мүшелерін, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасы
мен мүшелерін қоспағанда, мемлекеттік қызметшілердің өздеріне тиесілі
облигацияларды, ашық және аралық инвестициялық пай қорларының пайларын
сенімгерлік басқаруға бермеуіне болады.
4. Мемлекеттік қызметшінің
сенімгерлік басқаруға берілген мүліктен кіріс алуға құқығы бар.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
мүшелерін, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасы мен
мүшелерін қоспағанда, мемлекеттік қызметшілер тұрғын-жайларын мүліктік жалдауға
беруге құқылы.
5. Мемлекеттік қызметшілердің
мүлкін сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын Қазақстан Республикасының
Үкіметібекітеді.
6. Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкінің Төрағасы мен оның орынбасарлары аталған мемлекеттік лауазымдарға
тағайындалған күннен бастап бір ай мерзімде өздеріне тиесілі инвестициялық
қорлардың пайларын, облигацияларды және коммерциялық ұйымдардың акцияларын
сенімгерлік басқаруға беруге және сенімгерлік басқару шартының нотариат
куәландырған көшірмесін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кадр қызметіне
ұсынуға міндетті.
Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкінің Төрағасы мен оның орынбасарлары инвестициялық қорлардың пайларын,
облигацияларды, коммерциялық ұйымдардың акцияларын сатып алуға құқылы емес.
7. Қазақстан
Республикасыныңзаңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк
қызметшi өзiнiң жақын туыстары (ата-аналары (ата-анасы), балалары, асырап
алушылары, асырап алынғандары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері
мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы
(зайыбы) атқаратын лауазымға тiкелей бағыныстағы мемлекеттiк лауазымды атқара
алмайды.
3-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ КІРУ
Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі
Қазақстан Республикасының Кодексі 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V ҚРЗ
1-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар
1. Осы
Кодексте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) азаматтық қызмет –
азаматтық қызметшілердің қазыналық кәсіпорындардың, мемлекеттік мекемелердің
міндеттері мен функцияларын іске асыруға, мемлекеттік органдарға техникалық
қызмет көрсетуді жүзеге асыруға және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз етуге
бағытталған лауазымдық өкілеттіктерді орындау жөніндегі кәсіптік қызметі;
2) азаматтық қызметші
– Қазақстан Республикасының заңнамасындабелгіленген тәртіппен қазыналық
кәсіпорындарда, мемлекеттік мекемелерде ақы төленетін штаттық лауазымды
атқаратын және олардың міндеттері мен функцияларын іске асыру, мемлекеттік
органдарға техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыру мен олардың жұмыс істеуін
қамтамасыз ету мақсатында лауазымдық өкілеттіктерді жүзеге асыратын адам;
3) айлық жалақының ең
төмен мөлшері – біліктілікті қажет етпейтін қарапайым (онша күрделі емес) еңбек
жұмыскері осы Кодексте белгіленген қалыпты жағдайларда және жұмыс уақытының
қалыпты ұзақтығы кезінде еңбек міндеттерін орындаған кезде бір айда оған
төленетін ақшалай төлемдердің кепілдік берілген ең төмен мөлшері;
4) арнайы киім –
жұмыскерді зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардан қорғауға
арналған киім, аяқкиім, баскиім, қолғап, өзге де жеке қорғаныш құралдары;
5) ауыр жұмыстар –
жұмыскердің ауыр (он килограмм және одан ауыр) заттарды қолмен тұрақты түрде
орнынан қозғалтуға, жылжытуға және тасуға байланысты әрі дене күшін жұмсауды
талап ететін (250 ккал/сағаттан астам энергия жұмсалатын) қызметінің түрлері;
6) ауысымдық жұмыс –
тәулік ішінде екі не үш немесе төрт жұмыс ауысымындағы жұмыс;
7) әлеуметтік
әріптестік – жұмыскерлер (жұмыскерлердің өкілдері), жұмыс берушілер (жұмыс
берушілердің өкілдері), мемлекеттік органдар арасындағы еңбек қатынастарын және
еңбек қатынастарымен тікелей байланысты өзге де қатынастарды реттеу мәселелері
бойынша олардың мүдделерін үйлестіруді қамтамасыз етуге бағытталған өзара
қатынастар жүйесі;
8) бас, салалық,
өңірлік келісім (бұдан әрі – келісім) – тараптардың республикалық, салалық және
өңірлік деңгейлердегі жұмыскерлер үшін мазмұнын және еңбек жағдайларын,
жұмыспен қамтуды және әлеуметтік кепілдіктерді белгілеу жөніндегі
міндеттемелерін айқындайтын әлеуметтік әріптестік тараптарының арасында
жасалатын жазбаша келісім нысанындағы құқықтық акт;
9) бейбәсекелестік
туралы талап – жұмыс берушіге нұқсан келтіруі ықтимал әрекеттерді жүзеге
асыруға жұмыскердің құқығын шектейтін, бейбәсекелестік туралы шарттың
талаптары;
10) бос тұрып қалу –
экономикалық, технологиялық, ұйымдастырушылық, өзге де өндірістік немесе табиғи
сипаттағы себептер бойынша жұмыстың уақытша тоқтап тұруы;
11) біліктілік санаты
(разряды) – орындалатын жұмыстардың күрделілігін көрсететін, жұмыскердің
біліктілігіне қойылатын талаптар деңгейі;
12) делдал – еңбек
қатынастарының тараптары еңбек дауын шешу жөнінде қызметтер көрсету үшін
тартатын жеке немесе заңды тұлға;
13) демалыс – жұмыс
орны (лауазымы) мен осы Кодексте белгіленген жағдайларда орташа жалақысын
сақтай отырып, жұмыскердің жыл сайынғы демалуын қамтамасыз ету немесе
әлеуметтік мақсаттар үшін жұмыскерді белгілі бір кезеңге жұмыстан босату;
14) еңбек – адам мен
қоғамның өмір сүру және қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қажетті
материалдық, рухани және басқа да құндылықтарды жасауға бағытталған адам
қызметі;
15) еңбек гигиенасы –
жұмыскерлердің денсаулығын сақтау, өндірістік орта мен еңбек процесінің
қолайсыз әсерлерінің профилактикасы жөніндегі санитариялық-эпидемиологиялық
шаралар мен құралдар кешені;
16) еңбек дауы –
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын қолдану, келісімдердің, еңбек және
(немесе) ұжымдық шарттардың, жұмыс беруші актілерінің талаптарын орындау немесе
өзгерту мәселелері бойынша жұмыскер (жұмыскерлер) мен жұмыс берушінің (жұмыс берушілердің)
арасындағы келіспеушіліктер;
17) еңбек жағдайлары –
еңбекке ақы төлеу, еңбекті нормалау, еңбек міндеттерін орындау, жұмыс уақыты
мен тынығу уақытының режимі жағдайлары, кәсіптерді (лауазымдарды) қоса атқару,
қызмет көрсету аймақтарын кеңейту, жұмыста уақытша болмаған жұмыскердің
міндеттерін атқару, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау тәртібі, техникалық,
өндірістік-тұрмыстық жағдайлар, сондай-ақ тараптардың келісуі бойынша өзге де
еңбек жағдайлары;
18) еңбек
жөнiндегiуәкiлеттi мемлекеттiк орган – Қазақстан Республикасының
заңнамасына сәйкес еңбек қатынастары саласындағы басшылықты және салааралық
үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
19) еңбек инспекциясы
жөніндегі жергілікті орган – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың,
астананың жергілікті атқарушы органдарының тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік
шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес еңбек қатынастары
саласындағы өкілеттіктерді жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі;
20) еңбекке ақы төлеу
– осы Кодекске және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық
актілеріне, сондай-ақ келісімдерге, еңбек, ұжымдық шарттарға және жұмыс
берушінің актілеріне сәйкес жұмыскерге еңбегі үшін берілетін сыйақының міндетті
төлемін жұмыс берушінің қамтамасыз етуіне байланысты қатынастар жүйесі;
21) еңбек қатынастары
– Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында, келісімдерде, еңбек, ұжымдық
шарттарда және жұмыс берушінің актілерінде көзделген құқықтар мен міндеттерді
жүзеге асыру кезінде жұмыскер мен жұмыс берушінің арасында туындайтын
қатынастар;
22) еңбек
қатынастарымен тікелей байланысты қатынастар – осы Кодексте көзделген
жағдайларда еңбекті ұйымдастыру мен басқаруға, жұмысқа орналастыруға,
жұмыскерлерді кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға және олардың біліктілігін
арттыруға, әлеуметтік әріптестікке, ұжымдық шарттар мен келісімдер жасасуға,
еңбек жағдайларын белгілеуге жұмыскерлердің (жұмыскерлер өкілдерінің)
қатысуына, еңбек дауларын шешуге және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының
сақталуын бақылауға байланысты қалыптасатын қатынастар;
23) еңбек қауіпсіздігі
– еңбек қызметі процесінде жұмыскерлерге зиянды және (немесе) қауіпті
өндірістік факторлардың әсерін болғызбайтын іс-шаралар кешенімен қамтамасыз
етілген, жұмыскерлердің қорғалуының жай-күйі;
24) еңбек қауіпсіздігі
жағдайлары – жұмыскер еңбек міндеттерін орындаған кезде еңбек процесі мен
өндірістік ортаның еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарына
сәйкестігі;
25) еңбек қауіпсіздігі
және еңбекті қорғау мониторингі – өндірістегі еңбек қауіпсіздігінің және
еңбекті қорғаудың жай-күйін қадағалау жүйесі, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігінің
және еңбекті қорғаудың жай-күйін бағалау мен болжау;
26) еңбек қауіпсіздігі
және еңбекті қорғау саласындағы нормативтер – эргономикалық,
санитариялық-эпидемиологиялық, психофизиологиялық және еңбектің қалыпты және
қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз ететін өзге де талаптар;
27) еңбек қызметіне
байланысты жазатайым оқиға – өзінің еңбек (қызметтік) міндеттерін немесе жұмыс
берушінің тапсырмаларын орындауы кезінде жұмыскердің өндірістік жарақаттануы,
денсаулығының кенеттен нашарлауы немесе улануы салдарынан оның еңбекке
қабілеттілігінен уақытша немесе тұрақты айырылуына не қайтыс болуына әкеп
соқтырған зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік фактордың жұмыскерге әсер
етуі;
28) еңбек міндеттері –
жұмыскер мен жұмыс берушінің Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық
актілерінде, жұмыс берушінің актісінде, еңбек, ұжымдық шарттарда келісілген
міндеттемелері;
29) еңбек өтілі –
жұмыскер еңбек міндеттерін орындауға жұмсаған, күнтізбемен есептелген уақыт,
сондай-ақ осы Кодекске сәйкес еңбек өтіліне кіретін өзге де кезеңдер;
30) еңбек тәртібі –
жұмыс беруші мен жұмыскерлердің Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық
актілерінде, сондай-ақ келісімдерде, еңбек, ұжымдық шарттарда, жұмыс берушінің
актілерінде, құрылтай құжаттарында белгіленген міндеттемелерді тиісінше
орындауы;
31) еңбек тәртіптемесі
– жұмыскерлер мен жұмыс берушінің еңбекті ұйымдастыру жөніндегі қатынастарын
реттеу тәртібі;
32) еңбекті қорғау –
құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастырушылық-техникалық,
санитариялық-эпидемиологиялық, емдеу-профилактикалық, оңалту және өзге де
іс-шаралар мен құралдарды қамтитын, еңбек қызметі процесінде жұмыскерлердің
өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесі;
33) еңбекті қорғау
жөніндегі техникалық инспектор – еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау
жөніндегі ішкі бақылауды жүзеге асыратын жұмыскерлердің өкілі;
34) еңбекті нормалау –
нақты ұйымдастыру-техникалық жағдайларда жұмыскерлердің жұмысты орындауға (өнім
бірлігін дайындауға) арналған қажетті еңбек шығындарын (уақытты) айқындау және
осы негізде еңбек нормаларын белгілеу;
35) еңбектің қауіпсіз
жағдайлары – жұмыс істейтіндерге өндірістік факторлардың әсерінің деңгейлері
белгіленген нормативтерден аспайтын еңбек жағдайлары;
36) еңбек шарты –
жұмыскер мен жұмыс берушінің арасындағы жазбаша келісім, бұған сәйкес жұмыскер
белгілі бір жұмысты (еңбек функциясын) жеке өзі орындауға, еңбек тәртіптемесін
сақтауға міндеттенеді, ал жұмыс беруші жұмыскерге келісілген еңбек функциясы
бойынша жұмыс беруге, осы Кодексте, Қазақстан Республикасының заңдарында және
Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілерінде, ұжымдық
шартта, жұмыс берушінің актілерінде көзделген еңбек жағдайын қамтамасыз етуге,
жұмыскерге уақтылы және толық мөлшерде жалақы төлеуге міндеттенеді;
37) жалақы –
жұмыскердің біліктілігіне, орындалатын жұмыстың күрделілігіне, санына, сапасына
және жағдайларына қарай еңбек үшін төленетін сыйақы, сондай-ақ өтемақы және
ынталандыру сипатындағы төлемдер;
38) жеке қорғаныш
құралдары – жұмыскерді зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың
әсерінен қорғауға арналған құралдар, оның ішінде арнайы киім;
39) жұмыс беруші –
жұмыскер еңбек қатынастарында болатын жеке немесе заңды тұлға;
40) жұмыс берушілердің
өкілдері – құрылтай құжаттары және (немесе) сенімхат негізінде жұмыс берушінің
немесе жұмыс берушілер тобының мүдделерін білдіруге уәкілеттік берілген жеке
және (немесе) заңды тұлғалар;
41) жұмыс берушінің
актілері – жұмыс беруші шығаратын бұйрықтар, өкімдер, нұсқаулықтар, қағидалар,
ережелер, ауысымдық кестелер, вахта кестелері, демалыс кестелері;
42)жұмыс
берушінің қызметін декларациялау – жұмыс берушінің қызметін ол берген өтініш
негізінде Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының талаптарына сәйкес келеді
деп тану рәсімі;
43) жұмыскер – жұмыс
берушімен еңбек қатынастарында тұратын және еңбек шарты бойынша жұмысты тікелей
орындайтын жеке тұлға;
44) жұмыскерлердiң
өкiлдерi – кәсiптiк одақтардың, олардың бiрлестiктерiнiң органдары, ал олар
болмаған кезде жұмыскерлердiң жалпы жиналысында (конференциясында)
жұмыскерлердiң (конференция делегаттарының) кемінде үштен екісі қатысқан кезде
қатысушылардың көпшілік дауысымен сайланған және уәкiлеттiк берілген сайланбалы
өкiлдер;
45) жұмыс орны –
жұмыскердің еңбек қызметі процесінде еңбек міндеттерін орындауы кезінде оның
тұрақты немесе уақытша болатын орны;
46) жұмысты тарифтеу –
орындалатын жұмыстарды Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай
тарифтік-біліктілік анықтамалығына және Басшылар, мамандар және басқа да
қызметшілер лауазымдарының, жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларының
біліктілік анықтамалығына және ұйымдар басшылары, мамандары және басқа да
қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес белгілі
бір күрделілікке жатқызу;
47) жұмыс уақыты –
жұмыскер жұмыс берушінің актілеріне және еңбек шартының талаптарына сәйкес
еңбек міндеттерін орындайтын уақыт, сондай-ақ осы Кодекске, Қазақстан
Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілеріне, ұжымдық шартқа, жұмыс
берушінің актісіне сәйкес жұмыс уақытына жатқызылған өзге де уақыт кезеңдері;
48) жұмыс уақытының
жиынтық есебі – жұмыс беруші белгілеген есептік кезеңдегі жұмыс уақытын
жинақтау жолымен есептелген жұмыс уақытының есебі;
49) зиянды еңбек
жағдайлары – зиянды өндірістік факторлардың болуымен сипатталатын еңбек
жағдайлары;
50) зиянды өндірістік
фактор – жұмыскерге әсер етуі ауыруына немесе еңбекке қабілеттілігінің
төмендеуіне және (немесе) ұрпағының денсаулығына кері ықпал етуге әкеп соғуы
мүмкін өндірістік фактор;
51) кәсіптік ауру –
жұмыскердің өз еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау кезінде оған зиянды және
(немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсер етуінен туындаған созылмалы
немесе қатты ауру;
52) кепілдіктер –
жұмыскерлерге әлеуметтік-еңбек қатынастары саласында берілген құқықтардың
жүзеге асырылуы олардың көмегімен қамтамасыз етілетін құралдар, тәсілдер мен
жағдайлар;
53) қауіпсіздік
нормалары – жұмыскерлердің еңбек қызметі процесінде олардың өмірі мен
денсаулығын сақтауға бағытталған ұйымдастырушылық, техникалық,
санитариялық-гигиеналық, биологиялық және өзге де нормаларды, қағидаларды,
рәсімдер мен өлшемшарттарды қамтамасыз ету тұрғысынан өндіріс жағдайларын,
өндірістік және еңбек процесін сипаттайтын сапалық және сандық көрсеткіштер;
54) қауіпті еңбек
жағдайлары – еңбекті қорғау қағидалары сақталмаған жағдайда белгілі бір
өндірістік немесе жоюға болмайтын табиғи факторлардың әсері жұмыскердің
өндірістік жарақаттануына, денсаулығының кенеттен нашарлауына немесе улануына
әкеп соқтыратын, соның салдарынан еңбекке қабілеттіліктен уақытша немесе
тұрақты айырылуы, кәсіптік ауруға шалдығуы не қайтыс болуы орын алатын еңбек
жағдайлары;
55) қауіпті өндірістік
фактор – әсері жұмыскердің еңбекке қабілеттіліктен уақытша немесе тұрақты
айырылуына (өндірістік жарақаттануына немесе кәсіптік ауруына) немесе қайтыс
болуына әкеп соқтыруы мүмкін өндірістік фактор;
56) қоса атқарылатын
жұмыс – жұмыскердің негізгі жұмысынан бос уақытында еңбек шарты жағдайында
тұрақты, ақы төленетін басқа жұмысты орындауы;
57) мемлекеттік
органның шетелдік жұмыскері – еңбек шарты бойынша мемлекеттік органға тартылған
шетелдік;
58)мереке
күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;
59) негізгі жалақы –
тарифтік мөлшерлемелер, лауазымдық айлықақылар, кесімді бағалар бойынша төлемді
қамтитын, жалақының салыстырмалы түрдегі тұрақты бөлігі және Қазақстан
Республикасының еңбек заңнамасында, салалық келісімде, ұжымдық және (немесе)
еңбек шарттарында көзделген тұрақты сипаттағы төлемдер;
60) өндірістік жабдық
– машиналар, механизмдер, құрылғылар, аппараттар, аспаптар және жұмысқа,
өндіріске қажетті өзге де техникалық құралдар;
61) өндірістік жарақат
– жұмыскердің еңбек міндеттерін орындау кезінде алған, оның еңбекке
қабілеттіліктен айырылуына әкеп соққан денсаулығының зақымдануы;
62) өндірістік
қажеттілік – дүлей апатты, аварияны болғызбау немесе жою немесе олардың
салдарларын дереу жою мақсатында, жазатайым оқиғаларды, бос тұрып қалуды,
мүліктің жойылуын немесе бүлінуін болғызбау үшін және басқа да айрықша
жағдайларда, сондай-ақ уақытша болмаған жұмыскерді алмастыру үшін жұмыстарды
орындау;
63) өндірістік қызмет
– шикізаттың алуан түрлерін өндіруді және қайта өңдеуді, қызметтердің алуан
түрлерін көрсетуді және жұмыстарды орындауды қамтитын, ресурстарды дайын өнімге
айналдыру үшін қажетті еңбек құралдарын қолдана отырып жасалатын жұмыскерлер
әрекеттерінің жиынтығы;
РҚАО-ның ескертпесі!
64) тармақшаның
қолданысқа енгізілу тәртібін ҚР 23.11.2015 № 414-V Кодексінің 204-бабынан қараңыз.
64) өндірістік
объектілерді аттестаттауды жүргізу жөніндегі мамандандырылған ұйымдар – білікті
кадрлары бар және өзінің құрамында өндірістік орта мен еңбек жағдайлары
факторларын зертханалық және аспаптық зерттеу жөніндегі зертханалары бар немесе
осындай зертханалары бар ұйымдармен шарттар жасасқан, өндірістік объектілерді
еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауды жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге
асыратын ұйымдар;
65) өндірістік
объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау – өндірістік объектілерде (цехтарда,
учаскелерде, жұмыс орындарында, сондай-ақ жұмыс берушілердің бөлек тұрған,
өндірістік қызметті жүзеге асыратын өзге де бөлімшелерінде) орындалатын
жұмыстар қауіпсіздігінің жай-күйін, зияндығын, ауырлығын, қауырттығын, еңбек
гигиенасын айқындау және өндірістік орта жағдайларының еңбек қауіпсіздігі және
еңбекті қорғау саласындағы нормативтерге сәйкестігін айқындау мақсатында оларды
бағалау жөніндегі қызмет;
66) өндірістік
санитария – зиянды өндірістік факторлардың жұмыскерлерге әсерін болғызбайтын
немесе азайтатын санитариялық-гигиеналық, ұйымдастыру іс-шаралары мен
техникалық құралдар жүйесі;
67) өндірістік
факторлар – Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де
нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес жұмыскерге әсер ететін техникалық,
санитариялық, гигиеналық, өндірістік-тұрмыстық және басқа да жағдайлар;
68) өрескел абайсыздық
– жұмыскердің еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы қағидаларын және өз
денсаулығының қауіпсіздігін бұзуға ықпал ететін әрекеттері;
69) өтемақы төлемдері
– жұмыстың ерекше режимі мен еңбек жағдайларына, жұмысынан айырылуына,
жұмыскерлерге еңбек міндеттерін немесе Қазақстан Республикасының заңдарында
көзделген өзге де міндеттерді орындауына байланысты шығындарды өтеуге
байланысты ақшалай төлемдер, сондай-ақ жұмыскерлерді немесе еңбек
қатынастарында тұрмайтын өзге адамдарды (бұдан әрі – білім алушы) кәсіптік
даярлаумен, қайта даярлаумен және біліктілігін арттырумен байланысты төлемдер;
70) разрядаралық
коэффициент – сабақтас тарифтік-біліктілік разрядтарының тарифтік
мөлшерлемелері арасындағы арақатынас;
71) тарифтік жүйе –
еңбекке ақы төлеу жүйесінің бір түрі, онда жұмыскерлердің жалақысы тарифтік
мөлшерлемелер (айлықақылар) және тарифтік кестелер негізінде сараланып
айқындалады;
72) тарифтік кесте –
орындалатын жұмыстарды күрделілік және жұмыскерлерді біліктілік белгісі бойынша
саралауды көздейтін тарифтік разрядтар мен тарифтік коэффициенттер жиынтығы;
73) тарифтік
мөлшерлеме (айлықақы) – жұмыскердің уақыт бірлігі ішінде белгілі бір
күрделіліктегі (біліктіліктегі) еңбек міндеттерін орындағаны үшін еңбегіне ақы
төлеудің тіркелген мөлшері;
74) тарифтік разряд –
жұмыстың күрделілік деңгейі және осы жұмысты орындау үшін қажетті біліктілік
деңгейінің көрсеткіші;
75) тәртіптік жаза –
тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін жұмыс берушінің жұмыскерге қолданатын
тәртіптік әсер ету шарасы;
76) тәртіптік теріс
қылық – жұмыскердің еңбек тәртібін бұзуы, сондай-ақ еңбек міндеттерін тиісінше
орындамауы;
77) тынығу уақыты –
жұмыскердің еңбек міндеттерін орындаудан бос және өз қалауы бойынша пайдалана
алатын уақыты;
78) ұжымдық қорғаныш
құралдары – жұмыс істейтін екі және одан көп жұмыскерді зиянды және (немесе)
қауіпті өндірістік факторлардың әсерінен бір мезгілде қорғауға арналған
техникалық құралдар;
79) ұжымдық шарт –
ұйымдағы әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттейтін, жұмыскерлердің өкілдері
арқылы жұмыскерлер мен жұмыс беруші арасында жасалатын жазбаша келісім
нысанындағы құқықтық акт;
80) үстеме жұмыс –
жұмыскер жұмыс берушінің бастамасы бойынша жұмыс уақытының белгіленген
ұзақтығынан (есептік кезеңдегі жұмыс сағаттарының қалыпты санынан артық) тыс
орындайтын жұмыс;
81) хабарлама –
жұмыскердің немесе жұмыс берушінің жазбаша өтініші не өзге тәсілмен (курьерлік
пошта, пошта байланысы, факсимильді байланыс, электрондық пошта және өзге де
ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы) берілген өтініштер;
82) іссапар – жұмыс
берушінің өкімі бойынша жұмыскерді тұрақты жұмыс орнынан тыс жерге белгілі бір
мерзімге еңбек міндеттерін орындау үшін жіберу, сондай-ақ жұмыскерді басқа
жерге оқуға, біліктілігін арттыруға немесе қайта даярлауға жіберу.
2. Қазақстан
Республикасы еңбек заңнамасының басқа да арнайы ұғымдары мен терминдері осы
Кодекстің тиісті баптарында айқындалатын мағыналарда пайдаланылады.
2-бап. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы
1.
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы Қазақстан
РеспубликасыныңКонституциясына негізделеді және осы Кодекстен, Қазақстан
Республикасының заңдарынан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік
құқықтық актілерінен тұрады.
2. Осы Кодексте
көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының басқа заңдарына
еңбек қатынастарын, әлеуметтік әріптестік пен еңбекті қорғау қатынастарын
реттейтін нормаларды енгізуге тыйым салынады.
3. Егер Қазақстан
Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Кодекстегіден өзгеше
қағидалар белгіленген болса, онда халықаралық шарт қағидалары қолданылады.
Халықаралық шартта оны
қолдану үшін заң шығару талап етілетін жағдайларды қоспағанда, Қазақстан
Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар еңбек қатынастарына тікелей
қолданылады.
3-бап. Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының мақсаты
мен міндеттері
1.
Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының мақсаты еңбек қатынастарын және еңбек
қатынастарымен тікелей байланысты өзге де қатынастарды еңбек қатынастары
тараптарының құқықтары мен мүдделерін қорғауға, еңбек саласындағы құқықтар мен
бостандықтардың ең төмен кепілдіктерін белгілеуге бағытталған құқықтық реттеу
болып табылады.
2. Қазақстан
Республикасы еңбек заңнамасының міндеттері еңбек қатынастары тараптары
мүдделерінің теңгеріміне, әлеуметтік тұрақтылыққа, қоғамдық келісімге бағытталған
қажетті құқықтық жағдайлар жасау болып табылады.
4-бап. Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының
қағидаттары
Қазақстан
Республикасы еңбек заңнамасының қағидаттары:
1) адам мен азаматтың
еңбек саласындағы құқықтарының шектелуіне жол бермеу;
2) еңбек бостандығы;
3) еңбек саласындағы
кемсітушілікке, мәжбүрлі еңбекке және балалар еңбегінің ең нашар түрлеріне
тыйым салу;
4) қауіпсіздік және
гигиена талаптарына сай келетін еңбек жағдайларына құқықты қамтамасыз ету;
5) жұмыскердің өмірі
мен денсаулығының басымдығы;
6) еңбегі үшін
жалақының ең төмен мөлшерінен кем емес сыйақы құқығын қамтамасыз ету;
7) тынығу құқығын
қамтамасыз ету;
8) жұмыскерлердің
құқықтары мен мүмкіндіктерінің теңдігі;
9) жұмыскерлер мен
жұмыс берушілердің өз құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін бірігу құқығын
қамтамасыз ету;
10) әлеуметтік
әріптестікті нығайтуда және дамытуда мемлекеттің ықпалы;
11) еңбек қауіпсіздігі
және еңбекті қорғау мәселелерін мемлекеттік реттеу болып табылады.
Әркімнің еңбекті еркін таңдауға немесе еңбекке қандай да бір кемсітушіліксіз және мәжбүрлеусіз еркін келісуге құқығы, өзінің еңбекке қабілеттілігіне билік етуге, кәсіп және қызмет түрін таңдауға құқығы бар.
6-бап. Еңбек саласындағы кемсітушілікке тыйым салу
1.
Әркімнің еңбек саласындағы өз құқықтары мен бостандықтарын іске асыруға тең
мүмкіндіктері бар. Осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де
заңдарында көзделген жағдайлар мен тәртіптен басқа, ешкімнің еңбек саласындағы
құқықтарына шек қойылмайды.
2. Ешкімді де еңбек
құқықтарын іске асыру кезінде шығу тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік
жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына,
тұрғылықты жеріне, жасына немесе дене кемістіктеріне, сондай-ақ қоғамдық
бірлестіктерге қатыстылығына байланысты ешқандай кемсітуге болмайды.
3. Еңбек қызметінің
тиісті түрлері үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгіленетін не
әлеуметтік және құқықтық басымдықпен қорғалуға мұқтаж адамдар жөнінде
мемлекеттің ерекше қамқорлығынан туындаған өзгешеліктер, ерекшеліктер,
артықшылықтар мен шектеулер кемсітушілік болып табылмайды.
4. Еңбек саласында
кемсітушілікке ұшырадым деп есептейтін адамдар Қазақстан Республикасының
заңдарында белгіленген тәртіппен сотқа немесе өзге де орындарға жүгінуге
құқылы.
7-бап. Мәжбүрлі еңбекке тыйым салу
Мәжбүрлі еңбекке тыйым салынған.
Мәжбүрлі еңбек қандай
да бір адамнан қандай да бір жаза қолдану қатерімен талап етілетін, оны орындау
үшін бұл адам ерікті түрде өз қызметтерін ұсынбаған кез келген жұмысты немесе
қызметті білдіреді.
Мәжбүрлі еңбекке:
жұмыс мемлекеттік
органдардың қадағалауымен және бақылауымен жүргізілетін және оны орындайтын
адам жеке және (немесе) заңды тұлғалардың билігіне берілмейтін немесе
тапсырылмайтын жағдайда соттың заңды күшіне енген үкіміне байланысты;
төтенше жағдайда
немесе соғыс жағдайында ғана жол беріледі.
8-бап. Осы Кодекстің қолданылу аясы
1. Осы
Кодекс:
1) еңбек қатынастарын;
2) еңбек
қатынастарымен тікелей байланысты;
3) әлеуметтік
әріптестік;
4) еңбек қауіпсіздігі
және еңбекті қорғау жөніндегі қатынастарды реттейді.
2. Осы Кодекстің күші,
егер заңдарда және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық
шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан
жұмыскерлерге және жұмыс берушілерге, оның ішінде есептік тіркеуден өткен
шетелдік заңды тұлғалардың филиалдарына және (немесе) өкілдіктеріне
қолданылады.
3. Жұмыскерлердің
жекелеген санаттарының еңбегін құқықтық реттеудің ерекшеліктері осы Кодексте
және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленеді.
4. Қазақстан
Республикасының заңдары осы Кодексте белгіленген құқықтар, бостандықтар мен
кепілдіктер деңгейін төмендетпеуге тиіс.
9-бап. Еңбек саласындағы ең төмен әлеуметтік стандарттар
Айлық жалақының ең төмен мөлшері, күнделікті жұмыстың (жұмыс ауысымының) ұзақтығы, жыл сайынғы ақы төленетін негізгі еңбек демалысы «Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы» Қазақстан РеспубликасыныңЗаңына сәйкес еңбек саласындағы ең төмен әлеуметтік стандарттар болып табылады.
10-бап. Еңбек шарттары, әлеуметтік әріптестік тараптарының
келісімдері, ұжымдық шарттар,
жұмыс берушінің
еңбек саласындағы актілері
1. Еңбек
қатынастары, сондай-ақ еңбек қатынастарына тікелей байланысты өзге де
қатынастар еңбек шартымен, жұмыс берушінің актісімен, келісіммен және ұжымдық
шартпен реттеледі.
2. Әлеуметтік
әріптестік тараптары келісімдерінің, ұжымдық, еңбек шарттарының, жұмыс беруші
актілерінің Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен салыстырғанда
жұмыскерлердің жағдайын нашарлататын ережелері жарамсыз деп танылады және
қолданылмауға тиіс.
3. Келісімдердің,
ұжымдық, еңбек шарттарының талаптары біржақты тәртіппен өзгертілмейді.
11-бап. Жұмыс берушінің актілері
Жұмыс беруші осы Кодекске және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, еңбек шартына, келісімдерге, ұжымдық шартқа сәйкес өз құзыреті шегінде актілер шығарады.
12-бап. Жұмыс берушінің актілерін шығару кезінде
жұмыскерлер өкілдерінің пікірін
ескеру тәртібі
1. Жұмыс
беруші келісімдерде, ұжымдық шартта көзделген жағдайларда жұмыскерлер
өкілдерінің пікірін ескере отырып актілер шығарады.
2. Жұмыс беруші өзінің
актісінің жобасын және ол бойынша негіздемені жұмыскерлердің өкілдеріне
ұсынады. Жұмыскерлердің бірнеше өкілі болған кезде олар жұмыс берушінің
актілері бойынша пікірді есепке алу үшін сандық құрамы олар мүдделерін
білдіретін жұмыскерлердің санына пропорционалды түрде болатын біртұтас өкілді
орган құрады.
3. Жұмыскерлердің
өкілдері жұмыс беруші актісінің жобасын табыс етілген күннен бастап бес жұмыс
күнінен асырмай талқылайды. Жұмыскерлердің өкілдері шешімді осы Кодексте
белгіленген мерзімдерде ұсынбаған жағдайда, жұмыс беруші актіні пікірді
ескерместен қабылдауға құқылы.
4. Жұмыскерлер
өкілдерінің шешімдері хаттамамен ресімделеді, онда жұмыскерлер өкілдерінің
жұмыс беруші актісінің жобасымен келісетіні (келіспейтіні) көрсетіледі, олардың
ұсыныстары болса олар жазылады.
5. Егер жұмыскерлер
өкілдерінің пікірінде жұмыс беруші актісінің жобасына келісім болмаған не оны
өзгерту жөнінде ұсыныстар болған жағдайда, жұмыс беруші:
1) келіскен жағдайда
жұмыскерлер өкілдерінің ұсыныстарын ескере отырып өзгертілген акт шығарады;
2) келіспеген кезде
жұмыскерлердің өкілдерімен қосымша консультациялар өткізуге құқылы.
6. Жұмыс беруші
актілерін шығару үшін келісімдерге, ұжымдық шартқа сәйкес жұмыскерлер
өкілдерінің пікірін есепке алу қажет болатын олардың жобалары бойынша келісімге
қол жеткізілмеген кезде, туындаған келіспеушіліктер, жұмыс берушінің және
жұмыскерлердің бір өкілі қол қоятын хаттамамен ресімделеді, одан кейін жұмыс
беруші актіні қабылдауға құқылы.
7. Егер жұмыс
берушінің шығарылған актісінде жұмыскерлердің осы Кодексте, еңбек, ұжымдық
шарттарда, келісімдерде көзделген құқықтары мен кепілдіктерін бұзатын не
нашарлататын ережелер қамтылған жағдайда, оған еңбек инспекциясы жөніндегі
жергілікті органға не сотқа шағым жасауға болады.
13-бап. Осы Кодексте белгіленген мерзімдерді есептеу
1. Осы
Кодексте, еңбек немесе ұжымдық шартта, келісімдерде белгіленген мерзім
күнтізбелік күнмен, жылдармен, айлармен, апталармен немесе күндермен
есептелетін уақыт кезеңінің аяқталуымен айқындалады. Мерзім басталуға тиіс
оқиғаны көрсетумен де айқындалуы мүмкін.
2. Осы Кодексте көзделген
жағдайларда мерзім жұмыс күндерімен есептеледі.
3. Уақыт кезеңімен
айқындалатын мерзімнің ағымы оқиғаның басталуы айқындалған, оқиға басталған
күнтізбелік күннен кейінгі келесі күні басталады.
4. Жылдармен,
айлармен, апталармен есептелетін мерзімдер соңғы жылдың, айдың, аптаның тиісті
күндері аяқталады. Егер айлармен есептелетін мерзімнің аяқталуы тиісті күні жоқ
айға келетін болса, онда мерзім осы айдың соңғы күні аяқталады. Күнтізбелік
апталармен немесе күндермен есептелетін мерзімге жұмыс күні емес күндер де
қосылады.
5. Егер осы Кодексте
өзгеше көзделмесе, мерзімнің соңғы күні жұмыс күні емес күнге келсе, онда одан
кейінгі бірінші жұмыс күні мерзімнің аяқталған күні болып есептеледі.
14-бап. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын
бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының бұзылуына кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасыныңзаңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
2-тарау. ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
15-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің еңбек
қатынастарын реттеу саласындағы
құзыреті
Қазақстан
Республикасының Үкіметі:
1) еңбек, еңбек
қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі
бағыттарын әзірлейді және іске асырылуын қамтамасыз етеді;
2) еңбекке уақытша
қабілетсіздігі бойынша әлеуметтік жәрдемақының мөлшерлерінайқындайды;
3) Акцияларының
бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі ұлттық компаниялардың, акционерлік
қоғамдардың басшы жұмыскерлерінің еңбегіне ақы төлеу мен оларға сыйлықақы беру
шарттары туралы үлгілік ереженібекітеді;
4) мемлекеттік бюджет
қаражаты есебінен қамтылатын ұйымдардың азаматтық қызметшілерінің,
жұмыскерлерінің, қазыналық кәсіпорындар жұмыскерлерінің еңбегіне ақы төлеу
жүйесінбекітеді;
5) жұмыс берушілердің
республикалық бірлестіктерімен және жұмыскерлердің республикалық
бірлестіктерімен бас келісім жасасады;
6) тиісті уәкілетті
органдардың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік
құқықтық актілерді қабылдау тәртібінбелгілейді;
7)
өзінеКонституциямен, Қазақстан Республикасының заңдарымен және Қазақстан
Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды
орындайды.
16-бап. Еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның
еңбек қатынастарын реттеу
саласындағы құзыреті
Еңбек
жөніндегіуәкілетті мемлекеттік орган:
1) еңбек, еңбек
қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
2) Қазақстан
Республикасы еңбек заңнамасының, оның ішінде еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi
қорғау жөніндегі талаптың, Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту
туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттiк бақылауды ұйымдастырады, сондай-ақ
еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органның қызметін үйлестіреді және
қызметін тексеруді жүзеге асырады;
3) еңбек қатынастарын
реттеу саласындағы жергілікті атқарушы органдарға әдістемелік басшылықты және
оларды үйлестіруді жүзеге асырады;
4) еңбек инспекциясы жөніндегі
жергілікті органдардан еңбек қатынастары мәселелері бойынша қажетті ақпаратты
сұратады;
5) облыстың,
республикалық маңызы бар қаланың, астананың бас мемлекеттік еңбек инспекторын
тағайындауды келіседі;
6) мемлекеттік
органдардың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы техникалық
регламенттерді әзірлеу жөніндегі қызметін үйлестіреді;
7) еңбек қауіпсіздігін
және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету саласында үйлестіруді және басқа да
мемлекеттік органдармен, сондай-ақ жұмыскерлердің және жұмыс берушілердің
өкілдерімен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;
8) жұмыс берушінің
еңбек нормаларын, еңбек жөнiндегi үлгiлiк нормалар мен нормативтердi, қызметтің
барлық салалары үшін еңбек жөніндегі бірыңғай және (немесе) салааралық, үлгілік
нормалар мен нормативтерді әзірлеу, бекіту, ауыстыру және қайта қарау
тәртiбiнбелгiлейдi;
9) әкiмшiлiк
персоналға жататын жұмыскерлер лауазымдары атауларының тiзбесiн әзірлейді
жәнебекітеді;
10) көрсетілетін
қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алым
мөлшерлемелерін) мемлекеттік реттеу енгізілетін ұйымдарда еңбек нормаларын
ұсыну, қарау және келісу тәртібінбелгілейді;
11) көрсетілетін
қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алым мөлшерлемелерін)
мемлекеттік реттеу енгізілетін ұйымдар жұмыскерлерінің еңбегіне ақы төлеу
жүйесі бойынша өлшемдерді ұсыну, қарау және келісу тәртібінбелгілейді;
12) облыс
(республикалық маңызы бар қала, астана) деңгейінде жасалған салалық және
өңірлік келісімдерді тіркеуді жүзеге асырады;
13) мемлекеттік еңбек
инспекторларын оқытуды және аттестаттауды жүргізеді;
14) еңбек қызметіне
байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексерудің уақтылы және объективті
жүргізілуін осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге
денормативтікқұқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен бақылауды
жүзеге асырады;
15) еңбек қатынастарын
реттеу саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
16) Жұмыстар мен
жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын және Басшылар,
мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының, жұмысшы кәсіптерінің
тарифтік-біліктілік сипаттамаларының біліктілік анықтамалығын және ұйымдар
басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік
біліктілік сипаттамаларын әзірлеу, қайта қарау, бекіту және қолдану
тәртібінайқындайды;
17) экономикалық
қызметтің алуан түрлі ұ
Білім туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319 Заңы
Осы Заң білім беру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, осы саладағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптерін айқындайды және Қазақстан Республикасы азаматтарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың білім алуға конституциялық құқығын қамтамасыз етуге бағытталған.
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай
негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) алып тасталды - ҚР 13.11.2015 № 398-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
2-1) академиялық оралымдылық –
білім алушыларды немесе оқытушы-зерттеушілерді оқыту немесе зерттеулер жүргізу
үшін белгілі бір академиялық кезеңге (семестрге немесе оқу жылына) өзінің
жоғары оқу орнында немесе оқуды жалғастыру үшін басқа жоғары оқу орнында
кредиттер түрінде меңгерген оқу бағдарламаларынан, пәндерден міндетті түрде
қайта сынақ тапсыра отырып, басқа жоғары оқу орнына (ел ішінде немесе шетелге)
ауыстыру;
2-2) аккредиттеу
органдары – стандарттарды (регламенттерді) әзірлейтін және өздері әзірлеген
стандарттар (регламенттер) негізінде білім беру ұйымдарын аккредиттеуден
өткізетін заңды тұлғалар;
2-3) аккредиттеу
стандарттары (регламенттері) – аккредиттеу органының аккредиттеу рәсіміне
қойылатын талаптарды белгілейтін құжаттары;
4) бакалавр – жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын меңгерген адамдарға берілетін дәреже;
7-1) біліктілікті арттырудың
ваучерлік-модульдік жүйесі – білім беру қызметкеріне ұйымды, оқытудың мазмұны
мен мерзімдерін таңдауға мүмкіндік беретін, мемлекет белгілеген және белгілі
бір ақша сомасымен қамтамасыз етілген, атаулы құжат (ваучер) түрінде ресімделген
жан басына шаққандағы норматив негізінде қаржыландырылатын біліктілікті арттыру
нысаны;
7-2) біліктілікті
арттыру институты – үздіксіз білім беру жүйесінде кадрлардың кәсіптік
біліктілігін арттырудың және оларды қайта даярлаудың актуалды білім беру
бағдарламаларын іске асыратын, білім берудегі әдістемелік жұмыстың тиімділігін
қамтамасыз ететін инновациялық процестерді қолдауды жүзеге асыратын білім беру
ұйымы;
7-3) біліктілікті беру
– нақты мамандық бойынша тиісті кәсіптік қызмет түрінің шеңберінде жұмысты
орындау үшін қажетті жеке қабілеттілік, кәсіптік білім, шеберлік пен дағдылар
жиынтығын растау рәсімі;
7-4) білім алу үшін
арнайы жағдайлар – ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар адамдардың
(балалардың) оларсыз жалпы білім беретін оқу және білім беру бағдарламаларын
меңгеруі мүмкін болмайтын, арнайы оқу бағдарламаларын және оқыту әдістерін,
техникалық және өзге де құралдарды, тыныс-тіршілігін, сондай-ақ медициналық,
әлеуметтік және өзге де көрсетілетін қызметтерді қамтитын жағдайлар;
18-3) докторант – докторантурада білім алатын адам;
19) алып тасталды - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
20) алып тасталды - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
23) алып тасталды - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
24) алып тасталды - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
25) институт – жоғары білім берудің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын жоғары оқу орны;
31) алып тасталды - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
32) алып тасталды - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
41) магистр – магистратураның білім беру бағдарламаларын меңгерген адамдарға берілетін дәреже;
41-1) магистрант – магистратурада білім алатын адам;
43) алып тасталды - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
48) оқу-клиникалық орталығы -
медициналық жоғары оқу орнының қазіргі заманғы аппаратурамен, фантомдармен және
муляждармен жабдықталған және білім алушылардың және (немесе) медицина
қызметкерлерінің практикалық (клиникалық) машықтарды меңгеруіне және
оларды бақылауға арналған құрылымдық бөлімшесі;
50) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
53-1) студент – техникалық және
кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын
іске асыратын білім беру ұйымында оқитын адам;
53-2) сынып
жетекшілігі – педагог жұмыскерге сыныпта білім алушылардың қызметін оқу-тәрбие
процесі шеңберінде үйлестіру бойынша жүктелетін функция;
56-1) ұлттық жоғары оқу орны –
елдің жетекші ғылыми және әдістемелік орталығы болып табылатын, ерекше
мәртебесі бар жоғары оқу орны;
56-2) ұлттық зерттеу
университеті – ерекше мәртебесі және Қазақстан Республикасының Үкіметі
бекіткен, бес жылға арналған даму бағдарламасы бар, даярлық (мамандықтар)
бағыттарының кең спектрі бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі
білімнің өз бетінше әзірленген білім беру бағдарламаларын іске асыратын, жаңа
білімді жинақтау мен трансферттеу үшін іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеу
нәтижелерін пайдаланатын жоғары оқу орны;
61) элиталық білім - дарынды
адамдарға арналған мамандандырылған білім беру ұйымдарында іске асырылатын
мамандандырылған жалпы білім беретін оқу және білім беру бағдарламалары бойынша
алынатын білім.
Ескерту. 1-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми
жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi),
2012.01.09 № 535-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн
өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 N
36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін
күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 18.02.2014 № 175-V (алғашқы ресми
жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
21.07.2015 № 337-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн
өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.11.2015 №
398-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін
күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 419-V (01.01.2016 бастап
қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
2-бап. Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы
заңнамасы
3-бап. Білім беру саласындағы мемлекеттік
саясаттың принциптері
1. Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері мыналар болып табылады:
1) баршаның сапалы білім алуға құқықтарының теңдігі;
2) білім беру жүйесін дамытудың басымдығы;
5) адамның құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу;
6) жеке адамның білімдарлығын ынталандыру және дарындылығын дамыту;
7) білім беру деңгейлерінің сабақтастығын қамтамасыз ететін білім беру процесінің үздіксіздігі;
8) оқытудың, тәрбиенің және дамытудың бірлігі;
9) білім беруді басқарудың демократиялық сипаты, білім беру жүйесі қызметінің ашықтығы;
2. Білім беру ұйымдарында саяси
партиялар мен діни ұйымдардың (бірлестіктердің) ұйымдық құрылымдарын құруға
және олардың қызметіне тыйым салынады.
Ескерту. 3-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми
жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi)
Заңымен.
2-тарау. БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІН БАСҚАРУ
4-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің білім беру
саласындағы құзыреті
Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) білім беруді дамыту
жөніндегі мемлекеттік саясатты әзірлейді және іске асырады;
2) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 №
124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан
кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
3) еңбек нарығының
кадрларға ағымдағы және келешектегі қажеттігінің тұрақты мониторингі жүйесін
қалыптастырады;
4) еңбек нарығының
қажеттіліктерін ескере отырып, әлеуметтік әріптестердің кәсіптік білім беру
проблемаларын шешуге қатысуын қамтамасыз етеді және республикалық бюджеттен
қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында (Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен
әскери құралымдар, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар үшін мамандар
даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын қоспағанда)жоғары
жәнежоғары оқу орнынан кейінгі, сондай-ақтехникалық және кәсіптік,
орта білімнен кейінгі білімі бар мамандар даярлауғамемлекеттік білім беру
тапсырысынбекітеді;
5) жоғары білім алуға
ақы төлеу үшін білім беру грантын беруережелерін бекітеді;
5-1) "Өркен"
грантын беруқағидаларын және оның мөлшерін бекітеді;
6) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N
239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен
кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
7) Білім беру
ұйымдарын мемлекеттік аттестаттауқағидаларынбекітеді;
8) алып тасталды - ҚР 13.11.2015 №
398-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен
кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
9) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N
239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен
кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
10) халықтың тығыздығына
және елді мекендердің қашықтығына қарай білім беру ұйымдарыжелісінің
кепілдік берілген мемлекеттік нормативін бекітеді;
11) мемлекеттік білім
беру ұйымдары қызметкерлерініңүлгілік штаттарын, сондай-ақ педагог
қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарыныңтізбесін
айқындайды;
12) Қазақстан
Республикасының Президентіне жеке адамды тәрбиелеуге, оқытуға және кәсіптік
қалыптастыруға аса зор үлес қосып келе жатқан жоғары оқу орындарына ерекше
мәртебе беру туралы ұсыну енгізеді және жоғары оқу орындарының ерекше мәртебесі
туралы ережені бекітеді;
13) егер Қазақстан
Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттiк басқару органының
ұсынысы бойынша бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын мемлекеттiк бiлiм
беру ұйымдарын құрады, қайта ұйымдастырады және таратады;
14) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N
239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен
кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
15) Қазақстан
Республикасы Президенті Әкімшілігімен келісу бойынша «Болашақ» халықаралық
стипендиясын беру үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларын бекітеді және «Болашақ»
халықаралық стипендиясын жұмсау бағыттарын айқындайды;
16)мемлекеттік
атаулы стипендияларды бекітеді;
17) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N
239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен
кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
18) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N
239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен
кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
19) тиісті үлгідегі
білім беру ұйымдары, оның ішінде балаларға арналғанқосымша білім беру
бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарықызметініңүлгілік
ережелерінбекітеді;
20) алып тасталды - ҚР 2011.10.24 №
487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін
күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
21) мемлекеттік білім
беру мекемелерінің мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар
отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан
басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен
отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім
балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға,
төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан
балаларға және білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын өзге де
санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге жалпы білім беретін мектептерді
ағымдағы ұстауға бөлінетін бюджет қаражатының кемінде бір пайызы мөлшерінде
қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру,
жұмсау бағыты мен оларды есепке алуқағидаларын бекітеді;
22) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N
239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен
кейiн күнтiзбелiк он күн