* »

**

Шу ауданы "Үздік педагог - 2022" конкурсы

Ағымдағы жылдың қыркүйек айында «Үздік педагог – 2022» атағын беру конкурсының аудандық кезеңі өтті.

 

 

ХАБАРЛАНДЫРУ

 


 

 

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

 

2020-2021 оқу жылына дайындық туралы АҚПАРАТ

Аудан бойынша 2020-2021 оқу жылында 47мектепте 20913 оқушы білім алуда. Оның ішінде 21 мектепте (Абай /а/, Алға, Еңбекші, Жайсан, М.Маметова, Ә.Молдағұлова, Т.Рысқұлов /а/, Т.Әшімбаев, М.Ғабдуллин, Ы.Алтынсарин /а/, Ж.Баласағұни, Қ.Сәтпаев орта мектептері, Жиенбет, О.Жандосов негізгі мектептері, С.Мұқанов, Еңбек, Еспе, Көктөбе, Жиделі, №48, Алға бастауыш мектептері) 2999 оқушы дәстүрлі режимде оқиды. 26 мектепте 11684 оқушы қашықтықтан білім алуда.

Аудан бойынша оқумен қамтылған 20913 оқушы 1100 сынып комплектісіне топтастырылып, сынып толымдылығы 19 құрайды.

Оның ішінде 1-4 сыныптарда 469 сынып комлектісінде 9049 оқушы, 5-9 сыныптарда 507 сынып комплектісінде 9845 оқушы, 10-11 сыныптарда 124 сынып комплектісінде 2019 оқушы бар.

Кезекші сыныптар бойынша:

1-4 сыныптарда 590топта 7577 оқушы, 5-9 сыныптарда 126 топта 1650 оқушы, 10-11 сыныптарда 57топта 637 оқушы, барлығы 773 топта 9864 оқушы бар.

Қала мектептері бойынша:

1-4 сыныптарда 178сынып комплектісінде 3913 оқушы, 259 топта 3449 оқушы, 5-9 сыныптарда 101сынып комплектісмінде 4239 оқушы, 10-11 сыныптарда 44 сынып комплектісінде 813 оқушы, 12 топта 149 оқушы бар. Барлығы 423сынып комплектісінде 8965 оқушы, 271 топта 3598 оқушы бар.

Ауыл мектептері бойынша:

1-4 сыныптарда 291сынып комплектісінде 5136 оқушы, 331 топта 4128 оқушы, 5-9 сыныптарда 306сынып комплектісінде 5606 оқушы, 126 топта 1650 оқушы, 10-11 сыныптарда 80сынып комплектісінде 1206 оқушы, 45 топта 488 оқушы бар. Барлығы 677сынып комплектісінде 11948 оқушы, 502 топта 6266 оқушы.

2020-2021 оқу жылында мектепалды даярлық тобында 76 сынып комплектісінде 1272 оқушы бар.

Аудан бойынша барлығы 55 мектепке дейінгі ұйым бар. Оның ішінде 37 балабақша (23 мемлекеттік, 14 жекеменшік), 28 шағын орталық.

1-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту 92%, 3-6 жас аралығындағы балаларды қамту 100% құрайды.

Аудандағы 37 балабақшада 160 кезекші топ ашылып, 2370 бала тәрбиеленуде. Ағымдағы жылдың 10 қыркүйегінен бастап С.Сейфуллин және М.Мақатаев атындағы орта мектептері жанындағы шағын орталықтарда 4 қосымша топ ашылып, 60 бала мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылады.

Қашықтықтан оқитын 11684оқушының 6116 жеке компьютерлік құрылғылармен қамтылған. 5568оқушыда компьютерлік техника жоқ. Аталған оқушыларға 5568 компьютерлік техника қажет болған. Оның ішінде 4317-і компьютерлік техникамен қамтылады:

-1607-і мектептердегі жұмыс жағдайындағы компьютерлермен қамтылды;

-ҚР Үкіметі резервінен 200 планшет берілді.

-328 ноутбук жергілікті бюджеттен қосымша үнемделген қаражаттан 82 млн теңгеге сатып алынады;

-2182 компьютерлік құрылғы (200 планшет, 1691 ноутбук, 291 компьютер) ҚР Үкімет резервінен алынады.

Аталған компьютерлермен бірінші кезекте әлеуметтік әлсіз отбасылар қамтылуда.Сондай-ақ, әлеуметтік әлсіз 1300 отбасыдан шыққан 2482 баланы интернетпен қамтамасыз ету мақсатында роутерлер сатып алуға және 4 айға «Білім» тарифін қостыруға жалпы сомасы 30 млн. 108 мың теңге қаражат бөлінді. Бүгінгі күні, «Алтел» компаниясынан 970 роутер мен «Білім» тарифы қосылған Сим карталар алынып, аз қамтылған оқушыларға таратылды. «Билайн» компаниясынан 330 роутер мен «Білім» тарифы қосылған Сим карталар резервке қойылды.

Қашықтан оқытатын 26 мектепте 15466 оқушы «Дарын-онлайн» платформасында оқытылуда.

Аудандағы қашықтан оқыту іске асырылатын 4 елді мекенде (Шоқпар,Бірлікүстем, Мойынқұм, Алға) сымды интернет желісі жоқ және мобильді интернет желісі әлсіз. Осы елді-мекендерде 5 мектеп орналасқан.

Бүгінгі күні, Шоқпар елді мекенінің интернеті «Транстелеком» АҚ-ның тарапынан интернетке қосылу нүкетелерінің санын арттыру арқылы шешілуде.

Қалған 3 елді мекендегі интернет желісі «Қазақтелеком» АҚ-ның тарапынан 4G LTE модемдер арқылы шешу көзделуде.

Аудан бойынша барлығы 2245 мұғалім бар. Оның ішінде 13451-күндізгі, 11840-сырттай оқу орнын бітіргендер. 3469 мұғалім Қырғызстан Республикасының ЖОО бітірген.

2245 мұғалімнің 1900 (84,6%) жаңартылған білім беру мазмұны бойынша және 100 пайыз қашықтықтан білім беру бойынша курстан өткен.

2019-2020 оқу жылында 8680 (43%) оқушы қосымша білім берумен қамтылған.

Шу ауданының білім саласы туралы ақпарат.

Шу ауданы бойынша білім саласы туралы ақпарат.

2018 жылдың қорытындысы.

Ауданның білім беру саласын қаржыландыруға 2018 жылы 8 млрд. 291млн. 545 мың теңге бөлінді, бұл 2017 жылмен салыстырғанда 872 млн 377 мың теңгеге артық (2017 жылы- 7 млрд 419 млн 168 мың теңге).

Жамбыл облыс әкімі мен аудан әкімі арасында келісілген 3 түйінді нысаналы индикатор бар. 3 индикатор толық орындалды. яғни, 1-ші Ұлттық бірыңғай тестілеудің орташа балл 2018 жыл жоспар 74 балл, орындалғаны 78,74 балл. (2017 жыл 66,3балл,12,44 балға артты). 2-ші Кең жолақты интернетпен қамтамасыз етілген мектептер үлесі (4 мбит/с) 2018 жыл жоспар 80%, орындалғаны 93,6%. (2017 жыл 47,9%, 45,7% артты).

Анықтама үшін:

3 мектепте (Еңбекші, Жиделі, Рысқұлов(а)) Wi-max технологиясы көмегімен 2 Мбит/с жылдамдықтағы интернет желісі орнатылған.

3-ші Мектептерді Ішкі сымсыз Wi-Fi желісімен жарақтандыру 2018 жыл жоспар 80%, орындалғаны 85,1%, (2017 жыл 6,2%, 78,9% артты). Қазіргі уақытта аудан бойынша 40 мектеп ішкі сымсыз Wi-Fi желісімен жарақтандырылған. 2019 жылға 100% қамту жоспарлануда.

Анықтама үшін:

2019 жылы 7 мектепте (Домалақ ене, О.Жандосов, Мойынқұм, Т.Рысқұлов, Жиенбет, Еспе, №48 ішкі сымсыз Wi-Fi желісін жүргізу жоспарлануда.)

Білім басқармасының басшысы мен аудан әкімі арасындағы келісілген 11 түйінді нысаналы индикаторлар бар. Барлық көрсеткіштер орындалды.

1-меже «Мектепке дейінгі тәрбиелеумен және оқытумен қамтылған 3-6 жастағы балалардың үлесі». 2018 жыл жоспар -95,8%, орындалғаны 99,9% (2017 жыл 85,5%,14,4% артты).

Анықтама үшін:

2018 жылы 7 жекеменшік балабақша, 530 орын санымен және 25 орынға қосымша топ ашылды. Шу қаласында 75 орындық «Дияр», Шоқпар ауылында 50 орындық «Ару-Толғанай», Бірлік ауылында 100 орындық «Алмар», Шу қаласында 55 орындық «Аруназ», Төле би ауылында 75 орыннан «Лашын» және «Нұр-Аш», Шу қаласында 75 орыннан «Bibinur-A» балабақшалары және «Нұрдәулет» балабақшасында 25 орынға қосымша 1-топ ашылды.

2-меже «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» мамандығы бойынша жоғары және техникалық және кәсіптік білімі бар мектепке дейінгі ұйымдардың педагог қызметкерлерінің үлесі»,2018 жыл жоспар-45,7%, орындалғаны 56,9%(2017 жыл 45,5%, 11,2%).

Анықтама үшін:

Аудандағы мектепке дейінгі ұйымдарда жалпы педагогтар саны 555. Жоғарымектепке дейінгі мамандығы және техникалық-кәсіптік мектепке дейінгі мамандығы бойынша 232 педагог, жалпы педагог санының 56,9% құрайды.

3-меже «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеу және оқыту үшін жағдай жасаған мектепке дейінгі ұйымдардың үлесі» 2018 жыл жоспар 44,1%, орындалғаны 44,1% (2017 жыл 42,8%., 1,3% артты)

Анықтама үшін:

Ауданда 2018 жылы 15 балабақшада («Мөлдір», «Айналайын», «Бәйтерек», «Әсия-Әлемі», «Балдырған», «Қуаныш», «Қосқұдық», «Раушан», «Аққайың», «Бұлбұл», «Астана», «Балдәурен», «Інжу», «Бәйшешек», «Ақбота») білім беру қажеттіліктері бар ерекше балаларды тәрбиелеу және оқыту үшін жағдай жасалынып 44,1% жоспарланған межеге жетті. 2019 жылы 2 балабақшаға жағдай жасау арқылы 50% көрсеткішке жету жоспарлануда.

4-меже «Қазақстандық оқушылардың ОЖСБ-дағы нәтижелері» 2018 жылы аудан бойынша 9 мектеп (Абай/а/, М.Х.Дулати, М.Мәметова, Еңбекші, Ш.Уәлиханов, Т.Әшімбаев, М.Ғабдуллин, Ы.Алтынсарин/а/, Қ.Сәтпаев)ОЖСБ тапсырды. 4 сыныптағы орташа балл -18,98;9 сыныпта-39,97, 11сыныпта-58.(Облыстық көрсеткіш 4 сынып-19,5; 9 сынып-40,8; 11 сынып-66,1)

5-меже «Педагог қызметкерлердің жалпы санындағы жас педагог қызметкерлердің үлесі» - 2018 жыл жоспар- 3,2% орындалғаны 4% (2017 жыл-2,9%,. 1,1% артты). Аудан мектептерінде 2017-2018 оқу жылында 80 жас маман жұмысқа қабылданды. Олар педагогтардың жалпы санынан 4% құрайды.

6-меже «Инклюзивті білім беру үшін жағдай жасаған мектептердің үлесі» - 2018 жыл жоспар-60%, орындалғаны 61,7%. (2017 жыл-4,1%, 7,6% артты).

Анықтама үшін:

Аудандағы мүмкіндігі шектеулі балалардың жалпы санынан 161 бала үйде оқумен, 185 бала инклюзивті біліммен, 21 бала түзету сыныптарында қамтылған. 29 мектепте (Ғ.Мұратбаев, Ә.Молдағұлова, С.Сейфуллин, Төлеби/қ/, Алтынсарин/қ/, №40, А.С.Макаренко, Е.Бекмахановм/г, М.Мақатаев, Төле би/а/, Ы.Алтынсарин/а/, Алға, Т.Әшімбаев, М.Х.Дулати, М.Мәметова, М.Әуезов, Жамбыл, М.Ғабдуллин, Жамбыл гимназиясы, Б.Момышұлы, Абай, С.Шәкіров, Мойынқұм, Жібек-жолым/л, Еңбекші, Қ.Сәтпаев, С.Естемесов, С.Мұқанов, Ж.Баласағұн) инклюзивті білім беру үшін жағдай жасалған, ол жалпы мектептердің 61,7% құрады. 2019 жылы 2 мектепке инклюзивті білім беру үшін жағдай жасау арқылы 72% көрсеткішке жету жоспарлануда.

7-меже «Қосымша білім берумен қамтылған оқушылардың үлесі 2018 жыл жоспар 40%, орындалғаны 40%. (2017 жыл 37%, 3% артты). Қосымша білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын 7 қосымша білім беру ұйымдарында 138 үйірмелерде барлығы 7839 оқушы, яғни аудандағы жалпы оқушылардың 40% -ы қамтылды.

8-меже «Жалпы білім беретін мектептердегі спорттық секциялармен, оның ішінде республикалық балалар-жасөспірімдер спорттық турнирлерімен (Оқушылар спартакиадасы және т.б) қамтылған білім алушыларлың үлесі» 2018 жыл жоспар-50%, орындалғаны 60% (2017 жыл 47,4%., 12,6% артты) 622 спорттық үйірмеде 11730 бала қамтылуда.

Анықтама үшін:

Мектептерде 477 үйірме 8639 бала қамтылған, Мектептен тыс мекемелерде 145 үйірмеге 2570 3 жекеменшік спорт орталығында 561 бала қамтылған.

9-меже «Рухани жаңғыру»бағдарламасының «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасын іске асыру шеңберіндегі іс – шараларға қатысқан оқушылардың үлесі» 2018 жыл жоспар 75% орындалғаны 100%.

Анықтама үшін:

Шу ауданы әкімдігі білім бөліміне қарасты барлық білім мекемелерінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасын іске асыру шеңберіндегі 58 іс – шара өткізілді.

10-меже «Мектептердің роботехника кабинеттерімен жабдықталуы» 2018 жыл жоспар-30%, орындалғаны 31,9% (2017 жыл 22,9%.,9% артты).

2018 жылы 4 мектеп (М.Әуезов,Ы.Алтынсарин (қ), С.Сейфуллин, А.С.Макаренко)робототехника кабинетімен жабдықталды. Аудандағы 15 мектепте робототехника үйірмелері жұмыс жасауда. 2019 жылы тағы 6 мектепті робототехника кабинетімен жабдықтап, 44,7% жету жоспарлануда.

11-меже «Жалпы орта білім беретін мектептердегі мұғалімдердің жұмыс орнын компьютермен жабдықтау» 2018 жыл жоспар-50% орындалғаны 89,5% (2017 жыл 20,8%.,68,7% артты)

Жалпы 47 мектепте барлығы 2470 компьютер бар. Жалпы оқу кабинеті саны 1212, оның 1085-і мұғалім компьютерімен жабдықталған. 2018 жылы 104 мультимедиалық құрылғылар, 376 дана компьютер комплектісі, 16 ноутбуктер сатып алынды. 2019 жылы мектепті барлық кабинеттерді компьютер жабдықтап, 100% жету жоспарлануда.

Мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру бойынша:

Ауданның 57мектепке дейінгі білім мекемелерінде (мемлекеттік -23, жекеменшік – 12, 19 шағын орталық) - 4413 бала тәрбиеленуде. Мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылғандар үлесі 1-6 жас аралығында 91,6% (облыста – 84%), 3-6 жас аралығында99,9 %-ды құрайды (облыста –98%). Бүгінгі күнде 0-6 жас аралығында кезекте тұрған балалар саны – 556. Соның ішінде: 3-6 жас аралығында кезекте тұрған балалар саны – 7.

2018 жылы ауданымызда 7 балабақшасы ашылды, казіргі таңда 12 жекеменшік балабақшада 1040 бала тәрбиеленуде.

Орта білім беру саласы бойынша:

Ауданның 47 мектебінде 19593 оқушы білім алуда (2017 жылы 18880 оқушы).

Орта білім беру саласында 1,2,3,5,6,7,8 сыныптар, жаңартылған білім беру мазмұны бағдарламасымен оқытылуда.

Шу ауданы бойынша Назарбаев Зияткерлік мектебінің тәжірибесі 2018 жылы4 (М.Х.Дулати, Төле би/қ, Жібек жолы мл, №40мл) мектепте (2017 жылы 1 мектепте)енгізілді.

2018 жылы 23 мектепте жаратылыстану пәндері ағылшын тілінде оқытылуда. Алдағы уақытта 27 мектепте оқытылатын болады.

Анықтама үшін:

Физика, информатика, химия, биология пәндерін8-сыныптарда (114 сынып топтамасында(17 орыс, 97 қазақ) 1033 оқушы қамтылды. (38-мұғалім ағылшын тілінде оқытуда).

Сапалы білімінің көрсеткіштерінің бірі оқушылардың барлық деңгейдегі пән олипмиадаларға қамту нәтижесі десек, 2018 жылы «Дарын» Республикалық Ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен өткізілген олимпиада бойынша 807 оқушы жүлделі (1орын-188, ІІ орын-250, ІІІ орын-369) орынға ие болса,«Зерде» Республикалық ғылыми жоба жарысынан 5 (2-алтын, 3күміс)медаль иегері, жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық олимпиадасының облыстық кезеңінен 8-і (II орын-2 III орын-6) және 2 оқушы (II орын-1 оқушы иеленіп, грант иегері атанса, 1 оқушы III орын) Республикалық кезеңінің жүлделі орын иегерлері.Сонымен қатар 3 оқушы Халықаралық ғылыми жоба жарысының (2-алтын, 1 қола медальді) иеленді.

2018 жылы ОЖСБ-оқушы жетістіктерін сырттай бағалау қорытындысы бойынша 4-сыныпта орташа баллы-18, 8, 9-сыныпта 39, 3,11-сыныпта 57,25. 2017 жылмен салыстырғанда 4сынып 1,12 баллға, 9 сынып 4,7 балл кеміді, 11 сынып 13,66-балға артты

2018 жылғы ҰБТ-ның орташа баллы 78,7 баллды құрады. 2017 жылмен (66,3 балл) салыстырғанда орташа балл 12,3 баллға артқанымен, облыстық көрсеткіштен (89.4 балл) 10,7 баллға төмен болды. Бұл рейтинг бойынша облыстық көрсеткіштің ең соңғы орны.

Білім сапасы педагогтардың кәсіби, шығармашылық потенциалына байланысты десек, 2018-2019 оқу жылында 2230 (2017-2018 оқу жылында 2215) педагог қызметкер жұмыс атқарды, оның 2069 жоғары(92,7%), өткен оқу жылмен салыстырғанда жоғары білімді мұғалімдердің саны 26 педагогқа артқан.

Анықтама үшін:

«жоғары» санатты педагогтар саны-550 (24,6%),«бірінші» санатты, педагогтар саны –528 (23,6),«екінші» санатты педагогтар -527 (23,6%),«санаты жоқ» педагогтар саны – 338 (15,1%),

«педагог шебер»-10 (0,4%), «педагог-зерттеуші» – 102 (4,5%), «педагог-сарапшы»-106 (4,7%), «педагог-модератор»-69 (3%) педагог өтіп отыр.

Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша сабақ беретін 1448 мұғалімінің (65%) жалақысы 30%-ға көбейді. Мұның барлығы мұғалім беделін арттыруға бағытталған. Біліктілігін дәлелдеген 151мұғалімге 30-дан-50% дейін қосымша үстем ақы 1 қыркүйек айынан бастап төленсе, 136 мұғалімге 2019 жылдың 1 қантарынан төленуде.

Жалпы, 1460 (65%) педагог жаңартылған мазмұн бойынша кәсіби біліктілігін арттырды.

Педагогтарға кәсіби қолдау көрсету мақсатында, Сіздің тапсырмаңызға сәйкес, аудандық әдістемелік кабинеті жанынан әдістемелік десант тобы құрылды.

Әдістемелік десант жаңартылған білім беру мазмұны бағдарламасын жүзеге асыруда кездескен кедергілерді анықтау үшін іс әрекетті зерттеу жүргізді. Нәтижесінде, пән мұғалімдері біліктіліті арттыру курстарынан өтсе де,оқу мақсаттарына сәйкес сабақ барысында саралауды, кері байланысты және критериалды бағалауды жүргізуде қиналатындығы анықталды. Әдістемелік кабинет аталған кедергілерден шығу үшін Тараз қаласындағы «Назарбаев Зияткерлік мектебі» Педагогикалық шеберлік орталығы филиалының және Астана қаласындағы «Ustaz» біліктілікті жетілдіру орталығының тренерлерімен бірлескен 13 әдістемелік күндер мен семинарлар өткізіп, Қысқы, Жазғы мектептердің жұмысы жолға қойылып, 1507 педагог қамтылды. 35 мектепке әдістемелік көмек көрсетілді.

Сондай-ақ, тәжірибелі мамандардың сабақ беру әдістемелерін жетілдіру мақсатында «Онлайн шеберхана», «Сырттай оқыту», «Қашықтықтан оқыту» мектептерінде ауданның үздік мұғалімдері 54 облыстық онлайн-сабақ өткізді. 89 педагог аудандық, 28 педагог облыстық, 15 педагог республикалық деңгейде іс тәжірибесін таратты.

Аудан бойынша 53 пәндік байқаулар өткізіліп, оған 280 педагог қамтылып, облыстық деңгейден 33-і (I-5, II-6 III-22) және республикалық деңгейден 5-і (1 бас жүлде, II-1 III-3)жүлдегер атанды.

Оқу-тәрбие үрдісін дұрыс ұйымдастырылуы мектеп басшысының кәсіби біліміне тікелей байланысты.

47 мектеп директорларының 100%-ы жоғары білімді. Оның ішінде 34 (72,3%) күндізгі бөлімін, 13 (27,6) сырттай бөлімін бітірген.

ЖОО-ң сырттай оқу бөлімінің бітірген мектеп директорлардың:

-2-бастауыш мектептің меңгерушілері (Еспе б.м., №48 б.м.,)

-11-орта мектептің директорлары(М.Әуезов, Ж.Баласағұни, М.Ғабдуллин, №18 М.Әуезов, С.Естемесов, О.Жандосов, Жамбыл о.м., М.Мәметова о.м., Төле би (а) о.м., Еңбекші о.м., Ы.Алтынсарин (а) о.м.)

Мектеп басшыларының біліктілігін арттыру жұмыстары бөлімнің бақылауында. Соңғы 3 жылда 45 мектеп басшысы біліктілігін арттыру курстарынан өткен.

Мектеп директорлары Қамқоршылық қеңестерінің алдына жылына 2 рет есеп беруі қолға алынды.

«Білім беру саласын цифрландыру бойынша:

Бұл бағытта ауданда 1 ІТ (Жібек жолы мектеп-лицейі) сынып ашылды. 4 мектеп робототехника кабинеттерімен жабдықталды. 93,6% мектеп жоғары жылдамдықтағы интернет желісіне қосылды. 1212 оқу кабинетінің 1085-і (89,5%) компьютермен жабдықталды.

Қазіргі таңда ауданымыздағы 35 балабақша, 18 шағын орталыққа балаларды кезекке қою және жолдама беру,47 мектепке оқуға қабылдау,педагог қызметкерлерді жұмысқа қабылдау 2019 жылдан бастап 100% автоматтандырылған жүйеге көшті.

Тәрбие және қосымша білім беру бойынша:

Аудандағы 7 мектептен тыс мекемелерде 7839 (40%) оқушы қосымша білім алуда. Балалардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында ауданның жалпы орта білім беретін мектептерінде түрлі бағыттардағы үйірмелерге оқушылардың қызығушылықтары бойынша 8706 (44%) бала қамтылған.

Жергілікті полиция қызметімен бірлескен іс-шаралар жоспары әзірленіп, мектеп инспекторларының қамқоршылық кеңестері алдында тоқсан сайын есеп беру мәселесі бекітілді. 2018 жылғы қазан-қараша айларында алғашқы есептері тыңдалса, 2019 жылдың наурыз-сәуір айларында кезекті есептері тыңдалатын болады. Кестесі ауданның полиция бөлімімен келісілді (есептерге маслихат депутаттары, қоғамдық кеңестер, «Нұр Отан» партиясы, ата-аналар қауымдастығы өкілдері қатысатын болады).

Облыс әкімдігінің білім басқармасы мен ауданның білім беру саласы арасында мектептен тыс білім беру ұйымдарында қамтылған балалар санын арттыру жөнінде межелер белгіленді (2018 жыл қорытындысымен аудандық көрсеткіш 40% болып қалыптасты).

Ата-аналардың құқығы мен міндеттеріне қатысты құқықтық заңнамаларды ескере отырып, құқық бұзушылықтыңалдын алу мақсатында 9 жайсыз отбасы есепке алынып, олармен осы бағытта жүргізілетін жұмыс бөлімнің бақылауына алынды.

«Жас сарбаз» қозғалысы бойынша аудандағы 40 мектепте әскери-патриоттық сыныптар құрылып, оның жұмысын жалғастыру қолға алынды. Ағымдағы жылдың мамыр айында «Жас сарбаз» аудандық форумын өткізу жоспарлануда.

Өзіне өзі қол жұмсау мәселесі бойынша 40 мектепте «ЮНИСЕФ» БҰҰ-ның жобасы енгізіліп, 4 психолог «тренер» сертификаттарын алды. Тоқсан сайын педагог-психологтар мен әлеуметтік педагогтарға арналған семинарлар ұйымдастырылуда.

Ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында қыздар арасында ұлттық дәстүр мен тән сауаттылығын қалыптастыру бағытында жұмыс жүргізетін «Қыз Жібек» қыздар клубтары құрылды (40 клуб).

«Назарбаев Зияткерлік мектебінің» тәрбие бағытындағы «Шаңырақ» оқушылар қауымдастығы жобасын аудандағы мектептердің тәжірибесіне енгізу жоспарлануда. Жобаға жоғары сыныптың (7-11 сынып) оқушылары қамтылған.

1)«Туған елге тағзым» өлкетану-зерттеу жобасы(оқушылар туған

туралы ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізеді);

2. «Қоғамға қызмет ету» әлеуметтік жобасы (оқушылар қоғамдағы зиялы қауымның еңбектерімен танысады);

3. «Bookcrossing» акциясы (Үздік кітапхана байқауы);

4. «Өнер күндері» жобасы (қазақтың 100 әні, 100 күйінің жобасын тарихын зерттеу, қорғап, танып білу);

5.«даналық бейсенбі» жобасы (әр айдың бірінші аптасының бейсенбі күні танымал, тарихи тұлғалар бойынша жұмыстар қорғау);

6. «Шаңырақ сағаты» жобасы (командалық жұмысқа үйрету);

7. «TedxNIS» жобасы (шешендік өнер қабілетін қалыптастыру)

Қол жеткізілген нәтижелер:

1)Кәмелетке толмағандарарасындағы құқықбұзушылық пенқылмыс

саны 3-ке кеміді;

2)БҰҰ-ның «ЮНИСЕФ» жобасы ауданның 40 мектебіне енгізілді;

3)Мектеп формасын сақтамайтын яғниғ орамал тағып келетін оқушылар мәселесі шешілді.

Бала құқығын қорғау саласы бойынша:

Аудан бойынша жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 173(2017 жылы-168) бала бар. 0-14 жас аралығында-74(72) бала қорғаншылықта, 14-18 жас аралығында-58(56) бала қамқоршылықта.

Патронаттық тәрбиеде, отбасы үлгісіндегі балалар үйлері, қабылдаушы отбасында балалар жоқ.

2018 жылы 3 ата-ана (2017 жылы 5 ата-ана), ата-ана құқығынан айырылса, 1 ата-ана, ата-аналық құқығынан шектетілді.

Анықтама үшін:

Қорғаншыларға (қамқоршыларға) жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап-бағу үшін жәрдемақы тағайындау мен төлеумәселесі бойынша 130 (128) жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға 10 айлық (24050 теңге )есептік көрсеткіш мөлшерінде 84 қамқоршыларға төленіп отыр.

Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың барлығы тұрғын үй кезегіне қойылды.

Жамбыл облысының «Үміт» мамандандандырылған бөбектер үйінде-1 бала, № 1 Қ.Сарымолдаев атындағы балалар үйінде- 9 бала орналастырылды.

 

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы конкурсының қорытынды №9 хаттамасы

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы конкурсының қорытынды

№9 хаттамасы

Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімі КММ-сі

Төле би ауылы,Егемберді көшесі, 2А үй 3.10.2018 жыл сағат 11-00


Конкурстық комиссияның құрамы:

М.А.Базарова – аудандық білім бөлімінің басшысы, комиссия төрайымы;

С.Б.Жакипбекова – білім бөлімінің бас үнеудемшісі, комиссия төрайымының орынбасары.

Комиссия мүшелері:

Р.А.Альжанова – Шу ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы;

Д.Б.Әліпбаев – НұрОтан партиясы Шу аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары;

Е.Е.Аймамбетов – Жамбыл облысы кәсіпкерлер Палатасының Шу аудандағы филиалының директоры;

А.Ж.Рахматова- Шу аудандық мәслихатының депутаты;

Б.Е.Қуандыков – білім бөлімінің заңгері;

З.Н.Турсымбекова - білім бөлімініңәдіскері - комиссия хатшысы.

 

Қатысқаны : 6

Қатыспаған: 1

Комиссия мүшесі,Д.Б.Әліпбаев – НұрОтан партиясы Шу аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, себепті жағдаймен.

 

Күн тәртібінде:

1. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы.

 

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы комиссия мүшелері әлеуетті өнім берушілердің ұсынған конкурстық құжаттарын қайта қарап, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы№ 122 бұйрығына сәйкестігін және балабақшалар құжаттарындағы кемшіліктерін жойғанын ескере отырып,ашық дауыс беру жолымен 2018 жылдың3 қазанында шешім етті:

Мемлекеттік тапсырысты жекеменшік мектепке дейінгі білім беру ұйыдарында орналастыру үшін тізімге еңгізу:

 

 

1.Төле би ауылы, Жақсыбай көшесі №51, «Шарапат-2018» ЖШС-нің «Лашын»бөбекжай-балабақшасын - 75 бала;

2. 1.Төле би ауылы, Б.Ажибаев көшесі №47А, «Шу Нұр-Аш» ЖШС-нің «Нұр-Аш»бөбекжай-балабақшасын - 75 бала;

3. Бірлік ауылы, Панфилов көшесі №2А, «Ханшайым Амира» ЖШС-нің «Алмар» бөбекжай-балабақшасын - 100 бала;

4. Шу қаласы, Ақансері көшесі №6, «Аруназ-Шу» ЖШС-нің «Аруназ» бөбекжай-балабақшасын – 55 бала.

 

 

Төрайымы_____________ М.Базарова

Комиссия мүшелері: _____________ C.Жакипбекова

_____________ Р.Альжанова

_____________ Д.Әліпбаев

_____________ Е.Аймамбетов

_____________ А.Рахматова

_____________ Б.Куандыков

Хатшы: ______________З.Турсымбекова

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы конкурсқа жіберу туралы №8 хаттаманың көшірмесі

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы конкурсқа жіберу туралы

№8 хаттаманың көшірмесі

 

Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімі КММ-сі

Төле би ауылы,Егемберді көшесі, 2А үй

20.09.2018 жыл сағат 10-00


Мынадай құрамдағы конкурстық комиссия:

М.А.Базарова – аудандық білім бөлімінің басшысы, комиссия төрайымы;

С.Б.Жакипбекова – білім бөлімінің бас үнеудемшісі, комиссия төрайымының орынбасары.

Комиссия мүшелері:

Р.А.Альжанова – Шу ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы;

Д.Б.Әліпбаев – НұрОтан партиясы Шу аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары;

Е.Е.Аймамбетов – Жамбыл облысы кәсіпкерлер Палатасының Шу аудандағы филиалының директоры;

А.Ж.Рахматова- Шу аудандық мәслихатының депутаты;

Б.Е.Қуандыков – білім бөлімінің заңгері;

З.Н.Турсымбекова - білім бөлімініңәдіскері - комиссия хатшысы.

 

Қатысқаны : 6

Қатыспаған: 1

Комиссия мүшесі, Е.Е.Аймамбетов –Жамбыл облысы кәсіпкерлер Палатасының Шу аудандағы филиалының директоры себепті жағдаймен.

 

Күн тәртібі:

1. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы.

Отырысты білім бөлімінің басшысы М.А.Базарова ашты. Сөзіндеең бірінші басты назарда Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар мамандарды даярлауға, сондай-ақ жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 бұйрығына сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы қағидасын басшылыққа алатынын атап көрсетті.

Көрсетілген мерзім бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы конкурсқа 4 өтініш түсті.

Белгіленген мерзімде конкурстық өтінімдерді берудің соңғы мерзімі өткенге дейін конкурстық өтінімді ұсынған төмендегідей әлеуетті өнім берушілерге конкурсқа қатысуға рұқсат берілді.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы конкурсқа түскенмектепке дейінгі мекемелер:

1.75 орынға Төле би ауылы, Жақсыбай көшесі № 51 үйде орналасқан «Шарапат-2018» ЖШС-нің «Лашын» бөбекжай-балабақшасы.

«Шарапат-2018» ЖШС директоры Г.А.Жунисалиева.

 

2.75 орынға Төле би ауылы, Ажибаев көшесі № 47А үйде орналасқан «Шу Нұр-Аш» ЖШС-нің «Нұр-Аш» бөбекжай-балабақшасы.

«Шу Нұр-Аш» ЖШС директоры Р.Н.Абильбекова.

 

3.100 орынға Бірлік ауылы, Панфилов көшесі № 2А үйде орналасқан «Ханшайым Амира» ЖШС-нің «Алмар» бөбекжай-балабақшасы.

«Ханшайым Амира» ЖШС директоры А.М.Мурзабекова.

 

4.55 орынға Шу қаласы, Ақансері көшесі № 6 үйде орналасқан «Аруназ Шу» ЖШС-нің «Аруназ» бөбекжай-балабақшасы.

«Аруназ- Шу» ЖШС директоры С.Ә.Егеубай.

Балабақшалардың конкурсқа қатысуға ұсынылған өтінімдері:

1) Комиссия төрайымының атына мемлекеттік тапсырысты орындау мақсатында жарияланған конкурсқа қатыстыру туралы өтініштері.

2) Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің мемлекеттік тіркеу туралыкуәлігі, жарғысы, банктен қарызының жоқтығы туралы анықтамасы,салықоргандарынан қарызының жоқтығы туралы анықтамасы.

3) Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары үшін қолданылатын жылжымайтын мүлігіне құқықты орнатушы құжаттарының көшірмесі.

4)"Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2017 жылғы 28 сәуірдегі № 217 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15217 болып тіркелген) бекітілген "Эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына1-қосымшағасәйкес мектепке дейінгі ұйымның санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыларының көшірмесін;

5) Балабақшалардың медициналық кабинетінің лицензиялары;

6) білім беру органдарының жолдамасымен мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша балаларды қабылдау және "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан РеспубликасыныңЗаңынасәйкес бекітілген ата-аналар төлемінің тарифінен аспайтын мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша баланы күтіп-бағуға ата-аналар төлемінің мөлшерін белгілеу туралы міндеттемесі.

Конкурстық комиссия мүшелері құжаттарын ұсынған 4 балабақшаның конкурстық құжаттмаларын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 бұйрығына сәйкестігін ескере отырып, ашық дауыс беру жолымен конкурсқа қатысуға 2018 жылдың 18 қыркүйегінде шешім етті:

 

1. «Шарапат-2018» ЖШС-нің «Лашын»балабақшасы конкурсқа

жіберілген құжаттарындағы кемшіліктері:

А) Өтініш пен міндеттемені үлгі бойынша толтыру.

2. «Шу Нұр-Аш» ЖШС-нің «Нұр-Аш» балабақшасы конкурсқа жіберілген құжаттарындағы кемшіліктері:

А) Өтініш пен міндеттемені үлгі бойынша толтыру;

Б) Ғимараттың тех.паспортында арнаулы мақсатын дұрыс белгілеу;

В) Медициналық қызметке рұқсат берілген лицензиясының бірінші бетінде мекен-жай дұрыс жазылмаған.

3. «Ханшайым Амира» ЖШС-нің «Алмар»балабақшасы конкурсқа

жіберілген құжаттарындағы кемшіліктері:

А) Өтініш пен міндеттемені үлгі бойынша толтыру;

Б) Банкпен салық басқармасының қарызы жоқтығы туралы анықтамаларының мерзімдері 1 айдан асып кеткен.

4. «Аруназ-Шу» ЖШС-нің «Аруназ»балабақшасы конкурсқа жіберілген құжаттарындағы кемшіліктері:

А) Өтініш пен міндеттемені үлгі бойынша толтыру;

Б) Банкпен салық басқармасынан қарызы жоқтығы туралы анықтамалары жоқ;

В) Ғимаратты арендаға беру бойынша келісім-шартта екі жақтың қойған қолдары жоқ;

Г) Медициналық кабинетінің лицензиясы жоқ.

Конкурстық комиссия мүшелері әлеуеттіөнімдерден конкурсқа түскен құжаттар бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 2 9 қаңтардағы № 122 бұйрығына сәйкестігін ескере отырып ашық дауыс беру жолымен 2018 жылдың 18 қыркүйегінде шешім етті:

 

1.Конкурстық комиссияға түскен құжаттардағы кемшіліктерді толықтыру үшін әлеуетті өнім берушілер бес күнде (жұмыс күндері) 2018 жылдың 25 қыркүйегінің сағат 10.00-ге дейін Шу ауданы әкімдігінің білім бөліміне Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 бұйрығына сәйкес толықтырылсын.

 

Төрайымы_____________ М.Базарова

Комиссия мүшелері: _____________ C.Жакипбекова

_____________ Р.Альжанова

_____________ Д.Әліпбаев

_____________ Е.Аймамбетов

_____________ А.Рахматова

_____________ Б.Куандыков

 

Хатшы: ______________З.Турсымбекова

 

 

 

 

АТА-АНАЛАР НАЗАРЫНА!

АТА-АНАЛАР НАЗАРЫНА!

 

АТА-АНАЛАР НАЗАРЫНА!

 

АТА-АНАЛАР НАЗАРЫНА!

 

АТА-АНАЛАР НАЗАРЫНА!

 

Шу ауданы бойынша ауыл тұрғындарына білім мекемелерінің спорт нысандарының қолжетімділігін қамтамасыз ету

Шу ауданы бойынша ауыл тұрғындарына білім мекемелерінің спорт нысандарының

қолжетімділігін қамтамасыз ету

 

Спорт нысанының атауы

Күні

Уақыты

1 сағатта қабылдау мүмкіндігі

1

Қ.Сәтпаев атындағы орта мектеп спорт залы, спорт алаңдары

Күнделікті

19.00-21.00

Футбол-25

Волейбол-18

Баскетбол-18

2

Төле би атындағы орта мектеп спорт залы, спорт алаңдары

Күнделікті

19.00-21.00

Футбол-25

Волейбол-18

Баскетбол-18

3

Ғабдулин атындағы орта мектеп спорт залы, спорт алаңдары

Күнделікті

19.00-21.00

Футбол-25

Волейбол-18

Баскетбол-18

Қазақ күресі-20

4

Мойынқұм орта мектеп спорт залы, спорт алаңдары

Күнделікті

19.00-21.00

Футбол-25

Волейбол-18

Баскетбол-18

5

С.Естемесов атындағы орта мектеп спорт залы, спорт алаңдары

Күнделікті

19.00-21.00

Футбол-25

Волейбол-18

Баскетбол-18

6

О.Жандосов атындағы орта мектеп спорт залы, спорт алаңдары

Күнделікті

19.00-21.00

Футбол-25

Волейбол-18

Баскетбол-18

Еркін күрес-20

7

Т.Рысқұлов атындағы орта мектеп спорт залы, спорт алаңдары

Күнделікті

19.00-21.00

Футбол-25

Волейбол-18

Баскетбол-18

8

Амангелді атындағы орта мектеп спорт залы, спорт алаңдары

Күнделікті

19.00-21.00

Футбол-25

Волейбол-18

Баскетбол-18/

9

Б.Момышұлы атындағы орта мектеп спорт залы, спорт алаңдары

Күнделікті

19.00-21.00

Футбол-25

Волейбол-18

Баскетбол-18

10

Ш.Уалиханов атындағы орта мектеп спорт залы, спорт алаңдары

Күнделікті

19.00-21.00

Футбол-25

Волейбол-18

Баскетбол-18

11

Домалақ атындағы орта мектеп спорт залы, спорт алаңдары

Күнделікті

19.00-21.00

Футбол-25

Волейбол-18

Баскетбол-18

12

Абай атындағы орта мектеп спорт залы, спорт алаңдары

Күнделікті

19.00-21.00

Футбол-25

Волейбол-18

Баскетбол-18

Еркін күрес-20

13

Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп спорт залы, спорт алаңдары

Күнделікті

19.00-21.00

Футбол-25

Волейбол-18

Баскетбол-18

14

М.Мәметова атындағы орта мектеп спорт залы, спорт алаңдары

Күнделікті

19.00-21.00

Футбол-25

Волейбол-18

Баскетбол-18

15

Әшімбаев атындағы орта мектеп спорт залы, спорт алаңдары

Күнделікті

19.00-21.00

Футбол-25

Волейбол-18

Баскетбол-18

16

С.Сейфуллин атындағы орта мектеп спорт залы, спорт алаңдары

Күнделікті

19.00-21.00

Футбол-25

Волейбол-18

Баскетбол-18

17

Төле би атындағы орта мектеп спорт залы, спорт алаңдары

Күнделікті

19.00-21.00

Футбол-25

Волейбол-18

Баскетбол-18

18

Е.Бекмаханов атындағы мектеп-гимназия спорт залы, спорт алаңдары

Күнделікті

19.00-21.00

Футбол-25

Волейбол-18

Баскетбол-18

19

М.Әуезов атындағы орта мектеп спорт залы, спорт алаңдары

Күнделікті

19.00-21.00

Футбол-25

Волейбол-18

Баскетбол-18

20

Бөлтірік ауылы, Ә.Молдағұлова атындағы орта мектеп спорт залы, спорт алаңдары

Күнделікті

19.00-21.00

Футбол-25

Волейбол-18

Баскетбол-18

21

Тасөткел ауылы, Мұқанов атындағы орта мектеп спорт залы, спорт алаңдары

Күнделікті

19.00-21.00

Футбол-25

Волейбол-18

Баскетбол-18

22

Төле би ауылы, М.Мақатаев атындағы орта мектеп спорт залы, спорт алаңдары

Күнделікті

19.00-21.00

Футбол-25

Волейбол-18

Баскетбол-18

23

Төле би ауылы, С.Шәкіров атындағы орта мектеп спорт залы, спорт алаңдары

Күнделікті

19.00-21.00

Футбол-25

Волейбол-18

Баскетбол-18

24

Төле би ауылы, Әл-Фараби атындағы орта мектеп спорт залы, спорт алаңдары

Күнделікті

19.00-21.00

Футбол-25

Волейбол-18

Баскетбол-18

25

Төле би ауылы, Е.Бекмаханов атындағы мектеп-гимназиясы спорт залы, спорт алаңдары

Күнделікті

19.00-21.00

Футбол-25

Волейбол-18

Баскетбол-18

26

Шу қаласы, Төле би атындағы орта мектеп спорт залы, спорт алаңдары

Күнделікті

19.00-21.00

Футбол-25

Волейбол-18

Баскетбол-18

27

Шу қаласы, С.Сейфуллин атындағы орта мектеп спорт залы, спорт алаңдары

Күнделікті

19.00-21.00

Футбол-25

Волейбол-18

Баскетбол-18

28

Шу қаласы, Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп спорт залы, спорт алаңдары

Күнделікті

19.00-21.00

Футбол-25

Волейбол-18

Баскетбол-18

29

Шу қаласы, Абай атындағы орта мектеп спорт залы, спорт алаңдары

Күнделікті

19.00-21.00

Футбол-25

Волейбол-18

Баскетбол-18

30

Шу қаласы, Жібек жолы атындағы мектеп лицей спорт залы, спорт алаңдары

Күнделікті

19.00-21.00

Футбол-25

Волейбол-18

Баскетбол-18

31

Шу қаласы, Жамбыл атындағы мектеп-гимназиясы спорт залы, спорт алаңдары

Күнделікті

19.00-21.00

Футбол-25

Волейбол-18

Баскетбол-18

32

Шу қаласы, Т.Рысқұлов атындағы атындағы мектеп спорт залы, спорт алаңдары

Күнделікті

19.00-21.00

Футбол-25

Волейбол-18

Баскетбол-18

33

Бірлік ауылы, Дулати атындағы орта мектеп, спорт залы, спорт алаңдары

Күнделікті

19.00-21.00

Футбол-25

Волейбол-18

Баскетбол-18

34

Шу қаласы, №40 орта мектеп спорт залы, спорт алаңдары

Күнделікті

19.00-21.00

Футбол-25

Волейбол-18

Баскетбол-18

35

Шу қаласы, Мұратбаев атындағы атындағы мектеп спорт залы, спорт алаңдары

Күнделікті

19.00-21.00

Футбол-25

Волейбол-18

Баскетбол-18

36

Шу қаласы, Макаренко атындағы атындағы мектеп спорт залы, спорт алаңдары

Күнделікті

19.00-21.00

Футбол-25

Волейбол-18

Баскетбол-18

37

Сауытбек ауылы, Алға орта мектеп спорт залы, спорт алаңдары

Күнделікті

19.00-21.00

Футбол-25

Волейбол-18

Баскетбол-18

38

Ақсу ауылы, Баласағұн атындағы орта мектеп спорт залы, спорт алаңдары

Күнделікті

19.00-21.00

Футбол-25

Волейбол-18

Баскетбол-18

39

Жамбыл ауылы, Жамбыл атындағы орта мектеп спорт залы, спорт алаңдары

Күнделікті

19.00-21.00

Футбол-25

Волейбол-18

Баскетбол-18

40

Жиенбет ауылы, Жиенбет атындағы негізгі мектеп спорт залы, спорт алаңдары

Күнделікті

19.00-21.00

Футбол-25

Волейбол-18

Баскетбол-18

41

Еңбекші ауылы, Еңбекші атындағы орта мектеп спорт залы, спорт алаңдары

Күнделікті

19.00-21.00

Футбол-25

Волейбол-18

Баскетбол-18

42

Шу қаласы, №49 негізгі мектеп , спорт алаңдары

Күнделікті

19.00-21.00

Футбол-25

43

Жайсан ауылы, Жайсан атындағы орта мектеп спорт алаңдары

Күнделікті

19.00-21.00

Футбол-25

44

Шоқпар ауылы, №18 Әуезов атындағы орта мектеп спорт алаңдары

Күнделікті

19.00-21.00

Футбол-25

 


Хабарландыру

     Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімі, ағымдағы жылдың 27 тамыз күні сағат 16.00 - де Төле би ауылы,аудандық мәдениет үйінде "Ауданның білім саласының бос жұмыс орындары" жәрмеңкесінің өтетіндігін жарялайды.

Назад 1 2 Вперед

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Жастар жылының салтанатты ашылу рәсімінде сөйлеген сөзі

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының жаңалықтары

Жаңалықтар күнтізбесі

«    Май 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 



Жалпы білім беру мекемелерінің картасы