* »

**

ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІ

Төле би ауылының орталық алаңында 7мамыр-"Отан қорғаушылар" күніне орай өскелең ұрпақты отан сүйгіштікке, патриоттық сезімге баулитын мектеп оқушыларының арасындағы "Сапта жүріп, əн айту" байқауы өткізілді. Аталған байқауға аудан əкімі Ж.Айтақов тікелей ат салысып, жеңімпаздарды бағалы силықтармен марапаттады.

ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІ

 

ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІ

 

ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІ

 

ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІ

 

ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІ

 

ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІ

 

ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІ

 


IQanat 2019. Шу ауданы

20.04.2019 жылы Шу қаласындағы 40 мектеп лицейдің базасында IQanat республикалық олимпиадасының ІІ кезеңі өтуде. Олимпиадаға барлығы 221 оқушы қатысып, 50 оқушы ІІ кезеңге жолдама алып, бүгінде бақ сынауда. ІІ кезеңде жеңімпаз атанған оқушыларымыз Республикалық ІІІ кезеңге жолдама алады. Оқушыларымызға сəттілік тілейміз!!!

IQanat 2019. Шу ауданы

 

IQanat 2019. Шу ауданы

 

IQanat 2019. Шу ауданы

 

IQanat 2019. Шу ауданы

 

IQanat 2019. Шу ауданы

 

IQanat 2019. Шу ауданы

 

IQanat 2019. Шу ауданы

 


Ұлттық ойынымызды ұлықтаған өрендер!

Ұлттық ойынымызды ұлықтаған өрендер!

Тараз қаласындағы «Тараз-Арена» спорт кешенінде Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар-Рухани жаңғыру» атты бағдарламасы аясында өткен "Аула ойындары фестивалінде" тоғызқұмалақтан Шу ауданы, Жамбыл атындағы шағын орталықты орта мектебінің жасөспірімдер командасы бірінші орын иеленді.

Ұлттық ойынымызды ұлықтаған өрендер!

 

Ұлттық ойынымызды ұлықтаған өрендер!

 


"Аула ойындары фестивалінен" жүлдемен оралды

"Аула ойындары фестивалінен" жүлдемен оралды

Төле би атындағы шағын орталықты орта мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері - Р.Мамедова және Е.Аманов - Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың "Болашаққа бағдар:руxани жаңғыру" бағдарламасын іске асыру аясында Тараз қаласындағы "Жастар аллеясы " алаңында өткен облыстық "Аула ойындары фестивалі" жарыстарына қатысып, жүлделі ІІІ орынды иеленіп қайтты.

"Аула ойындары фестивалінен" жүлдемен оралды

 

"Аула ойындары фестивалінен" жүлдемен оралды

 

Болашақ гроссмейстер өсіп келеді!

 

Болашақ гроссмейстер өсіп келеді!

22 сəуір күні Тараз қаласындағы Тараз-Арена спорт кешеніндеөткен Республикалық "Sport FEST Kazakhstan" мектеп спартакиадасының облыстық іріктеу ойындары нəтижесінде шахматтан Шу ауданы, Жамбыл атындағы шағын орталықты орта мектебінің 10 сынып оқушысы Ермекбай Гүлсара ІІ орынды иеленіп, бағалы силықтармен марапатталды.

Болашақ гроссмейстер өсіп келеді!

 

Болашақ гроссмейстер өсіп келеді!

 


«SPORТ FEST ҚАЗАҚСТАН» СПАРТАКИАДАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

«SPORТ FEST ҚАЗАҚСТАН» СПАРТАКИАДАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

22 сәуір күні ҚР Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім департаменті және «Коммуникативтік бастамалар мен стратегиялар қоры» жеке қорының ұйымдастыруымен 2003-2005 жылдары туылған мектеп оқушылары арасында «Тараз-Арена» спорт сарайында «SportFest Қазақстан» спартакиадасы өтті.

«Менің кіші - Отаным» атты жас тарихшылардың зияткерлік танымдық сайысы

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында 8-11 сынып оқушылары арасында өткізілген аудандық «Менің кіші - Отаным» атты жас тарихшылардың зияткерлік танымдық сайысы

Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімініңұйымдастыруымен оқушыларды тарихи және өлкетану біліміне араластыру, өскелең ұрпақ бойында патриотизм сезімін тәрбиелеу, ұлттық өзіндік менін және өзінің кіші Отанына деген қуаныш сезімін анықтау мақсатында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру: бағдарламасының «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы негізінде «Менің кіші Отаным» атты жас тарихшылардың 8-11 сынып оқушылары арасында танымдық зияткерлік сайысы 2019 жылдың 12 наурыз күні, Төле би ауылы, М.Мақатаев атындағы тірек мектебінің базасында өткізілді. Сайысқа қатысуға ауданның 18 мектебінен 42 сұраныс өткізді. Сұраныс өткізген мектептерден 42 оқушы өздерінің туған ауылының тарихы, ауылдан шыққан облыс, аудан көлемінде аты шыққан азаматтар, жер-су аттары туралы, арнайы зерттеу жұмысын жүргізіп, ғылыми жобаларын қорғады. Сайыс ережесіне сай барлық оқушылар жақсы дайындықпен келген ,барлық оқушылар өз ауылының көшелері атауының себебі мен өз ауданымыздан шыққан тұлғалар жайында көп мәлімет алды.

«Менің кіші - Отаным» атты  жас тарихшылардың зияткерлік танымдық сайысы

 

«Менің кіші - Отаным» атты  жас тарихшылардың зияткерлік танымдық сайысы

Байқау ережесіне сәйкес, әділқазылар шешімімен оқушылардың кіші Отанын зерттеу мақсатында өткізіліп отырған бұл байқауда өзіндік ойын жеткізе білген Белбасар ауылы, Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебінің 11 сынып оқушылары Қартайған Ақерке, Мұқатай Інжу «Ата қоныс –алтын мекен » атты ғылыми жобада туған жері Белбасар ауылы, аулынан шыққан тұлғалар туралы өте жақсы қорғады.

«Менің кіші - Отаным» атты  жас тарихшылардың зияткерлік танымдық сайысы

 

«Менің кіші - Отаным» атты  жас тарихшылардың зияткерлік танымдық сайысы 

Қазылар алқасының шешімімен, пән бойынша алыған тест қорытындысы мен ғылыми жоба қорғаудан Бас жүлдені Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебінің 11 сынып оқушылары Қартайған Ақерке, Мұқатай Інжу танымдық зияткерлік сайысының облыстық кезеңіне жолдама алды.

Жүлделі орын иегерлері дипломдармен, белсене қатысқаны үшін қалған оқушылар Алғыс хаттармен марапатталды.

«Менің кіші - Отаным» атты  жас тарихшылардың зияткерлік танымдық сайысы

 

«Менің кіші - Отаным» атты  жас тарихшылардың зияткерлік танымдық сайысы

«Бизнес баспалдағымен» тақырыбында облыстық экономикалық ойынның аудандық кезеңі

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының 05.02.2018 жылғы №01-523 хатына сәйкес Шу ауданында жалпы білім беретін мектептердің 8-9 сынып оқушылары арасында «Бизнес баспалдағымен» тақырыбындағы облыстық экономикалық ойынның аудандық кезеңі өткізілді. Байқау ІІІ кезеңге бөлініп жүргізілді. І мектепішілік кезең 20 ақпан мен 20 сәуір аралығында аудандағы 40 орта және негізгі білім беретін мектептерде өткізілді. Ережеге сәйкес мектепішілік кезеңде жеңімпаз деп анықталған топ аймақтық кезеңге қатыстырылды. ІІ аймақтық кезең наурыз айының 26-30 аралығында 5 аймаққа бөлініп өткізілді. Әр аймақтық кезеңге 8 мектептен қатсып, барлығы 40 топтан 200 бала қамтылды. Аймақтық кезеңдерде І және ІІ орынды иеленген топтар аудандық кезеңге жолдама алды. ІІІ аудандық кезең 6 сәуір күні Бірлік ауылындағы М.Х.Дулати атындағы орта мектеп базасында ұйымдастырылды. Аудандық кезеңге барлығы 10 топтан 50 бала қамтылды. Әділқазылар алқысының шешімімен 4 кезеңнен тұратын ойын тапсырмаларын жоғары дәрежеде орындап шығып, жеңімпаз атанған №40 шағын орталықты орта мектеп оқушылары облыстық кезеңге жолдама алды. Аудандық кезеңде ІІ орынды иеленген Жамбыл атындағы гимназия командасы болса, Жайсан орта мектебінің оқущылары жүлделі ІІІ орынды иеленді. Барлық жеңімпаздар аудандық білім бөлімі тарапынан дипломмен және бағалы силықтармен марапатталды. Ойынға қытсушы өзге топтарға белесене қатысқаны үшін Алғыс хат таратылды.

 

Іс-шараның өту барысынан көрініс

 

 

 




 

 І орын иегері №40 орта мектеп оқушысын марапаттау сәті

 

 

 

ІІ орын иегері Жамбыл атындағыгимназия оқушысын марапаттау сәті

 

 


 

ІІІ орын иегері Жайсан орта мектебінің оқушысын марапаттау сәті

 

 

 

 

 


 

Абай оқулары

Аудандық XVIIІ Абай оқулары туралы ақпарат

 

Шу аудандық білім бөлімінің жылдық жоспарына сәйкес 2017 жылғы 19 сәуіріндеС.Сейфуллин атындағы орта мектенбінде аудандықXVIIІ Абай оқуларыөтті.


 

 

Аудандық ХVІІІ Абай оқуларының негізгі мақсаттары мен міндеттері: мектеп оқушылары арасында Абай, Шәкәрім шығармаларын насихаттау; олардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, тұлғалық сезім мәдениетін дамыту; ұлылар поэзиясына, рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, тарихи танымдарын, ізгілікке, демократияға және азаматтыққа бағдарланған дүниетанымдары мен сана-сезімдерін, өмірлік айқындамаларын қалыптастыру.

АудандықХVІІІАбай оқулары үш номинация бойынша өткізілді:

-«Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» - Абай және Шәкәрім

шығармаларын жатқа оқу байқауы.

-«Көңілім әнді ұғады» - Абай мен Шәкәрімнің әндері мен күйлерін

орындаушылардың байқауы.

-«Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» - жас дарындар байқауы

(өз шығармаларын орындау: өлеңдер, әндер, музыкалық шығармалар).

Аудандық байқауға жалпы білім беретін 21 мектептен 52 оқушы қатысты. Оның ішінде, І бөлім бойынша 17 оқушы, ІІ бөлім бойынша 20 оқушы, ІІІ бөлім бойынша 15 оқушы қатысып бақтарын сынады. Байқауға қатысқан оқушылар төмендегіше сараланып, орындарға ие болды.


 

 

 

І. «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» - Абай және Шәкәрімніңшығармаларын жатқа оқу конкурсы бойынша.

Бас жүлде –Шәми Гүлназ Ә.Молдағұлова атындағы о.м. 10-сынып оқушысы.

І орын – Серік Аяжан Ы.Алтынсарин (а) о.м. 8-сынып оқушысы.

ІІ орын – Рыскелдиева Дильназ Жамбыл гимназиясының 8-сынып оқушысы.

ІІ орын – Тілеуберді Нұрсая М.Ғабдуллин о.м. 8-сынып оқушысы.

ІІІ орын – Нығмети Ғалия Еңбекші о.м. 6-сынып оқушысы.

ІІІ орын – Секербек Ризат Жамбыл о.м. 6-сынып оқушысы.

ІІІ орын – Жолдыбаева Меруерт С.Сейфуллин о.м. 6 сынып оқушысы.

 

ІІ. «Көңілім әнді ұғады» - Абай мен Шәкәрімнің әндері мен күйлерін орындаушылардың байқауы бойынша.

І орын – Бірімқұл Ғабит Алға орта мектебінің 9-сынып оқушысы.

ІІ орын – Зүлбахар Альбина Ы.Алтынсарин (а) о.м. 9-сынып оқушысы.

ІІ орын – Айдар Дархан Ы.Алтынсарин (а) о.м. 9-сынып оқушысы.

ІІІ орын – Кален Дәурен Жамбыл атындағы гимназияның 9-сынып оқушысы.

ІІІ орын – М.Әуезов о.м. 5-сынып оқушылары .

ІІІ орын – Амангелді Аяулым С.Шәкіров о.м. 7-сынып оқушысы.

ІІІ. «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» - жас дарындар байқауы бойынша.

Бас жүлде – Әшім Сәкен М.Әуезов о.м. 9-сынып оқушысы.

І орын – Рысбекова Анель Жамбыл м.г. 8-сынып оқушысы.

ІІ орын – Рақыш Аружан Жиенбет н.м. 6-сынып оқушысы.

ІІ орын – Қалқанбай Алина Ы.Алтынсарин о.м. 9-сынып оқушысы.

ІІІ орын – Ибраймова Меруерт С.Шәкіров о.м. 7-сынып оқушысы.

ІІІ орын – Шоманова Аружан Жайсан о.м. 6-сынып оқушысы.

ІІІ орын – Жұмахан Зере Төле би (қ) о.м. 5-сынып оқушысы.

Барлық қатысушылар алғыс хаттармен, жеңімпаздар І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды.


 

 

Аудандық байқаудан бас жүлде алған оқушылар облыстық ХVІІІ«Абай оқулары» байқауына қатысып, төмендегіше жүлделі орындарды иеленіп келді. Облыстық байқау төрт аталым бойынша өткізілді.

І. «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» - Абай және Шәкәрімніңшығармаларын жатқа оқу байқауы бойынша. Ә.Молдағұлова атындағы орта мектебінің 9-сынып оқушысы Шәми Гүлназ ІІ орын.

ІІ. «Көңілім әнді ұғады» - Абай мен Шәкәрімнің әндері мен күйлерін орындаушылардың байқауы бойынша Алға орта мектебінің 9-сынып оқушысы Бірімқұл Ғабит ІІІ орын.

ІІІ. «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» - жас дарындар байқауы бойынша М.Әуезов орта мектебінің 9 сынып оқушысы Әшім Сәкен ІІ орын

 

ІV. «Ұлылар әлемі» - Абай мен Шәкәрім еңбектеріне эссе жазу байқауы бойынша М.Мақатаев тірек мектебінің 10 - сынып оқушысы Бодаубек Айкүн ІІІ орын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Аудандық «Үздік педагог» байқауын өткізудің ЕРЕЖЕСІ

Аудандық «Үздік педагог» байқауын өткізудің

ЕРЕЖЕСІ

 

  1. Жалпы ережелер

1. Осы «Үздік педагог» атағын беру ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 8-6) тармақшасына сәйкес әзірленген.

2. «Үздік педагог» атағын беру конкурсының (бұдан әрі - Конкурс) облыстық кезеңініңдайындық және өткізу жұмыстары ұсынылып отырған Ереже негізінде жүзеге асырылады.

3. «Үздік педагог» атағын беру конкурсының ІІ кезеңі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы №12 бұйрығымен бекітілген «Үздік педагог» қағидалары негізінде өткізіледі.

4. Конкурсқа қатысушылардың құжаттары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 173 «Үздік педагог» атағын беру конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілген қызмет стандартын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес қабылданады.

 

2.Конкурстың мақсаттары мен міндеттері

1. Мақсаты: педагог кәсібінің мәртебесін арттыру және кәсіби қызметте жоғары жетістіктері бар шығармашыл педагогтерді анықтау.

2. Міндеттері:

· заманауи озық технологиялармен жұмыс жасайтын педагог қызметкерлердің озық іс-тәжірибелерін тарату;

· білім беру үдерісіндегі педагогикалық идеяларды насихаттау;

· шығармашылықпен жұмыс атқаратын педагог қызметкерлерге қолдау көрсету.

 

3.Конкурсқа қатысушылар

1. Конкурсқа білім беру ұйымдарының штаттағы педагог қызметкері болып табылатын,кемінде бес жыл үзіліссіз педагогикалық өтілі бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.

2. «Үздік педагог» атағы бір адамға бес жыл ішінде бір реттен артық берілмейді.

4. Конкурстың өткізілу кезеңдері

Конкурс үш кезеңде өткізіледі:

І кезеңі: аудандық (қалалық), жыл сайын сәуірде өткізіледі, онда екінші кезеңге қатысуға ұсынылған Конкурс жеңімпаздары айқындалады.

ІІ кезеңі: облыстық, жыл сайын мамырда өткізіледі, онда үшінші кезеңге қатысуға ұсынылған Конкурс жеңімпаздары айқындалады.

ІІІ кезеңі: республикалық, жыл сайын тамыз-қыркүйекте өткізіледі, онда Конкурс жеңімпаздары айқындалады.

 

 

5. Конкурстың өткізілу тәртібі

1. Пән бойынша тест тапсырмалары.

·аудандық білім бөліміне қарасты білім мекемелерінің педагог қызметкерлері үшін өткізілетін күні: 19.04.2017 ж., сағат 10.00-12.00. (құжаттарды қабылдау)

Ең жоғары ұпай саны – 80 бал. Бағалау критерийлері: әрбір дұрыс жауап 1 балмен бағаланады. Берілетін уақыт – 120 минут.

Тест қорытындысы бойынша 80%-дан төмен көрсеткіш көрсеткен үміткерлер конкурстың келесі кезеңіне жіберілмейді.

2. Қатысушының құжаттары мен эссе жұмыстарының сараптамасы.

·аудандық білім бөліміне қарасты білім мекемелерінің педагог қызметкерлері үшін өткізілетін күні: 19.04.2017 ж., сағат 12.00-19.00.

Ең жоғары ұпай саны – 60 бал.

Бағалау критерийлері:

·педагогикалық іс-әрекеттерінің нәтижелілігі;

·педагогтің кәсіптік құзыреттілігі;

·педагогтың педагогикалық іс-әрекеттерін өзіндік бағалауы және өз іс-тәжірибесін тарату мәліметтері;

·педагогтің кәсіби шеберлігіне және өзіне берген әлеуметтік сырт бағасы;

·республика, облыс көлемінде білім беру ісінің дамуына қосқан педагогтің үлесі.

«Мен – қазіргі заманның педагогімін» тақырыбында эссеге қойылатын талаптар: 500 сөзден аспайтын, форматы doc, кегель 14, шрифт Times New Roman.

Ең жоғары ұпай саны – 25 бал.

Бағалау критерийлері:

·ойын нақты және түсінікті жеткізуі;

·ой өрісінің кеңдігі;

·жаңашылдығы;

·логикасы;

·сауаттылығы;

·дәлелділігі;

· ерекшелігі.

3.Шығармашылық жұмыстарын қорғау (электронды портфолио).

·аудандық білім бөліміне қарасты білім мекемелерінің педагог қызметкерлері үшін өткізілетін күні: 20.04.2017 ж., сағат 09.00-19.00.

Негізгі кезеңге өткен қатысушылар өздерінің отандық білім берудің заманауи тенденцияларын айқындайтын шығармашылық жұмыстарын қорғайды. Берілетін уақыт – 10 минут. Ең жоғары ұпай саны – 40 бал.

Бағалау критерийлері:

· мазмұнының тереңдігі және ерекшелігі;

· ғылымилығы және әдістемелік құндылығы;

· жаңашылдығы;

· әлеуметтік маңызы;

· көпшілік алдында өзара қарым-қатынас жасай білуі.

Осы турда конкурсқа қатысушылар авторлық электронды портфолиосыментаныстыруына мүмкіндік беріледі.

4. Оқушылармен (білімгерлермен) өткізілетін ашық сабақтар.

·аудандық білім бөліміне қарасты білім мекемелерінің педагог қызметкерлері үшін өткізілетін күні: 24.04.2017 ж., сағат 09.00-19.00.

Ашық сабақты өткізу барысында оқушылардың дайындық деңгейі мен санын пәніне сәйкес конкурсты ұйымдастырушылар, сабақтың тақырыбы мен сыныбын конкурсқа қатысушылар анықтайды. Ең жоғары ұпай саны – 40 бал.

Бағалау критерийлері:

  • тақырыптың толық ашылуы, әдістемелік әдістердің ерекшелігі, ғылымилығы;
  • педагогтың ақпарат көздерінің түрлі нысандарын пайдалануды ұйымдастыру қабілеті;
  • сабақтың жаңашылдығы;
  • педагогтың оқушылармен қарым-қатынас деңгейі;
  • білім беру үрдісінде инновациялық технологияларды қолдану деңгейі;
  • сабақ беру үрдісінде оқушылардың ынтасы мен белсенділік іс-әрекетін жоғары деңгейде ұйымдастыра білу қабілеті.

 

6. Конкурсты қорытындылау

1. Аудандық «Үздік педагог» байқауының қорытындысы бойынша жеңімпаздары анықталады.

2. «Үздік педагог» байқауының жеңімпаздары (бас жүлде, І, ІІ және ІІІ орын иегерлері) жүлделі орындармен марапатталады.

3. «Үздік педагог» аудандық кезеңінің жеңімпазы облыстық ІІ кезеңіне қатысуға жолдама алады.

7. Ұйымдастыру комитеті

 

Конкурсты ұйымдастыру және өткізу бойынша төмендегі телефондар арқылы байланысуға болады:

 

(87263) 8 3-01-51

Бегімбаева Лайля Дәнебекқызы, аудандық оқу-әдістемелік кабинетінің меңгерушісі, 8702333 45 27

(87263) 8 3-00-09

Аманжол Арайлым Нұрғазықызы, аудандық білім бөлімінің әдіскері, 8702532 34 91

(87263) 8 3-00-09

Татибеков Дархан Рахымбердиевич, аудандық білім бөлімінің әдіскері, 8707377 72 34

 Қосымша 2

Шу ауданы әкімдігі

білім бөлімінің басшысы

К.Қожағаппановаға

Аудандық «Үздік педагог» байқауына

 

ӨТІНІМ

Мені конкурсқа қатысуға жіберуіңізді сұраймын. Өзім туралы келесі мәліметтерді хабарлаймын:

 

1.

Жұмыс орны

 

2.

Т. А. Ә. (толық жазу)

 

3.

Туған күні, айы, жылы

 

4.

Лауазымы

 

5.

Педагогикалық өтілі

 

6.

Лауазымдағы жұмыс өтілі

 

7.

Білімі (қандай оқу орнын, факультетті қай жылы бітірді)

 

8.

Біліктілік санаты

 

9.

Индексі көрсетілген үйінің мекен-жайы

 

10.

Жеке куәлігінің деректері (нөмірі, қашан және кім берді, ЖИН)

 

11.

Байланыс телефоны (үй, ұялы)

 

12.

Марапаттау, көтермелеу

 

 

 

Қосымша: конкурсқа қатысу үшін құжаттар________парақ.

Өтінімнің толтырылған күні__________________________

Конкурсқа қатысушының жеке қолы___________________

Аудандық (қалалық) білім бөлімі басшысының қолы__________________

М.О.


«Орта білім беретін үздік ұйым» атты аудандық байқау туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

«Орта білім беретін үздік ұйым» атты аудандық байқау туралы

ХАБАРЛАНДЫРУ

 

Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімі (Төле би ауылы, Егемберді көшесі, № 2 үй, тел./факс: 8(72638) 3-00-09) «Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің әдістемелік кабинеті «Орта білім беретін үздік ұйым» атты аудандық байқау өткізеді.

«Орта білім беретін үздік ұйым» грантын беру тәртібін

және оның мөлшерін белгілей отырып, оны беруге

арналған конкурсты өткізу қағидалары

 

І. Жалпы ережелер

1. Осы «Орта білім беретін үздік ұйым» грантын беру тәртібін және оның мөлшерін белгілей отырып, оны беруге арналған конкурсты өткізуқағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының8-7) тармақшасынасәйкес әзірленді және «Орта білім беретін үздік ұйым» грантын беру тәртібін және оның мөлшерін белгілей отырып, оны беруге арналған конкурсты өткізу тәртібін айқындайды.

2.Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) «Орта білім беретін үздік ұйым» гранты (бұдан әрі – Грант) – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік орта білім беру ұйымдарына рейтингтік көрсеткіштері негізінде конкурс қорытындылары бойынша жыл сайын бөлетін ақша;

2) рейтингтік көрсеткіштер – мемлекеттік білім беру мекемелері сәйкес болуға тиіс, осы Қағидаларда белгіленетін өлшемдер.

3. «Орта білім беретін үздік ұйым» грантын беру тәртібін және оның мөлшерін белгілей отырып, оны беруге арналған конкурсты (бұдан әрі – Конкурс) білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдар жыл сайын өткізеді.

4. Конкурс тиімді педагогикалық және басқару тәжірибесін анықтау, қорыту және тарату, орта білім беру ұйымдарының педагогтары мен басшыларының кәсіби және жеке тұлғалық өсуін ынталандыру, Қазақстан Республикасының орта білім беру жүйесінің даму үрдісін анықтау мақсатында өткізіледі.

5. Грант Конкурстың жеңімпазы - мемлекеттік орта білім беретін үздік ұйымға беріледі.

 

2. «Орта білім беретін үздік ұйым» грантының мөлшерін және оны беру тәртібін белгілей отырып, оны беруге арналған конкурсты өткізу тәртібі

 

1.Конкурсқа қатысуға мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының (бұдан әрі – білім беру ұйымдары) барлық түрлеріне рұқсат беріледі.

2. Конкурсқа қатысушылардың құжаттары 2017 жылғы 25 сәуірге дейін қабылданады.

3. Конкурс 28.04.2017 жылы сағат 10:00 де білім бөлімінің әдістемелік кабинетінде өткізіледі.

 

Шу ауданы әкімдігінің жанындағы конкурстық комиссияның мекен-жайы: Шу ауданы, Төле би ауылы, Егемберді көшесі №2 аудан әкімдігінің білім бөлімі, байланыс телефондары 8(32638) 3-00-09;

«Инновациялық идеялар»

2016 жылдың 3 қараша күні 5-11 сынып оқушылары арасында технология пәнінен «Инновациялық идеялар» атты облыстық шығармашылық жоба байқауының аудандық кезеңі өткізілді. Байқау қорытындысы бойынша Б.Момышұлы атындағы орта мектебінің 11 сынып оқушысы Құрманғалиұлы Санжар жеңімпаз болып танылып, облыстық кезеңге жолдама алды. Облыстық іріктеу кезеңінен өткен Санжардың жұмысы ақтық сынға жолдама алып, Жамбыл политехникалық колледжінде жобасын қорғады. Нәтижесінде Құрманғалиұлы Санжардың шығармашылық жобасы 27 үздік жұмыстың ішінен жүлделі ІІІ орынды иеленді.

 

 

 

Бірлік – біздің қасиетті туымыз

Бірлік – біздің қасиетті туымыз

 

Шу ауданы әкімдігінің білім бөліміне қарасты «Мәңгілік Ел» тәрбие және білім беру орталығының ұйымдастыруымен 2016 жылдың 23 қараша күні «Бірлік – біздің қасиетті туымыз» тақырыбында Жаңа жол ауылы, Б.Момышұлы атындағы орта мектебінде фестиваль өткізілді.

Қатысқандар:«Мәңгілік ел» тәрбие –білім беру орталығының директоры А.Тастанова, Әзірбайжан ұлттық орталығының өкілі Мухамеджанова Гульханум Насруллаевна, Алға атындағы орта мектебі, Амангелді атындағы орта мектебі, Еңбекші атындағы орта мектебі, Домалақ–Ене атындағы орта мектебі, Ж.Баласағұни атындағы орта мектебі , Жайсан атындағы орта мектебі, Естемесов атындағы орта мектебі, Ш.Уалиханов атындағы орта мектебі, Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп.

«Бірлік біздің қасиетті туымыз» атты байқау 5 (бес) кезеңнен тұрады.

1-кезең Таныстыру

2-кезең Ұлттық би(жеке және топтық 5мин)

3-кезең Ұлттық ән.( дуэт, трио, квартет )

4-кезең Ұлттық тағамдарының ерекшелігі. (дайын өнімге түсініктеме беру)

(ұлттық тағам ерекшелігін көрсету 5мин)

5-кезең Сахналық көрініс. «Бірлік біздің қасиетті туымыз» тақырыпты ашу. (достық, бірлік, татулық тақырыбында 7мин)

1.Алға атындағы орта мектебі «Орыс халқының» өнерімен таныстырады.

2.Амангелді атындағы орта мектебі «Ұйғыр халқының» өнерімен таныстырады.

3.Еңбекші атындағы орта мектебі «Түрік халқының» өнерімен таныстырады.

4.Домалақ–Ене атындағы орта мектебі «Грузин халқының» өнерімен таныстырады.

5.Ж.Баласағұни атындағы орта мектебіКүрт халқының» өнерімен таныстырады.

6.Жайсан атындағы орта мектебі «Өзбек халқының» өнерімен таныстырады.

7.С.Естемесов атындағы орта мектебі «Неміс халқының» өнерімен таныстырады.

8.Ш.Уалиханов атындағы орта мектебі «Әзірбайжан халқының» өнерімен таныстырады.

9.Ы.Алтынсарин (а) атындағы орта мектебі «Украин халқының» өнерімен таныстырады.

Марапаттау:

Бас жүлде - Б.Момышұлы атындағы орта мектебі «Кәріс халқы»

1 орын – Ы.Алтынсарин (а) атындағы орта мектебі «Украин халқы»

1 орын - Жайсан атындағы орта мектебі «Өзбек халқы»

2 орын-С.Естемесов атындағы орта мектебі «Неміс халқының»

2 орын-Домалақ–Ене атындағы орта мектебі «Грузин халқы»

З орын- Ш.Уалиханов атындағы орта мектебі «Әзірбайжан халқы»

 

 

Фестиваль барысында түсірілген суреттер.

Бірлік – біздің қасиетті туымыз

 

Бірлік – біздің қасиетті туымыз

 

Бірлік – біздің қасиетті туымыз

 

Бірлік – біздің қасиетті туымыз

 

«Тәуелсіздігім – мақтанышым!» атты сурет байқауы

«Тәуелсіздігім – мақтанышым!» атты сурет байқауы

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын білім беру ұйымдарында өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары аясында облыстық «Тәуелсіздігім – мақтанышым!» атты сурет байқауының аудандық кезеңі 2016 жылдың 20 қазаны күні білім бөлімінде өткізілді. Байқау ережесіне сәйкес оқушылар жұмысы 10-12 жас, 13-15 жас, 16-17 жас топтары бойынша бағаланып төмендегі мектептер оқушылары жүлделі орындарды иеленді.

10-12 жас аралығында:

І орын- Есімбек Балжан, О.Жандосов атындағы орта мектебі

ІІ орын-Тарывердиева Гулиса, Б.Момышұлы атындағы орта мектебіі;

ІІІ орын-Архабаев Бекнар, М.Х.Дулати атындағы орта мектебі;

13-15 жас аралығында:

І орын- Майтпас Иса, О.Жандосов атындағы орта мектебі

ІІ орын-Маликажы Гулина, Т.Әшімбаев атындағы орта мектебі;

ІІІ орын-Химат Аружан, М.Әуезов атындағы орта мектебі

16-17 жас аралығында:

І орын- Селунова Виктория, Жамбыл атындағы гимназия;

ІІ орын-Сегізбай Мейірлан, М.Әуезов атындағы орта мектебі;

ІІІ орын- Мұқатай Абзал, №40 орта мектебі

Облыстық кезеңге үздік щыққан төрт оқушының -Есімбек Балжанның, Майтпас Исаның, Селунова Викторияның, Сегізбай Мейірланның жұмыстары жіберілді.

«Тәуелсіздігім – мақтанышым!» атты сурет байқауы

 

 

 

 

 


 

 


Аудандық мектепалды даярлық топ тәрбиешілерінің арасында «Ең үздік флипчарт сабақтар» байқауы

Аудандық мектепалды даярлық топ тәрбиешілерінің арасында «Ең үздік флипчарт сабақтар» байқауы

 

2016 жылдың 16 мамыр күні Төле би ауылы Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің әдістемелік кабинетінде аудандық «Ең үздік флипчарт сабақтар» байқауыөтті.Байқауға аудан бойынша 18 мектептің мектепалды даярлық топ тәрбиешілері қатысты. Байқаудың мақсаты Білім беру үдерісіне ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу мектептегі мектепалды даярлық сынып педагогтарының кәсіби және ақпараттық құзіреттілік деңгейін көтеру және әдістемелік көмек көрсету болып табылды.

 

Әділқазылар алқасының шешімі бойынша:

БАС ЖҮЛДЕ Сейтнасирова Айгуль Адамбаевна

I орын Куандыкова Жанар Ерсиновна

 

II орын Хрисохоиди Людмила Хвановна

Алишбаева Айнаш Куатбековна

Кенжебекова Гулзат Ермековна

 

III орын Сейтбекова Таня Сабденбековна

Нуриева Алтыншаш Манатаевна

Ауелбаева Айнур Қоңырбайқызы

 

 

Аудандақ байқаудың хаттамасы жазылып орын алған тәрбиешілерге, аудандық білім бөлімі тарапынан дипломдар табыс етіліп, облыстық кезеңіне материалдар жолданды.

2016 жылдың 20 мамырында өткен байқаудың облыстық кезеңінен ауданымыздың 2 тәрбиешісі жүлделі орынға ие болды. Олар:

I орын игерлері:

СЕЙТНАСИРОВА АЙГУЛЬ АДАМБАЕВНА- Төле би ОМ тәрбиешісі.

КУАНДЫКОВА ЖАНАР ЕРСИНОВНА- № 40 ОМ тәрбиешісі.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Жастар жылының салтанатты ашылу рәсімінде сөйлеген сөзі

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының жаңалықтары

Жаңалықтар күнтізбесі

«    Май 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 



Жалпы білім беру мекемелерінің картасы