* »

**

Мектеп лига - 2020

«Робототехника және ІТ: оқытудан тәжірибеге»


"Информатика пəнін үш тілде оқытудың ерекшеліктері" Аудандық семинар-практикум

Шу ауданы əкімдігінің білім бөлімінің əдістемелік кабинетінің жылдық жоспарына сəйкес 2019 жылдың 16 наурызы күні Шу қаласындағы Жібек жолы мектеп лицейінің базасында "Информатика пəнін үш тілде оқытудың ерекшеліктері" тақырыбында семинар-практикум өтті. Семинар бағдарламасына сай Жайсан орта мектебінің информатика пəні мұғалімі Э.Қайырғали "Үштілділік - заман сұранысы" тақырыбында тренинг жүргізді. Жібек жолы мектеп-лицейінің информатика пəні мұғалімі А.Тлебалдиев "Процессор жəне оның сипаттамалары" (8 сынып) тақырыбында ашық сабақ көрсетті. Төле би атындағы орта мектебінің информатика пəні мұғалімі Н.Джаксыбаева "Найти выход из лабиринта" (5 сынып) тақырыбында ашық сабақ көрсетті. Жамбыл атындағы гимназияның информатика пəні мұғалімі Н.Оразалиева "Компьютерді пайдаланудың кері аспектілері" (8 сынып) тақырыбында ашық сабақ көрсетті. Əл Фараби атындағы орта мектептің информатика пəні мұғалімі Ғ.Бахтыбекова "Компоненты интегрированной среды разработки программ" (8 сынып) тақырыбында ашық сабақ өткізді. Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектептің информатика пəні мұғалімі А.Хороходжаева "Статистикалық мəліметтер" (8 сынып) тақырыбында панорамалық сабақтар көрсетті. Т.Рысқұлов атындағы орта мектептің информатика пəні мұғалімі С.Баялбекова "Параметрлі цикл" тақырыбында панорамалық сабақтар көрсетті. Е.Бекмаханов атындағы информатика пəні мұғалімі К.Ізбасарова "Информатика пəнін ағылшын тілін оқытуда CLIL əдісін қолданудың тиімділігі" тақырыбында шеберлік сағатын өткізді. Семинар қорытындысы бойынша ұстаздар арасында кері байланыс жүргізіліп, белсене қатысқан ұстаздар Алғыс хатпен марапатталды.

"Информатика пəнін үш тілде оқытудың ерекшеліктері" Аудандық семинар-практикум

 

"Информатика пəнін үш тілде оқытудың ерекшеліктері" Аудандық семинар-практикум

 

"Информатика пəнін үш тілде оқытудың ерекшеліктері" Аудандық семинар-практикум

 

"Информатика пəнін үш тілде оқытудың ерекшеліктері" Аудандық семинар-практикум

 

«Физика пәнін оқытуда ағылшын тілінің өзектілігі»

2019 жылдың 22 ақпан күні Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің жоспарына сәйкес Жібек жолы лицейінде «Физика пәнін оқытуда ағылшын тілінің өзектілігі» тақырыбында физика  пәні мұғалімдерінің аудандық семинар- практикумы өтті.Семинардың мақсаты: Мемлекеттік тілді құрметтеу, оқушылардың танымдық деңгейін көтеру, ой-өрісін кеңейту, терминдерді қолдануға үйрету;Семинарға 26 мұғалім қатысып, өзара тәжірибе алмасты.

Пән мұғалімдері Ашық сабақ  8 сыныптарға үш тілде сабақ берген «Жібек жолы» лицейінің физика пәнінің мұғалімі  Джанкиева Баян Хамиджанқызы  «Thermal phenomenon of electric current.Law of Joule-Lenz» тақырыбында.

Жамбыл атындағы гимназияның физика пәнінің мұғалімі Суттибай Аида Алмасқызы «Resistivity.Меншікті кедергі»  тақырыбында.

С.Сейфуллин атындағы орта мектептің физика пәні мұғалімі Тузельбаева Роза  Аскарбековна  «Electric energy and power» тақырыбында.

Абай атындағы шағын орталықты орта мектебінің физика пәнінің мұғалімі Бекжигитова Зираш Абдикеримовна «Electrical resistance.Электр кедергісі»

Панорамалық сабақ көрсеткен Б.Момышұлы атындағы орта мектептің физика пәні мұғалімі Керимқұлов Құрманғали Елтайұлы «Ohm law» тақырыбында. Ы.Алтынсарин атындағы шағын орталықты орта мектептің физика пәні мұғалімі Мұсабекова Анар Бекжолтайқызы  «Өткізгіштерді тізбектей параллель жалғау» тақырыбында.

Жұмысы туралы шеберлік сынып сабақтары әдістемелік жағынан дұрыс құрылып, жоғары дәрежеде өтті.

 

 

 

«Физика пәнін оқытуда ағылшын тілінің өзектілігі»

 

<!-- [if gte mso 9]> <!-- [if gte mso 9]> Normal 0 false false false RU X-NONE X-NONE <!-- [if gte mso 9]> <!-- [if gte mso 10]> /* Style Definitions */ table.MsoNormalTable {mso-style-name:"Обычная таблица"; mso-tstyle-rowband-size:0; mso-tstyle-colband-size:0; mso-style-noshow:yes; mso-style-priority:99; mso-style-qformat:yes; mso-style-parent:""; mso-padding-alt:0cm 5.4pt 0cm 5.4pt; mso-para-margin-top:0cm; mso-para-margin-right:0cm; mso-para-margin-bottom:10.0pt; mso-para-margin-left:0cm; line-height:115%; mso-pagination:widow-orphan; font-size:11.0pt; font-family:"Calibri","sans-serif"; mso-ascii-font-family:Calibri; mso-ascii-theme-font:minor-latin; mso-fareast-font-family:"Times New Roman"; mso-fareast-theme-font:minor-fareast; mso-hansi-font-family:Calibri; mso-hansi-theme-font:minor-latin; mso-bidi-font-family:"Times New Roman"; mso-bidi-theme-font:minor-bidi;}

Аудандық семинар-практикум

Аудандық семинар-практикум

2019 жылдың 02 ақпан күні , Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің оқу-әдістемелік кабинетінің жоспарына сәйкес, Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебінің базасында «Тарих пәнінен функционалдық сауаттылықты арттыруға бағытталған әдіс-тәсілдер» тақырыбында тарих пәні мұғалімдерінің аудандық семинар-практикумы өтті.Семинардың мақсаты: Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталған оқу-тәрбие үдерісінде әдіс-тәсілдерді қолдану тәжірибесімен бөлісу;Семинарға 34 мұғалім қатысып,өзара тәжірибе алмасты.

Пән мұғалімдері Е.Ахметов 5 сыныпта «Крит - мекендік мәдениет туралы мифтер не айтады?» ашық сабағы, Р.Байтанаева «Ақпараттық сауаттылықтың тарих пәнін оқытудағы ролі» тақырыбында шеберлік сыныбы, Д.Құстүтінова «БелРеаk» дебат клубының жұмысы туралы шеберлік сынып сабақтары әдістемелік жағынан дұрыс құрылып, жоғары дәрежеде өтті.

 

 

"Үш тілде білім беру - заман талабы"

"Үш тілде білім беру - заман талабы"
22.01.2019 жыл Шу ауданы әкімдігі білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен Е.Бекмаханов мектеп-гимназиясының базасында  химия-биология пәні мұғалімдеріне арналған "Үштілде білім беру-заман талабы" тақырыбында семинар өтті. Семинардың мақсаты:білім беру мазмұнын жаңарту мақсатында химия-биология пәні сабағында үш тілде білім бере отырып, мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттыру және оны оқыту үрдісінде қолдану әдістемесімен тәжірибе алмасу. Семинар жоғары деңгейде өткізілді. Семинар барысында Төле би мектебінің химия пәні мұғалімі С.И.Самсонов 8 сынып оқушыларымен "Trends in Periodic table", Еңбекші орта мектебінің химия пәні мұғалімі М.Қ.Жаңбырбай 8 сынып оқушыларымен "Structure of periodic table", Е.Бекмаханов мектеп-гимназиясының биология пәні мұғалімі Ж.Б.Айтбаева 8 сынып оқушыларымен "Blood transfusion and blood types. RHfaktor" тақырыптарын ашық сабақ өткізіп іс-тәжірибелерімен бөлісті. Жібек жолы мектеп-лицейінің биология пәні мұғалімі А.Саурбай "Structure function and hygiene of theeth" тақырыбында,  Б.Момышұлы мектебінің химия пәні мұғалімі Э.Байгалыкова "Solution", Е.Бекмаханов мектеп гимназиясының биология пәні мұғалімі С.К.Абиканова "Diseases of human circulatory" тақырыптарында панорамалық сабақтар көрсетті.

"Үш тілде білім беру - заман талабы"

 

"Үш тілде білім беру - заман талабы"

 

"Үш тілде білім беру - заман талабы"

 

"Үш тілде білім беру - заман талабы"

 

"Үш тілде білім беру - заман талабы"

 

"Үш тілде білім беру - заман талабы"

 

"Үш тілде білім беру - заман талабы"

 


Электронды журналды меңгеру деңгейін арттыру.

Электронды журналды меңгеру деңгейін арттыру.

2018 жылдың 31 қазаны күні Шу қаласындағы №40 мектеп-лицейі базасында Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің және «Күнделік» ЖШС-нің ұйымдастыруымен аудан ұстаздарына электронды журнал «Күнделік» жүйесін енгізу бойынша онлайн вебинар өткізілді. Аталған вебинар «Күнделік» ЖШС-нің атқарушы директоры Мұхтар Мақсұтұлының жетекшілігімен өтті. Вебинарға білім бөлімінің басшысы М.Базарова, әдіскер Д.Татибеков, аудан мектептерінің директорлары, директрдың орынбасарлары, жауапты техник мамандар, информатика пәні мұғалімдері және АКТ меңгерген мұғалімдер қатысты. Жалпы қатысушылар саны 300 қызметкерді құрады. Вебинар барысында қызметкерлер өз сұрақтарына толыққанды жауап алып, «Күнделік» жүйеінде жұмыс жүргізудің ерекшеліктерімен танысты.

 

 

 

 

 

 

<!-- [if gte mso 9]> <!-- [if gte mso 9]> Normal 0 false false false RU X-NONE X-NONE <!-- [if gte mso 9]> <!-- [if gte mso 10]> /* Style Definitions */ table.MsoNormalTable {mso-style-name:"Обычная таблица"; mso-tstyle-rowband-size:0; mso-tstyle-colband-size:0; mso-style-noshow:yes; mso-style-priority:99; mso-style-parent:""; mso-padding-alt:0cm 5.4pt 0cm 5.4pt; mso-para-margin-top:0cm; mso-para-margin-right:0cm; mso-para-margin-bottom:10.0pt; mso-para-margin-left:0cm; line-height:115%; mso-pagination:widow-orphan; font-size:11.0pt; font-family:"Calibri","sans-serif"; mso-ascii-font-family:Calibri; mso-ascii-theme-font:minor-latin; mso-hansi-font-family:Calibri; mso-hansi-theme-font:minor-latin; mso-bidi-font-family:"Times New Roman"; mso-bidi-theme-font:minor-bidi; mso-fareast-language:EN-US;}

«ҰБТ –ге дайындық кезінде өзін – өзі реттеу және психологиялық қолдаудың негізгі аспектілері» тақырыбында аудандық семинар- тренинг

Шу ауданы әкімдігі білім бөлімінің оқу – әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2018 жылдың  № 55 бұйрығымен 31 қаңтар күні С.Естемесов атындағы шағын орталықты орта мектебінің базасында «ҰБТ –ге дайындық кезінде өзін – өзі реттеу және психологиялық қолдаудың негізгі аспектілері» тақырыбында аудандық семинар-тренинг өтті.

Семинар жұмысына Шу ауданы әкімдігі білім бөліміне қарасты мектептерден педагог – психологтары, барлығы 44 психологқатысты.

Семинардың мақсаты: Бірыңғай мемлекеттік емтиханға дайындық кезеңіне оқушылардың мінез-құлық стратегиясы мен тактикасын өңдеуін, өзін- өзі реттеуін, өзін-өзі бақылауға дағдыландыруын және сенімділігін арттыруын жүзеге асыру аспектілері.

Семинар барысында, педагог-психологтар кәсіптік қарым – қатынас жасауына және шығармашылық жаңалықтарымен, идеяларымен алмасып, әлеуметтік – психологиялық білімнің маңыздылығын арттырып тәжірибе алмасты. Сонымен қатар, Ж.С.Отарова «ҰБТ–ге дайындық кезінде өзін өзі реттеу және психологиялық қолдаудың негізгі» атты тренинг ұйымдастырды,  Ғ.Мұратбаев орта мектебінің педагог – психологі А.С.Байназарова «Бірыңғай мемлекеттік емтиханға дайындық кезеңіндегі бітірушілердің психологиялық – педагогикалық іс – шаралары бағдарламасы»,тақырыбында, Жамбыл мектеп гимназиясының педагог-психологі Г.К.Мукашева «ҰБТ – ге дайындық кезінде баланың өміріндегі ата – ананың рөлі» тақырыбында, Т.Рысқұлоа орта мектебінің педагог – психологі А.А. Касымова «Оқушылардың жетістікке жету мотивациясын қалыптастырудың психологиялық ерекшеліктері» семинар – тренингтер көрсетілді.

Кері байланыс парағында семинарға қатысушылар семинарында өздеріне көптеген пайдалы ақпараттар алғандығы туралы пікірлерін жазды

«ҰБТ –ге дайындық кезінде өзін – өзі реттеу және психологиялық қолдаудың негізгі аспектілері» тақырыбында  аудандық семинар- тренинг
«ҰБТ –ге дайындық кезінде өзін – өзі реттеу және психологиялық қолдаудың негізгі аспектілері» тақырыбында  аудандық семинар- тренинг
«ҰБТ –ге дайындық кезінде өзін – өзі реттеу және психологиялық қолдаудың негізгі аспектілері» тақырыбында  аудандық семинар- тренинг
«ҰБТ –ге дайындық кезінде өзін – өзі реттеу және психологиялық қолдаудың негізгі аспектілері» тақырыбында  аудандық семинар- тренинг

«Жас кезеңдері әр түрлі топтарда оқытудың психологиялық- педагогикалық ерекшеліктері» тақырыбында аудандық семинар-практикум

Шу ауданы әкімдігі білім бөлімінің оқу – әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2018 жылдың  № 55 бұйрығымен 31 қаңтар күні С.Естемесов атындағы шағын орталықты орта мектебінің базасында «Жас  кезеңдері әр түрлі топтарда оқытудың психологиялық- педагогикалық ерекшеліктері» тақырыбында  аудандық семинар-практикум өтті.

Семинар жұмысына Шу ауданы әкімдігі білім бөліміне қарасты мектептерден педагог – психологтары, барлығы 41 психологқатысты.

Семинардың мақсаты: Оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып есте сақтау, зейін, тұрақтылықты және жадыны жақсарту арқылы танымдық қабілеттерін дамыту.

Семинар барысында, педагог-психологтар кәсіптік қарым – қатынас жасауына және шығармашылық жаңалықтарымен, идеяларымен алмасып, әлеуметтік – психологиялық білімнің маңыздылығын арттырып тәжірибе алмасты. Сонымен қатар, А.Секербекова «Жүректен жүрекке» атты тренинг ұйымдастырды, және де «Әр  түрлі жастағы балалар тобының психологиялық – педагогикалық ерекшеліктері» тақырыбында, Жайсан  орта мектебінің педагог – психологі Г.Диханбаева «Мен сені түсінуге тырысамын», «Көңіл күй мекені»тақырыбында, Баласағұн шағын орталықты орта мектебінің педагог-психологі Ж.Узенбаева «Жас кезеңдердегі топтар психологиялық – педагогикалық ойындар» тақырыбында семинар – тренингтер көрсетілді.

Кері байланыс парағында семинарға қатысушылар семинарында өздеріне көптеген пайдалы ақпараттар алғандығы туралы пікірлерін жазды.«Жас  кезеңдері әр түрлі топтарда оқытудың психологиялық- педагогикалық ерекшеліктері» тақырыбында  аудандық семинар-практикум
«Жас  кезеңдері әр түрлі топтарда оқытудың психологиялық- педагогикалық ерекшеліктері» тақырыбында  аудандық семинар-практикум
«Жас  кезеңдері әр түрлі топтарда оқытудың психологиялық- педагогикалық ерекшеліктері» тақырыбында  аудандық семинар-практикум
«Жас  кезеңдері әр түрлі топтарда оқытудың психологиялық- педагогикалық ерекшеліктері» тақырыбында  аудандық семинар-практикум «Жас  кезеңдері әр түрлі топтарда оқытудың психологиялық- педагогикалық ерекшеліктері» тақырыбында  аудандық семинар-практикум



«Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуда Блум таксономиясы бойынша құрылған тапсырмаларды жобалау»

«Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуда Блум таксономиясы бойынша құрылған тапсырмаларды жобалау» тақырыбында аудандық семинар-практикум өтті

Шу ауданы әкімдігі әкімдігі білім бөлімінің оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2018 жылдың №159 бұйрығымен 26 ақпан күні С.Сейфуллин атындағы шағын орталықты орта мектебінің базасында «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуда Блум таксономиясы бойынша құрылған тапсырмаларды жобалау» тақырыбында аудандық семинар-практикум өтті. Семинар жұмысына Шу ауданы әкімдігі білім бөліміне қарасты мектептерден химия пәні мұғалімдері,барлығы 22 педагог қатысты.

Семинардың мақсаты: Функционалдық сауаттылықты дамытуға бағытталған оқыту тапсырмаларын құрастырудың Блум таксономиясы негізіндегі функционалды сауаттылық және оның көрсеткіштері тұжырымдамасымен таныстыру.

Семинар барысында, мектеп психологы Б.Тулешова «Жаңашыл химик» атты тренинг ұйымдастырды. Осы мектептің химия пәні мұғалімі З.Қожакеева 10 сынып оқушыларымен «Темір және оның қосылыстары» тақырыбында, Төле би /қ/ орта мектебінің химия пәні мұғалімі Б.Есеева 11 сынып оқушыларымен «Моносахаридтер. Глюкоза» тақырыбында, №40 атындағы шағын орталықты орта мектебінің химия пәні мұғалімі К.Канайкулова 8 сынып оқушыларымен «Табиғаттағы су. Судың құрамы қасиеттері және қолданылуы» тақырыбында ашық сабақтар көрсетті.

Сонымен қатар, М. Әуезов атындағы шағын орталықты орта мектебінің химия пәні мұғалімі А.Сәлиева, Б.Момышұлы орта мектебінің химия пәні мұғалімі Э. Байгалыкова және Ж.Баласағұни атындағы шағын орталықты орта мектебінің химия пәні А.Сабырханова 7 сынып оқушыларымен «Қарапайым химиялық формулалар. Валенттілік» тақырыбында ашық сабақтар тізбесін өткізді. Сондай – ақ Е.Бекмаханов орта мектебінің химия пәні мұғалімі Н.Имашева «Химия сабақтарында жеті модульдің тиімділігі және кретириалды бағалау қағидаттары» тақырыбында коучинг өткізсе, аудандық білім бөлімінің химия-биология пәндері әдіскері С.Аметқызы «Химия сабақтарында Блум таксономиясының тиімділігі» тақырыбында шебер сынып көрсетті.

Кері байланыс парағында семинарға қатысушылар семинарында өздеріне көптеген пайдалы ақпараттар алғандығы туралы пікірлерін жазды.

 

«Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуда Блум таксономиясы бойынша құрылған тапсырмаларды жобалау»

 

«Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуда Блум таксономиясы бойынша құрылған тапсырмаларды жобалау»

 

«Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуда Блум таксономиясы бойынша құрылған тапсырмаларды жобалау»

 

«Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуда Блум таксономиясы бойынша құрылған тапсырмаларды жобалау»

 

«Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуда Блум таксономиясы бойынша құрылған тапсырмаларды жобалау»

 

 

 


РОБОТОТЕХНИКА - ОҚУ ҮРДІСІНДЕ


«Жаңартылған білім мазмұнында тиімді оқытуды ұйымдастыру жолдары» тақырыбындағы семинар - практикум

Химия пәні мұғалімдер арасында өткен

«Жаңартылған білім мазмұнында тиімді оқытуды

ұйымдастыру жолдары»

тақырыбындағы семинар - практикум

 

29.11.2017 жылы Жібек-жолы мектеп лицейінің базасында «Жаңартылған білім мазмұнында тиімді оқытуды ұйымдастыру жолдары»тақырыбында

химия пәні мұғалімдер арасында аудандық семинар – практикум өткізілді.Семинарға Шу ауданы білім мекемелерінен барлығы 30 химия пәні мұғалімдері қатыстырылды.

Семинар-практикумның мақсаты: Білім беру үрдісін жаңарту мақсатында әдістемелік көмек көрсете отырып, мұғалімдердің кәсіби шеберліктерін арттыру.

Семинарды аудандық білім бөлімінің химия-биология пәндер әдіскері С.Аметқызы және Жібек – жолы мектеп лицейінің директоры А.Джанғарашова ашты.

Семинар барысында, Жібек – жолы мектеп лицейінің химия пәні мұғалімі Б.Болғанбаева 9 сынып оқушыларымен «Фосфор және оның қосылыстары» тақырынбында, Д.Байтанаева 7 сынып оқушыларымен «Ауа.Ауаның құрамы» тақырыбында ашық сабақтар өткізді. Аталған екі мұғалім сабақтарында қалыптастырушы бағалаудың әдіс - тәсілдерін тиімді пайдаланып, сабақтарын жоғары деңгейде жүргізіді. Сонымен қатар химия пәні мұғалімдерімен Жайсан орта мектебінің химия пәні мұғалімі А.Оңалбаева «Атом құрамы мен құрылысы.Изотоптар», М.Мақатаев атындағы тірек мектебінің химия пәні мұғалімі Р.Қашағанова «Атом құрылысы және Д.И.Менделеев жасаған химиялық элементтердің периодтық жүйесіндегі орны бойынша элементтің және оның қосылыстарының сипаттамасы», А.С.Макаренко атындағы орта мектебінің химия пәні мұғалімі А.Қаспақова «Фосфор және оның қосылыстары» тақырыптарында ықшамдалған сабақтар өткізді. М.Х.Дулати атындағы орта мектебінің химия пәні мұғалімі Л.Абуева «Жаңартылған білім – заман талабы» тақырыбында коучинг жүргізді. Әртүрлі жаңа әдіс – тәсілдерді қалай тиімді қолдану керектігін көрсетіп әріптестерімен пікір алысып, ой бөлісті. Жаңартылған білім беру бойынша оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін түрлі әдіс – тәсілдер пайдалана отырып, инновациялық педагогикалық көзқарастарын дамытуға көмектесу қажеттігі туралы ақпараттар берілді.

Сондай – ақ қатысушыларға кері байланыс парағы таратылып, қатысушылардың семинар туралы пікірлері мен ұсыныстары жазбаша алынды. Семинар соңында семинар шешімі шығарылып, ашық сабақтар, ықшам сабақтар және коучинг көрсеткен мұғалімдерге аудандық білім бөлімінің сертификаттары берілді.

 

 


 

 

 

 

 

“Интербелсенді әдістер арқылы оқыту үшін бағалау” тақырыбындағы аудандық семинар-практикум

"Интербелсенді әдістер арқылы оқыту үшін бағалау” тақырыбындағы аудандық семинар-практикум

2017 жылы 29 қараша күні жаңартылған білім беру мазмұны бойынша бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған"Интербелсенді әдістер арқылы оқыту үшін бағалау” тақырыбындағы аудандық семинар-практикум өтті. Семинар-практикумда теориялық бөлімінде білім бөлімінің әдіскері Э.Наурызбаева интербелсенді әдіс-тәсілдермен таныстырса, тәжірибелік бөлімінде Ж.Козкорпешова, Г.Адильбаева шеберлік сыныптар көрсетті. Интербелсенді оқыту ойындардын ұйымдастыруда ережелерді сақтауға, жас ерекшеліктеріне сәйкес тиімді әдістерді пайдалануға үйренді. Аудандық білім бөліміне қарасты білім беру мекемелерінен 67 бастауыш сынып мұғаліміқатысып, тәжірибе алмасты. Жаңартылған білім беру мазмұнына көшуде нормативтік – құқықтық құжаттары негізінде жүзеге асырылуын, оқу пәндерінің мазмұнын меңгертуде оқулықтар мен оқу – әдістемелік құралдарды, электрондық оқулықтар мен аудио және бейне материалдар қолданылнуға және http:\\smk.edu.kz сілтемедегіОӘК пайдалануға ұсынысберілді.

 

Кері байланыстан:

«Бүгін мен интербелсенді оқыту ойындарды сабақтың әр кезенінде пайдалануға үйрендім. Әдіс-тәсілдер бойынша пайдалы ақпарат алдым.Оқу үрдісін ұйымдастыруда алған ақпаратты қолданамын...»

«Үйренгенім көп»

«Семинар-практикум өте жақсы»

«Гауһарлар жинау», «Шеринг»,«Ыстық орындық»,«Автор орындығы»,«3 таяқша», «Бинго», «Өзіңізді тексеріңіз»,«9 - ромб», «Жиналмалы қуыршақ»,«Детальдарын қосу» , «Алма ағашы», «Бір сөзбен» , «Табыс сатысы» ,«Таңдау», «Тазалық» интербелсенді ойындардың тиімділігін үйрендім»

«Рахмет !»

 

 

 

 

 

 

«BilimLand» сандық білім беру ресурстарын пайдалану.

«BilimLand» сандық білім беру ресурстарын пайдалану.

Аудандық семинар-тренинг.

 

Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің ұйымдастыруымен 2017 жылдың 4 желтоқсаны күні Төле би ауылы Мұқағали Мақатаев атындағы шағын орталықты тірек орта мектебінің базасында «BilimLand» сандық білім беру ресурстарын пайдалану тақырыбында семинар-тренинг өткізілді.

Семинарға аудандық мектеп директорларының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары, информатика пәні мұғалімдері қатысты. Жалпы саны 95 қызметкер.

Семинар барысында Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің әдіскері Д.Татибеков «Bilimland», «iTest», «iMektep», «Twig-bilim» контенттерінің ерекшеліктері мен оқу үрдісіндегі пайдасы туралы онлайн презентация көрсетті.

Келесі кезекте Bilimland сайтында жүргізілетін қашықтық байқаулары, олардың шарттары мен ерекшеліктері туралы бандады.

Сондай-ақ, бағдарламаға сәйкес практикалық бөлімде офлайн жүйесінде қосылған мектептерге берілген BilimBox және BilimDesk құрылғыларын іске қосу, құрылғымен жұмыс істеу туралы тренинг жүргізді.

Семинар соңында сұрақ-жауап форматы арқылы аудиториямен кері байланыс жүргізілді.

Семинар қорытындысы бойынша белсене қатысқан қызметкерлерден кері байланыс түрінде бейнероликтер түсіріліп, алғыс хаттар берілді.

 

 

 

 

Химия – биология пән бірлестік жетекшілеріне арналған аудандық оқыту семинары

Химия – биология пән бірлестік жетекшілеріне арналған аудандық

оқыту семинары

Шу ауданы әкімдігі әкімдігі білім бөлімініңоқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен2017 жылдың №972 бұйрығымен 16 қараша күні химия – биология пән бірлестік жетекшілеріне арналған аудандық оқыту семинары өтті. Семинар жұмысына Шу ауданы әкімдігі білім бөліміне қарасты мектептерден 36 пән бірлестік (химия,биология,тарих,география) жетекшілері қатысты.

Семинар барысында төмендегі мәселелер қарастырылды:

Ғылыми жоба, авторлық бағдарлама ережелері мен талаптары;

Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша бірлестіктегі пәндердің жүргізілу барысы;

6,8 сыныптардағы жаңартылған білім мазмұны бойынша оқулықтарды талдау қорытындысы.

Семинар барысында аудандық оқу – әдістемелік кабинетінің пән әдіскері Аметқызы Сержангүл ғылыми жоба, авторлық бағдарлама ережелері мен талаптары туралы мағлұмат берді. Барлық қатысушыларға ғылыми жоба, авторлық бағдарлама ережелері мен талаптары атты брошюралар таратылды.

Қатысушылар пән бойынша тест спецификациясын, балл қою кестесін жиынтық бағалауда пайдалану ерекшеліктері туралы мәлімет алды. Журнал мен күнделікті толтыру үлгілері көрсетіліп, кері байланыс жазу бойынша ұсыныстар берілді. Ұстаздарға сабақты тиімді өткізуде қысқа және орта мерзімді жоспарларды қолдану туралы түсіндірме жұмысы жүргізілді. Бірлестік жетекшілері жаңартылған білім беру мазмұны бойынша І тоқсандағы бірлестіктегі пәндердің жүргізілу барысы туралы мәліметтерін ортаға салып, өзараіс – тәжірибе алмасты.

Семинардың келесі кезеңінде «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығының сайтында орналасқан (www.okulyk-edu.kz) «Оқулықтарды қоғамдық бағалау» баннері арқылы ашып, жаңартылған білім беру мазмұнына әзірленген 6,8 сыныптардың химия, биология пәндері бойынша «Атамұра» және «Мектеп» баспасының оқулықтары мен оқу–әдістемелік кешендері талқыланды. Мұғалімдер өз пікірі мен ұсыныстарын жазбаша түрде қалдырды.

Кері байланыс парағында семинарға қатысушылар оқыту семинарында өздеріне көптеген пайдалы ақпараттар алғандығы туралы пікірлерін жазды.

 

Химия – биология пәндер әдіскері: С.Аметқызы


Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын түсіндіру жұмыстары.бойынша семинар.

Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын түсіндіру жұмыстары.бойынша семинар.

2017жылдың 10 қазан күні «Жібек жолы» мектеп-лицейінде аудан әкімдігінің білім бөлімі білім мекемелерінің оқу- ісі жөніндегі орынбасарлары мен балабақша әдіскерлері арасында семинар өткізілді.

Семинар барысында «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі \7жасқа дейін\ жастағы балаларды кезекке қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты және «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бойынша білім бөлімінің әдіскері С.Аметқызытолықтай тоқталып, барлық түсініксіз жайттарды түсіндіріп өтті.

Білім бөлімінің бас маманы М. Булекбаева аудан мектептерінің оқу -ісі жөніндегі орынбасарларына Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 8-сәуірдегі №179 бұйрығының 1-қосымшасы«Бастауыш,негізгіорта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабыллдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бойынша презентация көрсетіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Жиынға қатысушы тараптардан сұрақтар қойылды. Көбінесе түсініксіз болған телқұжат \дубликат\ мәселесі жөнінде сұрақтар қойылып, қанықты жауаптар алынды.

 

«Білім мазмұнын жаңарту аясында оқушылардың оқу жетістігін критериалды бағалау» тақырыбында аудандық информатика пәні мұғалімдеріне арналған оқыту семинары өтті.

«Білім мазмұнын жаңарту аясында оқушылардың оқу жетістігін критериалды бағалау» тақырыбында аудандық информатика пәні мұғалімдеріне арналған оқыту семинары өтті.

Шу ауданы әкімдігі білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2017 жылдың 21 қазанында «Білім мазмұнын жаңарту аясында оқушылардың оқу жетістігін критериалды бағалау» тақырыбында аудандық оқыту семинары өтті. Семинар жұмысына аудандық информатика пәні мұғалімдері қатысты.

2017-2018 оқу жылында жаңа бағдарлама бойынша оқушылардың үлгерімі алдын-ала белгіленген критерийлердің жиынтығымен өлшенеді.

Мұнда оқушылардың пән бойынша оқу жетістіктері екі тәсілмен–қалыптастырушы және жиынтық бағалау арқылы жүзеге асырылады. Қалыптастырушы бағалау күнделікті оқу мен оқыту үрдісінде тоқсан бойына жүргізіле отырып, мұғаліммен оқушы арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді. Сондай-ақ ата-аналарға баласының оқу жетістіктері туралы ақпарат беру үшін қолданылады. Жиынтық бағалау бөлімдер немесе ортақ тақырыптар және тоқсан аяқталған кезде қолданылады.

Мұғалімдер оқушының білім жетістігін дәл бағалау үшін тоқсандық жиынтық бағалау қорытындысын модерациялайды. Қажет жағдайда тоқсандықжиынтық бағалау нәтижесі көтеріледінемесе төмендетіледі. Критериалды бағалау оқушылардың жетістіктерін бір-бірімен салыстырмайды және бір-біріне тәуелді етпейді. Ол әр оқушының құзыреттілік деңгейі туралы ақпарат беруге бағытталады.

Семинардың бағдарламасына сәйкес аудандық әдістемелік кабинеттің пән әдіскері Татибеков Дархан Рахимбердиевич критериалды бағалаудың ерекшеліктері бойынша таныстырылым жасады. Семинарға қатысушыларғакритериалды бағалауды жоспарлап, өткізуде басшылыққа алынатын нормативтік-әдістемелік құжаттар тізімі ұсынылды. Қалыптастырушы және жиынтық бағалауды ұйымдастыруға, оқушы портфолиосын жинақтау және электронды журналға балл мен баға қою үдерісі және модерацияны өткізуге бағытталған әдістемелік кеңестер ұсынылды. Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу (спецификация, баға қою механизмі), нәтижелерді талдау, модерация үдерісін тиімді өткізу мақсатында оқу жылына жоспар жасау бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Сондай – ақ М.Мақатаев атындағы орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Ким Татьяна Геннадьевна орыс тілінде сабақ беретін мұғалімдерге бөлім бойынша жиынтық бағалауды өткізу, білім алушылардың портфолиосын жинақтауға бағытталған тренинг өткізді. Ата-аналарға баласының оқу жетістіктері туралы ақпарат беруде рубриканың толтырылуы бойынша талқылау жұмысы жүргізілді. Семинарға қатысушылар жаңа бағалау жүйесі бойынша пікірлерімен бөлісіп, сұрақтарына жауап алды.

Б.Момышұлы орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Дуанбаева Наркес қазақ тілінде сабақ беретін мұғалімдерге бөлім бойынша жиынтық бағалауды өткізу, білім алушылардың портфолиосын жинақтауға бағытталған тренинг өткізді. Ата-аналарға баласының оқу жетістіктері туралы ақпарат беруде рубриканың толтырылуы бойынша талқылау жұмысы жүргізілді. Семинарға қатысушылар жаңа бағалау жүйесі бойынша пікірлерімен бөлісіп, сұрақтарына жауап алды.

Семинар соңында «Кері байланыс» парақтары таратылып, қатысушылардың пікірі тыңдалды. Қатысушылардың идеялары мен пікірлері ескеріле отырылып, оқыту семинарыныңшешімі оқылды.

1.5, 7-сыныптарда білім беру үрдісін ұйымдастыруда ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 13 мамырдағы № 292 қаулысымен бекітілген Негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 23 қарашадағы №668 бұйрығымен бекітілген жалпы білім беретін пәндердің үлгілік оқу бағдарламалары, «Білім беру ұйымдарында пайдалануға рұқсат етілген оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, оқу құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық жеткізгіштердегі тізбесін бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2013 жылғы 27 қыркүйектегі № 400 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 4 сәуірдегі №150 бұйрығымен бекітілген оқу басылымдары басшылыққа алынсын.

2.2017-2018 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы Әдістемелік нұсқау хат басшылыққа алынып, барлық пән бірлестігі отырысында талқылансын.

3.5, 7 сыныптардағы оқу үрдісін ұйымдастыруда Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 23-қарашада №668 бұйрығымен бекітілгенбағдарламасындағы талаптардың ерекшелігіне назар аударылсын.

4.Білім мазмұнын жаңарту аясында оқушылардың оқу жетістігін критериалды бағалау жүйесіне көшуде «Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының іс-тәжірибесі басшылыққа алынсын.

5. Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу(спецификация, баға қою механизмі), нәтижелерді талдау, модерация үдерісін тиімді өткізу мақсатында мектептердегі әдістемелік бірлестіктерде мектеп үйлестірушілермен бірлесе отырып оқу жылына жоспар жасалып, жүзеге асырылсын.

6. Оқушы портфолиосын жинақтау және электронды журналға балл мен баға қою үдерісі нақты мерзімінде жасалынсын.

7. Мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында пән мұғалімдерімен оқыту семинарлары өткізіліп, «Тәжірибедегі рефлексия» курсы ұйымдастырылсын.

8. Оқушылардың ата-аналарымен бағалаудың жаңа жүйесінің негізгі принциптерін түсіндіру мақсатында практикалық тренинг, шеберлік сыныптары өткізілсін.

9. Критериалды бағалауды ұйымдастырып өткізуде әдістемелік көмек көрсету мақсатында пән мұғалімдерінің желілік қауымдастығының жұмысы жандандырылсын.

10.Пән мұғалімдерінің оқушылардың оқу жетістігін критериалды бағалау арқылы білім мазмұнын жаңартуда жеткен нәтижелері баспа беттерінде жариялап отыру қолға алынсын.

Кері байланыс парағында семинарға қатысушылар Білім мазмұнын жаңарту аясында оқушылардың оқу жетістігін критериалды бағалаудың мәні, оқыту семинарының тақырыбыныңмаңыздылығы туралы пікірлерін жазды. Қалыптастырушы бағалау мен жиынтық бағалаудың айырмашылығы мен ұқсастығын айқындап, семинар материалдарын тәжірибеде 5, 7 сыныптарға сабақ беру және мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету барысында қолданатынын атап көрсеткен. Келесі оқыту семинарының тоқсандық жиынтық бағалау үдерісін жоспарлау, ұйымдастыру және өтізу бойынша, жас мамандар 5,7 сынып оқушылармен сабақ өткізу барысының болғанын қалайтындығы туралы пікірлерін білдірді.

 

 

 

 

 

«Сабақта критериалды бағалау жүйесін тиімді қолдану жолдары»

«Сабақта критериалды бағалау жүйесін тиімді қолдану жолдары»тақырыбында аудандық оқыту семинары өтті.

Шу ауданы әкімдігі білім бөлімінің оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2017 жылдың 21 қазанында «Сабақта критериалды бағалау жүйесін тиімді қолдану жолдары » тақырыбында аудандық оқыту семинары өтті. Семинар жұмысына аудандық, қалалық білім бөлімдерінің химия пәні мұғалімдері, барлығы 35 педагог қатысты.

2017-2018 оқу жылында жаңа бағдарлама бойынша оқушылардың үлгерімі алдын-ала белгіленген критерийлердің жиынтығыменөлшенеді.

Мұнда оқушылардың пән бойынша оқу жетістіктері екі тәсілмен–қалыптастырушы және жиынтық бағалау арқылы жүзеге асырылады. Қалыптастырушы бағалау күнделікті оқу мен оқыту үрдісінде тоқсан бойына жүргізіле отырып, мұғаліммен оқушы арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді. Сондай-ақ ата-аналарға баласының оқу жетістіктері туралы ақпарат беру үшін қолданылады. Жиынтық бағалау бөлімдер немесе ортақ тақырыптар және тоқсан аяқталған кезде қолданылады.

Мұғалімдер оқушының білім жетістігін дәл бағалау үшін тоқсандық жиынтық бағалау қорытындысын модерациялайды. Қажет жағдайда тоқсандықжиынтық бағалау нәтижесі көтеріледінемесе төмендетіледі. Критериалды бағалау оқушылардың жетістіктерін бір-бірімен салыстырмайды және бір-біріне тәуелді етпейді. Ол әр оқушының құзыреттілік деңгейі туралы ақпарат беруге бағытталады.

Семинардың бағдарламасына сәйкес аудандық оқу–әдістемелік кабинетінің пән әдіскері Аметқызы Сержангүл критериалды бағалаудың ерекшеліктері бойынша таныстырылым жасады. Семинарға қатысушыларға критериалды бағалауды жоспарлап, өткізуде басшылыққа алынатын нормативтік-әдістемелік құжаттар тізімі ұсынылды. Қалыптастырушы және жиынтық бағалауды ұйымдастыруға, оқушы портфолиосын жинақтау және электронды журналға балл мен баға қою үдерісі және модерацияны өткізуге бағытталған әдістемелік кеңестер ұсынылды. Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу (спецификация, баға қою механизмі), нәтижелерді талдау, модерация үдерісін тиімді өткізу мақсатында оқу жылына жоспар жасау бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Сондай – ақ әдіскер С.Аметқызы бөлім бойынша жиынтық бағалауды өткізу, білім алушылардың портфолиосын жинақтауға бағытталған тренинг өткізді. Ата-аналарға баласының оқу жетістіктері туралы ақпарат беруде рубриканың толтырылуы бойынша талқылау жұмысы жүргізілді. Семинарға қатысушылар жаңа бағалау жүйесі бойынша пікірлерімен бөлісіп, сұрақтарына жауап алды.

Еңбекші орта мектебінің химия пәні мұғалімі Жаңбырбай Мөлдір Қуанышқызы физикалық және химиялық құбылыстар тақырыбында панорамалық сабақ көрсетті. Мұғалім сабақ барысында қалыптастырушы бағалауды жүргізудің бірнеше тәсілдерін көрсетті.

Семинар соңында «Кері байланыс» парақтары таратылып, қатысушылардың пікірі тыңдалды. Қатысушылардың идеялары мен пікірлері ескеріле отырылып, оқыту семинарыныңшешімі оқылды.

1.5, 7-сыныптарда білім беру үрдісін ұйымдастыруда ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 13 мамырдағы № 292 қаулысымен бекітілген Негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 23 қарашадағы №668 бұйрығымен бекітілген жалпы білім беретін пәндердің үлгілік оқу бағдарламалары, «Білім беру ұйымдарында пайдалануға рұқсат етілген оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, оқу құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық жеткізгіштердегі тізбесін бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2013 жылғы 27 қыркүйектегі № 400 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 4 сәуірдегі №150 бұйрығымен бекітілген оқу басылымдары басшылыққа алынсын.

2.2017-2018 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы Әдістемелік нұсқау хат басшылыққа алынып, барлық пән бірлестігі отырысында талқылансын.

3.5, 7 сыныптардағы оқу үрдісін ұйымдастыруда Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 23-қарашада №668 бұйрығымен бекітілгенбағдарламасындағы талаптардың ерекшелігіне назар аударылсын.

4.Білім мазмұнын жаңарту аясында оқушылардың оқу жетістігін критериалды бағалау жүйесіне көшуде «Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының іс-тәжірибесі басшылыққа алынсын.

5. Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу(спецификация, баға қою механизмі), нәтижелерді талдау, модерация үдерісін тиімді өткізу мақсатында мектептердегі әдістемелік бірлестіктерде мектеп үйлестірушілермен бірлесе отырып оқу жылына жоспар жасалып, жүзеге асырылсын.

6. Оқушы портфолиосын жинақтау және электронды журналға балл мен баға қою үдерісі нақты мерзімінде жасалынсын.

7. Мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында пән мұғалімдерімен оқыту семинарлары өткізіліп, «Тәжірибедегі рефлексия» курсы ұйымдастырылсын.

8. Оқушылардың ата-аналарымен бағалаудың жаңа жүйесінің негізгі принциптерін түсіндіру мақсатында практикалық тренинг, шеберлік сыныптары өткізілсін.

9. Критериалды бағалауды ұйымдастырып өткізуде әдістемелік көмек көрсету мақсатында пән мұғалімдерінің желілік қауымдастығының жұмысы жандандырылсын.

10.Пән мұғалімдерінің оқушылардың оқу жетістігін критериалды бағалау арқылы білім мазмұнын жаңартуда жеткен нәтижелері баспа беттерінде жариялап отыру қолға алынсын.

Кері байланыс парағында семинарға қатысушылар Білім мазмұнын жаңарту аясында оқушылардың оқу жетістігін критериалды бағалаудың мәні, оқыту семинарының тақырыбының маңыздылығы туралы пікірлерін жазды. Қалыптастырушы бағалау мен жиынтық бағалаудың айырмашылығы мен ұқсастығын айқындап, семинар материалдарын тәжірибеде 5, 7 сыныптарға сабақ беру және мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету барысындақолданатынын атап көрсеткен. Келесі оқыту семинарының тоқсандық жиынтық бағалау үдерісін жоспарлау, ұйымдастыру және өтізу бойынша, жас мамандар 5,7 сынып оқушылармен сабақ өткізу барысының болғанын қалайтындығы туралы пікірлерін білдірді.

«Сабақта  критериалды бағалау жүйесін тиімді қолдану жолдары»

 

«Сабақта  критериалды бағалау жүйесін тиімді қолдану жолдары»

 

«Сабақта  критериалды бағалау жүйесін тиімді қолдану жолдары»

 

«Білім мазмұнын жаңарту аясында оқушылардың оқу жетістігін критериалды бағалау» тақырыбында аудандық оқыту семинары

«Білім мазмұнын жаңарту аясында оқушылардың оқу жетістігін критериалды бағалау»тақырыбында аудандық оқыту семинары

Шу ауданы әкімдігі әкімдігі білім бөлімініңоқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2017 жылдың №849 бұйрығымен 10 қазан күні «Білім мазмұнын жаңарту аясында оқушылардың оқу жетістігін критериалды бағалау» тақырыбында аудандық оқыту семинары өтті. Семинар жұмысына Шу ауданы әкімдігі білім бөліміне қарасты мектептерден физика, математика пәндерінің мұғалімдері, барлығы 65 педагог қатысты.

Елбасы Н.Ә Назарбаев жылдар бойы білім және ғылым саласына ұдайы көңіл бөліп келеді. Биылғы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауында да бұл мәселе назардан тыс қалған жоқ. «Ең алдымен, білім беру жүйесінің рөлі өзгеруге тиіс. Біздің міндетіміз - білім беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буынына айналдыру. Оқыту бағдарламаларын оқушылардың сыни ойлау қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттау қажет»,-деген жолдар - соның дәлелі.

Бүгінгі жаһандану заманында жас ұрпаққа білім беру - жаңа ізденіс, тың жаңалықтар мен мезгіл сұранысына сай көзқарас арқылы жүзеге асыруды талап етіп отыр. Ақпарат алмасу, интеллектуалды өнімдер мен идеялар күн санап белсенді түрде үдей түскен шақта жас ұрпаққа білім беру жауапкершілігі арта түсуде.

Оқушылардың пән бойынша оқу жетістіктері екі тәсілмен–қалыптастырушы және жиынтық бағалау арқылы жүзеге асырылады. Қалыптастырушы бағалау күнделікті оқу мен оқыту үрдісінде тоқсан бойына жүргізіле отырып, мұғаліммен оқушы арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді. Сондай-ақ ата-аналарға баласының оқу жетістіктері туралы ақпарат беру үшін қолданылады. Жиынтық бағалау бөлімдер немесе ортақ тақырыптар және тоқсан, семестрлер аяқталғанкезде қолданылады.

Мұғалімдер оқушының білім жетістігін дәл бағалау үшінтоқсандық жиынтық бағалау қорытындысын модерациялайды. Қажетжағдайда тоқсандық жиынтық бағалау нәтижесі көтеріледі немесе төмендетіледі. Критериалды бағалау оқушылардың жетістіктерін бір-бірімен салыстырмайды және бір-біріне тәуелді етпейді. Ол әр оқушының құзыреттілік деңгейі туралы ақпарат беруге бағытталады.

Семинардың бағдарламасына сәйкес облыстық аудандық оқу – әдістемелік кабинетінің пән әдіскерлері Аметқызы Сержангүл, Татибеков Дархан Рахимбердиевич критериалды бағалаудың ерекшеліктері бойынша таныстырылым жасады. Семинарға қатысушыларға критериалды бағалауды жоспарлап, өткізуде басшылыққа алынатын нормативтік-әдістемелік құжаттар тізімі ұсынылды. Қалыптастырушы және жиынтық бағалауды ұйымдастыруға, оқушы портфолиосын жинақтау және электронды журналға балл мен баға қою үдерісі және модерацияны өткізуге бағытталған әдістемелік кеңестер ұсынылды. Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу(спецификация, баға қою механизмі), нәтижелерді талдау, модерация үдерісін тиімді өткізу мақсатында оқу жылына жоспар жасау бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Алға орта мектебінің математика пәні мұғалімі Жамбаева Балжан Мұхтаровна, Абай /қ/ атындағы орта мектебінің математика пәні мұғалімі Бурсугина Анастасья Николаевна қазақ және орыс тілдерінде бөлім бойынша жиынтық бағалауды өткізу, білім алушылардың портфолиосын жинақтауға бағытталған тренинг өткізді. Ата-аналарға баласының оқу жетістіктері туралы ақпарат беруде рубриканың толтырылуы бойынша талқылау жұмысы жүргізілді. Абай /қ/ атындағы орта мектебінің физика пәні мұғалімі Чкалова Галина Леонидовна «Механическое движение» тақырыбында қалыптастырушы бағалауды қалай пайдаланғанын панорамалық сабақ барысында көрсетті. Семинарға қатысушылар жаңа бағалау жүйесі бойынша пікірлерімен бөлісіп, сұрақтарына жауап алды.

Семинар соңында «Кері байланыс» парақтары, барлық қатысушыларға жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар, жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы, қалыптастырушы бағалауға арналған

тапсырма жинағы, пәндер бойынша күнтізбелік-тақырыптық жоспарлар, ҰМЖ, ҚМЖ , өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық, тағы басқада керекті материалдар салынған дисктер таратылды. Қатысушылардың идеялары мен пікірлері ескеріле отырылып, оқыту семинарының шешімі оқылды.

1.5, 7-сыныптарда білім беру үрдісін ұйымдастыруда ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 13 мамырдағы № 292 қаулысымен бекітілген Негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 23 қарашадағы №668 бұйрығымен бекітілген жалпы білім беретін пәндердің үлгілік оқу бағдарламалары, «Білім беру ұйымдарында пайдалануға рұқсат етілген оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, оқу құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық жеткізгіштердегі тізбесін бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2013 жылғы 27 қыркүйектегі № 400 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 4 сәуірдегі №150 бұйрығымен бекітілген оқу басылымдары басшылыққа алынсын.

2.2017-2018 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы Әдістемелік нұсқау хат басшылыққа алынып, барлық пән бірлестігі отырысында талқылансын.

3.5, 7 сыныптардағы оқу үрдісін ұйымдастыруда Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 23-қарашада №668 бұйрығымен бекітілгенбағдарламасындағы талаптардың ерекшелігіне назар аударылсын.

4.Білім мазмұнын жаңарту аясында оқушылардың оқу жетістігін критериалды бағалау жүйесіне көшуде «Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының іс-тәжірибесі басшылыққа алынсын.

5. Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу(спецификация, баға қою механизмі), нәтижелерді талдау, модерация үдерісін тиімді өткізу мақсатында мектептердегі әдістемелік бірлестіктерде мектеп үйлестірушілермен бірлесе отырып оқу жылына жоспар жасалып, жүзеге асырылсын.

6. Оқушы портфолиосын жинақтау және электронды журналға балл мен баға қою үдерісі нақты мерзімінде жасалынсын.

7. Мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында пән мұғалімдерімен оқыту семинарлары өткізіліп, «Тәжірибедегі рефлексия» курсы ұйымдастырылсын.

8. Оқушылардың ата-аналарымен бағалаудың жаңа жүйесінің негізгі принциптерін түсіндіру мақсатында практикалық тренинг, шеберлік сыныптары өткізілсін.

9. Критериалды бағалауды ұйымдастырып өткізуде әдістемелік көмек көрсету мақсатында пән мұғалімдерінің желілік қауымдастығының жұмысы жандандырылсын.

10.Пән мұғалімдерінің оқушылардың оқу жетістігін критериалды бағалау арқылы білім мазмұнын жаңартуда жеткен нәтижелері баспа беттерінде жариялап отыру қолға алынсын.

Кері байланыс парағында семинарға қатысушылар Білім мазмұнын жаңарту аясында оқушылардың оқу жетістігін критериалды бағалаудың мәні, оқыту семинарының тақырыбының маңыздылығы туралы пікірлерін жазды. Қалыптастырушы бағалау мен жиынтық бағалаудың айырмашылығы мен ұқсастығын айқындап, семинар материалдарын тәжірибеде 5, 7 сыныптарға сабақ беру және мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету барысындақолданатынын атап көрсеткен. Келесі оқыту семинарының тоқсандық жиынтық бағалау үдерісін жоспарлау, ұйымдастыру және өтізу бойынша болғанының қалайтындығы туралы пікірлерін білдірді.

Семинардан көрініс

 

 

 

 

 

 

ЖАҢА БАҒДАРЛАМА - ЖАҢАЛЫҚҚА БАСТАР ТУРА ЖОЛ

 

 ЖАҢА  БАҒДАРЛАМА - ЖАҢАЛЫҚҚА  БАСТАР  ТУРА  ЖОЛ

 

Елімізде білім беру жүйесін әлемдік білім беру жүйелерінің деңгейіне жеткізу мақсатында бастауыш сыныптан бастап білім берудің жаңа жүйесін енгізуде. Оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін енгізу арқылы Қазақстанның ұлттық білім беру жүйесіне арналған орта білім мазмұнын жаңарту бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамы филиалы Жамбыл облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының тренерлері Шу ауданында бірнеше курстар өткізіп, ұстаздардың педагогикалық шеберлігін жетілдіруде. Үстіміздегі жылдың қазан айының 24 мен 11-қараша аралығында тренер Махадиева Бақытгүл Омирбековнаның жетекшілігімен ауданымыздың бастауыш сынып мұғалімдері «Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде қазақ тілінде оқытатын мектептердегі бастауыш сынып пәндері бойынша педагогика кадрларының біліктілігін арттыру» курсынан өтуде. Бүгінгі күні білім беру жүйесі алдында оқушыға табысты білім беру міндеті тұр, табысты білімде оқушы бойында ХХІ ғасыр дағдылары, яғни алған ақпаратты есте сақтап, ой қорытып, түсіне отырып алған білімін әртүрлі салада қолдану қалыптасады. Курста білім алып жатқан ұстаздар қауымы жаңа жүйемен білім алатын оқушылар бойында рухани құндылықтар мен дағдылар қалыптастыру, спиральді білім беру бағдарламасы моделі, критериалды бағалау жүйесі туралы білімдерін шыңдап, тәжірибеде қолдану шеберліктерін жетілдіруде. Курста өтілген әр күн ұстаздар үшін өте қызықты мәліметтерге толы, бағдарламада басты назарда ұсталып отыратын төрт дағды оқылым, жазылым, тыңдалым мен айтылымды дамыта отырып сабақ мақсаттарын құруда, жаңаша әдіс-тәсілдермен берілген сабақ бұрынғы дәстүрлі сабақтарға қарағанда өте тиімді екендігіне көз жеткізуде, жаңа бағдарламамен ұстаздар бір-бірімен тәжірибе бөлісіп, түрлі сабақ үлгілерін көрсетуде. Сабақ берудің жетілген әдіс-тәсілдерімен жете танысып, курс бағдарламасын меңгерген ұстаздар қауымы осы оқу жылына тың өзгерістер әкелеріне сенімдіміз.

 

 

 

 

 

Робототехника

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің әдіскері Қасымбаева Қымбаттың ұйымдастыруымен 2016 жылдың 26 қазан күні өткізілген «Информатиканы оқытудағы инновациялық әдістер: өзекті мәселелері мен ерекшеліктері» тақырыбындағы ғылыми-практикалық семинардан көрініс.

Мектепалды даярлық топ тәрбиешілерінің семинар-практикумы

Мектепалды даярлық топ тәрбиешілерінің семинар-практикумы

 

2016 жылдың 17 мамыр күні Төле би ауылы Әль-Фараби атындағы орта мектебінің базасында «Мектепалды даярлық сыныптарындағы оқу іс-әрекетін жүйелеу қызметі» тақырыбында аудандық семинар-практикумы өтті.Оған аудан бойынша 20 мектептің мектепалды даярлық топ тәрбиешілері және білім бөлімінің қызметкерлері қатысты. Семинардың мақсаты Мектепалды даярлық сыныптарындағы балаларды жүйелі түрде оқыту мен тәрбиелеу, озық тәжірибелерді жинақтау және әдістемелік көмек көрсету болып табылды. Семинар бағдарламасы бойынша 1 оқу іс-әрекеттері, 1 панорамалық оқу іс-әрекеті және 1 ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті жүргізілді. Олар:

1.«Путешествие по сказкам» – Г.Бакбергенова. Әль-Фараби атындағы орта мектебінің тәрбиешісі.

2.«Звук и буква Рр» - З.Джафарова. Әль-Фараби атындағы орта мектебінің тәрбиешісі.

3.«Математика еліне саяхат» - Н.Буйенбаева. Әль-Фараби атындағы орта мектебінің тәрбиешісі.

Семинар соңынан семинардың өтуіне белсене қатысқан ұстаздарға аудандық білім бөлімі тарапынан сертификаттар табыс етілді. Семинарды жоғары дәрежеде ұйымдастырып өткізгені үшін Әль-Фараби атындағы орта мектебінің ұжымына алғыс білдірілді.

Семинар-практикумның көріністері.

 

 

 


Мектепалды даярлық топ тәрбиешілерінің семинар-практикумы

Мектепалды даярлық топ тәрбиешілерінің семинар-практикумы

 

2016 жылдың 12 сәуір күні Шу қаласы Т.Рысқұлов атындағы орта мектебінің базасында «Мектепке дейінгі ұйымдарда ТРИЗ технологиясын қолданудың тиімді жолдары» тақырыбында аудандық семинар-практикумы өтті.Оған аудан бойынша 42 мектептің мектепалды даярлық топ тәрбиешілері және білім бөлімінің қызметкерлері қатысты. Семинардың мақсаты Дамыта оқыту технологиясын мектепалджы даярлық сыныбында пайдалана отырып балалардың жас және даму психологиялық ерекшеліктерін дамыту, олардың білімді игеруге дайындығын қамтамасыз ету, оқу әрекетін меңгеру үшін балада тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру, озық тәжірибелерді жинақтау және әдістемелік көмек көрсету болып табылды. Семинар бағдарламасы бойынша 1 баяндама, 2 оқу іс-әрекеттері және 1 ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті жүргізілді. Олар:

1.«Құстар біздің досымыз» – Т.С.Сейтбекова. Т.Рысқұлов атындағы орта мектебінің тәрбиешісі.

2.«Хайуанаттар бағындағы қызықтар» - Г.С.Райымкулова. Т.Рысқұлов атындағы орта мектебінің тәрбиешісі.

3.«Дарынды балаларға шығарма жаздырудың тәсілдері» - Т.Сейтбекова. Т.Рысқұлов атындағы орта мектебінің тәрбиешісі. Коучинг

4.«Аяулы ана,ару бүлдіршін» - А.Алимкулова. Т.Рысқұлов атындағы орта мектебінің тәрбиешісі.

5. «Ынтымағы жарасқан» - К.Қоңырбаева. Т.Рысқұлов атындағы орта мектебінің тәрбиешісі.

Семинар соңынан семинардың өтуіне белсене қатысқан ұстаздарға аудандық білім бөлімі тарапынан сертификаттар табыс етілді. Семинарды жоғары дәрежеде ұйымдастырып өткізгені үшін Т.Рысқұлов атындағы орта мектебінің ұжымына алғыс білдірілді.

Семинар-практикумның көріністері.


 

 

 

Мектепалды даярлық топ тәрбиешілерінің семинар-практикумы

Мектепалды даярлық топ тәрбиешілерінің семинар-практикумы

 

2016 жылдың 28 сәуір күні Бәйдібек ауылындағыМ.Маметова атындағы орта мектебінің базасында «Дамыта оқыту технологиясын енгізу арқылы мектепалды даярлық сыныптарындағы балаларды тәрбиелеу мен оқыту» тақырыбында аймақтық семинар-практикумы өтті.Оған аудан бойынша 8 мектептің мектепалды даярлық топ тәрбиешілері және білім бөлімінің қызметкерлері қатысты. Семинардың мақсаты Дамыта оқыту технологиясын мектепалджы даярлық сыныбында пайдалана отырып балалардың жас және даму психологиялық ерекшеліктерін дамыту, олардың білімді игеруге дайындығын қамтамасыз ету, оқу әрекетін меңгеру үшін балада тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру, озық тәжірибелерді жинақтау және әдістемелік көмек көрсету болып табылды. Семинар бағдарламасы бойынша 1 баяндама, 2 оқу іс-әрекеттері және 1 ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті жүргізілді. Олар:

1.«Гг дыбысы және әрпі» – М.Е.Сабекова. Ә.Молдағұлова атындағы орта мектебінің тәрбиешісі.

2.«11-20-ға дейінгі сандар» - Г.С.Илкибаева. М.Маметова атындағы орта мектебінің тәрбиешісі.

3.«Ұлттар достығы» - А.К.Рыспанбетова.М.Маметова атындағы орта мектебінің тәрбиешісі.

4.«Дамыта оқыту технологиясын енгізу арқылы мектепалды даярлық сыныптарындағы балаларды тәрбиелеу мен оқыту» - А.Д.Шадибаева. Еспе бастауыш мектебінің тәрбиешісі.

Семинар соңынан семинардың өтуіне белсене қатысқан ұстаздарға аудандық білім бөлімі тарапынан сертификаттар табыс етілді. Семинарды жоғары дәрежеде ұйымдастырып өткізгені үшін М.Маметова атындағы орта мектебінің ұжымына алғыс білдірілді.

Семинар-практикумның көріністері.


 

 

 

 

 

Мектепалды даярлық топ тәрбиешілерінің семинар-практикумы

Мектепалды даярлық топ тәрбиешілерінің семинар-практикумы

 

2016 жылдың 15 мамыр күні Бірлік ауылындағы М.Х.Дулати атындағы орта мектебінің базасында «Инновациялық технологияларды кіріктірілген оқу-іс әрекетінде пайдаланудың тиімді жолдары» тақырыбында аудандық семинар-практикумы өтті.Оған аудан бойынша 30 мектепалды даярлық топ тәрбиешілері және білім бөлімінің қызметкерлері қатысты. Семинардың мақсаты Мектеалды білім беру деңгейінде білім беруді заман талабына сай, жаңа мазмұнда ұйымдастыру; Баланың жеке басын тәрбиелеуде, оның жан дүниесінің рухани баюына, азамат-тұлға ретінде қалыптасуына көңіл бөліну, озық тәжірибелерді жинақтау және әдістемелік көмек көрсету болып табылды. Семинар бағдарламасы бойынша 1 шеберлік сынып, 2 оқу іс-әрекеттері және 1 ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті жүргізілді. Олар:

 

1.«Инновациялық технологияларды кіріктірілген оқу-іс әрекетінде пайдаланудың тиімді жолдары» – Н.С.Айдарова. Шеберлік сынып.

2.«Үй жануарлары мен үй құстары» - Ж.Алкибаева. Оқу іс-әрекеті.

3.«Ө дыбысы мен әрпі» - Ж.Сейдуалиева.Оқу іс-әрекеті.

4.«Праздник Наурыз» - Л.Х.Хрисохоиди. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті.

5.«Наурыз-жыл басы» - Тәрбие сағаты. Сыныптан тыс жұмыс.

Семинар соңынан семинардың өтуіне белсене қатысқан ұстаздарға аудандық білім бөлімі тарапынан сертификаттар табыс етілді. Семинарды жоғары дәрежеде ұйымдастырып өткізгені үшін М.Х.Дулати атындағы орта мектебінің ұжымына алғыс білдірілді.

Семинар-практикумның көріністері.

 Аудандық семинардыңашылуы. Алғы сөз.

 

 А. Т. Жандабаева – Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы орта мектебінің директоры

 

 

 

 М. М. Истибаева–Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімнің әдіскері

 

 

 

 

 

 

 Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің сертификатімен марапатталады.

Информатика пәні мұғалімдерінің семинар-практикумы

Информатика пәні мұғалімдерінің семинар-практикумы

 

2016 жылдың 5 сәуір күні Төле би ауылындағы Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебінің базасында «Информатиканы оқытудағы жаңа тәсілдер – мұғалімнің ІТ құзіреттілігінің қалыптасу негізі» атты аудандық семинар-практикум болып өтті. Оған аудан бойынша 30 жуық информатика пәні мұғалімдері, 9 сынып оқушылары және білім бөлімінің қызметкерлері қатысты. Семнардың мақсатыИнформатика пәні мұғалімдерінің инновациялық әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану арқылы оқушыларды оқытудағы шығармашылық жұмыстарын насихаттау, озық тәжірибелерді жинақтау және әдістемелік көмек көрсету болып табылды. Семинар бағдарламасы бойынша әртүрлі тақырыптардағы 2 шеберлік сынып, 2 панорамалық сабақ және 1 коучинг жүргізілді. Олар:

1.«АКТ пайдалану арқылы интеллектуалдық карталарды жасау» – Мухатаева Элеонора. М.Әуезов атындағы орта мектебінің мұғалімі. Шеберлік сынып.

2.«Паскаль бағдарламалау тілінде графикалық операторларды пайдалану» - Құлажанова Жазира. Абай атындағы орта мектебінің мұғалімі. Панорамалық сабақ.

 

3.«Паскаль тілінде есептер шығару» - Мақашев Әбдірахман. Төле би атындағы орта мектебінің мұғалімі. Шеберлік сынып.

 

4.«Оқу процесінде сын тұрғысынан ойлау модулін қолдану тиімділігі» - Киікбаева Эльмира. №40 орта мектебінің мұғалімі. Коучинг.

 

5.«Модельдерді сипаттау әдістері. Модельдердің қасиеттері. Модель түрлері.» - Киікбаева Эльмира. №40 орта мектебінің мұғалімі. Панорамалық сабақ.

Семинар соңынан семинардың өтуіне белсене қатысқан ұстаздарға аудандық білім бөлімі тарапынан сертификаттар табыс етілді. Семинарды жоғары дәрежеде ұйымдастырып өткізгені үшін Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебінің ұжымына алғыс білдірілді.

Семинар-практикумның көріністері.

 

 

 

 

 

 


 


Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Жастар жылының салтанатты ашылу рәсімінде сөйлеген сөзі

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының жаңалықтары

Жаңалықтар күнтізбесі

«    Май 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 



Жалпы білім беру мекемелерінің картасы