* »

**

«Қазақстан - Ұлы Дала Елі»

Заманауи және интерактивті үлгіде еліміз туралы жан-жақты ақпарат алуға мүмкіндік беретін

«Қазақстан - Ұлы Дала Елі» қосымшасы жөнінде не білеміз?


«Робототехника» кабинеттері ашылды.

«Робототехника» кабинеттері ашылды.

Бүгінде әлем Төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріне, технологиялық, экономикалық және әлеуметтік салалардағы терең және қарқынды өзгерістер кезеңіне қадам басып келеді. Осыған орай Елбасымыз «Жаңа технологиялық қалып біздің қалай жұмыс істейтінімізді, азаматтық құқықтарымызды қалай іске асыратынымызды, балаларымызды қалай тәрбиелейтінімізді түбегейлі өзгертуде» - деп өзінің Қазақстан халқына Жолдауында білім саласының жаңа жаһандану заманына ілгерілеу керектігін айқындап берген болатын.

Міне, осы мақсатта біз де өз ауданымыздың балалары жаңа технологияларды меңгеріп, құлтемірді бағындырып, оқу үрдісінде бағдарламалау, 3D модельдеу, алгоритмнің кезектілігін құрастыра білу сынды жаңа ғылым түрлерін меңгерсе деген ойдамыз.

Осы мақсатта ауданымыздағы 15 мектепте «Робот техникасы» үйірмелері енгізілуде. Биылғы жылы жалпы соммасы 15 млн 144 мың теңгеге 4 мектепті «Робототехника» кабинетімен жабдықтау жұмыстары жүргізілді. Кабинет 20 оқушыға арналған жиҺазбен, 10 комплект базалық, 10 комплект ресурстық лего роботтарымен, интерактивті тақта, проектор, мұғалім ноутбугі және 10 дана оқушы ноутбуктарымен жабдықталған.

 

 

 

 

Ауданымызда «ІТ» кабинет ашылды

Ауданымызда «ІТ» кабинет ашылды

 

«Қазақстан – 2030» стратегиясындағы негізгі бағыттардың бірі ретінде білімі мен білігі жағынан шетелдердегі замандастарымен бәсекеде жеңілмейтін, сонымен қатар, бойында ұлттық ділі сақталған, отаншылдық рухы кемел қазақстандықтардың жаңа ұрпағын тәрбиелеу қажеттігі баса айтылған. Тек осындай ұрпақ қана еліміздің мерейін бүгінгі жеткен биігінен аласартпай, жаһандану аталатын үрдістің теріс ықпалын бойына дарытпай, әлемдік көшіне ілеспек.Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында «Біз цифрлық технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендетуге тиіспіз. Бұл – маңызды кешенді міндет. Елде 3D- принтер, онлайн-сауда, мобильді банкинг, цифрлық қызмет көрсету секілді, денсаулық сақтау, білім беру ісінде қолданылатын және басқа да перспективалы салаларды дамыту керек. Бұл жердегі негізгі фактор Төртінші өнеркәсіптік революция элементтерін жаппай енгізуге бағытталуы тиіс. Бұл – автоматтандыру, роботтандыру, жасанды интеллект, «ауқымды мәліметтер» алмасу, тағы басқа да міндеттер» деген болатын. Қазіргі таңда бүкіл дүние жүзінде ІТ, робототехника ғылымы кең тарап, жаппай қолданылып жатыр. Қазақстан дамыған елдер қатарына қосылу мақсатында ғылыми-техникалық прогресстің осы бір маңызды бағытынан құр қалмауға тиіс.

Осы орайда, біз де өз ауданымыздың балалары жаңа технологияларды меңгеріп, құлтемірді бағындырып, оқу үрдісінде бағдарламалау, 3D модельдеу, алгоритмнің кезектілігін құрастыра білу сынды жаңа ғылым түрлерін меңгерсе деген ойдамыз.

Осы мақсатта Қазақстан Республикасының Ата Заңы «Конституция» күні «НұрОтан» партиясының бастамашыл жобасының аясында Жібек жолы мектеп-лицейінің базасында ІТ сынып ашылды. ІТ сыныптың жалпы соммасы 5 млн 695 мың 700 теңгені құрап отыр. Сынып 10 оқушыға арналған жиҺазбен, виртуалды шындық көзілдірігімен, 3D принтермен, 5 комплект базалық, 2 комплект ресурстық лего роботтарымен, 10 комплект Ардуино роботтарымен, интерактивті тақта, проектор, мұғалім ноутбугі және 10 дана оқушы ноутбуктарымен жабдықталған. Бұл сыныпта ауданымызды оқушылары сабақтан тыс уақытта білім алып, өздерінің техникалық ғылымдардағы қабілеттерін шыңдай түспек.

 

 

 

 

 

 

 


Ұлыстың ұлы кұні құтты болсын!

 

"Алғыс айту күні" мерекесіне орай құттықтау

Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің басшысы Базарова Майра Айдарбековнаның Қазақстан Республикасының 1 - наурыз "Алғыс айту күні" мерекесіне орай аудандағы шығармашылық топтағы мұғалімдерді құттықтауы

"Алғыс айту күні" мерекесіне орай құттықтау








Салтанатты шеру

Салтанатты шеру

07.05.2017 жылы Шу ауданы Төлеби ауылы орталық алаңда Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінің құрылуына 25 жыл Ұлы отан соғысының 72 жылдығына орай ауданның БӘД пәнінің оқытушы ұйымдастырушылары мен оқушылары отан соғыс ардагерлеріне арнап саптық шеру жүргізіп, әскери өнерлерін көрсетті. Осы салтанатты күнге орай аудан әкімі Қ.Досаев тарапынан,аудандық маслихат хатшысы Е.Өміралиев тарапынан және аудандық қорғаныс бөлімі басшысы Б.Жолдас тарапынан БӘД пәнінің оқытушы ұйымдастырушыларына Құрмет грамотасымен Алғыс хаттары тапсырылды.

 

Робототехника

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің әдіскері Қасымбаева Қымбаттың ұйымдастыруымен 2016 жылдың 26 қазан күні өткізілген «Информатиканы оқытудағы инновациялық әдістер: өзекті мәселелері мен ерекшеліктері» тақырыбындағы ғылыми-практикалық семинардан көрініс.

Білім беру - 2020 бағдарламасы

"Мамандық таңдау" семинарынан көрініс

  
 
  

Балабақша кезегіне кезекке қою

Назад 1 2 Вперед

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Жастар жылының салтанатты ашылу рәсімінде сөйлеген сөзі

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының жаңалықтары

Жаңалықтар күнтізбесі

«    Май 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 



Жалпы білім беру мекемелерінің картасы