* » Материалы за Сентябрь 2016 года

**

«Ұстазыңды ұлықта!»

ХАБАРЛАМА
 

 

      Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімі Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің 09.09.2016 жылғы №01-05/563 хатына сәйкес педагогтің беделін арттыру, оның имиджін қалыптастыру, мұғалімдерге қамқорлық көрсету және көңіл бөлу, білім және педагог қызметкерлер мәселелеріне қоғамның назарын аударту, ел азаматтары тарапынан педагогтарға құрмет білдіру мақсатында бүкілқазақстандық Мұғалімдер күні мерекесіне орай «Ұстазыңды ұлықта!» акциясы өткізілетінін хабарлайды.

       Акция шеңберінде мерекелік бағдарламалар, кездесулер, құрмет көрсету іс-шараларын өткізуді, БАҚ-та барлық іс-шараларды жариялауды, білім беру мекемелерінің сайттарында, әлеуметтік желілерде орналастыруды, құттықтауларға арналған интернет желісінде рубликалар ашуды, акция туралы интернет желісінде түлектерге хабарлама жолдануы ұсынылады.

      Акция 2016 жылдың 26-шы қыркүйегі мен 5-ші қазан аралығында өткізіледі. Аталған акцияға оқушылар мен республиканың барлық ниет білдіретін азаматтары қатысады. Акцияның тартымды, қызықты, мерекелік сезімге толы болып өтуі үшін жұртшылықтың жаппай қатысуын қамтамасыз ету қажет.


"ҚАЗАҚСТАН - ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ"

ХАБАРЛАНДЫРУ

 

 

Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімі Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің 15.09.2016 жылғы №01-03/577 хатына сәйкес «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 4-ші «Бірегейлік пен бірлік» бағытын іске асыру шеңберінде ҚР Сыртқы істер министрлігі сандық технологиялар саласындағы «Қазақстан – Ұлы Дала Елі» атты жаңа бірегей өнімді сандық қосымшаны әзірлеп, ұсынатындығын хабарлайды.

Бұл жобаның мақсаты – Ұлт жоспарының 87-ші қадамындағы «Қазақстан энциклопедиясы» кең көлемді интернет жобасын құру туралы әрбір азаматқа және шетелдік туристерге мемлекетіміз туралы көбірек мағлұмат беруді жүзеге асыру.

Бұл Қосымша еліміз туралы кешенді тақырыптардың кең ауқымын қамтитын 10 бөлімнен тұратын «география, тарих, қоғам, мәдениет, мемлекет, халықаралық қатынастар, экономика, туризм, Астана және «ЭКСПО-2017») сандық энциклопедия болып табылады.

Қосымша қазақ, орыс және ағылшын – үш тілде жазылған 68 тараудан, әрқайсысында 370-тен астам суреттен тұратын фотогалереядан, 24 бейнероликтен, 12 3D форматтағы 12 объектіден; 20 панорамалық фотосуреттен, 12 интерактивті 3D кескіндерден, 4 интерактивті 3D карталардан жасалған.

Қосымша құрылғылардың барық түріне (ұялы телефондар, планшеттер, ноутбуктер, компьютерлер) орнатуға болады. Электронды нұсқасы AppStore мен PlayMarket-те, сонымен қатар СІМ-нің ресми веб-сайтында орналасқан. Сонымен қатар, Windows-нұсқасын СІМ-нің веб-сайтынан жүкетуге және әртүрлі іс-шаралар барысында қолдануға мүмкіндік туғызуы үшін flash-карталар мен CD-дикілерге жазуға болады.

Бұдан басқа, осы нұсқаны үлкен іс-шаралар барысында проекторлар мен плазмалы панельдерде көрсету үшін компьютерлерге орнатуға болады.

Ақпараттық материалдардың электронды сілтемелерін әрбір мұғалім мен оқытушы оқу үдерісінде (табиғаттану, география, тарих, әдебиет, қазақ, орыс және ағылшын тілдері сабақтарында) қолдану қажет.

 Қосымшаның толық нұсқасын төмендегі сілтеме бойынша көшіре аласыздар.

http://www.mfa.kz

 

«Мектепке жол» акциясы

«Мектепке жол» акциясы

 

Шу ауданы әкімдігі білім бөлімінің 1 тамыз 2016жылы № 723 бұйрығы негізінде Республикалық «Мектепке жол» акциясын өткізу мақсатында іс-шаралар жоспары бекітіліп, жүзеге асырылуда.

2016 жылы 2 тамыз күні М.Мақатаев атындағы тірек (РО) мектебінің базасында мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына «Мектепке жол» акциясының өткізу барысы, іс-шара жоспарымен таныстырылып, «Мектепке жол» акциясы бойынша әдістемелік құралдар таратылды.

Аудандағы 48 мектеп демеушілер іздестіріп, жағдайы төмен көп балалы отбасынан шыққан балаларға көмек көрсетілуде.

Аз қамтылған, жетім және көп балалы отбасыларындағы оқушыларды қажетті құрал-жабдықтармен, кеңсе тауарларымен, мектеп формасы және аяқ киіммен 1-30 тамыз аралығында 625 оқушы 4779 600 теңгеге бюджеттен тыс қаражатпенқамтамасыз етілді.

Мемлекеттің қолдауына мұқтаж балалардың мектепке дайындығына демеушілік көмек көрсету үшін кәсіпкерлер мен меценаттарды тарту қолданылуда.

2016 жылдың 19 тамыз күні Шу ауданының әкімдігінде аз қамтылған, жетім және көп балалы отбасынан шыққан 25 оқушыға «Мектепке жол»акциясы аясындамектеп формасын, спорттық киім және мектепке қажетті құрал жабдықтарды сыйға тартты.

- аз қамтылған және көп балалы отбасыларындағы оқушыларды мектепке қажетті құрал жабдықтармен, кеңсе тауарларымен, киіммен жәнеаяқ киіммен, спорттық тауарлармен 1-10 тамыз аралығында 91 оқушы 819000 мың теңгеге қамтамасыз етілді.

- 2016 жылдың 11-20 тамыз аралығында 25 оқушы 312000 мың теңгеге қамтамасыз етілсе, 21-30 тамыз аралығында 509 оқушы 3 648 600 мың теңгеге көмек көрсетілді.

Атап айтсақ, Домалақ Ене атындағы орта мектептің 12 оқушысына демеушілер көмегімен және мектеп ұжымының көмегімен 116000 мың теңгеге, Т.Әшімбаев атындағы орта мектептің 6 оқушысына 51000 мың теңгеге, С.Естемесов атындағы орта мектептің 5 оқушысына 35000 теңге көлемінде, Б.Момышұлы атындағы орта мектептің 5 оқушысына 75000 мың теңге, Абай атындағы орта мектептің 26 оқушысына 149000 мың теңге, Амангелді орта мектебіне 105000 мың теңге көлемінде көмек көрсетілді. А.С.Макаренко орта мектебіне даярлық сыныбына баратын Аманбай Томирис және 1 сыныбына баратын Аманбай Анипаға мектеп ұжымы атынан 12000 мың теңге (мектеп формасы), Шу ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінен 10000 мың теңге, «Шу өңірі» газетінің баспасы атынан 10000 мың теңге, Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімі 20000 теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетті.

Осы уақыт аралығында демеушіліктің көмегімен 625 балаға 4 млн779 мың 600 теңгеге көмек берілді.

Аудан әкімінің орынбасарымен бектілген іс-шаралар жоспары бойынша төмендегідей жұмыстар жүргізілуде. Жергілікті «Шу өңірі» баспасөзінің 2016 жылғы 10 тамызындағы №70 нөмірінде «Мектепке жол» атты республикалық қайырымдылық акциясына қатысайық деген үндеу хаты жарияланса, 20 тамыз күнгі №73 санында «Әкімнің қамқорлығы» атты тілшілер мақаласы, 27 тамыз күнгі №75 басылымына «Болашақты бірге жасаймыз» атты мақаласын Жібек жолы мектеп лицейінің мұғалімі жариялады.

«Мектепке жол» акция барысында мөлтек аудандарында 1-10 тамыз аралығында 3405 ауланы /пәтерді/ 192 мұғалім аралады, 11-20 тамыз аралығында 3506 ауланы 156 мұғалім , 21-30 тамыз аралығында 3627 ауланы 221 мұғалім аралады .

Барлығы 1-30 тамыз аралығында 10538 ауланы 569 мұғалім аралады.

Қауіп-қатер тобындағы және панасыз қалған балаларды, тұрмысы қолайсыз отбасынан шыққан балаларды, сондай-ақ жүйелі түрде мектепке бармайтын балаларды анықтау бойынша 40 адам қатысып 128 рейд жүргізілді.

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Жастар жылының салтанатты ашылу рәсімінде сөйлеген сөзі

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының жаңалықтары

Жаңалықтар күнтізбесі

«    Сентябрь 2016    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930 



Жалпы білім беру мекемелерінің картасы