Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл
Шу ауданы әкімдігінің білім бөліміне қарасты №18 М.Әуезов атындағы орта мектепте 2016 жылдың 24 ақпанында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай өткізілген «Тәуелсіздік – Тәңірден келген тәтті сый!» тақырыбында аудандық семинар өтті. Семинарға аудан мектептерінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысып, мерекелік көңіл күй кешті.


Шу ауданы әкімдігінің білім бөліміне қарасты М.Х.Дулати атындағы орта мектепте Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай «1 наурыз – алғыс айту күні» мерекелік іс-шара өтті. Іс-шараның мақсаты: өскелең ұрпақты Отан сүйгіштікке, имандылыққа, ұлтын, Отанын құрметтейтін азамат болып өсуге, ізеттілікке тәрбиелеу. Іс-шараға 45 оқушы тартылып, мектеп мұғалімдерінің бәрі атсалысты.
Шу ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы қарсаңында 2016 жылдың «Мектепке жол» акциясы аясында «Бақытты балалық шақ мекені!» ұранымен қайырымдылық іс- шара өтті. Қамтылған оқушылар саны -25 аз қамтылған отбасынан шыққан бала. Аудан әкімі Р.Дәулет балаларға сәттілік, мектепте жақсы оқушы атануларына тілектес екендігін айтты.
Шу ауданы Төле би ауылындағы мәдениет үйінде ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Қалдырған ізің мәңгілік...» атты ұстаздар мерекесіне арналған салтанатты жиын өтті. Салтанатты жиында аудан әкімі Р.Дәулет аудан мектептерінің үздік мұғалімдері мен ардагер ұстаздары мерекелерімен құттықтап, марапаттаулар мен сый-сияпаттар тапсырды.
Шу ауданы Бірлік ауылында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Мәңгілік ел – өнер құшағында» атты ауыл күні ұйымдастырылып, өткізілді. Мерекелік іс-шараға Бірлік ауылының тұрғындары мен М.Х.Дулати атындағы орта мектеп ұжымы белсене қатысты. Мерекелік іс-шараға жүзден аса оқушылар мен мұғалімдер тартылды.
Шу ауданы Оразалы батыр ауылындағы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектепте Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай отбасы күніне арналған«Әкем, анам және мен» отбасылық спорттық сайыс өтті. Сайысқа 6 отбасы қатысып, үш жүлделі орынды өзара бөлісіп алды.
Шу ауданы әкімдігінің білім бөліміне қарасты бала бақша тәрбиешілері арасында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Жүрегімді балаларға арнаймын» атты тәрбиешілер арасындағы фестиваль ұйымдастырылып, «Айналайын» балалар бақшасында өткізілді. Фестиваль мақсаты: мектепке дейінгі ұйымдар педагогтарының театрланған әрекеттерін шығармашылықпен, заманауи ұйымдастырылған жұмыстардың түрлері мен әдістерін насихаттау. Фестивальге 84 бала бақша педагогтары қатысып, бас жүлде мен бірінші орын алған бала бақша педагогтары облыстық фестивальге жолдама алды.
Шу ауданы әкімдігі білім бөлімінің ұйымдастыруымен Төле би ауылындағы Балалар мен жасөспірімдер орталығында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Жырым да сен, сырым да сен - Тәуелсіздік» атты аудандық патриоттық әндер байқауы өтті. Байқаудың мақсаты – мектеп жасындағы оқушылар арасында талантты жаңа есімдерді анықтаумен қатар, еліне деген сүйіспеншілігі мен еліміздің рухани өміріндегі жетістіктеріне үлес қосу еді; Байқауға аудан мектептерінен 20 оқушы қатысып, бас жүлдені Бірімқұл Ғабит (жоғарғы топ бойынша) және Грибенюк Роман (кіші топ бойынша) жеңіп алды.
Шу ауданы әкімдігі білім бөліміне қарасты Барлық білім беру ұйымдарында бір уақытта (2016 жыл, 15 қазан, сағат 11.00) «Біз тәуелсіз Қазақстанның балаларымыз» атты флэшмоб ұйымдастырылып өткізілді. Флешмобқа аудан мектептерінің барлығы қатысты.
Шу ауданы әкімдігі білім бөліміне қарасты «Жерұйық» жас натуралистер станциясында білім мекемелеріндегі экологтардың ұйымдастыруымен 2016 жылдың 25 қазанында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Тәуелсіздік аллеясы» атты көгалдандыру акциясы ұйымдастырылып, «Тәуелсіздіктің 25 жылдығына – 25 қарағай» атты аудандық іс-шара өтті. Іс-шараға Төле би ауылындағы мектеп оқушылар мен мұғалімдері белсене қатысып, қарағай егумен басталса, соңы концерттік бағдарламамен аяқталды.




Шу ауданы әкімдігінің білім бөліміне қарасты білім мекемелерінің Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай 5-11 сынып оқушылары арасында 2016 жылдың 26 қазанында «Тәуелсіздігім мақтанышым» атты сурет байқауы өтті. Байқауға аудан мектептерінің оқушылары атсалыса қатысты.


Шу ауданы әкімдігінің білім бөліміне қарасты барлық мектептерде 2016 жылдың 14 қараша күні Тәуелсіздіктің 25 жылдығы аясында ант қабылдаумен «Жас Ұлан» қатарына салтанатты қабылдау өтті. Атап айтсақ, Төле би ауылыдағы әл-Фараби атындағы орта мектепте бұл іс-шара ерекше аталып өтті. Іс-шараға «Нұр Отан» партиясының хатшысы Бастаубаева Сұлутай Абдуалиевна, Шу ауданы әкімінің ішкі саясат бөлімінің басшысы Аскарова Элмира Ақылбековна қатысып, жасұландықтардың мойнына галстук байлады. Іс-шара соңы концерттік бағдарламамен ұласып жалғасын тапты.

































