* » Материалы за 23.11.2016

**

Бірлік – біздің қасиетті туымыз

Бірлік – біздің қасиетті туымыз

 

Шу ауданы әкімдігінің білім бөліміне қарасты «Мәңгілік Ел» тәрбие және білім беру орталығының ұйымдастыруымен 2016 жылдың 23 қараша күні «Бірлік – біздің қасиетті туымыз» тақырыбында Жаңа жол ауылы, Б.Момышұлы атындағы орта мектебінде фестиваль өткізілді.

Қатысқандар:«Мәңгілік ел» тәрбие –білім беру орталығының директоры А.Тастанова, Әзірбайжан ұлттық орталығының өкілі Мухамеджанова Гульханум Насруллаевна, Алға атындағы орта мектебі, Амангелді атындағы орта мектебі, Еңбекші атындағы орта мектебі, Домалақ–Ене атындағы орта мектебі, Ж.Баласағұни атындағы орта мектебі , Жайсан атындағы орта мектебі, Естемесов атындағы орта мектебі, Ш.Уалиханов атындағы орта мектебі, Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп.

«Бірлік біздің қасиетті туымыз» атты байқау 5 (бес) кезеңнен тұрады.

1-кезең Таныстыру

2-кезең Ұлттық би(жеке және топтық 5мин)

3-кезең Ұлттық ән.( дуэт, трио, квартет )

4-кезең Ұлттық тағамдарының ерекшелігі. (дайын өнімге түсініктеме беру)

(ұлттық тағам ерекшелігін көрсету 5мин)

5-кезең Сахналық көрініс. «Бірлік біздің қасиетті туымыз» тақырыпты ашу. (достық, бірлік, татулық тақырыбында 7мин)

1.Алға атындағы орта мектебі «Орыс халқының» өнерімен таныстырады.

2.Амангелді атындағы орта мектебі «Ұйғыр халқының» өнерімен таныстырады.

3.Еңбекші атындағы орта мектебі «Түрік халқының» өнерімен таныстырады.

4.Домалақ–Ене атындағы орта мектебі «Грузин халқының» өнерімен таныстырады.

5.Ж.Баласағұни атындағы орта мектебіКүрт халқының» өнерімен таныстырады.

6.Жайсан атындағы орта мектебі «Өзбек халқының» өнерімен таныстырады.

7.С.Естемесов атындағы орта мектебі «Неміс халқының» өнерімен таныстырады.

8.Ш.Уалиханов атындағы орта мектебі «Әзірбайжан халқының» өнерімен таныстырады.

9.Ы.Алтынсарин (а) атындағы орта мектебі «Украин халқының» өнерімен таныстырады.

Марапаттау:

Бас жүлде - Б.Момышұлы атындағы орта мектебі «Кәріс халқы»

1 орын – Ы.Алтынсарин (а) атындағы орта мектебі «Украин халқы»

1 орын - Жайсан атындағы орта мектебі «Өзбек халқы»

2 орын-С.Естемесов атындағы орта мектебі «Неміс халқының»

2 орын-Домалақ–Ене атындағы орта мектебі «Грузин халқы»

З орын- Ш.Уалиханов атындағы орта мектебі «Әзірбайжан халқы»

 

 

Фестиваль барысында түсірілген суреттер.

Бірлік – біздің қасиетті туымыз

 

Бірлік – біздің қасиетті туымыз

 

Бірлік – біздің қасиетті туымыз

 

Бірлік – біздің қасиетті туымыз

 

ЖАҢА БАҒДАРЛАМА - ЖАҢАЛЫҚҚА БАСТАР ТУРА ЖОЛ

 

 ЖАҢА  БАҒДАРЛАМА - ЖАҢАЛЫҚҚА  БАСТАР  ТУРА  ЖОЛ

 

Елімізде білім беру жүйесін әлемдік білім беру жүйелерінің деңгейіне жеткізу мақсатында бастауыш сыныптан бастап білім берудің жаңа жүйесін енгізуде. Оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін енгізу арқылы Қазақстанның ұлттық білім беру жүйесіне арналған орта білім мазмұнын жаңарту бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамы филиалы Жамбыл облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының тренерлері Шу ауданында бірнеше курстар өткізіп, ұстаздардың педагогикалық шеберлігін жетілдіруде. Үстіміздегі жылдың қазан айының 24 мен 11-қараша аралығында тренер Махадиева Бақытгүл Омирбековнаның жетекшілігімен ауданымыздың бастауыш сынып мұғалімдері «Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде қазақ тілінде оқытатын мектептердегі бастауыш сынып пәндері бойынша педагогика кадрларының біліктілігін арттыру» курсынан өтуде. Бүгінгі күні білім беру жүйесі алдында оқушыға табысты білім беру міндеті тұр, табысты білімде оқушы бойында ХХІ ғасыр дағдылары, яғни алған ақпаратты есте сақтап, ой қорытып, түсіне отырып алған білімін әртүрлі салада қолдану қалыптасады. Курста білім алып жатқан ұстаздар қауымы жаңа жүйемен білім алатын оқушылар бойында рухани құндылықтар мен дағдылар қалыптастыру, спиральді білім беру бағдарламасы моделі, критериалды бағалау жүйесі туралы білімдерін шыңдап, тәжірибеде қолдану шеберліктерін жетілдіруде. Курста өтілген әр күн ұстаздар үшін өте қызықты мәліметтерге толы, бағдарламада басты назарда ұсталып отыратын төрт дағды оқылым, жазылым, тыңдалым мен айтылымды дамыта отырып сабақ мақсаттарын құруда, жаңаша әдіс-тәсілдермен берілген сабақ бұрынғы дәстүрлі сабақтарға қарағанда өте тиімді екендігіне көз жеткізуде, жаңа бағдарламамен ұстаздар бір-бірімен тәжірибе бөлісіп, түрлі сабақ үлгілерін көрсетуде. Сабақ берудің жетілген әдіс-тәсілдерімен жете танысып, курс бағдарламасын меңгерген ұстаздар қауымы осы оқу жылына тың өзгерістер әкелеріне сенімдіміз.

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Жастар жылының салтанатты ашылу рәсімінде сөйлеген сөзі

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының жаңалықтары

Жаңалықтар күнтізбесі

«    Ноябрь 2016    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 



Жалпы білім беру мекемелерінің картасы