* » Материалы за 05.04.2017

**

Аудандық «Үздік педагог» байқауын өткізудің ЕРЕЖЕСІ

Аудандық «Үздік педагог» байқауын өткізудің

ЕРЕЖЕСІ

 

  1. Жалпы ережелер

1. Осы «Үздік педагог» атағын беру ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 8-6) тармақшасына сәйкес әзірленген.

2. «Үздік педагог» атағын беру конкурсының (бұдан әрі - Конкурс) облыстық кезеңініңдайындық және өткізу жұмыстары ұсынылып отырған Ереже негізінде жүзеге асырылады.

3. «Үздік педагог» атағын беру конкурсының ІІ кезеңі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы №12 бұйрығымен бекітілген «Үздік педагог» қағидалары негізінде өткізіледі.

4. Конкурсқа қатысушылардың құжаттары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 173 «Үздік педагог» атағын беру конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілген қызмет стандартын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес қабылданады.

 

2.Конкурстың мақсаттары мен міндеттері

1. Мақсаты: педагог кәсібінің мәртебесін арттыру және кәсіби қызметте жоғары жетістіктері бар шығармашыл педагогтерді анықтау.

2. Міндеттері:

· заманауи озық технологиялармен жұмыс жасайтын педагог қызметкерлердің озық іс-тәжірибелерін тарату;

· білім беру үдерісіндегі педагогикалық идеяларды насихаттау;

· шығармашылықпен жұмыс атқаратын педагог қызметкерлерге қолдау көрсету.

 

3.Конкурсқа қатысушылар

1. Конкурсқа білім беру ұйымдарының штаттағы педагог қызметкері болып табылатын,кемінде бес жыл үзіліссіз педагогикалық өтілі бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.

2. «Үздік педагог» атағы бір адамға бес жыл ішінде бір реттен артық берілмейді.

4. Конкурстың өткізілу кезеңдері

Конкурс үш кезеңде өткізіледі:

І кезеңі: аудандық (қалалық), жыл сайын сәуірде өткізіледі, онда екінші кезеңге қатысуға ұсынылған Конкурс жеңімпаздары айқындалады.

ІІ кезеңі: облыстық, жыл сайын мамырда өткізіледі, онда үшінші кезеңге қатысуға ұсынылған Конкурс жеңімпаздары айқындалады.

ІІІ кезеңі: республикалық, жыл сайын тамыз-қыркүйекте өткізіледі, онда Конкурс жеңімпаздары айқындалады.

 

 

5. Конкурстың өткізілу тәртібі

1. Пән бойынша тест тапсырмалары.

·аудандық білім бөліміне қарасты білім мекемелерінің педагог қызметкерлері үшін өткізілетін күні: 19.04.2017 ж., сағат 10.00-12.00. (құжаттарды қабылдау)

Ең жоғары ұпай саны – 80 бал. Бағалау критерийлері: әрбір дұрыс жауап 1 балмен бағаланады. Берілетін уақыт – 120 минут.

Тест қорытындысы бойынша 80%-дан төмен көрсеткіш көрсеткен үміткерлер конкурстың келесі кезеңіне жіберілмейді.

2. Қатысушының құжаттары мен эссе жұмыстарының сараптамасы.

·аудандық білім бөліміне қарасты білім мекемелерінің педагог қызметкерлері үшін өткізілетін күні: 19.04.2017 ж., сағат 12.00-19.00.

Ең жоғары ұпай саны – 60 бал.

Бағалау критерийлері:

·педагогикалық іс-әрекеттерінің нәтижелілігі;

·педагогтің кәсіптік құзыреттілігі;

·педагогтың педагогикалық іс-әрекеттерін өзіндік бағалауы және өз іс-тәжірибесін тарату мәліметтері;

·педагогтің кәсіби шеберлігіне және өзіне берген әлеуметтік сырт бағасы;

·республика, облыс көлемінде білім беру ісінің дамуына қосқан педагогтің үлесі.

«Мен – қазіргі заманның педагогімін» тақырыбында эссеге қойылатын талаптар: 500 сөзден аспайтын, форматы doc, кегель 14, шрифт Times New Roman.

Ең жоғары ұпай саны – 25 бал.

Бағалау критерийлері:

·ойын нақты және түсінікті жеткізуі;

·ой өрісінің кеңдігі;

·жаңашылдығы;

·логикасы;

·сауаттылығы;

·дәлелділігі;

· ерекшелігі.

3.Шығармашылық жұмыстарын қорғау (электронды портфолио).

·аудандық білім бөліміне қарасты білім мекемелерінің педагог қызметкерлері үшін өткізілетін күні: 20.04.2017 ж., сағат 09.00-19.00.

Негізгі кезеңге өткен қатысушылар өздерінің отандық білім берудің заманауи тенденцияларын айқындайтын шығармашылық жұмыстарын қорғайды. Берілетін уақыт – 10 минут. Ең жоғары ұпай саны – 40 бал.

Бағалау критерийлері:

· мазмұнының тереңдігі және ерекшелігі;

· ғылымилығы және әдістемелік құндылығы;

· жаңашылдығы;

· әлеуметтік маңызы;

· көпшілік алдында өзара қарым-қатынас жасай білуі.

Осы турда конкурсқа қатысушылар авторлық электронды портфолиосыментаныстыруына мүмкіндік беріледі.

4. Оқушылармен (білімгерлермен) өткізілетін ашық сабақтар.

·аудандық білім бөліміне қарасты білім мекемелерінің педагог қызметкерлері үшін өткізілетін күні: 24.04.2017 ж., сағат 09.00-19.00.

Ашық сабақты өткізу барысында оқушылардың дайындық деңгейі мен санын пәніне сәйкес конкурсты ұйымдастырушылар, сабақтың тақырыбы мен сыныбын конкурсқа қатысушылар анықтайды. Ең жоғары ұпай саны – 40 бал.

Бағалау критерийлері:

  • тақырыптың толық ашылуы, әдістемелік әдістердің ерекшелігі, ғылымилығы;
  • педагогтың ақпарат көздерінің түрлі нысандарын пайдалануды ұйымдастыру қабілеті;
  • сабақтың жаңашылдығы;
  • педагогтың оқушылармен қарым-қатынас деңгейі;
  • білім беру үрдісінде инновациялық технологияларды қолдану деңгейі;
  • сабақ беру үрдісінде оқушылардың ынтасы мен белсенділік іс-әрекетін жоғары деңгейде ұйымдастыра білу қабілеті.

 

6. Конкурсты қорытындылау

1. Аудандық «Үздік педагог» байқауының қорытындысы бойынша жеңімпаздары анықталады.

2. «Үздік педагог» байқауының жеңімпаздары (бас жүлде, І, ІІ және ІІІ орын иегерлері) жүлделі орындармен марапатталады.

3. «Үздік педагог» аудандық кезеңінің жеңімпазы облыстық ІІ кезеңіне қатысуға жолдама алады.

7. Ұйымдастыру комитеті

 

Конкурсты ұйымдастыру және өткізу бойынша төмендегі телефондар арқылы байланысуға болады:

 

(87263) 8 3-01-51

Бегімбаева Лайля Дәнебекқызы, аудандық оқу-әдістемелік кабинетінің меңгерушісі, 8702333 45 27

(87263) 8 3-00-09

Аманжол Арайлым Нұрғазықызы, аудандық білім бөлімінің әдіскері, 8702532 34 91

(87263) 8 3-00-09

Татибеков Дархан Рахымбердиевич, аудандық білім бөлімінің әдіскері, 8707377 72 34

 Қосымша 2

Шу ауданы әкімдігі

білім бөлімінің басшысы

К.Қожағаппановаға

Аудандық «Үздік педагог» байқауына

 

ӨТІНІМ

Мені конкурсқа қатысуға жіберуіңізді сұраймын. Өзім туралы келесі мәліметтерді хабарлаймын:

 

1.

Жұмыс орны

 

2.

Т. А. Ә. (толық жазу)

 

3.

Туған күні, айы, жылы

 

4.

Лауазымы

 

5.

Педагогикалық өтілі

 

6.

Лауазымдағы жұмыс өтілі

 

7.

Білімі (қандай оқу орнын, факультетті қай жылы бітірді)

 

8.

Біліктілік санаты

 

9.

Индексі көрсетілген үйінің мекен-жайы

 

10.

Жеке куәлігінің деректері (нөмірі, қашан және кім берді, ЖИН)

 

11.

Байланыс телефоны (үй, ұялы)

 

12.

Марапаттау, көтермелеу

 

 

 

Қосымша: конкурсқа қатысу үшін құжаттар________парақ.

Өтінімнің толтырылған күні__________________________

Конкурсқа қатысушының жеке қолы___________________

Аудандық (қалалық) білім бөлімі басшысының қолы__________________

М.О.


«Қауіпсіз Интернет» республикалық ақпараттық кампаниясын өткізу туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

«Қауіпсіз Интернет» республикалық ақпараттық

кампаниясын өткізу туралы

ХАБАРЛАНДЫРУ

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 29.03.2017 жылғы №2800/4-18-6/948-И хатына сәйкес ағымдағы жылдың 10-21 сәуір аралығында «Қауіпсіз Интернет» республикалық ақпараттық кампаниясын өткізу ұсынылуда.

Кампанияның басты мақсаты – кәмелетке толмағандардың, педагогтер мен ата-аналардың назарына агрессивті Интернет мазмұнының әсерінен болатын проблемаларды түсіну деңгейін арттыруға бағытталған ақпаратты жеткізу, Интернет ресурстарды қолдану мәдениетін, кәмелетке толмағандардың Интернетке кіру белсенділігін бақылауға қатысты Интернет-қызметтерде ересек қолданушылардың жауапкершілігін жоғарылату.

Осыған орай, аудандағы орта және негізгі білім еру ұйымдары ақпараттық кампанияны қоса берілген тұжырымдама мен іс-шаралара жоспарына сәйкес өткізу қажет.

Кампанияның тұжырымдамасы мен іс-шаралар жоспарын төмендегі сілтемелер бойынша көшіре аласыздар.

Koncepciya.doc [51,5 Kb] (cкачиваний: 17)
plan-po-kampanii-ministerstva.doc [148 Kb] (cкачиваний: 14)
plan-po-kampanii-oblast.doc [92 Kb] (cкачиваний: 19)

«Орта білім беретін үздік ұйым» атты аудандық байқау туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

«Орта білім беретін үздік ұйым» атты аудандық байқау туралы

ХАБАРЛАНДЫРУ

 

Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімі (Төле би ауылы, Егемберді көшесі, № 2 үй, тел./факс: 8(72638) 3-00-09) «Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің әдістемелік кабинеті «Орта білім беретін үздік ұйым» атты аудандық байқау өткізеді.

«Орта білім беретін үздік ұйым» грантын беру тәртібін

және оның мөлшерін белгілей отырып, оны беруге

арналған конкурсты өткізу қағидалары

 

І. Жалпы ережелер

1. Осы «Орта білім беретін үздік ұйым» грантын беру тәртібін және оның мөлшерін белгілей отырып, оны беруге арналған конкурсты өткізуқағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының8-7) тармақшасынасәйкес әзірленді және «Орта білім беретін үздік ұйым» грантын беру тәртібін және оның мөлшерін белгілей отырып, оны беруге арналған конкурсты өткізу тәртібін айқындайды.

2.Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) «Орта білім беретін үздік ұйым» гранты (бұдан әрі – Грант) – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік орта білім беру ұйымдарына рейтингтік көрсеткіштері негізінде конкурс қорытындылары бойынша жыл сайын бөлетін ақша;

2) рейтингтік көрсеткіштер – мемлекеттік білім беру мекемелері сәйкес болуға тиіс, осы Қағидаларда белгіленетін өлшемдер.

3. «Орта білім беретін үздік ұйым» грантын беру тәртібін және оның мөлшерін белгілей отырып, оны беруге арналған конкурсты (бұдан әрі – Конкурс) білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдар жыл сайын өткізеді.

4. Конкурс тиімді педагогикалық және басқару тәжірибесін анықтау, қорыту және тарату, орта білім беру ұйымдарының педагогтары мен басшыларының кәсіби және жеке тұлғалық өсуін ынталандыру, Қазақстан Республикасының орта білім беру жүйесінің даму үрдісін анықтау мақсатында өткізіледі.

5. Грант Конкурстың жеңімпазы - мемлекеттік орта білім беретін үздік ұйымға беріледі.

 

2. «Орта білім беретін үздік ұйым» грантының мөлшерін және оны беру тәртібін белгілей отырып, оны беруге арналған конкурсты өткізу тәртібі

 

1.Конкурсқа қатысуға мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының (бұдан әрі – білім беру ұйымдары) барлық түрлеріне рұқсат беріледі.

2. Конкурсқа қатысушылардың құжаттары 2017 жылғы 25 сәуірге дейін қабылданады.

3. Конкурс 28.04.2017 жылы сағат 10:00 де білім бөлімінің әдістемелік кабинетінде өткізіледі.

 

Шу ауданы әкімдігінің жанындағы конкурстық комиссияның мекен-жайы: Шу ауданы, Төле би ауылы, Егемберді көшесі №2 аудан әкімдігінің білім бөлімі, байланыс телефондары 8(32638) 3-00-09;

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Жастар жылының салтанатты ашылу рәсімінде сөйлеген сөзі

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының жаңалықтары

Жаңалықтар күнтізбесі

«    Апрель 2017    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930



Жалпы білім беру мекемелерінің картасы