* » Материалы за Май 2017 года

**

Мемлекеттік тапсырысты орындауға конкурс

ХАБАРЛАНДЫРУ

Шу қаласында жекеменшік балабақшаларда мектепке дейінгі оқу мен тәрбие бойынша Батыс мөлтек ауданында 75 орынға мемлекеттік тапсырысты орындауға конкурс жарияланады.

Конкурсқа қатысу үшін жекеменшік мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары«Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне мынадайқұжаттар ұсынады:

1) комиссия төрағасының (төрайымының)атына ерікті нысандағы өтініш(К.Қожағаппанова);

2) бизнес сәйкестендіру нөмірі тағайындалған заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамасының, жарғының, жеке кәсіпкердің мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің, банктен қарызының жоқтығы туралы және салық органдарынан қарызының жоқтығы туралы анықтаманың көшірмесі;

3) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары үшін қолданылатын жылжымайтын мүлікке құқықты орнатушы құжаттардың көшірмесі (жекеменшік немесе жалға алу);

4) медициналық кабинеткелицензияның немесе тіркелген жерін ескере отырып емханамен қызметтің көрсетілуіне жасалған шарттың көшірмесі;

5) білім беру органдарының жолдамасымен мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша балаларды қабылдау және Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңына сәйкес бекітілген ата-аналар төлемінің тарифінен аспайтын мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша баланы күтіп-бағуға ата-аналар төлемінің мөлшерін белгілеу туралы жеткізушінің міндеттемесі. Жеткізуші міндеттемесінің нысаны ерікті.

Растайтын құжаттар:

1) көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің2015 жылғы 17 наурыздағы№ 217 бұйрығымен бекітілген «Балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту объектілерінеқойылатынсанитариялық-эпидемиологиялық талаптар»санитариялық қағидаларының талаптарына сәйкестігі;

2) санитарлық ережелербойынша материалдармен және құралдармен жабдықтаудың қажетті деңгейіне сәйкестігі;

3) тәрбие мен оқыту бағдарламаларының Стандарт талаптарына сәйкестігі.

Жекеменшік мектепке дейінгі білім беру ұйымдары тарапынан мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша орын санына байланысты ұсыныстар саны артқан жағдайда жеткізушілерді комиссия конкурс негізінде таңдап алады.

Жеткізушіні конкурс арқылы таңдаудың қосымша критерийлері:

1) тәрбиешілердің жалпы санынан олардың 10%-дан кем емес жоғарғы және бірінші санаттағы үлесі;

2) мемлекеттік білім беру тапсырысы қызметін ұсыну бойынша тәжірибенің болуы.

Құжаттар Төле би ауылы, Егемберді көшесі № 2 үй, Шу аудандық білім бөлімінің № 10 кабинетінде 23-30 аралығында, сағ 9:00-19:00 ге дейін қабылданады.

Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің 2017 жылға бөлінген қаржы көлемі

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы №540 "Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" бұйрығына сәйкес Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің 2017 жылға бөлінген қаржы көлемі туралы толық ақпаратты төмендегі сілтеме бойынша көре аласыздар.
 
Көшіру Budjet-na-2017-god-Otdela-obrazovania.rar [22,58 Kb] (cкачиваний: 4)

Салтанатты шеру

Салтанатты шеру

07.05.2017 жылы Шу ауданы Төлеби ауылы орталық алаңда Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінің құрылуына 25 жыл Ұлы отан соғысының 72 жылдығына орай ауданның БӘД пәнінің оқытушы ұйымдастырушылары мен оқушылары отан соғыс ардагерлеріне арнап саптық шеру жүргізіп, әскери өнерлерін көрсетті. Осы салтанатты күнге орай аудан әкімі Қ.Досаев тарапынан,аудандық маслихат хатшысы Е.Өміралиев тарапынан және аудандық қорғаныс бөлімі басшысы Б.Жолдас тарапынан БӘД пәнінің оқытушы ұйымдастырушыларына Құрмет грамотасымен Алғыс хаттары тапсырылды.

 

Абай оқулары

Аудандық XVIIІ Абай оқулары туралы ақпарат

 

Шу аудандық білім бөлімінің жылдық жоспарына сәйкес 2017 жылғы 19 сәуіріндеС.Сейфуллин атындағы орта мектенбінде аудандықXVIIІ Абай оқуларыөтті.


 

 

Аудандық ХVІІІ Абай оқуларының негізгі мақсаттары мен міндеттері: мектеп оқушылары арасында Абай, Шәкәрім шығармаларын насихаттау; олардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, тұлғалық сезім мәдениетін дамыту; ұлылар поэзиясына, рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, тарихи танымдарын, ізгілікке, демократияға және азаматтыққа бағдарланған дүниетанымдары мен сана-сезімдерін, өмірлік айқындамаларын қалыптастыру.

АудандықХVІІІАбай оқулары үш номинация бойынша өткізілді:

-«Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» - Абай және Шәкәрім

шығармаларын жатқа оқу байқауы.

-«Көңілім әнді ұғады» - Абай мен Шәкәрімнің әндері мен күйлерін

орындаушылардың байқауы.

-«Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» - жас дарындар байқауы

(өз шығармаларын орындау: өлеңдер, әндер, музыкалық шығармалар).

Аудандық байқауға жалпы білім беретін 21 мектептен 52 оқушы қатысты. Оның ішінде, І бөлім бойынша 17 оқушы, ІІ бөлім бойынша 20 оқушы, ІІІ бөлім бойынша 15 оқушы қатысып бақтарын сынады. Байқауға қатысқан оқушылар төмендегіше сараланып, орындарға ие болды.


 

 

 

І. «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» - Абай және Шәкәрімніңшығармаларын жатқа оқу конкурсы бойынша.

Бас жүлде –Шәми Гүлназ Ә.Молдағұлова атындағы о.м. 10-сынып оқушысы.

І орын – Серік Аяжан Ы.Алтынсарин (а) о.м. 8-сынып оқушысы.

ІІ орын – Рыскелдиева Дильназ Жамбыл гимназиясының 8-сынып оқушысы.

ІІ орын – Тілеуберді Нұрсая М.Ғабдуллин о.м. 8-сынып оқушысы.

ІІІ орын – Нығмети Ғалия Еңбекші о.м. 6-сынып оқушысы.

ІІІ орын – Секербек Ризат Жамбыл о.м. 6-сынып оқушысы.

ІІІ орын – Жолдыбаева Меруерт С.Сейфуллин о.м. 6 сынып оқушысы.

 

ІІ. «Көңілім әнді ұғады» - Абай мен Шәкәрімнің әндері мен күйлерін орындаушылардың байқауы бойынша.

І орын – Бірімқұл Ғабит Алға орта мектебінің 9-сынып оқушысы.

ІІ орын – Зүлбахар Альбина Ы.Алтынсарин (а) о.м. 9-сынып оқушысы.

ІІ орын – Айдар Дархан Ы.Алтынсарин (а) о.м. 9-сынып оқушысы.

ІІІ орын – Кален Дәурен Жамбыл атындағы гимназияның 9-сынып оқушысы.

ІІІ орын – М.Әуезов о.м. 5-сынып оқушылары .

ІІІ орын – Амангелді Аяулым С.Шәкіров о.м. 7-сынып оқушысы.

ІІІ. «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» - жас дарындар байқауы бойынша.

Бас жүлде – Әшім Сәкен М.Әуезов о.м. 9-сынып оқушысы.

І орын – Рысбекова Анель Жамбыл м.г. 8-сынып оқушысы.

ІІ орын – Рақыш Аружан Жиенбет н.м. 6-сынып оқушысы.

ІІ орын – Қалқанбай Алина Ы.Алтынсарин о.м. 9-сынып оқушысы.

ІІІ орын – Ибраймова Меруерт С.Шәкіров о.м. 7-сынып оқушысы.

ІІІ орын – Шоманова Аружан Жайсан о.м. 6-сынып оқушысы.

ІІІ орын – Жұмахан Зере Төле би (қ) о.м. 5-сынып оқушысы.

Барлық қатысушылар алғыс хаттармен, жеңімпаздар І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды.


 

 

Аудандық байқаудан бас жүлде алған оқушылар облыстық ХVІІІ«Абай оқулары» байқауына қатысып, төмендегіше жүлделі орындарды иеленіп келді. Облыстық байқау төрт аталым бойынша өткізілді.

І. «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» - Абай және Шәкәрімніңшығармаларын жатқа оқу байқауы бойынша. Ә.Молдағұлова атындағы орта мектебінің 9-сынып оқушысы Шәми Гүлназ ІІ орын.

ІІ. «Көңілім әнді ұғады» - Абай мен Шәкәрімнің әндері мен күйлерін орындаушылардың байқауы бойынша Алға орта мектебінің 9-сынып оқушысы Бірімқұл Ғабит ІІІ орын.

ІІІ. «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» - жас дарындар байқауы бойынша М.Әуезов орта мектебінің 9 сынып оқушысы Әшім Сәкен ІІ орын

 

ІV. «Ұлылар әлемі» - Абай мен Шәкәрім еңбектеріне эссе жазу байқауы бойынша М.Мақатаев тірек мектебінің 10 - сынып оқушысы Бодаубек Айкүн ІІІ орын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Жастар жылының салтанатты ашылу рәсімінде сөйлеген сөзі

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының жаңалықтары

Жаңалықтар күнтізбесі

«    Май 2017    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 



Жалпы білім беру мекемелерінің картасы