* » Материалы за Ноябрь 2017 года

**

«Рухани жаңғыру – табысты ел болуымыздың кепілі» атты аудандық ғылыми-тәжірибелік конференция

«Рухани жаңғыру – табысты ел болуымыздың кепілі» атты аудандық ғылыми-тәжірибелік конференция

 

2017 жылдың 23 қараша күні Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің ұйымдастыруымен Шу қаласы, №40 орта мектеп басзасына «Рухани жаңғыру – табысты ел болуымыздың кепілі» атты аудандық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді.

Конференцияға Шу ауданы әкімінің орынбасары Аймамбетов Ербол Еркінұлы, психология ғылымдарының кандидаты, PhD докторы, Берлин дифференциалды психология интитутының Құрметті профессоры Есімбекова Бақыт Оразайқызы, Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының кафедра меңгерушісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Абдықадырова Тұрсынай Рыстайқызы, «Генерал С.Нұрмағамбетов атындағы Республикалық «Жасұлан» мектебінің тарих пәні мұғалімі Исабаева Раушан Тулегеновна, ҚР білім беру ісінің үздігі, Қазақстан тарихшылары Ұлттық конгресінің және Қазақстан педагогтары Одағының мүшесі Ақылжан Қарақойшым, облыстық білім басқармасының қызметкерлері, Қордай, Меркі, Мойынқұм аудандардың мектеп директорлары мен тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, аудан әкімдігінің жетекшілері, облыстық, аудандық әдістемелік кабинеттердің әдіскерлері, білім беру ұйымдарының директорлары мен орынбасарлары, мұғалімдер, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының менеджерлері мен БАҚ өкілдері қатысты.

Конференция жұмысы екі кезеңге бөлінді. Бірінші кезең, пленарлық отырыста ұлттың рухани жаңғыру болмысындағы ұлттық сана және ұлттық рух, латын графикасының тарихы мен болашағы, мектептегі негізгі тәрбие құралы - ұлттық болмысты сақтау және жастардың рухани-ұлттық танымын қалыптастыру негізі жөнінде баяндамашылар өз ойларын ортаға салды.

Екінші кезең, прктикалық бөлімде №40 орта мектеп базасында «Рухани жаңғыру» кабинетінің ашылу салтанаты жүзеге асырылды. Сонымен қатар, «ARLANS» аудандық оқушылар мен педагогтардың пікір-сайыс клубының және аудандық оқушылар арасындағы «Триумф» киностудиясының ашылу презентациялары қатысушыларға ұсынылды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Химия – биология пән бірлестік жетекшілеріне арналған аудандық оқыту семинары

Химия – биология пән бірлестік жетекшілеріне арналған аудандық

оқыту семинары

Шу ауданы әкімдігі әкімдігі білім бөлімініңоқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен2017 жылдың №972 бұйрығымен 16 қараша күні химия – биология пән бірлестік жетекшілеріне арналған аудандық оқыту семинары өтті. Семинар жұмысына Шу ауданы әкімдігі білім бөліміне қарасты мектептерден 36 пән бірлестік (химия,биология,тарих,география) жетекшілері қатысты.

Семинар барысында төмендегі мәселелер қарастырылды:

Ғылыми жоба, авторлық бағдарлама ережелері мен талаптары;

Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша бірлестіктегі пәндердің жүргізілу барысы;

6,8 сыныптардағы жаңартылған білім мазмұны бойынша оқулықтарды талдау қорытындысы.

Семинар барысында аудандық оқу – әдістемелік кабинетінің пән әдіскері Аметқызы Сержангүл ғылыми жоба, авторлық бағдарлама ережелері мен талаптары туралы мағлұмат берді. Барлық қатысушыларға ғылыми жоба, авторлық бағдарлама ережелері мен талаптары атты брошюралар таратылды.

Қатысушылар пән бойынша тест спецификациясын, балл қою кестесін жиынтық бағалауда пайдалану ерекшеліктері туралы мәлімет алды. Журнал мен күнделікті толтыру үлгілері көрсетіліп, кері байланыс жазу бойынша ұсыныстар берілді. Ұстаздарға сабақты тиімді өткізуде қысқа және орта мерзімді жоспарларды қолдану туралы түсіндірме жұмысы жүргізілді. Бірлестік жетекшілері жаңартылған білім беру мазмұны бойынша І тоқсандағы бірлестіктегі пәндердің жүргізілу барысы туралы мәліметтерін ортаға салып, өзараіс – тәжірибе алмасты.

Семинардың келесі кезеңінде «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығының сайтында орналасқан (www.okulyk-edu.kz) «Оқулықтарды қоғамдық бағалау» баннері арқылы ашып, жаңартылған білім беру мазмұнына әзірленген 6,8 сыныптардың химия, биология пәндері бойынша «Атамұра» және «Мектеп» баспасының оқулықтары мен оқу–әдістемелік кешендері талқыланды. Мұғалімдер өз пікірі мен ұсыныстарын жазбаша түрде қалдырды.

Кері байланыс парағында семинарға қатысушылар оқыту семинарында өздеріне көптеген пайдалы ақпараттар алғандығы туралы пікірлерін жазды.

 

Химия – биология пәндер әдіскері: С.Аметқызы


ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

Шу ауданы жекеменшік балабақшаларда мектепке дейінгі оқу мен тәрбие бойынша Балуан Шолақ ауылында 50 орынға, Шоқпар ауылында 50 орынға мемлекеттік тапсырысты орындауға конкурс жарияланады.

Конкурсқа қатысу үшін жекеменшік мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары«Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне мынадайқұжаттар ұсынады:

1) комиссия төрағасының (төрайымының) атына ерікті нысандағы өтініш (М.А.Базароваға);

2) бизнес сәйкестендіру нөмірі тағайындалған заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамасының, жарғының, жеке кәсіпкердің мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің, банктен қарызының жоқтығы туралы және салық органдарынан қарызының жоқтығы туралы анықтаманың көшірмесі;

3) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары үшін қолданылатын

жылжымайтын мүлікке құқықты орнатушы құжаттардың көшірмесі (жекеменшік немесе жалға алу);

4) медициналық кабинеткелицензияның немесе тіркелген жерін ескере отырып, емханамен қызметтің көрсетілуіне жасалған шарттың көшірмесі;

5) білім беру органдарының жолдамасымен мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша балаларды қабылдау және Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңына сәйкес бекітілген ата-аналар төлемінің тарифінен аспайтын мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша баланы күтіп-бағуға ата-аналар төлемінің мөлшерін белгілеу туралы жеткізушінің міндеттемесі. Жеткізуші міндеттемесінің нысаны ерікті.

Растайтын құжаттар:

1) көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы №217 бұйрығымен бекітілген «Балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының талаптарына сәйкестігі;

2) санитарлық ережелер бойынша материалдармен және құралдармен жабдықтаудың қажетті деңгейіне сәйкестігі;

3) тәрбие мен оқыту бағдарламаларының Стандарт талаптарына сәйкестігі.

Жекеменшік мектепке дейінгі білім беру ұйымдары тарапынан мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша орын санына байланысты ұсыныстар саны артқан жағдайда жеткізушілерді комиссия конкурс негізінде таңдап алады.

Жеткізушіні конкурс арқылы таңдаудың қосымша критерийлері:

1) тәрбиешілердің жалпы санынан олардың 10%-дан кем емес жоғарғы және бірінші санаттағы үлесі;

2) мемлекеттік білім беру тапсырысы қызметін ұсыну бойынша тәжірибенің болуы.

Құжаттар Төле би ауылы, Егемберді көшесі № 2а үй, Шу аудандық білім бөлімінің №5 кабинетінде 27-30 қараша аралығында, сағ 9:00-19:00ге дейін қабылданады.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Жастар жылының салтанатты ашылу рәсімінде сөйлеген сөзі

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының жаңалықтары

Жаңалықтар күнтізбесі

«    Ноябрь 2017    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 



Жалпы білім беру мекемелерінің картасы