* » Материалы за Май 2018 года

**

Ш.Уәлиханов атындағы орта мектептің қамқоршылық кеңес отырысының хаттамасы

Т.Рысқұлов атындағы орта мектебінің қамқоршылық кеңесі отырысының хаттамасы

ШОМЫЛУ МАУСЫМЫ: ҚАУІПСІЗДІК ПЕН ҚАТАҢ ЕСКЕРТУ

ШОМЫЛУ МАУСЫМЫ: ҚАУІПСІЗДІК ПЕН ҚАТАҢ ЕСКЕРТУ

 

Санаулы күндерден соң мектептерде оқушылар үшін жазғы демалыс басталады. Демалысты қызықты әрі есте қаларлықтай өткізу үшін олар міндетті түрде суға шомылады. Алайда, суға шомылу кезіндегі қарапайым қауіпсіздік ережелерін балалардың бірі білсе, бірі біле бермейді. Білсе де дұрыс сақтамайды.

Осыған байланысты, суға шомылу кезеңінде су айдындарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету және суда балалардың қаза болуы жағдайларына жол бермеу мақсатындатөмендегі ережелерді қатаң ұстануды ескертеміз.

Маусым-тамыз айларында балаларға бақылау жасау ересектер тарапынан әлсірейді. Ата-анасының жеткіліксіз көңіл бөлуі салдары орны толмас оқыс жағдайларға апады.

Балаңызды су жағасында қарауысыз қалдырмауларыңызды өтінеміз!

ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ!

Ø Қоршау белгісінен әрі жүзуге!

Ø Тыйым салынған орындарда суға түсуге!

Ø Балаларды қараусыз қалдыруға!

Ø Суда түсерде камераны, допты, тақтайшаны қолдануға!

Ø Суда ойнауға!

Ø Жалған айқай, қатер белгісін беруге!

Ø Өтіп бара жатырған катерге, қайыққа жақын жүзуге!

Ø Көпірден, айлақтан, қайықтан, катерден суға секіруге!

Ø Тамақ ішкен бойда суға түсуге!

Ø Таныс емес жерге сүңгуге!

Ø Дауылды күні немесе күшті соқпа толқыны бар жерлерде суға түсуге!

Ø Балдырлары бар шалшықты суға түсуге!

ШОМЫЛУШЫЛАРҒА КЕҢЕС!

Ø Суға абайлап түс.

Ø Жүзу білмесең, суға белден аса тереңдікке барма.

Ø Жалғыз шомылмауға тырыс.

Ø Егер де ағысы қатты суға түсіп кетсең, ағысқа қарсы жүзуге тырыспа, оған шамаң жетпейді. Мұндай жағдайда жағаға жақындайтындай болып ағыс бойымен жүзуің керек.

Ø Көмекке шақырудан ешқашан ұялма.

Ø Балалардың суға шомылуы тек ересектердің бақылауымен жүргізілуі керек.

 

ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕСІН САҚТАҢЫЗ!

 

А.С.Макаренко атындағы шағын орталықты орта мектептің қамқоршылық кеңес отырысының хаттамасы

ХАБАРЛАНДЫРУ

Шу ауданы тұрғындарының назарына!

Балабақшаларда 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі оқу мен тәрбиемен толық қамту мақсатында:

1) 2018 жылдың мамыр айының 10-18 күндері балабақшаларда 3 пен 6 жас аралығындағы кезекте тұрған балалар жаппай қабылданады;

2) Кезекте тұрмаған жағдайда, ата-ана 3-6 жас аралығындағы баласын кезекке қойып, жолдама алып, балабақшаға барады (мамыр айының 21-31 күндері);

3) Бос орындар болған жағдайда 1-3 жастағы балалар қабылданады

(4 маусымнан бастап).

КОНКУРС ЖАРИЯЛАНАДЫ

Шу ауданы жекеменшік балабақшалардабалаларды мектепке дейінгі оқу мен тәрбиемен қамту мақсатында Бірлік ауылында 150 орынға, Шу қаласы Қосқұдық мөлтек ауданында 75 орынға мемлекеттік тапсырысты орындауға конкурс жарияланады.

Конкурсқа қатысу үшін жекеменшік мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары«Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне мынадайқұжаттар ұсынады:

1) комиссия төрағасының (төрайымының) атына ерікті нысандағы өтініш (М.А.Базароваға);

2) бизнес сәйкестендіру нөмірі тағайындалған заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамасының, жарғының, жеке кәсіпкердің мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің, банктен қарызының жоқтығы туралы және салық органдарынан қарызының жоқтығы туралы анықтаманың көшірмесі;

3) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары үшін қолданылатын

жылжымайтын мүлікке құқықты орнатушы құжаттардың көшірмесі (жекеменшік немесе жалға алу);

4) медициналық кабинеткелицензияның немесе тіркелген жерін ескере отырып, емханамен қызметтің көрсетілуіне жасалған шарттың көшірмесі;

5) білім беру органдарының жолдамасымен мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша балаларды қабылдау және Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңына сәйкес бекітілген ата-аналар төлемінің тарифінен аспайтын мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша баланы күтіп-бағуға ата-аналар төлемінің мөлшерін белгілеу туралы жеткізушінің міндеттемесі. Жеткізуші міндеттемесінің нысаны ерікті.

Растайтын құжаттар:

1) көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтауминистрінің 2017 жылғы 17 тамыздағы № 615 бұйрығымен бекітілген «Мектепке дейінгі ұйымдарға және сәбилер үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының талаптарына сәйкестігі;

2) санитарлық ережелер бойынша материалдармен және құралдармен жабдықтаудың қажетті деңгейіне сәйкестігі;

3) тәрбие мен оқыту бағдарламаларының Стандарт талаптарына сәйкестігі.

Жекеменшік мектепке дейінгі білім беру ұйымдары тарапынан мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша орын санына байланысты ұсыныстар саны артқан жағдайда жеткізушілерді комиссия конкурс негізінде таңдап алады.

Жеткізушіні конкурс арқылы таңдаудың қосымша критерийлері:

1) тәрбиешілердің жалпы санынан олардың 10%-дан кем емес жоғарғы және бірінші санаттағы үлесі;

2) мемлекеттік білім беру тапсырысы қызметін ұсыну бойынша тәжірибенің болуы.

Құжаттар Төле би ауылы, Егемберді көшесі № 2а үй, Шу аудандық білім бөлімінің №5 кабинетінде 21-25 мамыр аралығында, сағ 9:00-19:00ге дейін қабылданады.

С.Естемесов атындағы шағын орталықты орта мектептің қамқоршылық кеңес отырысының хаттамасы

2018 жылғы 2 наурызда №80 Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына кезектілікті қалыптастыру мен оның қызметін және жолдамаларды беру процесін автоматтандыру туралы

2017 жылғы 14 шілдедегі №337 Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына кезектілікті қалыптастыру мен оның қызметін және жолдамаларды беру процесін автоматтандыру туралы

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Жастар жылының салтанатты ашылу рәсімінде сөйлеген сөзі

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының жаңалықтары

Жаңалықтар күнтізбесі

«    Май 2018    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 



Жалпы білім беру мекемелерінің картасы