*ШУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БӨЛІМІ » Материалы за Июнь 2018 года
Шу ауданы жекеменшік балабақшалардабалаларды мектепке дейінгі оқу мен тәрбиемен қамту мақсатында Төле би ауылында Жақсыбай көшесінде 75 орынға және Ажибаев көшесінде 75 орынға мемлекеттік тапсырысты орындауға конкурс жарияланады.
Конкурсқа қатысу үшін жекеменшік мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары«Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне мынадайқұжаттар ұсынады:
1) комиссия төрағасының (төрайымының) атына ерікті нысандағы өтініш (М.А.Базароваға);
2) бизнес сәйкестендіру нөмірі тағайындалған заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамасының, жарғының, жеке кәсіпкердің мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің, банктен қарызының жоқтығы туралы және салық органдарынан қарызының жоқтығы туралы анықтаманың көшірмесі;
3) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары үшін қолданылатын
жылжымайтын мүлікке құқықты орнатушы құжаттардың көшірмесі (жекеменшік немесе жалға алу);
4) медициналық кабинеткелицензияның немесе тіркелген жерін ескере отырып, емханамен қызметтің көрсетілуіне жасалған шарттың көшірмесі;
5) білім беру органдарының жолдамасымен мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша балаларды қабылдау және Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңына сәйкес бекітілген ата-аналар төлемінің тарифінен аспайтын мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша баланы күтіп-бағуға ата-аналар төлемінің мөлшерін белгілеу туралы жеткізушінің міндеттемесі.
6) СЭС пен ЧС қортындылары;
7) қызметті жүзеге асыруды бастағаны туралы Жамбыл облысының білім саласындағы Бақылау департаментіне берген хабарламасы.
Жекеменшік мектепке дейінгі білім беру ұйымдары тарапынан мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша орын санына байланысты ұсыныстар саны артқан жағдайда жеткізушілерді комиссия конкурс негізінде таңдап алады.
Жеткізушіні конкурс арқылы таңдаудың қосымша критерийлері:
1) тәрбиешілердің жалпы санынан олардың 10%-дан кем емес жоғарғы және бірінші санаттағы үлесі;
2) мемлекеттік білім беру тапсырысы қызметін ұсыну бойынша тәжірибенің болуы.
Құжаттар Төле би ауылы, Егемберді көшесі № 2а үй, Шу аудандық білім бөлімінің №5 кабинетінде 21-25 маусым аралығында, сағ 9:00-19:00ге дейін қабылданады.
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының 05.02.2018 жылғы №01-523 хатына сәйкес Шу ауданында жалпы білім беретін мектептердің 8-9 сынып оқушылары арасында «Бизнес баспалдағымен» тақырыбындағы облыстық экономикалық ойынның аудандық кезеңі өткізілді. Байқау ІІІ кезеңге бөлініп жүргізілді. І мектепішілік кезең 20 ақпан мен 20 сәуір аралығында аудандағы 40 орта және негізгі білім беретін мектептерде өткізілді. Ережеге сәйкес мектепішілік кезеңде жеңімпаз деп анықталған топ аймақтық кезеңге қатыстырылды. ІІ аймақтық кезең наурыз айының 26-30 аралығында 5 аймаққа бөлініп өткізілді. Әр аймақтық кезеңге 8 мектептен қатсып, барлығы 40 топтан 200 бала қамтылды. Аймақтық кезеңдерде І және ІІ орынды иеленген топтар аудандық кезеңге жолдама алды. ІІІ аудандық кезең 6 сәуір күні Бірлік ауылындағы М.Х.Дулати атындағы орта мектеп базасында ұйымдастырылды. Аудандық кезеңге барлығы 10 топтан 50 бала қамтылды. Әділқазылар алқысының шешімімен 4 кезеңнен тұратын ойын тапсырмаларын жоғары дәрежеде орындап шығып, жеңімпаз атанған №40 шағын орталықты орта мектеп оқушылары облыстық кезеңге жолдама алды. Аудандық кезеңде ІІ орынды иеленген Жамбыл атындағы гимназия командасы болса, Жайсан орта мектебінің оқущылары жүлделі ІІІ орынды иеленді. Барлық жеңімпаздар аудандық білім бөлімі тарапынан дипломмен және бағалы силықтармен марапатталды. Ойынға қытсушы өзге топтарға белесене қатысқаны үшін Алғыс хат таратылды.
Іс-шараның өту барысынан көрініс



І орын иегері №40 орта мектеп оқушысын марапаттау сәті

ІІ орын иегері Жамбыл атындағыгимназия оқушысын марапаттау сәті

ІІІ орын иегері Жайсан орта мектебінің оқушысын марапаттау сәті

