* » Материалы за Октябрь 2018 года

**

"Қауіпсіз мектеп автобус" акциясы

Қазақстан   Республикасы Білім  және   ғылым министрінің   2018 жылғы 21 қырқүйектегі  №3-15-3/3429-И    хатының   және облыстық  білім  басқармасының  2018 жылғы 28 қырқүйектегі  №02-5328    хатының   орындау  мақсатында, Шу ауданы  білім бөлімінің  2018 жылғы 5 қазандағы  №673  бұйрықпен бекітілген  іс шара жоспарына  сәйкес төмендегідей  жұмыс атқарылған: 2018 жылдың  2 қазан-5 қараша  аралығында «Қауіпсіз  мектеп автобусы»   республикалық  акциясы аясында әр мектепте  іс шара  жоспарлары жасалынып  бекітілді. Жоспарға сәйкес 1-4 сынып  оқушыларына  жолда жүру ережелерін  меңгеру «Бағдаршам» атты 78 көрініс,  92 сүрет байқауы, осы бағытта әр түрлі   тақырыпта 592 тәрбие сағаттары  өткізілді. Барлық сынып  бөлмелерінде жолда жүру  ережелері тақырыбында  бұрыштар жаңартылды. Сынып  жетекшілер  өткізілген сынып  сағаттарында балалардың  әр уақытта сақ және  жолда  мұқият болуға, жол ережелерін бұзбай  жүруге, тәртіпті  сақтауға шақырды. Мектептердің жоғарғы сынып  оқушыларына медбикелер жол апаты болған  жағдайда  алғашқы дәрігерлік жәрдем  көрсетуін үйретті.

        «Қауіпсіз  мектеп  автобусы»   республикалық  акциясының аясында   2018 жылғы 24 қазан күні балалар тасымалдайтын автобустар арасында автобустардың техникалық жағдайының  байқауы өткізілді. Аудан бойынша тиісті  мектебі   және  мектебі жоқ   8 елді мекендерде тұратын 328  оқушыларға  тасымалдау ұйымдастырылған. Байқауға 5 елді мекендердің  автокөліктері  қатысты. Атап  айтқанда Шу қаласындағы С.Сейфуллин   және А.С.Макаренко  атындағы орта мектептерінің , Көктөбе ауылындағы Жамбыл атындағы  орта мектебінің, Бәйдібек ауылындағы М.Мәметова атындағы  орта мектебінің, Далақайнар ауылындағы Т.Әшімбаев атындағы орта мектебінің  автобустары.

        «Қауіпсіз мектеп автобусы»   республикалық акциясы   2018 жылғы 27 қазан күні  сағат 10-00 де Төле би  ауылындағы  аудандық мәдениет  ұйінің  алдында  өткізілді. Аудан әкімінің орынбасары Н.С.Жақсыбаев салтанатты  түрде  акцияны  ашты. Одан кейін оқушылар өз өнерлерін  ортаға салып, жол қауіпсіздігі туралы әндер шырқап, Жамбыл гимназия, М.Мақатаев, Әль-фараби, Абай/қ/ атындағы  орта мектептерінің оқушыларының  флешмоб билерін тамашалады. Сондай-ақ, іс-шара барысында «Жол қауіпсіздігін сақтайық» тақырыбында сурет байқауы өткізіліп, үздік деп танылған бірқатар оқушылар марапатталды.  

       Аудандық акцияға Шу қаласының,Төле би ауылындағы, тиісті мектебі және мектебі жоқ 8 елді мекендердің тасымалдаумен қамтылған оқушылар қатысты. «Қауіпсіз мектеп автобусы»   республикалық акциясы аясында автокөлітерінің техникалық жағдайына тиянақты  қараған және жол ережесін бұзбаған жүргізушілерге аудан әкімінің және білім бөлімінің «Алғыс  хатымен»   марапатталды. 









«Шу өнірі" газетінде №84 номерінде газет тілшісінің  және   А.С.Макаренко, Жамбыл/а/, Төле би/қ/ атындағы  орта мектептерінің   «Қауіпсіз мектеп автобусы» аясында   мақалалары жарияланды.(4 мақала).

           «Шалғайдағы  ауылдық  елді мекендерде  тұратын  балаларды жалпы  білім беру ұйымдарына  және кері  қарай үйлеріне  тегін  тасымалдауды ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы білім бөлімі  тарапынан  үнемі қатан  бақылауға  алынған.

 

Жамбыл атындағы гимназияның қамқоршылық кеңесі жиналысының №1 хаттамасы

Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің 2018 жылға бекітілген бюджеті.

 

 

 

 

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы конкурсының қорытынды №9 хаттамасы

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы конкурсының қорытынды

№9 хаттамасы

Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімі КММ-сі

Төле би ауылы,Егемберді көшесі, 2А үй 3.10.2018 жыл сағат 11-00


Конкурстық комиссияның құрамы:

М.А.Базарова – аудандық білім бөлімінің басшысы, комиссия төрайымы;

С.Б.Жакипбекова – білім бөлімінің бас үнеудемшісі, комиссия төрайымының орынбасары.

Комиссия мүшелері:

Р.А.Альжанова – Шу ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы;

Д.Б.Әліпбаев – НұрОтан партиясы Шу аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары;

Е.Е.Аймамбетов – Жамбыл облысы кәсіпкерлер Палатасының Шу аудандағы филиалының директоры;

А.Ж.Рахматова- Шу аудандық мәслихатының депутаты;

Б.Е.Қуандыков – білім бөлімінің заңгері;

З.Н.Турсымбекова - білім бөлімініңәдіскері - комиссия хатшысы.

 

Қатысқаны : 6

Қатыспаған: 1

Комиссия мүшесі,Д.Б.Әліпбаев – НұрОтан партиясы Шу аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, себепті жағдаймен.

 

Күн тәртібінде:

1. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы.

 

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы комиссия мүшелері әлеуетті өнім берушілердің ұсынған конкурстық құжаттарын қайта қарап, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы№ 122 бұйрығына сәйкестігін және балабақшалар құжаттарындағы кемшіліктерін жойғанын ескере отырып,ашық дауыс беру жолымен 2018 жылдың3 қазанында шешім етті:

Мемлекеттік тапсырысты жекеменшік мектепке дейінгі білім беру ұйыдарында орналастыру үшін тізімге еңгізу:

 

 

1.Төле би ауылы, Жақсыбай көшесі №51, «Шарапат-2018» ЖШС-нің «Лашын»бөбекжай-балабақшасын - 75 бала;

2. 1.Төле би ауылы, Б.Ажибаев көшесі №47А, «Шу Нұр-Аш» ЖШС-нің «Нұр-Аш»бөбекжай-балабақшасын - 75 бала;

3. Бірлік ауылы, Панфилов көшесі №2А, «Ханшайым Амира» ЖШС-нің «Алмар» бөбекжай-балабақшасын - 100 бала;

4. Шу қаласы, Ақансері көшесі №6, «Аруназ-Шу» ЖШС-нің «Аруназ» бөбекжай-балабақшасын – 55 бала.

 

 

Төрайымы_____________ М.Базарова

Комиссия мүшелері: _____________ C.Жакипбекова

_____________ Р.Альжанова

_____________ Д.Әліпбаев

_____________ Е.Аймамбетов

_____________ А.Рахматова

_____________ Б.Куандыков

Хатшы: ______________З.Турсымбекова

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Жастар жылының салтанатты ашылу рәсімінде сөйлеген сөзі

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының жаңалықтары

Жаңалықтар күнтізбесі

«    Октябрь 2018    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 



Жалпы білім беру мекемелерінің картасы