*ШУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БӨЛІМІ » Материалы за 12.02.2019
ХАБАРЛАМА
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы»бұйрығы негізінде «Жамбыл облысы Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қарасты жалпы орта білім беретін мекемелер жанынан Қамқоршылық кеңестер құрылады және оның құрамы бойынша жазбаша ұсыныстар 2019 жылғы 25 ақпанға дейін қабылданады. Үміткерлердің жазбаша келісімі мына мекенжайда қабылданады:Төле би ауылы, Егемберді көшесі, №2 А, үшінші қабаттағы №10 кабинет, байланыс телефондары: 8 (726 38) 3-02-23, 3-01-49
ХАБАРЛАМА
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы»бұйрығын басшылыққа ала отырып, «Жамбыл облысы Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2018 жылғы 13 ақпандағы «Білім беру ұйымдары жанынан қамқоршылық кеңестер құру және оның құрамын бекіту туралы»№109 бұйрығымен аудандағы білім беру мекемелері жанынан құрылған Қамқоршылық кеңестердің өкілеттілігі 2019 жылғы 13 ақпан күнінен бастап тоқтатылады.