* » » ХАБАРЛАНДЫРУ

**

ХАБАРЛАНДЫРУ

«Мәңгілік ел жастары индустрияға» - «Серпін - 2050» жобасы бүгінде еліміздегі ең танымал әлеуметтік жобалардың бірі. Жоба аясында еліміздің оңтүстік өңірлерінің жастары, өндіріс орындары дамыған, жұмысшы күшіне қажеттілік қалыптасып отырған Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қостанай, Қарағанды өңірлерінің жоғарғы оқу орындары мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында тегін білім алып, тұрақты жұмысқа орналасуына мүмкіндік береді.
Серпін жобасына Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан облысы, Жамбыл, Алматы облыстарының жастары қатыса алады.
«Серпін» әлеуметтік жобаның үш маңызды тұсы бар.
Біріншісі, индустриалды-инновациялық жобаларға мамандарды даярлау:
• жұмыс күші мол аймақтардағы жастарға сұранысқа ие кәсіби білім беруді ұйымдастыру;
• жұмыс күші мол аймақтардағы жастарды жұмыс күші тапшы аймақтардағы сұранысқа ие мамандықтар бойынша оқуға тарту;
Екіншісі, кәсіптік бейімделу:
• қоғамды «Серпін» жобасын іске асыру барысымен ақпараттандыру;
• техникалық және кәсіптік білім берудің беделін арттыру;
• жастардың жұмысшы кәсіптер (мамандықтар) алуға деген оң көзқарасын қалыптастыру;
Үшіншісі, жастардың әлеуеттік және жұмыссыздық мәселелерін шешу:
• жоба түлектерін жұмыс күші тапшы аймақтарда жұмысқа орналастыруға ықпал ету;
• жастардың еңбекпен және жұмыспен қамту саласындағы жағдайларының қамтамасыз етілуі;
• жастардың тұрғын-үй мәселесін шешу тетіктерін әзірлеу.
Жобаға қатысушы өңірлердің өкілдерінің үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу үшін М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінен, Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті, Жамбыл политехникалық жоғарғы колледжінен арнайы кабинеттер бөлінеді.
Тараз қаласында жоғарыда аталған жоғарғы оқу орындарының базасында жобаға қатысу үшін шілде айында мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау бойынша конкурсқа құжаттар қабылданады.
Жамбыл облысында 13-17 мамыр айында барлық аудандарда «Серпін» күндері өткізіледі. Серпін күндері аясында ауылды елді мекендерде орналасқан мектеп бітіруші түлектері және ауыл жастарымен кездесулер ұйымдастырылады, үгіт-насихат жұмыстары жүргізіледі. Осы орайда, Шу қаласында орналасқан #40 шағын орталықты мектеп лицейінің базасында мамыр айының 16 күні сағат 15:00 де "Серпін күні" жиыны өткізіледі. Осы жиынға ауданымыздың жастарын ақпарат алуға шақырамыз.

ХАБАРЛАНДЫРУ

 


dle
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Добавить

Комментарии

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Жастар жылының салтанатты ашылу рәсімінде сөйлеген сөзі

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының жаңалықтары

Жаңалықтар күнтізбесі

«    Декабрь 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 



Жалпы білім беру мекемелерінің картасы