* » » Мемлекеттік қызмет стандартының орындалуы туралы дөңгелек үстел

**

Мемлекеттік қызмет стандартының орындалуы туралы дөңгелек үстел

Мемлекеттік қызмет стандартының орындалуы туралы дөңгелек үстел

 

Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің әдіскері М.Истибаеваның ұйымдастыруымен 2016 жылғы 6 сәуір күні Шу қаласындағы Төле би ОМ базасында «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі жастағы (7 жасқа толмаған) балаларды кезекке қою» мемлекеттік қызмет стандартының орындалуы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Аталған шараға Мемлекеттік корпорация қызметкерлері Альжанова З, Құдайбергенов Н, Дубиров М, Төле би орта мектебінің 11 ата-анасы қатысты. Дөңгелек үстелдің мақсаты: Мемлекеттік қызмет көрсетудің негізгі ұғымы, сонымен бірге қызмет алушының құқығы және қызмет берушінің құқығы мен міндеттері туралы.

Мемлекеттік қызметті берушіге немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына (халыққа қызмет көрсету орталығы) қызмет алуға барған әрбір азамат оны көрсету стандартымен танысуы қажет. Онда қызмет алушыға арналған барлық ақпараттар көрсетілген: қызметті көрсету тәртібі, мерзімі, нысаны, нәтижесі, қызмет берушінің жұмыс регламенті, қызмет көрсетуге қажетті құжаттар тізілімі, шағымдану тәртібі және тағы басқа тақырыптар ортаға салынды.

Халықты ақпараттандыру мақсатында мемлекеттік қызмет көрсететін барлық мемлекеттік мекемелерде (ұйымдарда) ақпараттық стендтер орнатылған, ресми интернет- ресурстарында қажетті мәліметтер берілген. Қысқаша айтқанда, әрбір азамат мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы құқықтық сауатын жетілдіру нәтижесінде өз құқықтарын қорғап қана қоймай, қызмет көрсету сапасын жоғарылатуға және сыбайлас жемқорлық көріністердің алдын алуға оң септігін тигізе алатындығы туралы айтылды.

Дөңгелек үстелдің көріністері

 

 

dle
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Добавить

Комментарии

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Жастар жылының салтанатты ашылу рәсімінде сөйлеген сөзі

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының жаңалықтары

Жаңалықтар күнтізбесі

«    Декабрь 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 



Жалпы білім беру мекемелерінің картасы