* » » КОНКУРС ЖАРИЯЛАНАДЫ

**

КОНКУРС ЖАРИЯЛАНАДЫ

КОНКУРС ЖАРИЯЛАНАДЫ

Шу ауданы жекеменшік балабақшаларда балаларды мектепке дейінгі оқу мен тәрбиемен қамту мақсатында Шу қаласында 45 орынға, Д.Қонаев ауылында 50 орынға мемлекеттік тапсырысты орындауға конкурс жарияланады.

Конкурсқа қатысу үшін жекеменшік мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары «Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне мынадай құжаттар ұсынады:

1) комиссия төрайымының атына жазылған өтініш (М.К.Жинақбаеваға);

2) заңды тұлғаны немесе дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы немесе куәліктің көшірмесін, мектепке дейінгі ұйымның жарғысын, құжаттарды тапсырғанға дейін бір ай мерзімінен аспайтын банктен берілетін берешегінің (қарызының) жоқ екені туралы анықтаманы және салық органынан берілетін берешегінің жоқ екені туралы анықтаманы;

3) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары үшін қолданылатын

жылжымайтын мүлікке құқықты белгілеуші құжаттардың көшірмесі (жекеменшік немесе жалға алу);

4)«Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметті көрсетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 17 сәуіріндегі № ҚР ДСМ-39/2020 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 20 сәуірде №20431 болып тіркелген) бекітілген «Эпидемиалық маңыздылығы жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру тәртібі» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1–қосымшағасәйкес мектепке дейінгі ұйымның санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі туралы санитарлық-эпидемиологиялық қорытындының көшірмесін;

5) медициналық кабинетке лицензиясының болуы туралы көшірмесін немесе тіркелген жерін ескере отырып, емханамен жасалған қызмет көрсету туралы шартты;

6) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тамақтандыруға жұмсалатын ата-аналар төлемақысының белгіленген мөлшерімен, тек қана республикалық маңызы бар қаланың, астананың білім басқармаларының, қалалардың (аудандардың) білім бөлімдерінің жолдамасымен мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша балаларды қабылдау туралы жеткізушінің міндеттемесін ұсынады. Жеткізуші қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша міндеттемелер нысанын толтырады.

7) қызметті жүзеге асыруды бастағаны туралы Жамбыл облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментіне берген хабарламасы.

 

Конкурстық өтінімге кіретін құжаттар тігіледі, нөмірленеді, мектепке дейінгі ұйымның құрылтайшысымен қол қояды,мөрімен расталады және конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген тәртіппен ұсынылады.

Жекеменшік мектепке дейінгі білім беру ұйымдары тарапынан мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша орын санына байланысты ұсыныстар саны артқан жағдайда жеткізушілерді комиссия конкурс негізінде таңдап алады.

Жеткізушіні конкурс арқылы таңдаудың қосымша өлшемшарттары:

1) жоғарғы және бірінші санаттағы тәрбиешілердің үлесі олардың жалпы санынан кемінде 10%;

2) мемлекеттік білім беру тапсырысы қызметін ұсыну бойынша тәжірибенің болуы болып табылады.

Құжаттар Төле би ауылы, Егемберді көшесі № 2а үй, Шу аудандық білім бөлімінің №15 кабинетінде 2020 жылдың 4 қарашасына дейін қабылданады. dle
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Добавить

Комментарии

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Жастар жылының салтанатты ашылу рәсімінде сөйлеген сөзі

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының жаңалықтары

Жаңалықтар күнтізбесі

«    Июнь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 



Жалпы білім беру мекемелерінің картасы