* » » ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ШУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ «ӨНЕР МЕКТЕБІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРЫН ДИРЕКТОРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТТІК БОС ОРНЫНА АШЫҚ КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ

**

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ШУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ «ӨНЕР МЕКТЕБІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРЫН ДИРЕКТОРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТТІК БОС ОРНЫНА АШЫҚ КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ШУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ «ӨНЕР МЕКТЕБІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРЫН ДИРЕКТОРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТТІК БОС ОРНЫНА АШЫҚ КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ

(Мекен жайы: Жамбыл облысы, Шу ауданы, Төле би ауылы, Балуан Шолақ көшесі №189 тел.:3-30-02 ).

Кандидатқа қойылатын біліктілік талаптары:

Біліктілік талаптары: Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейін педагогикалық білім, немесе тиісті бейіні бойынша өзге де кәсіптік білім, немесе қайта даярлау туралы құжат;

1) білім беру ұйымдарында педагогикалық жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес, оның ішінде педагогикалық еңбек өтілі сонғы 2 жыл, білім беру ұйымы басшысының орынбасары лауазымындағы еңбек өтілі 1 жылдан кем емес;

2) Оқытушылық қызметті жүзеге асыру кезінде-қосымша педагог – сарапшының немесе педагог – зерттеушінің немесе педагог - шебердің біліктілік санатының болуы.

Лауазымдық міндеттері: Білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қосымша білім беру ұйымдарын ұйымның жарғысына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес басқарады. Мәдени-демалыс қызметі, дене шынықтыру және спортты дамыту саласындағ әлеуметтік, қосымша білім беретін коммуникативті қызметтерді көрсету бойынша құрылымдық бөлімшелердің жұмысын және өзара әрекетін ұйымдастырады. Басқарудың заманауи әдістері негізінде жұмысты болжайды және жоспарлайды. Шағын аудандарды дамытудың әлеуметтік-педагогикалық бағдарламаларын әзірлеуді және бекітуді ұйымдастырады. Білім беру сапасын бақылауды жүзеге асырады, білім беру процесі кезінде ұйымның білім алушыларының мен қызметкерлерінің өмір қауіпсіздігі мен денсаулығына қажетті жағдай жасайды. Педагогикалық кеңестің жұмысын басқарады. Білім беру және тәрбиелеу мәселелері бойынша алыс және жақын шетелдер балаларына арналған қосымша білім беру ұйымымен өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейту бойынша шараларды жүзеге асырады, заманауи ақпараттық технологияларды белсенді пайдаланады және дамытады. Басқару құрылымын анықтайды, білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қосымша білім беру ұйымының қаржы-шаруашылық қызметін басқаруды жүзеге асырады. Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің контингентін қалыптастырады. Педагогтардың жұмысын үйлестіреді, қамқоршылық кеңес пен қоғамдық ұйымдардың, оның ішінде балалар ұйымдары қызметіне ықпал етеді. Оқу-материалдық базаны сақтауды және толықтыруды, санитарлық-гигиеналық режим, еңбекті сақтау және техника қауіпсіздігі қағидаларын сақтауды қамтамасыз етеді. Педагогикалық кадрлар мен қосалқы персоналдарды іріктеу мен орналастыруды жүзеге асырады, олардың кәсіби шеберлігін арттыру үшін жағдай жасайды. Жұртшылықпен байланысты жүзеге асырады, білім алушылардың, тәрбиеленушілердің ата-аналарымен (оларды алмастыратын тұлғалармен) жұмысты үйлестіреді. Есептілікті дайындауды және қажетті ұсынуды қамтамасыз етеді. Барлық органдарда ұйымның мүддесін қорғайды және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қызметтерді жүзеге асырады.

Білуге міндетті: Қазақстан РеспубликасыныңКонституциясын, Қазақстан РеспубликасыныңЕңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы"Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы" Заңдарын және білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын, балаларға қосымша білім беру ұйымының жұмыс бейіні және оның ерекшеліктері, Педагогика және психология,экономика, қаржы-шаруашылық қызмет негіздері, Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қорғау ережелері мен нормалары, санитарлық ережелер мен нормалар.

Лауазымдық айлықақы мөлшері:

Атқарған еңбек өтіліне және санатына қарай орта есеппен алғанда 123 мың тенге

Үміткер конкурсқа қатысу туралы өтініштерін жергілікті басылымға хабарландыру шыққан күннен бастап 7 жұмыс күн ішінде аудандық білім бөлімінің жанынан құрылған конкурстық комиссияға сағат 9.00-ден 17.30-ге дейін, үзіліс 13.00.-14.30. аралықта ұсыну тиіс.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:

1) нысан бойынша өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);

3) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

5) кадрларды есепке алу жеке парағы және фото;

6) алдыңғы жұмыс орнынан өндірістік мінездеме;

7) қолданыстағы біліктілік санаты және ғылыми дәрежесі туралы құжаттың көшірмесі (болған жағдайда);

8) "Денсаулық сақтау ұйымдарының алғашқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907бұйрығымен(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

9) соттылығының жоқ екендігі туралы анықтама;

10) сыбайлас жемқорлық сипатында қылмыс жасағаны туралы мәліметтің болуы не болмауы туралы анықтама;

11) тестілеуден өткені туралы құжат (болған жағдайда);

12) біліктілікті арттыру, қайта даярлау курстарынан өткені туралы құжат (болған жағдайда);

13) білім берудегі менеджмент бойынша жетпіс екі сағаттан кем емес біліктілікті арттыру курстарынан өткенін растайтын құжат;

14) Білім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспары.

Конкурсқа қатысу үшін ұсынылатын құжаттардың көшірмелері жұмыс орнының кадр қызметі немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкері тарапынан куәландырылады және мөрмен куәландырылады. Нотариалды куәләндырылады.

Конкурс бірнеше кезеңдерді қамтиды:

1) конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдардан құжаттарды қабылдау;

2) конкурсқа қатысушылардың біліктілігін бағалау;

3) заңнаманы және педагогика, психология негіздерін білу үшін тестілеу (тестілеуден өткені туралы анықтама болған жағдайда талап етілмейді);

4) кандидаттарды мемлекеттік білім беру ұйымының қамқоршылық кеңесімен (бұдан әрі – қамқоршылық кеңес) келісу;

5) кандидаттарды облыстың білім беруді басқару органдарымен келісу (республикалық маңызы бар қалаларды, астананы қоспағанда);

6) білім беруді басқару органының конкурстық комиссиясының отырысында әңгімелесу.

Шу ауданы әкімдігі білім бөлімінің конкурстық комиссияның мекен-жайы: Шу ауданы, Төле би ауылы, Егемберді көшесі №2 аудан әкімдігінің білім бөлімі, байланыс телефондары 8(32638) 3-00-09, электронды адресі: Kadr_shu@mail.ru

Аталмыш лауазымға орналасқан тұлғаға көтерме шығындар өтелмейді және тұрғын үй берілмейді.

dle
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Добавить

Комментарии

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Жастар жылының салтанатты ашылу рәсімінде сөйлеген сөзі

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының жаңалықтары

Жаңалықтар күнтізбесі

«    Май 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 



Жалпы білім беру мекемелерінің картасы