* » » «Жаңартылған білім мазмұнында тиімді оқытуды ұйымдастыру жолдары» тақырыбындағы семинар - практикум

**

«Жаңартылған білім мазмұнында тиімді оқытуды ұйымдастыру жолдары» тақырыбындағы семинар - практикум

Химия пәні мұғалімдер арасында өткен

«Жаңартылған білім мазмұнында тиімді оқытуды

ұйымдастыру жолдары»

тақырыбындағы семинар - практикум

 

29.11.2017 жылы Жібек-жолы мектеп лицейінің базасында «Жаңартылған білім мазмұнында тиімді оқытуды ұйымдастыру жолдары»тақырыбында

химия пәні мұғалімдер арасында аудандық семинар – практикум өткізілді.Семинарға Шу ауданы білім мекемелерінен барлығы 30 химия пәні мұғалімдері қатыстырылды.

Семинар-практикумның мақсаты: Білім беру үрдісін жаңарту мақсатында әдістемелік көмек көрсете отырып, мұғалімдердің кәсіби шеберліктерін арттыру.

Семинарды аудандық білім бөлімінің химия-биология пәндер әдіскері С.Аметқызы және Жібек – жолы мектеп лицейінің директоры А.Джанғарашова ашты.

Семинар барысында, Жібек – жолы мектеп лицейінің химия пәні мұғалімі Б.Болғанбаева 9 сынып оқушыларымен «Фосфор және оның қосылыстары» тақырынбында, Д.Байтанаева 7 сынып оқушыларымен «Ауа.Ауаның құрамы» тақырыбында ашық сабақтар өткізді. Аталған екі мұғалім сабақтарында қалыптастырушы бағалаудың әдіс - тәсілдерін тиімді пайдаланып, сабақтарын жоғары деңгейде жүргізіді. Сонымен қатар химия пәні мұғалімдерімен Жайсан орта мектебінің химия пәні мұғалімі А.Оңалбаева «Атом құрамы мен құрылысы.Изотоптар», М.Мақатаев атындағы тірек мектебінің химия пәні мұғалімі Р.Қашағанова «Атом құрылысы және Д.И.Менделеев жасаған химиялық элементтердің периодтық жүйесіндегі орны бойынша элементтің және оның қосылыстарының сипаттамасы», А.С.Макаренко атындағы орта мектебінің химия пәні мұғалімі А.Қаспақова «Фосфор және оның қосылыстары» тақырыптарында ықшамдалған сабақтар өткізді. М.Х.Дулати атындағы орта мектебінің химия пәні мұғалімі Л.Абуева «Жаңартылған білім – заман талабы» тақырыбында коучинг жүргізді. Әртүрлі жаңа әдіс – тәсілдерді қалай тиімді қолдану керектігін көрсетіп әріптестерімен пікір алысып, ой бөлісті. Жаңартылған білім беру бойынша оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін түрлі әдіс – тәсілдер пайдалана отырып, инновациялық педагогикалық көзқарастарын дамытуға көмектесу қажеттігі туралы ақпараттар берілді.

Сондай – ақ қатысушыларға кері байланыс парағы таратылып, қатысушылардың семинар туралы пікірлері мен ұсыныстары жазбаша алынды. Семинар соңында семинар шешімі шығарылып, ашық сабақтар, ықшам сабақтар және коучинг көрсеткен мұғалімдерге аудандық білім бөлімінің сертификаттары берілді.

 

 


 

 

 

 

 

dle
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Добавить

Комментарии

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Жастар жылының салтанатты ашылу рәсімінде сөйлеген сөзі

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының жаңалықтары

Жаңалықтар күнтізбесі

«    Декабрь 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 



Жалпы білім беру мекемелерінің картасы