*ШУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БӨЛІМІ » Ыстық тамақпен қамту » Мектеп асханаларына зерделеу жүргізілуде
Мектеп асханасына жаңа көзқарас қалыптастыруды қолға алған «Нұр Отан» партиясы «Мектеп асханасы» партиялық жобасын жүзеге асыруда. Осыған орай, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Д.Б.Әліпбаев, білім бөлімінің әдіскері Н.Бекбауов аталмыш партиялық жоба аясында ,Төле би ауылындағы Е.Бекмаханов м-г,М.Әуезов, Әл-Фараби атындағы орта мектептердің асханалары зерделеніп, жоба стандартына сай, кәсіпкерлердің СЭС ережесі мен ұсыныстарына сай қызмет көрсетуі, бейнебақылау камераларының бар-жоқтығы, ас мәзіріндегі денсаулыққа зиян тағамдардың болмауы, мектеп асханаларында оқушылардың сапалы тамақпен қамтамасыз етілуі, оқушылардың тамақтану уақыты жіті тексерілді. Арнайы құрылған комиссия құрамындағы аудандық білім бөлімі, кәсіпкерлер палатасының өкілдері, жергілікті депутаттар, ата-аналар комитетінің мүшесі жүргізген алғашқы рейд жұмысы ары қарай жалғасын тауып, аудандағы барлық білім беру мекемелеріндегі асханалар зерделенетін болады.





| « Декабрь 2025 » | ||||||
|---|---|---|---|---|---|---|
| Пн | Вт | Ср | Чт | Пт | Сб | Вс |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
| 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 |
| 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 |
| 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 |
| 29 | 30 | 31 | ||||