Мемлекеттік қызмет стандартының орындалуы туралы дөңгелек
үстел
Шу ауданы
әкімдігінің білім бөлімінің әдіскері М.Истибаеваның ұйымдастыруымен 2016 жылғы
6 сәуір күні Шу қаласындағы Төле би ОМ базасында «Мектепке дейінгі балалар
ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі жастағы (7 жасқа толмаған) балаларды
кезекке қою» мемлекеттік қызмет стандартының орындалуы» тақырыбында дөңгелек
үстел өтті. Аталған шараға Мемлекеттік корпорация қызметкерлері Альжанова З, Құдайбергенов Н, Дубиров М, Төле би орта мектебінің 11 ата-анасы қатысты.
Дөңгелек үстелдің мақсаты: Мемлекеттік қызмет көрсетудің негізгі ұғымы, сонымен
бірге қызмет алушының құқығы және қызмет берушінің құқығы мен міндеттері
туралы.
Мемлекеттік
қызметті берушіге немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік
корпорациясына (халыққа қызмет көрсету орталығы) қызмет алуға барған әрбір
азамат оны көрсету стандартымен танысуы қажет. Онда қызмет алушыға арналған
барлық ақпараттар көрсетілген: қызметті көрсету тәртібі, мерзімі, нысаны,
нәтижесі, қызмет берушінің жұмыс регламенті, қызмет көрсетуге қажетті құжаттар
тізілімі, шағымдану тәртібі және тағы басқа тақырыптар ортаға салынды.
Халықты
ақпараттандыру мақсатында мемлекеттік қызмет көрсететін барлық мемлекеттік
мекемелерде (ұйымдарда) ақпараттық стендтер орнатылған, ресми интернет-
ресурстарында қажетті мәліметтер берілген. Қысқаша айтқанда, әрбір азамат
мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы құқықтық сауатын жетілдіру
нәтижесінде өз құқықтарын қорғап қана қоймай, қызмет көрсету сапасын
жоғарылатуға және сыбайлас жемқорлық көріністердің алдын алуға оң септігін
тигізе алатындығы туралы айтылды.
Дөңгелек үстелдің көріністері
Мемлекеттік қызмет стандартының орындалуы туралы дөңгелек
үстел
Шу ауданы
әкімдігінің білім бөлімінің әдіскері М.Истибаеваның ұйымдастыруымен 2016 жылғы
6 маусым күні Төле би ауылында орналасқан М.Әуезов ОМ базасында «Мектепке
дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі жастағы (7 жасқа
толмаған) балаларды кезекке қою» мемлекеттік қызмет стандартының орындалуы»
тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Аталған шараға М.Әуезов атындағы орта
мектебінің ұжымы және 20 ата-ана қатысты. Дөңгелек үстелдің мақсаты: Мемлекеттік
қызмет көрсету сапасын арттырудағы маңызды мәселелердің бірі-халықтың
мелекеттік қызметтерді көрсету тәртібі жөнінде хабардар болуын және құқықтық
сауаттылығын арттыру, заң бұзушылықтардың алдын алу және сыбайлас жемқорлық
көріністері мен тәуекелдерін жою болып табылады. Дөңгелек үстелде «Мектепке
дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі жастағы (7 жасқа
толмаған) балаларды кезекке қою» мемлекеттік қызмет стандартының орындалуы
бойынша «Мемлекеттік электрондық порталына қалай тіркелу керектігі», «Интернет арқылы баланы
мектепке дейінгі мекемеге кезекке қою» және «Ұялы телефонның eGov.kz мобильды
қосымшасы арқылы баланы кезекке қою» туралы бейнероликтер көрсетіп, бүгінгі
таңда кезекке қоюды және басқада мемлекеттік қызметтерді алу үшін ХҚКО-на
жүгіну міндетті емес екендігін және әр азамат үйінде отырып мобильді интернет
және мемлекеттік үкімет порталы арқылы өз ойларын жүзеге асырып және уақытты
үнемдей алатындығын ескере отырып, баланы балабақшаға берер сәті таяғанда емес,
алдын-ала ойластырып кезекке қоюды қолға
алу керек екендігі айтылып өтті.
Дөңгелек үстелдің көріністері


KAZENERGYҚазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының
қауымдастығы (бұдан әрі-Қауымдастық) Қазақстан Республикасының мұнай-газ және
энергетика кешенін тұрақты әрі қарқынды дамытуға қолайлы жағдай жасау
мақсатында құрылған ерікті коммерциялық заңды тұлғалар бірлестігі болып
табылады.
Қауымдастық талантты
жастарды инновациялық жобаларды іске асыруға тарту мақстанда өзінің мүшелерін
және серіктестерімен бірігіп білім гранттарын, атаулы шәкіртақыларды бөлу,
оқушылар мен студенттер арасында олимпиадалар мен интеллектуалды байқаулар
ұйымдастыру үшін «KAZENERGY» Білім беру бағдарламасы жобасын 2006 жылғы
желтоқсаннан бастап іске асыруда.
Қауымдастық
2015 жылы «KAZENERGY» Білім беру бағдарламасы шеңберіндегі жобалардың бірін
жүзеге асырды, оның нәтижесінде байқау іріктеуінен өткен ЖОО және колледж
студенттеріне жер қойнауын пайдаланушы компаниялардың қаражаты есебінен оқу
ақысын төлеу мүмкіндігі берілді (www.kazenergy.com -
Білім беру
бағдарламасы –Шәкіртақылар мен гранттар- жер қойнауын пайдаланушылар
есебінен оқу ақысын төлеу).
Қазіргі
уақытта қаумдастық 2016-2017 акдемиялық оқу жылына байқау бойынша іріктеуге
дайындық жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Қосымша
ақпаратты жоғарыдағы «Көшіру» сілтемесі
арқылы біле аласыз.
Аудандық мектепалды даярлық топ тәрбиешілерінің
арасында «Ең үздік флипчарт сабақтар» байқауы
2016 жылдың 16 мамыр күні Төле би ауылы Шу ауданы әкімдігінің білім
бөлімінің әдістемелік кабинетінде аудандық «Ең
үздік флипчарт сабақтар» байқауыөтті.Байқауға аудан бойынша 18 мектептің
мектепалды даярлық топ тәрбиешілері қатысты. Байқаудың мақсаты Білім беру
үдерісіне ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу мектептегі
мектепалды даярлық сынып педагогтарының кәсіби және ақпараттық құзіреттілік
деңгейін көтеру және әдістемелік көмек көрсету болып табылды.
Әділқазылар
алқасының шешімі бойынша:
БАС ЖҮЛДЕ Сейтнасирова Айгуль
Адамбаевна
I орын Куандыкова Жанар Ерсиновна
II орын Хрисохоиди Людмила Хвановна
Алишбаева Айнаш Куатбековна
Кенжебекова Гулзат Ермековна
III орын Сейтбекова
Таня Сабденбековна
Нуриева Алтыншаш Манатаевна
Ауелбаева Айнур Қоңырбайқызы
Аудандақ байқаудың хаттамасы
жазылып орын алған тәрбиешілерге, аудандық білім бөлімі тарапынан дипломдар
табыс етіліп, облыстық кезеңіне материалдар жолданды.
2016 жылдың 20 мамырында өткен байқаудың
облыстық кезеңінен ауданымыздың 2 тәрбиешісі жүлделі орынға ие болды. Олар:
I орын игерлері:
СЕЙТНАСИРОВА АЙГУЛЬ АДАМБАЕВНА- Төле би ОМ
тәрбиешісі.
КУАНДЫКОВА ЖАНАР ЕРСИНОВНА- № 40 ОМ
тәрбиешісі.
Мектепалды даярлық топ тәрбиешілерінің
семинар-практикумы
2016 жылдың 17 мамыр күні Төле би ауылы Әль-Фараби атындағы орта мектебінің
базасында «Мектепалды даярлық
сыныптарындағы оқу іс-әрекетін жүйелеу қызметі» тақырыбында аудандық
семинар-практикумы өтті.Оған
аудан бойынша 20 мектептің мектепалды даярлық топ тәрбиешілері және білім
бөлімінің қызметкерлері қатысты. Семинардың мақсаты Мектепалды даярлық
сыныптарындағы балаларды жүйелі түрде оқыту мен тәрбиелеу, озық тәжірибелерді
жинақтау және әдістемелік көмек көрсету болып табылды. Семинар бағдарламасы
бойынша 1 оқу іс-әрекеттері, 1 панорамалық оқу іс-әрекеті және 1
ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті жүргізілді. Олар:
1.«Путешествие по сказкам» – Г.Бакбергенова. Әль-Фараби
атындағы орта мектебінің тәрбиешісі.
2.«Звук и буква Рр» - З.Джафарова.
Әль-Фараби атындағы орта мектебінің тәрбиешісі.
3.«Математика еліне саяхат» - Н.Буйенбаева. Әль-Фараби атындағы орта
мектебінің тәрбиешісі.
Семинар соңынан семинардың өтуіне
белсене қатысқан ұстаздарға аудандық білім бөлімі тарапынан сертификаттар табыс
етілді. Семинарды жоғары дәрежеде ұйымдастырып өткізгені үшін Әль-Фараби
атындағы орта мектебінің ұжымына алғыс білдірілді.
Семинар-практикумның
көріністері.



Мектепалды даярлық топ тәрбиешілерінің
семинар-практикумы
2016 жылдың 12 сәуір күні Шу қаласы Т.Рысқұлов атындағы орта мектебінің
базасында «Мектепке дейінгі ұйымдарда
ТРИЗ технологиясын қолданудың тиімді жолдары» тақырыбында аудандық
семинар-практикумы өтті.Оған
аудан бойынша 42 мектептің мектепалды даярлық топ тәрбиешілері және білім
бөлімінің қызметкерлері қатысты. Семинардың мақсаты Дамыта оқыту технологиясын
мектепалджы даярлық сыныбында пайдалана отырып балалардың жас және даму
психологиялық ерекшеліктерін дамыту, олардың білімді игеруге дайындығын
қамтамасыз ету, оқу әрекетін меңгеру үшін балада тұлғалық қасиеттерін
қалыптастыру, озық тәжірибелерді жинақтау және әдістемелік көмек көрсету болып
табылды. Семинар бағдарламасы бойынша 1 баяндама, 2 оқу іс-әрекеттері және 1
ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті жүргізілді. Олар:
1.«Құстар біздің досымыз» – Т.С.Сейтбекова. Т.Рысқұлов
атындағы орта мектебінің тәрбиешісі.
2.«Хайуанаттар бағындағы қызықтар» - Г.С.Райымкулова. Т.Рысқұлов атындағы орта мектебінің
тәрбиешісі.
3.«Дарынды балаларға шығарма
жаздырудың тәсілдері» - Т.Сейтбекова. Т.Рысқұлов атындағы орта мектебінің
тәрбиешісі. Коучинг
4.«Аяулы ана,ару бүлдіршін» - А.Алимкулова. Т.Рысқұлов атындағы орта мектебінің
тәрбиешісі.
5. «Ынтымағы жарасқан» -
К.Қоңырбаева. Т.Рысқұлов атындағы орта
мектебінің тәрбиешісі.
Семинар соңынан семинардың өтуіне
белсене қатысқан ұстаздарға аудандық білім бөлімі тарапынан сертификаттар табыс
етілді. Семинарды жоғары дәрежеде ұйымдастырып өткізгені үшін Т.Рысқұлов
атындағы орта мектебінің ұжымына алғыс білдірілді.
Семинар-практикумның көріністері.



Мектепалды даярлық топ тәрбиешілерінің семинар-практикумы
2016 жылдың 28 сәуір күні Бәйдібек ауылындағыМ.Маметова атындағы орта мектебінің базасында «Дамыта
оқыту технологиясын енгізу арқылы мектепалды даярлық сыныптарындағы балаларды
тәрбиелеу мен оқыту» тақырыбында аймақтық семинар-практикумы өтті.Оған
аудан бойынша 8 мектептің мектепалды даярлық топ
тәрбиешілері және білім бөлімінің
қызметкерлері қатысты. Семинардың мақсаты Дамыта оқыту
технологиясын мектепалджы даярлық сыныбында пайдалана отырып балалардың жас
және даму психологиялық ерекшеліктерін дамыту, олардың білімді игеруге
дайындығын қамтамасыз ету, оқу әрекетін меңгеру үшін балада тұлғалық
қасиеттерін қалыптастыру, озық
тәжірибелерді жинақтау және әдістемелік көмек көрсету болып табылды. Семинар
бағдарламасы бойынша 1 баяндама, 2 оқу іс-әрекеттері және
1 ұйымдастырылған
оқу іс-әрекеті жүргізілді. Олар:
1.«Гг дыбысы және әрпі» – М.Е.Сабекова. Ә.Молдағұлова атындағы
орта мектебінің тәрбиешісі.
2.«11-20-ға дейінгі сандар» - Г.С.Илкибаева. М.Маметова атындағы орта мектебінің тәрбиешісі.
3.«Ұлттар достығы» - А.К.Рыспанбетова.М.Маметова
атындағы орта мектебінің тәрбиешісі.
4.«Дамыта оқыту технологиясын
енгізу арқылы мектепалды даярлық сыныптарындағы балаларды тәрбиелеу мен оқыту»
- А.Д.Шадибаева. Еспе бастауыш мектебінің тәрбиешісі.
Семинар соңынан семинардың өтуіне
белсене қатысқан ұстаздарға аудандық білім бөлімі тарапынан сертификаттар табыс
етілді. Семинарды жоғары дәрежеде ұйымдастырып өткізгені үшін М.Маметова
атындағы орта мектебінің ұжымына алғыс білдірілді.
Семинар-практикумның көріністері.





Мектепалды даярлық топ тәрбиешілерінің семинар-практикумы
2016 жылдың 15 мамыр күні Бірлік ауылындағы М.Х.Дулати атындағы орта мектебінің базасында «Инновациялық
технологияларды кіріктірілген оқу-іс әрекетінде пайдаланудың тиімді жолдары» тақырыбында аудандық семинар-практикумы
өтті.Оған аудан бойынша 30 мектепалды даярлық топ
тәрбиешілері және білім бөлімінің
қызметкерлері қатысты. Семинардың мақсаты Мектеалды білім беру
деңгейінде білім беруді заман талабына сай, жаңа мазмұнда ұйымдастыру; Баланың
жеке басын тәрбиелеуде, оның жан дүниесінің рухани баюына, азамат-тұлға ретінде
қалыптасуына көңіл бөліну, озық
тәжірибелерді жинақтау және әдістемелік көмек көрсету болып табылды. Семинар
бағдарламасы бойынша 1 шеберлік сынып, 2 оқу іс-әрекеттері және 1 ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті жүргізілді. Олар:
1.«Инновациялық технологияларды кіріктірілген оқу-іс
әрекетінде пайдаланудың тиімді жолдары» – Н.С.Айдарова. Шеберлік сынып.
2.«Үй жануарлары мен үй құстары»
- Ж.Алкибаева. Оқу іс-әрекеті.
3.«Ө дыбысы мен әрпі» - Ж.Сейдуалиева.Оқу
іс-әрекеті.
4.«Праздник Наурыз» - Л.Х.Хрисохоиди.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті.
5.«Наурыз-жыл басы» - Тәрбие
сағаты. Сыныптан тыс жұмыс.
Семинар соңынан семинардың өтуіне
белсене қатысқан ұстаздарға аудандық білім бөлімі тарапынан сертификаттар табыс
етілді. Семинарды жоғары дәрежеде ұйымдастырып өткізгені үшін М.Х.Дулати
атындағы орта мектебінің ұжымына алғыс білдірілді.
Семинар-практикумның
көріністері.
Аудандық семинардыңашылуы. Алғы сөз.

А. Т. Жандабаева – Мұхаммед Хайдар
Дулати атындағы орта мектебінің директоры

М. М. Истибаева–Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімнің
әдіскері



Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің сертификатімен
марапатталады.