Химия пәні мұғалімдер
арасында өткен
«Жаңартылған білім
мазмұнында тиімді оқытуды
ұйымдастыру
жолдары»
тақырыбындағы
семинар - практикум
29.11.2017 жылы Жібек-жолы мектеп лицейінің
базасында «Жаңартылған білім
мазмұнында тиімді оқытуды ұйымдастыру жолдары»тақырыбында
химия пәні мұғалімдер арасында аудандық семинар – практикум өткізілді.Семинарға Шу
ауданы білім мекемелерінен барлығы 30 химия пәні мұғалімдері қатыстырылды.
Семинар-практикумның
мақсаты: Білім беру үрдісін жаңарту мақсатында әдістемелік көмек көрсете
отырып, мұғалімдердің кәсіби шеберліктерін арттыру.
Семинарды аудандық білім бөлімінің химия-биология пәндер
әдіскері С.Аметқызы және Жібек – жолы мектеп лицейінің директоры А.Джанғарашова
ашты.
Семинар барысында, Жібек – жолы мектеп
лицейінің химия пәні мұғалімі Б.Болғанбаева 9 сынып оқушыларымен «Фосфор және
оның қосылыстары» тақырынбында, Д.Байтанаева 7 сынып оқушыларымен «Ауа.Ауаның
құрамы» тақырыбында ашық сабақтар өткізді. Аталған екі мұғалім сабақтарында
қалыптастырушы бағалаудың әдіс - тәсілдерін тиімді пайдаланып, сабақтарын
жоғары деңгейде жүргізіді. Сонымен қатар химия пәні мұғалімдерімен Жайсан орта
мектебінің химия пәні мұғалімі А.Оңалбаева «Атом құрамы мен құрылысы.Изотоптар», М.Мақатаев атындағы
тірек мектебінің химия пәні мұғалімі Р.Қашағанова «Атом құрылысы және
Д.И.Менделеев жасаған химиялық элементтердің периодтық жүйесіндегі орны бойынша
элементтің және оның қосылыстарының сипаттамасы», А.С.Макаренко атындағы орта
мектебінің химия пәні мұғалімі А.Қаспақова «Фосфор және оның қосылыстары»
тақырыптарында ықшамдалған сабақтар өткізді. М.Х.Дулати атындағы орта
мектебінің химия пәні мұғалімі Л.Абуева «Жаңартылған білім – заман талабы»
тақырыбында коучинг жүргізді. Әртүрлі жаңа әдіс – тәсілдерді қалай тиімді
қолдану керектігін көрсетіп әріптестерімен пікір алысып, ой бөлісті.
Жаңартылған білім беру бойынша оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін
түрлі әдіс – тәсілдер пайдалана отырып, инновациялық педагогикалық
көзқарастарын дамытуға көмектесу қажеттігі туралы ақпараттар берілді.
Сондай – ақ қатысушыларға кері байланыс
парағы таратылып, қатысушылардың семинар туралы пікірлері мен ұсыныстары
жазбаша алынды. Семинар соңында семинар шешімі шығарылып, ашық сабақтар, ықшам
сабақтар және коучинг көрсеткен мұғалімдерге аудандық білім бөлімінің
сертификаттары берілді.





"Интербелсенді әдістер арқылы оқыту үшін бағалау” тақырыбындағы аудандық семинар-практикум
2017 жылы 29 қараша күні жаңартылған білім беру мазмұны
бойынша бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған"Интербелсенді әдістер
арқылы оқыту үшін бағалау” тақырыбындағы аудандық семинар-практикум өтті. Семинар-практикумда
теориялық бөлімінде білім бөлімінің әдіскері Э.Наурызбаева интербелсенді
әдіс-тәсілдермен таныстырса, тәжірибелік бөлімінде Ж.Козкорпешова,
Г.Адильбаева шеберлік сыныптар көрсетті.
Интербелсенді оқыту ойындардын ұйымдастыруда ережелерді сақтауға, жас
ерекшеліктеріне сәйкес тиімді әдістерді пайдалануға үйренді. Аудандық білім бөліміне қарасты білім беру
мекемелерінен 67 бастауыш сынып мұғаліміқатысып, тәжірибе алмасты. Жаңартылған білім беру мазмұнына көшуде нормативтік – құқықтық құжаттары негізінде
жүзеге асырылуын, оқу пәндерінің мазмұнын меңгертуде оқулықтар мен оқу –
әдістемелік құралдарды, электрондық оқулықтар мен аудио және бейне
материалдар қолданылнуға және http:\\smk.edu.kz сілтемедегіОӘК пайдалануға ұсынысберілді.
Кері байланыстан:
«Бүгін мен
интербелсенді оқыту ойындарды сабақтың
әр кезенінде пайдалануға үйрендім.
Әдіс-тәсілдер бойынша пайдалы ақпарат алдым.Оқу үрдісін ұйымдастыруда алған ақпаратты қолданамын...»
«Үйренгенім көп»
«Семинар-практикум өте жақсы»
«Гауһарлар жинау»,
«Шеринг»,«Ыстық орындық»,«Автор
орындығы»,«3 таяқша», «Бинго», «Өзіңізді тексеріңіз»,«9 -
ромб», «Жиналмалы қуыршақ»,«Детальдарын қосу» , «Алма ағашы», «Бір
сөзбен» , «Табыс сатысы» ,«Таңдау», «Тазалық»
интербелсенді ойындардың тиімділігін үйрендім»
«Рахмет !»






«BilimLand» сандық білім беру
ресурстарын пайдалану.
Аудандық семинар-тренинг.
Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің
ұйымдастыруымен 2017 жылдың 4 желтоқсаны күні Төле би ауылы Мұқағали Мақатаев
атындағы шағын орталықты тірек орта мектебінің базасында «BilimLand» сандық білім беру ресурстарын пайдалану тақырыбында
семинар-тренинг өткізілді.
Семинарға аудандық мектеп директорларының
оқу ісі жөніндегі орынбасарлары, информатика пәні мұғалімдері қатысты. Жалпы
саны 95 қызметкер.
Семинар барысында Шу ауданы әкімдігінің
білім бөлімінің әдіскері Д.Татибеков «Bilimland», «iTest», «iMektep», «Twig-bilim»
контенттерінің ерекшеліктері мен оқу үрдісіндегі пайдасы туралы онлайн
презентация көрсетті.
Келесі кезекте Bilimland сайтында жүргізілетін қашықтық байқаулары,
олардың шарттары мен ерекшеліктері туралы бандады.
Сондай-ақ, бағдарламаға сәйкес практикалық бөлімде офлайн
жүйесінде қосылған мектептерге берілген BilimBox және BilimDesk құрылғыларын іске қосу, құрылғымен жұмыс істеу
туралы тренинг жүргізді.
Семинар соңында сұрақ-жауап форматы арқылы аудиториямен
кері байланыс жүргізілді.
Семинар қорытындысы бойынша белсене қатысқан
қызметкерлерден кері байланыс түрінде бейнероликтер түсіріліп, алғыс хаттар
берілді.