* » Материалы за Февраль 2019 года

**

Аудандық семинар-практикум

Аудандық семинар-практикум

2019 жылдың 02 ақпан күні , Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің оқу-әдістемелік кабинетінің жоспарына сәйкес, Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебінің базасында «Тарих пәнінен функционалдық сауаттылықты арттыруға бағытталған әдіс-тәсілдер» тақырыбында тарих пәні мұғалімдерінің аудандық семинар-практикумы өтті.Семинардың мақсаты: Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталған оқу-тәрбие үдерісінде әдіс-тәсілдерді қолдану тәжірибесімен бөлісу;Семинарға 34 мұғалім қатысып,өзара тәжірибе алмасты.

Пән мұғалімдері Е.Ахметов 5 сыныпта «Крит - мекендік мәдениет туралы мифтер не айтады?» ашық сабағы, Р.Байтанаева «Ақпараттық сауаттылықтың тарих пәнін оқытудағы ролі» тақырыбында шеберлік сыныбы, Д.Құстүтінова «БелРеаk» дебат клубының жұмысы туралы шеберлік сынып сабақтары әдістемелік жағынан дұрыс құрылып, жоғары дәрежеде өтті.

 

 

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы конкурсының қорытынды № 11 хаттамасы

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы конкурсының қорытынды

№ 11 хаттамасы

Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімі КММ-сі

Төле би ауылы,Егемберді көшесі, 2А үй 19.02.2019 жыл, сағат 16-00


Конкурстық комиссияның құрамы:

М.К.Булекбаева – аудандық білім бөлімінің басшысының міндетін уақытша атқарушы, комиссия төрайымы;

С.Б.Жакипбекова – білім бөлімінің бас үнеудемшісі, комиссия төрайымының орынбасары.

Комиссия мүшелері:

Р.А.Альжанова – Шу ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы;

Д.Б.Әліпбаев – НұрОтан партиясы Шу аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары;

А.Ш.Қомаев – Жамбыл облысы кәсіпкерлер Палатасының Шу аудандағы филиалының директоры;

А.Ж.Рахматова- Шу аудандық мәслихатының депутаты;

Б.Е.Қуандыков – білім бөлімінің заңгері;

З.Н.Турсымбекова - білім бөлімініңәдіскері - комиссия хатшысы.

 

Қатысқаны : 7

Қатыспаған: жоқ

 

 

Күн тәртібінде:

1. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы.

 

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы комиссия мүшелері әлеуетті өнім берушінің ұсынған конкурстық құжаттарын қайта қарап, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы№ 122 бұйрығына сәйкестігін және балабақша құжаттағы кемшілікті жойғанын ескере отырып, ашық дауыс беру жолымен 2019 жылдың 19 ақпанында шешім етті:

 

Мемлекеттік тапсырысты жекеменшік мектепке дейінгі білім беру ұйымына орналастыру үшін тізімге еңгізу:

 

 

Шу қаласы, Шадықожа Ниетбайұлы көшесі №2В, «Бибінұр-А» ЖШС-нің «Бибінұр» бөбекжай-бақшасын – 75 бала.

Мектеп асханаларына зерделеу жүргізілуде

Мектеп асханасына жаңа көзқарас қалыптастыруды қолға алған «Нұр Отан» партиясы «Мектеп асханасы» партиялық жобасын жүзеге асыруда. Осыған орай, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Д.Б.Әліпбаев, білім бөлімінің әдіскері Н.Бекбауов аталмыш партиялық жоба аясында ,Төле би ауылындағы Е.Бекмаханов м-г,М.Әуезов, Әл-Фараби атындағы орта мектептердің асханалары зерделеніп, жоба стандартына сай, кәсіпкерлердің СЭС ережесі мен ұсыныстарына сай қызмет көрсетуі, бейнебақылау камераларының бар-жоқтығы, ас мәзіріндегі денсаулыққа зиян тағамдардың болмауы, мектеп асханаларында оқушылардың сапалы тамақпен қамтамасыз етілуі, оқушылардың тамақтану уақыты жіті тексерілді. Арнайы құрылған комиссия құрамындағы аудандық білім бөлімі, кәсіпкерлер палатасының өкілдері, жергілікті депутаттар, ата-аналар комитетінің мүшесі жүргізген алғашқы рейд жұмысы ары қарай жалғасын тауып, аудандағы барлық білім беру мекемелеріндегі асханалар зерделенетін болады.

 

 

 

 

 

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы конкурсының №10 хаттамасы

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы конкурсының

№10 хаттамасы

 

«Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімі» КММ-сі

Төле би ауылы,Егемберді көшесі, 2А үй 11.02.2019 жыл сағат 17-00


Конкурстық комиссияның құрамы:

М.А.Базарова – аудандық білім бөлімінің басшысы, комиссия төрайымы;

С.Б.Жакипбекова – білім бөлімінің бас үнеудемшісі, комиссия төрайымының орынбасары.

Комиссия мүшелері:

Р.А.Альжанова – Шу ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы;

Д.Б.Әліпбаев – НұрОтан партиясы Шу аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары;

А.Ш.Қомаев – Жамбыл облысы кәсіпкерлер Палатасының Шу аудандағы филиалының директоры;

А.Ж.Рахматова- Шу аудандық мәслихатының депутаты;

Б.Е.Қуандыков – білім бөлімінің заңгері;

З.Н.Турсымбекова - білім бөлімініңәдіскері - комиссия хатшысы.

 

Қатысқаны : 6

Қатыспаған: 1 (себепті жағдаймен С.Б.Жакипбекова – білім бөлімінің бас үнеудемшісі, комиссия төрайымының орынбасары)

 

Күн тәртібі:

1. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы

 

Отырысты білім бөлімінің басшысы М.А.Базарова ашты. Сөзіндеең бірінші басты назарда Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар мамандарды даярлауға, сондай-ақ жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 бұйрығына сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы қағидасын басшылыққа алатынын атап көрсетті.

 

Көрсетілген мерзім бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы конкурсқа 1 өтініш түсті.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы конкурсқа түскенмектепке дейінгі мекеме:

1.75 орынға Шу қаласы, Шадықожа Ниетбайұлы көшесі № 2В үйде орналасқан «Бибінұр-А» ЖШС-нің «Бибінұр» бөбекжай-балабақшасы.

«Бибінұр» ЖШС директоры Адильбек Гульназ Сарсембаевна.

Жоғарыда аталған жекеменшік балабақшаның конвертін комиссия мүшелері ашып, құжаттарын тексерді.

Балабақшалардың конкурсқа қатысуға ұсынылған өтінімдері:

1) Комиссия төрайымының атына мемлекеттік тапсырысты орындау мақсатында жарияланған конкурсқа қатыстыру туралы өтініштері.

2) Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің мемлекеттік тіркеу туралыкуәлігі, жарғысы, банктен қарызының жоқтығы туралы анықтамасы,салықоргандарынан қарызының жоқтығы туралы анықтамасы.

3) Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары үшін қолданылатын жылжымайтын мүлігіне құқықты орнатушы құжаттарының көшірмесі.

4)"Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2017 жылғы 28 сәуірдегі № 217 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15217 болып тіркелген) бекітілген "Эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына1-қосымшағасәйкес мектепке дейінгі ұйымның санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыларының көшірмесін;

5) Балабақшалардың медициналық кабинетінің лицензиялары;

6) білім беру органдарының жолдамасымен мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша балаларды қабылдау және "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан РеспубликасыныңЗаңынасәйкес бекітілген ата-аналар төлемінің тарифінен аспайтын мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша баланы күтіп-бағуға ата-аналар төлемінің мөлшерін белгілеу туралы міндеттемесі;

7) Жамбыл облысының Білім саласындағы бақылау департаметіне қызметті жүзеге асыруды бастағаны туралы берген хабарламасы.

 

Конкурстық комиссия мүшелері құжаттарын ұсынған балабақшаның конкурстық құжаттамаларын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 бұйрығына сәйкестігін ескере отырып, ашық дауыс беру жолыменконкурсқа қатысуға 2019 жылдың 11 ақпанда шешім етті:

 

1. «Бибінұр-А» ЖШС-нің «Бибінұр»балабақшасы конкурсқа жіберілген құжаттарындағы кемшілігін:

А) Балабақша үшін қолданылатын жылжымайтын мүлікке құқықты белгілеуші құжаттардың көшірмесінде (жекеменшік немесе жалға алу) жалға алу мерзімін дұрыс белгілеу;

Конкурстық комиссия мүшелері әлеуеттіөнімдерден конкурсқа түскен құжаттар бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 бұйрығына сәйкестігін ескере отырып ашық дауыс беру жолымен 2019 жылдың 11 ақпанында шешім етті:

 

1.Конкурстық комиссияға түскен құжаттардағы кемшілікті толықтыру үшін әлеуетті өнім беруші бес күнде (жұмыс күндері) 2019 жылдың 18 ақпан күні сағат 18.00-ге дейін Шу ауданы әкімдігінің білім бөліміне Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 бұйрығына сәйкес толықтырылсын.

"Үш тілде білім беру - заман талабы"

"Үш тілде білім беру - заман талабы"
22.01.2019 жыл Шу ауданы әкімдігі білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен Е.Бекмаханов мектеп-гимназиясының базасында  химия-биология пәні мұғалімдеріне арналған "Үштілде білім беру-заман талабы" тақырыбында семинар өтті. Семинардың мақсаты:білім беру мазмұнын жаңарту мақсатында химия-биология пәні сабағында үш тілде білім бере отырып, мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттыру және оны оқыту үрдісінде қолдану әдістемесімен тәжірибе алмасу. Семинар жоғары деңгейде өткізілді. Семинар барысында Төле би мектебінің химия пәні мұғалімі С.И.Самсонов 8 сынып оқушыларымен "Trends in Periodic table", Еңбекші орта мектебінің химия пәні мұғалімі М.Қ.Жаңбырбай 8 сынып оқушыларымен "Structure of periodic table", Е.Бекмаханов мектеп-гимназиясының биология пәні мұғалімі Ж.Б.Айтбаева 8 сынып оқушыларымен "Blood transfusion and blood types. RHfaktor" тақырыптарын ашық сабақ өткізіп іс-тәжірибелерімен бөлісті. Жібек жолы мектеп-лицейінің биология пәні мұғалімі А.Саурбай "Structure function and hygiene of theeth" тақырыбында,  Б.Момышұлы мектебінің химия пәні мұғалімі Э.Байгалыкова "Solution", Е.Бекмаханов мектеп гимназиясының биология пәні мұғалімі С.К.Абиканова "Diseases of human circulatory" тақырыптарында панорамалық сабақтар көрсетті.

"Үш тілде білім беру - заман талабы"

 

"Үш тілде білім беру - заман талабы"

 

"Үш тілде білім беру - заман талабы"

 

"Үш тілде білім беру - заман талабы"

 

"Үш тілде білім беру - заман талабы"

 

"Үш тілде білім беру - заман талабы"

 

"Үш тілде білім беру - заман талабы"

 


Хабарлама

ХАБАРЛАМА

Қазақстан  Республикасы  Білім және ғылым  министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы»бұйрығы негізінде «Жамбыл облысы Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қарасты жалпы орта білім беретін мекемелер жанынан Қамқоршылық кеңестер құрылады және оның құрамы бойынша жазбаша ұсыныстар 2019 жылғы 25 ақпанға дейін  қабылданады. Үміткерлердің жазбаша келісімі мына мекенжайда қабылданады:Төле би ауылы, Егемберді көшесі, №2 А, үшінші қабаттағы №10 кабинет, байланыс телефондары: 8 (726 38) 3-02-23, 3-01-49

 

Хабарлама

ХАБАРЛАМА

 

         Қазақстан  Республикасы  Білім және ғылым  министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы»бұйрығын басшылыққа ала отырып, «Жамбыл облысы Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің  2018 жылғы 13 ақпандағы «Білім беру ұйымдары жанынан қамқоршылық кеңестер құру және оның құрамын бекіту туралы»№109 бұйрығымен аудандағы білім беру  мекемелері жанынан  құрылған Қамқоршылық кеңестердің өкілеттілігі 2019 жылғы 13 ақпан күнінен бастап тоқтатылады.


Жібек жолы мектеп лицейінің қамқоршылық кеңесі отырысының хаттамасы

"Қамқорлық" акциясы

Шу  ауданы  бойынша 2019 жылдың   10 қаңтар  мен 10 ақпан  аралығында «Қамқорлық» қайырымдылық  акциясы өткізілді. Аудандағы барлық  мектеп  ұжымдары, ата-аналар, демеушілер   ат салысып аз қамтылған  және көп балалы  отбасынан шыққан  оқушыларға, жетім балаларға   аяқ киім, сырт киім, спорттық  киімдермен және  оқу құралдарымен  қамтамасыз етілді.

 «Қамқорлық»  акциясы шеңберінде 905 оқушыға 16 млн  704 мың   теңгеге  көмек берілді. Оның  ішінде   жергілікті бюджет есебінен    13 млн 937 мың теңгеге және демеушілердің  көмегімен  2 млн 767 мың теңге  көлемінде көмек  көрсетілді.

«Қамқорлық»  акциясы  барысында мөлтек  аудандарын  10 қаңтар мен 10 ақпан   аралығында 21122  ауланы/пәтерді/  1110 мұғалім аралады.

«Қамқорлық» акциясы аясында «Үндеу» хаты және көрсетілген көмек туралы  мәліметтер ,мақалалар  жергілікті «Шу өңірі» баспа бетіне №6-7  2019 жылғы 19 қаңтар/1 мақала/, «Спешите делать добро» №9-10 2019 жылғы 26 қаңтар /1 мақала/, №11 2019 жылғы 30 қаңтар/4 мақала/, №12 2019 жылғы 2 ақпан/4 мақала/,№14 2019 жылғы 9 ақпан /10 мақала/,   басылып шықты.Барлығы:20 мақала.

   Аудан бойынша  бір оқушы  іздеуде болғандықтан оқумен қамтылмаған. Атап айтқанда: Т.Рысқулов/қ/ атындағы орта мектебінің 6 сынып оқушысы Гуськов Артем. Аудандық ішкі  істер бөліміне  іздеу туралы қатынас  хаттар  жіберілген.

Аудан мектептерінде  «Қамқорлық»  акциясы аясында  үнпарақтар, плакаттар   және  ақпараттық бұрыштар   жасалынып  ілінді. Қатер тобындағы   балаларды  анықтау мақсатында аудандық  ішкі  істер бөлімінің  қызметкерлерімен  бірлесе отырып  15 рейд  бекітілген іс-шараларға  сәйкес   жүргізілді.




Тұрар Рысқұлов атындағы орта мектебінің қамқоршылық кеңесі отырысының хаттамасы

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Жастар жылының салтанатты ашылу рәсімінде сөйлеген сөзі

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының жаңалықтары

Жаңалықтар күнтізбесі

«    Февраль 2019    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728 



Жалпы білім беру мекемелерінің картасы