«Мәңгілік ел жастары индустрияға» - «Серпін - 2050» жобасы бүгінде
еліміздегі ең танымал әлеуметтік жобалардың бірі. Жоба аясында
еліміздің оңтүстік өңірлерінің жастары, өндіріс орындары дамыған,
жұмысшы күшіне қажеттілік қалыптасып отырған Ақмола, Ақтөбе, Атырау,
Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Павлодар,
Қостанай, Қарағанды өңірлерінің жоғарғы оқу орындары мен техникалық
және кәсіптік білім беру ұйымдарында тегін білім алып, тұрақты жұмысқа
орнал
асуына мүмкіндік береді.
Серпін жобасына Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан облысы, Жамбыл, Алматы облыстарының жастары қатыса алады.
«Серпін» әлеуметтік жобаның үш маңызды тұсы бар.
Біріншісі, индустриалды-инновациялық жобаларға мамандарды даярлау:
• жұмыс күші мол аймақтардағы жастарға сұранысқа ие кәсіби білім беруді ұйымдастыру;
• жұмыс күші мол аймақтардағы жастарды жұмыс күші тапшы аймақтардағы сұранысқа ие мамандықтар бойынша оқуға тарту;
Екіншісі, кәсіптік бейімделу:
• қоғамды «Серпін» жобасын іске асыру барысымен ақпараттандыру;
• техникалық және кәсіптік білім берудің беделін арттыру;
• жастардың жұмысшы кәсіптер (мамандықтар) алуға деген оң көзқарасын қалыптастыру;
Үшіншісі, жастардың әлеуеттік және жұмыссыздық мәселелерін шешу:
• жоба түлектерін жұмыс күші тапшы аймақтарда жұмысқа орналастыруға ықпал ету;
• жастардың еңбекпен және жұмыспен қамту саласындағы жағдайларының қамтамасыз етілуі;
• жастардың тұрғын-үй мәселесін шешу тетіктерін әзірлеу.
Жобаға қатысушы өңірлердің өкілдерінің үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу
үшін М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінен, Тараз
мемлекеттік педагогикалық университеті, Жамбыл политехникалық жоғарғы
колледжінен арнайы кабинеттер бөлінеді.
Тараз қаласында жоғарыда
аталған жоғарғы оқу орындарының базасында жобаға қатысу үшін шілде
айында мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау бойынша конкурсқа
құжаттар қабылданады.
Жамбыл облысында 13-17 мамыр айында барлық
аудандарда «Серпін» күндері өткізіледі. Серпін күндері аясында ауылды
елді мекендерде орналасқан мектеп бітіруші түлектері және ауыл
жастарымен кездесулер ұйымдастырылады, үгіт-насихат жұмыстары
жүргізіледі. Осы орайда, Шу қаласында орналасқан #40 шағын орталықты
мектеп лицейінің базасында мамыр айының 16 күні сағат 15:00 де "Серпін
күні" жиыны өткізіледі. Осы жиынға ауданымыздың жастарын ақпарат алуға
шақырамыз.
ХАБАРЛАНДЫРУ
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі
«Білім
беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау
тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы негізінде
«Жамбыл облысы Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімі» коммуналдық
мемлекеттік мекемесіне қарасты мектепке дейінгі (мемлекеттік) білім беру ұйымдары
жанынан Қамқоршылық кеңестер құрылады
және оның құрамы бойынша жазбаша
ұсыныстар
2019
жылғы 18 мамырға дейін қабылданады.
Үміткерлердің жазбаша келісімі мына мекенжайда қабылданады: Төле би ауылы, Егемберді көшесі, №2 А, үшінші қабаттағы №10 кабинет,
байланыс телефондары: 8 (726 38) 3-02-23, 3-01-49.
Төле би ауылының орталық алаңында 7мамыр-"Отан қорғаушылар" күніне орай
өскелең ұрпақты отан сүйгіштікке, патриоттық сезімге баулитын мектеп
оқушыларының арасындағы "Сапта жүріп, əн айту" байқауы өткізілді.
Аталған байқауға аудан əкімі Ж.Айтақов тікелей ат салысып, жеңімпаздарды
бағалы силықтармен марапаттады.