* » » Страница 2

**

2018 жылғы 2 наурызда №80 Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына кезектілікті қалыптастыру мен оның қызметін және жолдамаларды беру процесін автоматтандыру туралы

2017 жылғы 14 шілдедегі №337 Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына кезектілікті қалыптастыру мен оның қызметін және жолдамаларды беру процесін автоматтандыру туралы

Әл - Фараби атындағы орта мектептің қамқоршылық кеңесі отырысының хаттамасы

№49 негізгі мектептің қамқоршылық кеңесі отырысының хаттамасы

С.Сейфуллин атындағы орта мектептің қамқоршылық кеңесі отырысының хаттамасы

Мойынқұм атындағы орта мектептің қамқоршылық кеңесі отырысының хаттамасы

Домалақ Ене атындағы орта мектептің қамқоршылық кеңесі отырысының хаттамасы

Б.Момышұлы орта мектептің қамқоршылық кеңесі отырысының хаттамасы

№40 атындағы шағын орталықты орта мектептің қамқоршылық кеңесі отырысының хаттамасы

Ж.Баласағұни атындағы орта мектептің қамқоршылық кеңесі отырысының хаттамасы

Жамбыл атындағы гимназияның қамқоршылық кеңесі отырысының хаттамасы

М.Мәметова атындағы орта мектептің қамқоршылық кеңесі отырысының хаттамасы

М.Ғабдуллин атындағы орта мектептің қамқоршылық кеңесі отырысының хаттамасы

Абай атындағы шағын орталықты орта мектептің қамқоршылық кеңесі отырысының хаттамасы

О.Жандосов атындағы шағын орталықты орта мектептің қамқоршылық кеңесі отырысының хаттамасы

Жамбыл атындағы орта мектептің қамқоршылық кеңесі отырысының хаттамасы

М.Х.Дулати атындағы орта мектептің қамқоршылық кеңесі отырысының хаттамасы

Т.Рысқұлов атындағы орта мектептің қамқоршылық кеңесі отырысының хаттамасы

Ә.Молдағұлова атындағы орта мектептің қамқоршылық кеңесі отырысының хаттамасы

А.С.Макаренко атындағы орта мектептің қамқоршылық кеңесі отырысының хаттамасы

Жібек жолы мектеп - лицейінің қамқоршылық кеңесі отырысының хаттамасы

С.Шәкіров атындағы орта мектептің қамқоршылық кеңесі отырысының хаттамасы


Амангелді атындағы орта мектептің қамқоршылық кеңесі отырысының хаттамасы

 

 

 

Алға орта мектебінің қамқоршылық кеңесі отырысының хаттамасы

 

 

 

Абай (қ) атындағы орта мектептің қамқоршылық кеңесі отырысының хаттамасы

 

 

Е.Бекмаханов атындағы мектеп-гимназияның қамқоршылық кеңес отырысының хаттамасы

 

 

М.Мақатаев атындағы шағын орталықты орта мектептің қамқоршылық кеңес отырысынң хаттамасы

 

 

 

Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектеп қамқоршылық кеңес отырысының хаттамасы

 

 

 

Еңбекші орта мектебінің қамқоршылық кеңес отырысының хаттамасы

 

 

 

Төле би (а) атындағы орта мектептің қамқоршылық кеңес отырысының хаттамасы

 

 

 

Қ.Сәтпаев атындағы орта мектептің қамқоршылық кеңес отырысының хаттамасы

 

 

 

Ы.Алтынсарин атындағы орта мектептің қамқоршылық кеңес отырысының хаттамасы

 

 

 

Жайсан орта мектебінің қамқоршылық кеңес отырысының хаттамасы

 

 

№18 М.Әуезов атындағы орта мектептің қамқоршылық кеңесі отырысының хаттамасы

 

 

 

 

Төле би /қ/ атындағы орта мектебінің қамқоршылық кеңесі отырысының хаттамасы

 
 
 
 
 


Жиенбет негізгі мектебінің қамқоршылық кеңесі отырысының хаттамасы

Мұхтар Әуезов атындағы шағын орталықты орта мектебінің қамқоршылық кеңесі отырысының хаттамасы

«Рухани жаңғыру – табысты ел болуымыздың кепілі» атты аудандық ғылыми-тәжірибелік конференция

«Рухани жаңғыру – табысты ел болуымыздың кепілі» атты аудандық ғылыми-тәжірибелік конференция

 

2017 жылдың 23 қараша күні Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің ұйымдастыруымен Шу қаласы, №40 орта мектеп басзасына «Рухани жаңғыру – табысты ел болуымыздың кепілі» атты аудандық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді.

Конференцияға Шу ауданы әкімінің орынбасары Аймамбетов Ербол Еркінұлы, психология ғылымдарының кандидаты, PhD докторы, Берлин дифференциалды психология интитутының Құрметті профессоры Есімбекова Бақыт Оразайқызы, Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының кафедра меңгерушісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Абдықадырова Тұрсынай Рыстайқызы, «Генерал С.Нұрмағамбетов атындағы Республикалық «Жасұлан» мектебінің тарих пәні мұғалімі Исабаева Раушан Тулегеновна, ҚР білім беру ісінің үздігі, Қазақстан тарихшылары Ұлттық конгресінің және Қазақстан педагогтары Одағының мүшесі Ақылжан Қарақойшым, облыстық білім басқармасының қызметкерлері, Қордай, Меркі, Мойынқұм аудандардың мектеп директорлары мен тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, аудан әкімдігінің жетекшілері, облыстық, аудандық әдістемелік кабинеттердің әдіскерлері, білім беру ұйымдарының директорлары мен орынбасарлары, мұғалімдер, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының менеджерлері мен БАҚ өкілдері қатысты.

Конференция жұмысы екі кезеңге бөлінді. Бірінші кезең, пленарлық отырыста ұлттың рухани жаңғыру болмысындағы ұлттық сана және ұлттық рух, латын графикасының тарихы мен болашағы, мектептегі негізгі тәрбие құралы - ұлттық болмысты сақтау және жастардың рухани-ұлттық танымын қалыптастыру негізі жөнінде баяндамашылар өз ойларын ортаға салды.

Екінші кезең, прктикалық бөлімде №40 орта мектеп базасында «Рухани жаңғыру» кабинетінің ашылу салтанаты жүзеге асырылды. Сонымен қатар, «ARLANS» аудандық оқушылар мен педагогтардың пікір-сайыс клубының және аудандық оқушылар арасындағы «Триумф» киностудиясының ашылу презентациялары қатысушыларға ұсынылды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дәстүрлі тамыз кеңесі

Дәстүрлі тамыз кеңесі

 

2017 жылдың 26 тамызында аудандық білім беру қызметкерлерінің тамыз кеңесі болып өтті. Өткен оқу жылының қорытындысына талдау жасай отырып, жаңа оқу жылында атқарылар міндеттерді айқындау мақсатындағы мұғалімдердің тамыз кеңесі «Қазақстанның жаңғыруы 3.0 білімнің үлесі» тақырыбында өтті.

Тамыз кеңесі жұмысынааудан әкімі Досаев Қайрат Әскербекұлы, Жамбыл облыстық білім басқармасының бас маманы Суйманова Набира Қапарқызы, аудандық маслихат депутаттары, Шу қаласы және ауылдық округтердің әкімдері, бөлім басшылары, құқық қорғау органдары мен БАҚ өкілдері, үкіметтік ұйымдар мен кәсіподақ ұйымдарының мүшелері, мектептердің, мектепке дейінгі және мектептен тыс мекемелердің басшылары, ардагер ұстаздар мен ата-аналар, білім қызметкерлері қатысты.

Жиынға қатысушылар алдымен ауданның білім саласындағы жетістіктері мен жаңалықтары туралы көрмемен танысты. Кеңесті білім бөлімі басшысы Базарова Майра Айдарбекқызы ашып, есептік баяндама жасады. Жетістіктер мен қоса кемшіліктерге де баса назар аударылған мазмұнды да мәнді баяндаманы жұрт ұйып тыңдады.

Жарыссөзге шыққан М.Әуезов атындағы орта мектебінің директоры Әбенов Жасулан Әлкенұлы Рухани жаңғыруға, 12 жылдық білім беру жүйесіне көшуге педагогикалық ұжымының қосып жатқан үлесі туралы сөйлесе, жаңартылған білім берудің дәстүрлі білім беруден ерекшелігі, оқытудағы тиімділігі, бағалаудың жаңа жүйесі туралы №40 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Қайрақбаева Айнұр Серікқызы, үш тілділіктің болашақта енгізілу кезеңдері және оны оқушыларға меңгертудің мақсаты мен ерекшелігі туралы Жібек-жолы мектеп лицейінің физика пәнінің мұғалімі Жанкеева Баян Хамитжанқызы баяндап берді.

Тамыз кеңесінің құрметті қонағы Жамбыл облыстық білім басқармасының бас маманы Суйманова Набира Қапарқызы өз сөзінде жаңа оқу жылындағы енгізіліп жатқан жаңалықтармен таныстыра отырып, қамқоршылық кеңесінің ролі туралы айтып өтті.

Аудан әкімі Досаев Қайрат Әскербекұлы кеңеске қатысушыларды алдағы Білім және Ата заңымыз – Конститутция күнімен құттықтап, өз сөзінде «мектеп – білім ошағы ғана емес, сонымен бірге ақыл мен имандылық тәрбиесінің ұясы» - дей келе тәрбие мәселесіне кеңінен тоқталып, бірқатар тапсырмалар да берді.

Тамыз кеңесінің салтанатты бөлімі марапаттау рәсімінде ҚР Білім және ғылым министрінің Құрмет грамотасын, Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының Құрмет грамотасын, аудан әкімінің Құрмет грамотасын, алғыс хатын, «НұрОтан» партиясының алғыс хатын бірқатар білім беру қызметкерлеріне аудан әкімі Досаев Қайрат Әскербекұлы табыстады.

Марапаттау рәсімінен соң «Ұстазым» әнінің әуенімен залдағы жиналған қауымға аудан әкімінің атынан жас мамандар гүл шоқтарын үлестіріп, ардагер ұстаздарға сый-сияпаттар берілді.

 

 

 

 

 

 

 

«Судағы қауіпсіздік» ережелерін сақтау туралы рейд жұмыстарының нәтижесі

 «Судағы қауіпсіздік» ережелерін сақтау туралы рейд жұмыстарының

нәтижесі

 

Аудандық білім бөлімі жазғы су айдыны кезеңінде «Судағы қауіпсіздік» ережелерін сақтау туралы рейд жұмыстары ұйымдастырылып, аудандық білім бөлімінің маманы және аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің мамандарымен 2017 жылдың 8-9 тамыз күндері жазғы демалыс кезеңінде су тоғандарындағы төтенше жағдайлардың алдын алу шаралары, қайғылы оқиғаларды болдырмау, балалардың өмірі мен денсаулығын, судағы қауіпсіздігін сақтауды қамтамасыз ету бойынша Шу қаласы мен Төле би ауылынан өтетін Шу өзенінің бойы мен каналдардың бойындағы шомылу орындарында демалушы 31 ата-ана мен 98 балаларға судағы қауіпсіздік ережелері туралы жаднамалар таратылып, судағы қауіпсіздік туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, ересек кісілерге мас күйінде шомылуға тыйым салынғаны туралы түсіндіріп, ескертулер жасалды.

Шу ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы, подполковник Б.Калыковтың келісімімен ағымдағы жылдың 9 тамызы күні Шу өзенінің бойында «Судағы қауіпсіздік ережесін сақтау» туралы акция ұйымдастырылып, төтенше жағдайлар бөлімінің азаматтық қорғау сержанты Е.Акбар, бөлімше командирі аға сержант Н.Каркулов, аға лейтенанты Б.Бегалиев, М.Маметова орта мектебінің тәлімгері және өзен жағалауындағы демалушы ата-аналар қатыстырылып, дауыс күшейткішпен судағы қауіпсіздік ережелері түсіндірілді.

 

 

 

 

 

 

 

 

Судағы қауіпсіздік

Шу ауданы әкімдігінің білім бөліміне қарасты білім мекемелері бойынша жазғы су айдыны кезеңінде «Судағы қауіпсіздік» ережелері туралы акция ұйымдастырылып, аудандық білім бөлімінің маманы және аудандық ішкі саясат «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің мамандарымен 2017 жылдың 3 тамызында жазғы каникул кезеңінде су тоғандарындағы төтенше жағдайлардың алдын алу шаралары, қайғылы оқиғалар болдырмау, балалардың өмірі мен денсаулығын, судағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша халық көп шоғырланған «Андаспай» Шу өзенінің бойы, каналдар мен жекеменшік шомылу орындарында судағы қауіпсіздік ережелері туралы жаднамалар ата-аналар мен жасөспірімдерге таратылып және судағы қауіпсіздік туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Халық көп шоғырланған «Сауда сервис» орталық базарында жазғы су айдындары кезеңінде судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау және ата-аналарға балаларын су айдындарында қараусыз қалдырмау туралы үнемі дауыс күшейткіш арқылы хабарландыру жасалып тұрады.
 

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

2017 жылдың 7 – 11 тамыз аралығында Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының ұйымдастыруымен «Ашық білім басқармасы» акциясы өтеді.

Акция барысында білім беру саласы бойынша өзекті мәселелер талқыланып, қабылдаулар жүрізіледі.

Акция өтетін орын:

9 тамыз 2017 жыл Шу қаласы, №40 орта мектебі (сағат 1500)

 

 

 

Объявление

Управление образования акимата Жамбылской области с 7 по 11 августа 2017 года проводит в районах акцию «Открытое управление образования».

В ходе акции будут обсуждены проблемные вопросы в сфере образования, будет проведен прием граждан.

 

Место проведения акции:

9 августа 2017 года

г.Шу, средняя школа №40,(время 15.00)

Абай болыңыз!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Қауіпсіз Интернет» республикалық ақпараттық кампаниясын өткізу туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

«Қауіпсіз Интернет» республикалық ақпараттық

кампаниясын өткізу туралы

ХАБАРЛАНДЫРУ

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 29.03.2017 жылғы №2800/4-18-6/948-И хатына сәйкес ағымдағы жылдың 10-21 сәуір аралығында «Қауіпсіз Интернет» республикалық ақпараттық кампаниясын өткізу ұсынылуда.

Кампанияның басты мақсаты – кәмелетке толмағандардың, педагогтер мен ата-аналардың назарына агрессивті Интернет мазмұнының әсерінен болатын проблемаларды түсіну деңгейін арттыруға бағытталған ақпаратты жеткізу, Интернет ресурстарды қолдану мәдениетін, кәмелетке толмағандардың Интернетке кіру белсенділігін бақылауға қатысты Интернет-қызметтерде ересек қолданушылардың жауапкершілігін жоғарылату.

Осыған орай, аудандағы орта және негізгі білім еру ұйымдары ақпараттық кампанияны қоса берілген тұжырымдама мен іс-шаралара жоспарына сәйкес өткізу қажет.

Кампанияның тұжырымдамасы мен іс-шаралар жоспарын төмендегі сілтемелер бойынша көшіре аласыздар.

Koncepciya.doc [51,5 Kb] (cкачиваний: 17)
plan-po-kampanii-ministerstva.doc [148 Kb] (cкачиваний: 14)
plan-po-kampanii-oblast.doc [92 Kb] (cкачиваний: 19)

Хабарландыру

 

 Хабарландыру

Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімі Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының 15.03.2017 жылғы №02-971 хатына сәйкес төмендегіні хабарлайды.

2017 жылғы Білім алушылардың қорытынды аттестаттауының сынама тапсырмалары төмендегі сілетемелер бойынша орналастырылған.

Сонымен қатар, аталған емтихан тапсырмалары ұлттық тестілеу орталығының testcenter.kz сайтында орналасқан.

Берілген эссе тақырыптарының ішінен 10 тақырып, Қазақстан тарихы пәнінен билеттердің бір нұсқасы қорытынды атестаттау кезінде мектеп бітірушіге ұмынылады. Мектеп бітіруші эссенің 10 тақырыбының ішінен біреуін таңдайды.

 Көшіру сілтемелері

Алгебра Algebra.rar [2,99 Mb] (cкачиваний: 2)
Қазақ және орыс тілдері Ka-i-russ-yazyk.rar [36,02 Kb] (cкачиваний: 4)
Қазақстан тарихы 1-8 azastan-tarihy-1-8.rar [4,98 Mb] (cкачиваний: 2)
Қазақстан тарихы 9-15 azastan-tarihy-9-15.rar [7,78 Mb] (cкачиваний: 2)

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру


 

Жамбыл облысы Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «Еңбекші орта мектебі» КММ-де «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында

өткізілген № 1 ата-аналар жиналысының

Х А Т Т А М А С Ы

Еңбекші ауылы 10 ақпан 2017 жыл

Барлығы: 25

Қатысқаны: 20

 

Күн тәртібінде:

1. «Ата-аналар мен оқушылар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті

қалыптастыру»

1) Баяндамашы: Майкеев Т.Ж. – мектеп директоры;

2) Баяндамашы: Жапсарбаев А.А. – директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

2. «Мектеп оқушыларын әлеуметтік желілердегі кең тарап жатқан қауіпті ақпараттардан

қорғау туралы» (Баяндамашы: Оспанов Н.С. – мектеп психологы)

 

Тыңдалды: мектеп директоры: Майкеев Т.Ж. - жиналған ата-аналар мен ұстаздарды күн тәртібімен таныстырып, Жамбыл облысы Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің 2017 жылға арналған жылдық жоспарына сәйкес, мектепте ағымдағы жылдың 31 қаңтардағы №10 "Мектепте білім алушылар мен олардың ата-аналары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру туралы" Бұйрығы шығарылып, осы бұйрықтың негізінде ата-аналар жиналысының кестесі жасалғанын, оған төрт жиналыс қойылып, барлығының негізгі мақсаты осы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес аясында өтетіндігі айтылды. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлықпен күрес жұмысын сапалы ұйымдастыру мақсатында оқу жылының басынан мектепте бұйрықтар шығарылып, қазіргі таңда сынып жетекшілер оқушылармен осы бағытта түрлі тақырыптарда сынып сағаттары мен тәрбие сағаттарын өткізуде және мектепте үнемі сенім телефоны мен сенім жәшігінің жұмыс жасап тұрғанын айтты.

Келесі кезекте, Майкеев Т.Ж. ата-аналарға өзінің "Ата-аналар мен оқушылар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру" тақырыбындағы баяндамасын ұсынды. Баяндамада, Сыбайлас жемқорлық туралы түсінік беріп, онымен күресті нығайту үшін Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзінің жыл сайынғы дәстүрлі Халыққа Жолдауларында басып айтатындығын, сондай-ақ, биылғы Жолдауында да халық болып күресуіміз қажет екенін басып айтқанын атады. Сонымен қатар, ата-аналарды "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" ҚР Заңнамаларымен таныстырып, слайд арқылы ата-аналарға жеке тұлғаның, қарапайым азаматтардың, бұл кеселмен қалай күресуге болатынын, олардың да қоғам алдында атқаратын рөлі ерекше екенін атап өтті. Сөз соңында, ата-аналарға бала тәрбиесіне көңіл бөлуді, осы тақырыпта қоғамда дұрыс пікір қалыптастыру жөнінде кеңес берді.

Бірінші мәселе бойынша екінші баяндамашы: директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.А.Жапсарбаев өз баяндамасында жиналған қауымға сыбайлас жемқорлықтың елімізде етек жайып, көптеген салаларда өз зиянын тигізіп жатқанын, билік басындағы қызметкерлердің сеніп тапсырған лауазымын ақтмағаны және Елбасымыздың осы қоғам қасіретімен бірігіп күресуге шақыратынын айтты. Баяндама соңында, өз сөзімен ата-аналарға балаларымыздан адал ұрпақ, еліне адал азамат тәрбиелеуге шақырды. Осы бағытта мектепте бірқатар жұмыстардың атқарылып жатқанын атап, ата-аналарға өз үлестерін қосады деп сенім білдірді.

Екінші мәселе бойынша: мектеп психологы Оспанов Н.С. - «Мектеп оқушыларын әлеуметтік желілердегі кең тарап жатқан қауіпті ақпараттардан қорғау туралы» баяндамасында, алдымен ата-аналарға "Балаңыздың жақын досы болыңыз" атты тақырыпта слайд ұсынып, онда ата-аналарға арналған жаднамамен таныстырды.

Ең басты мәселе, ол әрине әлеуметтік желілер арқылы, жас ерекшелігіне сәйкес, яғни өтпелі кезең, әсіресе 11-19 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдердің тез қабылдағыш келетінін айтып, кең тарап жатқан ойын түрлері "Синий кит", "Тихий дом", "Море китов", "Разбуди меня в 4.20" және "Явигре#". Сондай-ақ, көршілес жатқан Ресей федерациясынан келіп жеткен тағы бір ойын түрі "Беги или умри".

Осы аталған әлеуметтік желілер арқылы кең тарап жатқан ойын түрлері жайында мектеп әкімшілігі кең көлемде ақпараттар беріп, соңында екі тақырыпқа да байланысты бейнероликтер көрсетті.

Сөйледі: Еңбекші ауылылың ардагерлер кеңесінің төрағасы Дуанбаев Кеңесбек ата өз сөзінде екі тақырыпқа да байланысты пікірін білдіріп, үнемі Елбасының сарабдал саясатын қолдайтынын, бүгінгі жиналыс барлығы бала тәрбиесіне байланысты екенін айтып, адал ұрпақ тәрбиелеуге шақырды.

Сондай-ақ, бұл мәселелерді күнделікті БАҚ-тан көріп жүрсек те, бүгінгі мектеп әкімшілігінің әзірлеген ақпараттары, түрлі слайд, бейнероликтері арқылы ерекше әсерге бөленгендерін айтып, алғысын білдірді.

 

Ата-аналар жиналысының шешімі:

1. «Ата-аналар мен оқушылар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті

қалыптастыру» тақырыбындағы баяндамалар ата-аналар тарапынан назарға алынып,

жастар арасында үгіт-насихат жұмыстары жүргізілсін.

2. Мектеп оқушыларын әлеуметтік желілердегі кең тарап жатқан қауіпті ақпараттардан

қорғау мақсатында сынып жетекшілер мен ата-аналар балалармен түсіндіру

жұмыстарын жүргізсін. Қорытындысы сынып жиналыстарында қаралсын.

 

Төрағасы: Т. Майкеев

Хатшы:

 

Мемлекеттік қызмет стандартының орындалуы туралы дөңгелек үстел

Мемлекеттік қызмет стандартының орындалуы туралы дөңгелек үстел

 

Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің әдіскері М.Истибаеваның ұйымдастыруымен 2016 жылғы 6 сәуір күні Шу қаласындағы Төле би ОМ базасында «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі жастағы (7 жасқа толмаған) балаларды кезекке қою» мемлекеттік қызмет стандартының орындалуы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Аталған шараға Мемлекеттік корпорация қызметкерлері Альжанова З, Құдайбергенов Н, Дубиров М, Төле би орта мектебінің 11 ата-анасы қатысты. Дөңгелек үстелдің мақсаты: Мемлекеттік қызмет көрсетудің негізгі ұғымы, сонымен бірге қызмет алушының құқығы және қызмет берушінің құқығы мен міндеттері туралы.

Мемлекеттік қызметті берушіге немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына (халыққа қызмет көрсету орталығы) қызмет алуға барған әрбір азамат оны көрсету стандартымен танысуы қажет. Онда қызмет алушыға арналған барлық ақпараттар көрсетілген: қызметті көрсету тәртібі, мерзімі, нысаны, нәтижесі, қызмет берушінің жұмыс регламенті, қызмет көрсетуге қажетті құжаттар тізілімі, шағымдану тәртібі және тағы басқа тақырыптар ортаға салынды.

Халықты ақпараттандыру мақсатында мемлекеттік қызмет көрсететін барлық мемлекеттік мекемелерде (ұйымдарда) ақпараттық стендтер орнатылған, ресми интернет- ресурстарында қажетті мәліметтер берілген. Қысқаша айтқанда, әрбір азамат мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы құқықтық сауатын жетілдіру нәтижесінде өз құқықтарын қорғап қана қоймай, қызмет көрсету сапасын жоғарылатуға және сыбайлас жемқорлық көріністердің алдын алуға оң септігін тигізе алатындығы туралы айтылды.

Дөңгелек үстелдің көріністері

 

 

Мемлекеттік қызмет стандартының орындалуы туралы дөңгелек үстел

Мемлекеттік қызмет стандартының орындалуы туралы дөңгелек үстел

 

Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің әдіскері М.Истибаеваның ұйымдастыруымен 2016 жылғы 6 маусым күні Төле би ауылында орналасқан М.Әуезов ОМ базасында «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі жастағы (7 жасқа толмаған) балаларды кезекке қою» мемлекеттік қызмет стандартының орындалуы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Аталған шараға М.Әуезов атындағы орта мектебінің ұжымы және 20 ата-ана қатысты. Дөңгелек үстелдің мақсаты: Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттырудағы маңызды мәселелердің бірі-халықтың мелекеттік қызметтерді көрсету тәртібі жөнінде хабардар болуын және құқықтық сауаттылығын арттыру, заң бұзушылықтардың алдын алу және сыбайлас жемқорлық көріністері мен тәуекелдерін жою болып табылады. Дөңгелек үстелде «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі жастағы (7 жасқа толмаған) балаларды кезекке қою» мемлекеттік қызмет стандартының орындалуы бойынша «Мемлекеттік электрондық порталына қалай тіркелу керектігі», «Интернет арқылы баланы мектепке дейінгі мекемеге кезекке қою» және «Ұялы телефонның eGov.kz мобильды қосымшасы арқылы баланы кезекке қою» туралы бейнероликтер көрсетіп, бүгінгі таңда кезекке қоюды және басқада мемлекеттік қызметтерді алу үшін ХҚКО-на жүгіну міндетті емес екендігін және әр азамат үйінде отырып мобильді интернет және мемлекеттік үкімет порталы арқылы өз ойларын жүзеге асырып және уақытты үнемдей алатындығын ескере отырып, баланы балабақшаға берер сәті таяғанда емес, алдын-ала ойластырып кезекке қоюды қолға алу керек екендігі айтылып өтті.

Дөңгелек үстелдің көріністері


 

 



Жиналыс хаттамалары

Көшіру ZhINALYS-vseobuch-24.03.16-g.doc [79,5 Kb] (cкачиваний: 23)
Көшіру ZhINALYS-pitanie-24.03.16-g.doc [101 Kb] (cкачиваний: 10)
Көшіру ZhINALYS-pit-2.11.15-g.doc [67 Kb] (cкачиваний: 11)

Аудан әкімдігінің білім бөлімі басшысының жанындағы кеңес хаттамалары

Көшіру kollegiya-spravka-vseobuch-15g-.v.doc [101,5 Kb] (cкачиваний: 12)
 
Көшіру monitoring-spravka-vseobuch-21-dekabr-15g.doc [161 Kb] (cкачиваний: 11)

Кітапханаға кітап сыйы

Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімі Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының 05.02.2016 жылғы №02-500 хатына сәйкес ауданда Алғыс айту күнін мерекелеу қарсаңында «Кітапханаға кітап сыйы» акциясын өткізді.

Акцияның мақсаты – халықтың тарихи-мәдени құндылықтарын, соның ішінде жазба жәдігерлерді сақтаудың өзекті мәселелеріне қоғам назарын аудару болып табылады.

Осыған орай, барлық мектептерде Алғыс айту күнін атақты, танымал тұлғалардың қатысуымен, акция аясында сыйға тартылған кітаптар негізінде барлық мектептерде кітап көрмесі ұйымдастырылып,кездесу өткізілді.

Кітапханаға кітап сыйы
Кітапханаға кітап сыйы
Кітапханаға кітап сыйы

 

Назад 1 2 Вперед

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Жастар жылының салтанатты ашылу рәсімінде сөйлеген сөзі

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының жаңалықтары

Жаңалықтар күнтізбесі

«    Декабрь 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 



Жалпы білім беру мекемелерінің картасы