* » Страница 10

**

№40 шағын орталықты орта мектеп лицейінің қамқоршылық кеңесі отырысының хаттамасы

А.С.Макаренко атындағы шағын орталықты орта мектебінің қамқоршылық кеңесі отырысының хаттамасы



«Менің кіші - Отаным» атты жас тарихшылардың зияткерлік танымдық сайысы

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында 8-11 сынып оқушылары арасында өткізілген аудандық «Менің кіші - Отаным» атты жас тарихшылардың зияткерлік танымдық сайысы

Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімініңұйымдастыруымен оқушыларды тарихи және өлкетану біліміне араластыру, өскелең ұрпақ бойында патриотизм сезімін тәрбиелеу, ұлттық өзіндік менін және өзінің кіші Отанына деген қуаныш сезімін анықтау мақсатында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру: бағдарламасының «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы негізінде «Менің кіші Отаным» атты жас тарихшылардың 8-11 сынып оқушылары арасында танымдық зияткерлік сайысы 2019 жылдың 12 наурыз күні, Төле би ауылы, М.Мақатаев атындағы тірек мектебінің базасында өткізілді. Сайысқа қатысуға ауданның 18 мектебінен 42 сұраныс өткізді. Сұраныс өткізген мектептерден 42 оқушы өздерінің туған ауылының тарихы, ауылдан шыққан облыс, аудан көлемінде аты шыққан азаматтар, жер-су аттары туралы, арнайы зерттеу жұмысын жүргізіп, ғылыми жобаларын қорғады. Сайыс ережесіне сай барлық оқушылар жақсы дайындықпен келген ,барлық оқушылар өз ауылының көшелері атауының себебі мен өз ауданымыздан шыққан тұлғалар жайында көп мәлімет алды.

«Менің кіші - Отаным» атты  жас тарихшылардың зияткерлік танымдық сайысы

 

«Менің кіші - Отаным» атты  жас тарихшылардың зияткерлік танымдық сайысы

Байқау ережесіне сәйкес, әділқазылар шешімімен оқушылардың кіші Отанын зерттеу мақсатында өткізіліп отырған бұл байқауда өзіндік ойын жеткізе білген Белбасар ауылы, Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебінің 11 сынып оқушылары Қартайған Ақерке, Мұқатай Інжу «Ата қоныс –алтын мекен » атты ғылыми жобада туған жері Белбасар ауылы, аулынан шыққан тұлғалар туралы өте жақсы қорғады.

«Менің кіші - Отаным» атты  жас тарихшылардың зияткерлік танымдық сайысы

 

«Менің кіші - Отаным» атты  жас тарихшылардың зияткерлік танымдық сайысы 

Қазылар алқасының шешімімен, пән бойынша алыған тест қорытындысы мен ғылыми жоба қорғаудан Бас жүлдені Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебінің 11 сынып оқушылары Қартайған Ақерке, Мұқатай Інжу танымдық зияткерлік сайысының облыстық кезеңіне жолдама алды.

Жүлделі орын иегерлері дипломдармен, белсене қатысқаны үшін қалған оқушылар Алғыс хаттармен марапатталды.

«Менің кіші - Отаным» атты  жас тарихшылардың зияткерлік танымдық сайысы

 

«Менің кіші - Отаным» атты  жас тарихшылардың зияткерлік танымдық сайысы

«Физика пәнін оқытуда ағылшын тілінің өзектілігі»

2019 жылдың 22 ақпан күні Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің жоспарына сәйкес Жібек жолы лицейінде «Физика пәнін оқытуда ағылшын тілінің өзектілігі» тақырыбында физика  пәні мұғалімдерінің аудандық семинар- практикумы өтті.Семинардың мақсаты: Мемлекеттік тілді құрметтеу, оқушылардың танымдық деңгейін көтеру, ой-өрісін кеңейту, терминдерді қолдануға үйрету;Семинарға 26 мұғалім қатысып, өзара тәжірибе алмасты.

Пән мұғалімдері Ашық сабақ  8 сыныптарға үш тілде сабақ берген «Жібек жолы» лицейінің физика пәнінің мұғалімі  Джанкиева Баян Хамиджанқызы  «Thermal phenomenon of electric current.Law of Joule-Lenz» тақырыбында.

Жамбыл атындағы гимназияның физика пәнінің мұғалімі Суттибай Аида Алмасқызы «Resistivity.Меншікті кедергі»  тақырыбында.

С.Сейфуллин атындағы орта мектептің физика пәні мұғалімі Тузельбаева Роза  Аскарбековна  «Electric energy and power» тақырыбында.

Абай атындағы шағын орталықты орта мектебінің физика пәнінің мұғалімі Бекжигитова Зираш Абдикеримовна «Electrical resistance.Электр кедергісі»

Панорамалық сабақ көрсеткен Б.Момышұлы атындағы орта мектептің физика пәні мұғалімі Керимқұлов Құрманғали Елтайұлы «Ohm law» тақырыбында. Ы.Алтынсарин атындағы шағын орталықты орта мектептің физика пәні мұғалімі Мұсабекова Анар Бекжолтайқызы  «Өткізгіштерді тізбектей параллель жалғау» тақырыбында.

Жұмысы туралы шеберлік сынып сабақтары әдістемелік жағынан дұрыс құрылып, жоғары дәрежеде өтті.

 

 

 

«Физика пәнін оқытуда ағылшын тілінің өзектілігі»

 

<!-- [if gte mso 9]> <!-- [if gte mso 9]> Normal 0 false false false RU X-NONE X-NONE <!-- [if gte mso 9]> <!-- [if gte mso 10]> /* Style Definitions */ table.MsoNormalTable {mso-style-name:"Обычная таблица"; mso-tstyle-rowband-size:0; mso-tstyle-colband-size:0; mso-style-noshow:yes; mso-style-priority:99; mso-style-qformat:yes; mso-style-parent:""; mso-padding-alt:0cm 5.4pt 0cm 5.4pt; mso-para-margin-top:0cm; mso-para-margin-right:0cm; mso-para-margin-bottom:10.0pt; mso-para-margin-left:0cm; line-height:115%; mso-pagination:widow-orphan; font-size:11.0pt; font-family:"Calibri","sans-serif"; mso-ascii-font-family:Calibri; mso-ascii-theme-font:minor-latin; mso-fareast-font-family:"Times New Roman"; mso-fareast-theme-font:minor-fareast; mso-hansi-font-family:Calibri; mso-hansi-theme-font:minor-latin; mso-bidi-font-family:"Times New Roman"; mso-bidi-theme-font:minor-bidi;}

Аудандық семинар-практикум

Аудандық семинар-практикум

2019 жылдың 02 ақпан күні , Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің оқу-әдістемелік кабинетінің жоспарына сәйкес, Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебінің базасында «Тарих пәнінен функционалдық сауаттылықты арттыруға бағытталған әдіс-тәсілдер» тақырыбында тарих пәні мұғалімдерінің аудандық семинар-практикумы өтті.Семинардың мақсаты: Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталған оқу-тәрбие үдерісінде әдіс-тәсілдерді қолдану тәжірибесімен бөлісу;Семинарға 34 мұғалім қатысып,өзара тәжірибе алмасты.

Пән мұғалімдері Е.Ахметов 5 сыныпта «Крит - мекендік мәдениет туралы мифтер не айтады?» ашық сабағы, Р.Байтанаева «Ақпараттық сауаттылықтың тарих пәнін оқытудағы ролі» тақырыбында шеберлік сыныбы, Д.Құстүтінова «БелРеаk» дебат клубының жұмысы туралы шеберлік сынып сабақтары әдістемелік жағынан дұрыс құрылып, жоғары дәрежеде өтті.

 

 

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы конкурсының қорытынды № 11 хаттамасы

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы конкурсының қорытынды

№ 11 хаттамасы

Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімі КММ-сі

Төле би ауылы,Егемберді көшесі, 2А үй 19.02.2019 жыл, сағат 16-00


Конкурстық комиссияның құрамы:

М.К.Булекбаева – аудандық білім бөлімінің басшысының міндетін уақытша атқарушы, комиссия төрайымы;

С.Б.Жакипбекова – білім бөлімінің бас үнеудемшісі, комиссия төрайымының орынбасары.

Комиссия мүшелері:

Р.А.Альжанова – Шу ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы;

Д.Б.Әліпбаев – НұрОтан партиясы Шу аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары;

А.Ш.Қомаев – Жамбыл облысы кәсіпкерлер Палатасының Шу аудандағы филиалының директоры;

А.Ж.Рахматова- Шу аудандық мәслихатының депутаты;

Б.Е.Қуандыков – білім бөлімінің заңгері;

З.Н.Турсымбекова - білім бөлімініңәдіскері - комиссия хатшысы.

 

Қатысқаны : 7

Қатыспаған: жоқ

 

 

Күн тәртібінде:

1. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы.

 

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы комиссия мүшелері әлеуетті өнім берушінің ұсынған конкурстық құжаттарын қайта қарап, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы№ 122 бұйрығына сәйкестігін және балабақша құжаттағы кемшілікті жойғанын ескере отырып, ашық дауыс беру жолымен 2019 жылдың 19 ақпанында шешім етті:

 

Мемлекеттік тапсырысты жекеменшік мектепке дейінгі білім беру ұйымына орналастыру үшін тізімге еңгізу:

 

 

Шу қаласы, Шадықожа Ниетбайұлы көшесі №2В, «Бибінұр-А» ЖШС-нің «Бибінұр» бөбекжай-бақшасын – 75 бала.

Мектеп асханаларына зерделеу жүргізілуде

Мектеп асханасына жаңа көзқарас қалыптастыруды қолға алған «Нұр Отан» партиясы «Мектеп асханасы» партиялық жобасын жүзеге асыруда. Осыған орай, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Д.Б.Әліпбаев, білім бөлімінің әдіскері Н.Бекбауов аталмыш партиялық жоба аясында ,Төле би ауылындағы Е.Бекмаханов м-г,М.Әуезов, Әл-Фараби атындағы орта мектептердің асханалары зерделеніп, жоба стандартына сай, кәсіпкерлердің СЭС ережесі мен ұсыныстарына сай қызмет көрсетуі, бейнебақылау камераларының бар-жоқтығы, ас мәзіріндегі денсаулыққа зиян тағамдардың болмауы, мектеп асханаларында оқушылардың сапалы тамақпен қамтамасыз етілуі, оқушылардың тамақтану уақыты жіті тексерілді. Арнайы құрылған комиссия құрамындағы аудандық білім бөлімі, кәсіпкерлер палатасының өкілдері, жергілікті депутаттар, ата-аналар комитетінің мүшесі жүргізген алғашқы рейд жұмысы ары қарай жалғасын тауып, аудандағы барлық білім беру мекемелеріндегі асханалар зерделенетін болады.

 

 

 

 

 

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы конкурсының №10 хаттамасы

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы конкурсының

№10 хаттамасы

 

«Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімі» КММ-сі

Төле би ауылы,Егемберді көшесі, 2А үй 11.02.2019 жыл сағат 17-00


Конкурстық комиссияның құрамы:

М.А.Базарова – аудандық білім бөлімінің басшысы, комиссия төрайымы;

С.Б.Жакипбекова – білім бөлімінің бас үнеудемшісі, комиссия төрайымының орынбасары.

Комиссия мүшелері:

Р.А.Альжанова – Шу ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы;

Д.Б.Әліпбаев – НұрОтан партиясы Шу аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары;

А.Ш.Қомаев – Жамбыл облысы кәсіпкерлер Палатасының Шу аудандағы филиалының директоры;

А.Ж.Рахматова- Шу аудандық мәслихатының депутаты;

Б.Е.Қуандыков – білім бөлімінің заңгері;

З.Н.Турсымбекова - білім бөлімініңәдіскері - комиссия хатшысы.

 

Қатысқаны : 6

Қатыспаған: 1 (себепті жағдаймен С.Б.Жакипбекова – білім бөлімінің бас үнеудемшісі, комиссия төрайымының орынбасары)

 

Күн тәртібі:

1. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы

 

Отырысты білім бөлімінің басшысы М.А.Базарова ашты. Сөзіндеең бірінші басты назарда Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар мамандарды даярлауға, сондай-ақ жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 бұйрығына сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы қағидасын басшылыққа алатынын атап көрсетті.

 

Көрсетілген мерзім бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы конкурсқа 1 өтініш түсті.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы конкурсқа түскенмектепке дейінгі мекеме:

1.75 орынға Шу қаласы, Шадықожа Ниетбайұлы көшесі № 2В үйде орналасқан «Бибінұр-А» ЖШС-нің «Бибінұр» бөбекжай-балабақшасы.

«Бибінұр» ЖШС директоры Адильбек Гульназ Сарсембаевна.

Жоғарыда аталған жекеменшік балабақшаның конвертін комиссия мүшелері ашып, құжаттарын тексерді.

Балабақшалардың конкурсқа қатысуға ұсынылған өтінімдері:

1) Комиссия төрайымының атына мемлекеттік тапсырысты орындау мақсатында жарияланған конкурсқа қатыстыру туралы өтініштері.

2) Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің мемлекеттік тіркеу туралыкуәлігі, жарғысы, банктен қарызының жоқтығы туралы анықтамасы,салықоргандарынан қарызының жоқтығы туралы анықтамасы.

3) Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары үшін қолданылатын жылжымайтын мүлігіне құқықты орнатушы құжаттарының көшірмесі.

4)"Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2017 жылғы 28 сәуірдегі № 217 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15217 болып тіркелген) бекітілген "Эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына1-қосымшағасәйкес мектепке дейінгі ұйымның санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыларының көшірмесін;

5) Балабақшалардың медициналық кабинетінің лицензиялары;

6) білім беру органдарының жолдамасымен мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша балаларды қабылдау және "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан РеспубликасыныңЗаңынасәйкес бекітілген ата-аналар төлемінің тарифінен аспайтын мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша баланы күтіп-бағуға ата-аналар төлемінің мөлшерін белгілеу туралы міндеттемесі;

7) Жамбыл облысының Білім саласындағы бақылау департаметіне қызметті жүзеге асыруды бастағаны туралы берген хабарламасы.

 

Конкурстық комиссия мүшелері құжаттарын ұсынған балабақшаның конкурстық құжаттамаларын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 бұйрығына сәйкестігін ескере отырып, ашық дауыс беру жолыменконкурсқа қатысуға 2019 жылдың 11 ақпанда шешім етті:

 

1. «Бибінұр-А» ЖШС-нің «Бибінұр»балабақшасы конкурсқа жіберілген құжаттарындағы кемшілігін:

А) Балабақша үшін қолданылатын жылжымайтын мүлікке құқықты белгілеуші құжаттардың көшірмесінде (жекеменшік немесе жалға алу) жалға алу мерзімін дұрыс белгілеу;

Конкурстық комиссия мүшелері әлеуеттіөнімдерден конкурсқа түскен құжаттар бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 бұйрығына сәйкестігін ескере отырып ашық дауыс беру жолымен 2019 жылдың 11 ақпанында шешім етті:

 

1.Конкурстық комиссияға түскен құжаттардағы кемшілікті толықтыру үшін әлеуетті өнім беруші бес күнде (жұмыс күндері) 2019 жылдың 18 ақпан күні сағат 18.00-ге дейін Шу ауданы әкімдігінің білім бөліміне Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 бұйрығына сәйкес толықтырылсын.

Хабарлама

ХАБАРЛАМА

Қазақстан  Республикасы  Білім және ғылым  министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы»бұйрығы негізінде «Жамбыл облысы Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қарасты жалпы орта білім беретін мекемелер жанынан Қамқоршылық кеңестер құрылады және оның құрамы бойынша жазбаша ұсыныстар 2019 жылғы 25 ақпанға дейін  қабылданады. Үміткерлердің жазбаша келісімі мына мекенжайда қабылданады:Төле би ауылы, Егемберді көшесі, №2 А, үшінші қабаттағы №10 кабинет, байланыс телефондары: 8 (726 38) 3-02-23, 3-01-49

 

Хабарлама

ХАБАРЛАМА

 

         Қазақстан  Республикасы  Білім және ғылым  министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы»бұйрығын басшылыққа ала отырып, «Жамбыл облысы Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің  2018 жылғы 13 ақпандағы «Білім беру ұйымдары жанынан қамқоршылық кеңестер құру және оның құрамын бекіту туралы»№109 бұйрығымен аудандағы білім беру  мекемелері жанынан  құрылған Қамқоршылық кеңестердің өкілеттілігі 2019 жылғы 13 ақпан күнінен бастап тоқтатылады.


Назад 1 ... 6 7 8 9 10 11 12 13 14 ... 21 Вперед

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Жастар жылының салтанатты ашылу рәсімінде сөйлеген сөзі

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының жаңалықтары

Жаңалықтар күнтізбесі

«    Май 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 



Жалпы білім беру мекемелерінің картасы