* » Страница 7

**

С.Естемесов атындағы шағын орталықты орта мектебінің қамқоршылық кеңесі отырысының хаттамасы

ХАБАРЛАНДЫРУ

«Мәңгілік ел жастары индустрияға» - «Серпін - 2050» жобасы бүгінде еліміздегі ең танымал әлеуметтік жобалардың бірі. Жоба аясында еліміздің оңтүстік өңірлерінің жастары, өндіріс орындары дамыған, жұмысшы күшіне қажеттілік қалыптасып отырған Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қостанай, Қарағанды өңірлерінің жоғарғы оқу орындары мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында тегін білім алып, тұрақты жұмысқа орналасуына мүмкіндік береді.
Серпін жобасына Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан облысы, Жамбыл, Алматы облыстарының жастары қатыса алады.
«Серпін» әлеуметтік жобаның үш маңызды тұсы бар.
Біріншісі, индустриалды-инновациялық жобаларға мамандарды даярлау:
• жұмыс күші мол аймақтардағы жастарға сұранысқа ие кәсіби білім беруді ұйымдастыру;
• жұмыс күші мол аймақтардағы жастарды жұмыс күші тапшы аймақтардағы сұранысқа ие мамандықтар бойынша оқуға тарту;
Екіншісі, кәсіптік бейімделу:
• қоғамды «Серпін» жобасын іске асыру барысымен ақпараттандыру;
• техникалық және кәсіптік білім берудің беделін арттыру;
• жастардың жұмысшы кәсіптер (мамандықтар) алуға деген оң көзқарасын қалыптастыру;
Үшіншісі, жастардың әлеуеттік және жұмыссыздық мәселелерін шешу:
• жоба түлектерін жұмыс күші тапшы аймақтарда жұмысқа орналастыруға ықпал ету;
• жастардың еңбекпен және жұмыспен қамту саласындағы жағдайларының қамтамасыз етілуі;
• жастардың тұрғын-үй мәселесін шешу тетіктерін әзірлеу.
Жобаға қатысушы өңірлердің өкілдерінің үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу үшін М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінен, Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті, Жамбыл политехникалық жоғарғы колледжінен арнайы кабинеттер бөлінеді.
Тараз қаласында жоғарыда аталған жоғарғы оқу орындарының базасында жобаға қатысу үшін шілде айында мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау бойынша конкурсқа құжаттар қабылданады.
Жамбыл облысында 13-17 мамыр айында барлық аудандарда «Серпін» күндері өткізіледі. Серпін күндері аясында ауылды елді мекендерде орналасқан мектеп бітіруші түлектері және ауыл жастарымен кездесулер ұйымдастырылады, үгіт-насихат жұмыстары жүргізіледі. Осы орайда, Шу қаласында орналасқан #40 шағын орталықты мектеп лицейінің базасында мамыр айының 16 күні сағат 15:00 де "Серпін күні" жиыны өткізіледі. Осы жиынға ауданымыздың жастарын ақпарат алуға шақырамыз.

ХАБАРЛАНДЫРУ

 


ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы негізінде «Жамбыл облысы Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қарасты мектепке дейінгі (мемлекеттік) білім беру ұйымдары жанынан Қамқоршылық кеңестер құрылады және оның құрамы бойынша жазбаша ұсыныстар 2019 жылғы 18 мамырға дейін қабылданады. Үміткерлердің жазбаша келісімі мына мекенжайда қабылданады: Төле би ауылы, Егемберді көшесі, №2 А, үшінші қабаттағы №10 кабинет, байланыс телефондары: 8 (726 38) 3-02-23, 3-01-49.

ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІ

Төле би ауылының орталық алаңында 7мамыр-"Отан қорғаушылар" күніне орай өскелең ұрпақты отан сүйгіштікке, патриоттық сезімге баулитын мектеп оқушыларының арасындағы "Сапта жүріп, əн айту" байқауы өткізілді. Аталған байқауға аудан əкімі Ж.Айтақов тікелей ат салысып, жеңімпаздарды бағалы силықтармен марапаттады.

ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІ

 

ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІ

 

ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІ

 

ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІ

 

ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІ

 

ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІ

 

ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІ

 


Алға орта мектебінің қамқоршылық кеңес хаттамасы

Абай атындағы орта мектебінің қамқоршылық кеңесі отырысының хаттамасы

Жамбыл гимназиясының қамқоршылық кеңесі отырысының хаттамасы

Әл Фараби атындағы орта мектебінің қамқоршылық кеңесі отырысының хаттамасы

«ЖИЕНБЕТ НЕГІЗГІ МЕКТЕБІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТТІК БОС ОРНЫНА АШЫҚ КОНКУРС

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ШУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ «ЖИЕНБЕТНЕГІЗГІ МЕКТЕБІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТТІК БОС ОРНЫНА АШЫҚ КОНКУРС ЖАРИЯЛАНАДЫ

(Мекен жайы: Жамбыл облысы, Шу ауданы, Жиенбет ауылы, Тілеуқабыл көшесі №11 тел.: 5-36-30).

Конкурсқа қатысу үшін кандидаттардан мыналар талап етіледі:

Біліктілік талаптары:

1) жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білімі;

2) педагогикалық жұмыс өтілі кемінде бес жыл, оның ішінде басшылық лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде бір жыл, шағын жинақты мектепте педагогикалық жұмыс өтілі кемінде үш жыл, басшылық лауазымдағы жұмыс өтілі талап етілмейді;

3) бірінші немесе жоғары біліктілік санатының және (немесе) "педагог-модератор", "педагог-сарапшы", "педагог-зерттеуші", "педагог-шебер" санатының болуы (мемлекеттік қызметшілерді, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының, әдістемелік қызметтердің қызметкерлерін қоспағанда);

4) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

5) соттылығының жоқ екені туралы анықтама.

Лауазымдық міндеттері: Білім беру ұйымының қызметін оның жарғысына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес басқарады. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын педагогикалық және әдістемелік кеңеспен бірлесе отырып іске асыруды ұйымдастырады. Жұмыс жоспарын, бағдарламалар мен жұмыс жоспарларын бекітеді. Бекітілген учаскедегі балаларды жалпыға міндетті оқытумен қамтамасыз ету заңына сәйкес жалпыға міндетті оқытумен қамтамасыз етеді. Оқу-тәрбие процесінің ғылыми-әдістемелік және материалдық-техникалық базасын ұйымдастырады және жетілдіреді. Оқу-тәрбие процесін әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады және жетілдіреді. Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың дамуын қамтамасыз етеді.

Педагогикалық ұйымдар, әдістемелік бірлестіктер, балалар ұйымдары қызметіне ықпал етеді. Білім беру құқығына берілген лицензиясына сәйкес оқушылар, тәрбиеленушілер контингентін қалыптастырады, оқушылар мен тәрбиеленушілерді әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етеді. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың арасынан шыққан тәрбиеленушілердің заңды құқығы мен мүдделерін (жеке, мүліктік, тұрғын үй, еңбек және басқа да) қорғайды, олардың туысқандық байланысын қолдай үшін оларға жағдай жасау бойынша шаралар қабылдайды. Оқу-тәрбие процесі кезінде білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) және білім беру ұйымы қызметкерлерінің өмір қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтауға қажетті жағдай жасайды. Белгіленген заңнама шегінде білім беру ұйымының мүлкі мен құралдарына иелік етеді, жыл сайын құрылтайшылардың қаржылық және материалдық қаражаттың түсуі және жұмсалуы туралы есебін береді.

Нормативтік талаптарға сәйкес есеп жүргізіп, оқу-материалдық базаның сақталуын және толықтырылуын қамтамасыз етеді, ішкі еңбек тәртібі ережесін, санитариялық-гигиеналық режимді, еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау үшін жауап береді.

Педагог кадрларды және қосымша қызметшілерді іріктеуді және жұмысқа тартуды жүзеге асырады, басқару құрылымын, қызметкерлердің штаттық кестесін, лауазымдық нұсқаулығын бекітеді, олардың кәсіби шеберлігін арттыру үшін жағдай жасайды. Педагогикалық кеңесті басқарады. Белгіленген тәртіп бойынша қызметкерлерді аттестаттауға дайындауға қатысады. Қызмет барысында айрықша көзге түскен оқытушылар мен білім беру ұйымдарының қызметкерлерін өзінің құзыретіне қарай марапаттауға және көтермелеуге ұсынады және өз құзыретінің шегінде жаза қолданады.

Жұртшылықпен, ата-аналармен (немесе оларды алмастырушы адамдармен) байланысты жүзеге асырады. Мемлекеттік және басқа да ұйымдарда білім беру ұйымының атынан өкілдік етеді, қажетті есеп құжаттарын дайындау мен ұсынуды қамтамасыз етеді. Компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық құзіреттілікті меңгерген.

Лауазымдық айлықақы мөлшері:

Атқарған еңбек өтіліне және санатына қарай орта есеппен алғанда 115 мың 030 тенге

Үміткер конкурсқа қатысу туралы өтініштерін жергілікті басылымға хабарландыру шыққан күннен бастап 7 жұмыс күн ішінде аудандық білім бөлімінің жанынан құрылған конкурстық комиссияға ұсыну тиіс.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:

1) білім беруді басқару органы басшысының атына тұрғылықты тіркеу орны, нақты тұратын жері, байланыс телефондары көрсетілген конкурсқа қатысуға өтініш;

2) жеке тұлғаны куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) білім туралы құжаттың көшірмесі;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

5) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ және фото;

6) ескертпелер мен көтермелеулерді көрсете отырып, бұрынғы жұмыс орнынан өндірістік мінездеме;

7) біліктілік санаты және ғылыми дәрежесі туралы құжаттың көшірмесі (болған жағдайда);

8) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907бұйрығыменбекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелді) нысанға сәйкес медициналық куәландырудан өтуі туралы құжат;

9) "Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегі органдарымен жеке тұлғаларға ақпараттық-анықтамалық бойынша қызметін көрсету нұсқаулығын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2017 жылғы 24 наурыздағы № 31бұйрығыменбекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14978 болып тіркелді) нысанға сәйкес соттылығының жоқ екендігі туралы анықтама;

10) тестілеуден өткендігі туралы анықтама (болған жағдайда);

11) мемлекеттік білім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспары.

Конкурсқа қатысу үшін ұсынылатын құжаттардың көшірмелері жұмыс орнының кадр қызметі немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкері тарапынан куәландырылады және мөрмен куәландырылады. Нотариалды куәләндырылады.

Білуге міндетті: Қазақстан РеспубликасыныңКонституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбеккодексін, "Неке және отбасы туралы" Қазақстан РеспубликасыныңКодексін, Қазақстан Республикасының"Білім туралы","Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы","Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы","Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы","Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы","Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы","Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы", "Арнайы әлеуметтік қызмет туралы","Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтар мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы"Заңдарын және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді, педагогика мен психология негіздерін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын, педагогика, педагогикалық психология, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін, менеджмент негіздерін, қаржы-шаруашылық қызмет туралы заңнамаларды, еңбек туралы, еңбекті қорғаудың, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелері мен нормаларын, санитариялық ережелер мен нормаларды Конкурс төрт кезеңде өткізіледі:

1) конкурсқа қатысушылардың біліктілігін бағалау;

2) мемлекеттік білім беру ұйымының қамқоршылық кеңесімен (бұдан әрі – қамқоршылық кеңес) кандидаттарды келісу;

3) облыстың (республикалық маңызы бар қалаларды, астананы қоспағанда) білім беруді басқару органдарымен кандидаттарды келісу;

4) білім беруді басқару органының конкурстық комиссиясының отырысында әңгімелесу.

Конкурс өткізілетін орын:

Шу ауданы әкімдігі білім бөлімінің конкурстық комиссияның мекен-жайы: Шу ауданы, Төле би ауылы, Егемберді көшесі №2 аудан әкімдігінің білім бөлімі, байланыс телефондары 8(32638) 3-00-09.

Мұқағали Мақатаев атындағы шағын орталықты тірек орта мектебінің қамқоршылық кеңесі отырысының №1 хаттамасы

Назад 1 ... 3 4 5 6 7 8 9 10 11 ... 21 Вперед

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Жастар жылының салтанатты ашылу рәсімінде сөйлеген сөзі

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының жаңалықтары

Жаңалықтар күнтізбесі

«    Май 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 



Жалпы білім беру мекемелерінің картасы