*ШУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БӨЛІМІ » Страница 11
Шу ауданы бойынша 2019 жылдың 10 қаңтар мен 10 ақпан аралығында «Қамқорлық» қайырымдылық акциясы өткізілді. Аудандағы барлық мектеп ұжымдары, ата-аналар, демеушілер ат салысып аз қамтылған және көп балалы отбасынан шыққан оқушыларға, жетім балаларға аяқ киім, сырт киім, спорттық киімдермен және оқу құралдарымен қамтамасыз етілді.
«Қамқорлық» акциясы шеңберінде 905 оқушыға 16 млн 704 мың теңгеге көмек берілді. Оның ішінде жергілікті бюджет есебінен 13 млн 937 мың теңгеге және демеушілердің көмегімен 2 млн 767 мың теңге көлемінде көмек көрсетілді.
«Қамқорлық» акциясы барысында мөлтек аудандарын 10 қаңтар мен 10 ақпан аралығында 21122 ауланы/пәтерді/ 1110 мұғалім аралады.
«Қамқорлық» акциясы аясында «Үндеу» хаты және көрсетілген көмек туралы мәліметтер ,мақалалар жергілікті «Шу өңірі» баспа бетіне №6-7 2019 жылғы 19 қаңтар/1 мақала/, «Спешите делать добро» №9-10 2019 жылғы 26 қаңтар /1 мақала/, №11 2019 жылғы 30 қаңтар/4 мақала/, №12 2019 жылғы 2 ақпан/4 мақала/,№14 2019 жылғы 9 ақпан /10 мақала/, басылып шықты.Барлығы:20 мақала.
Аудан бойынша бір оқушы іздеуде болғандықтан оқумен қамтылмаған. Атап айтқанда: Т.Рысқулов/қ/ атындағы орта мектебінің 6 сынып оқушысы Гуськов Артем. Аудандық ішкі істер бөліміне іздеу туралы қатынас хаттар жіберілген.
Аудан мектептерінде «Қамқорлық» акциясы аясында үнпарақтар, плакаттар және ақпараттық бұрыштар жасалынып ілінді. Қатер тобындағы балаларды анықтау мақсатында аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлерімен бірлесе отырып 15 рейд бекітілген іс-шараларға сәйкес жүргізілді.



Шу ауданы жекеменшік балабақшалардабалаларды мектепке дейінгі оқу мен тәрбиемен қамту мақсатында Шу қаласы Тоғай мөлтек ауданы 75 орынға мемлекеттік тапсырысты орындауға конкурс жарияланады.
Конкурсқа қатысу үшін жекеменшік мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары«Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне мынадайқұжаттар ұсынады:
1) комиссия төрағасының (төрайымының) атына жазылған өтініш (М.А.Базароваға);
2) заңды тұлғаны немесе дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы немесе куәліктің көшірмесін, мектепке дейінгі ұйымныңжарғысын, құжаттарды тапсырғанға дейін бір ай мерзімінен аспайтын банктен берілетін берешегінің (қарызының) жоқ екені туралы анықтаманы және салық органынан берілетін берешегінің жоқ екені туралы анықтаманы;
3) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары үшін қолданылатын
жылжымайтын мүлікке құқықты белгілеуші құжаттардың көшірмесі (жекеменшік немесе жалға алу);
4) «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрінің м.а. 2017 жылғы 28 сәуіріндегі № 217 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15217 болып тіркелген) бекітілген «Эпидемиалық маңыздылығы жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтықактілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1–қосымшаға сәйкес мектепке дейінгі ұйымның санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі туралы санитарлық-эпидемиологиялық қорытындының көшірмесін;
5) медициналық кабинеткелицензиясының болуы туралы көшірмесін немесе тіркелген жерін ескере отырып, емханамен жасалған қызмет көрсету туралы шартты;
6) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тамақтандыруға жұмсалатын ата-аналар төлемақысының белгіленген мөлшерімен, тек қана республикалық маңызы бар қаланың, астананың білім басқармаларының, қалалардың (аудандардың) білім бөлімдерінің жолдамасымен мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша балаларды қабылдау туралы жеткізушінің міндеттемесін ұсынады. Жеткізуші қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша міндеттемелер нысанын толтырады.
7) қызметті жүзеге асыруды бастағаны туралы Жамбыл облысының білім саласындағы Бақылау департаментіне берген хабарламасы.
Конкурстық өтінімге кіретін құжаттар тігіледі, нөмірленеді, мектепке дейінгі ұйымның құрылтайшысымен қол қояды,мөрімен расталады және конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген тәртіппен ұсынылады.
Жекеменшік мектепке дейінгі білім беру ұйымдары тарапынан мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша орын санына байланысты ұсыныстар саны артқан жағдайда жеткізушілерді комиссия конкурс негізінде таңдап алады.
Жеткізушіні конкурс арқылы таңдаудың қосымша өлшемшарттары:
1) жоғары және бірінші санаттағы тәрбиешілердің үлесі олардың жалпы санынан кемінде 10%;
2) мемлекеттік білім беру тапсырысы қызметін ұсыну бойынша тәжірибенің болуы болып табылады.
Құжаттар Төле би ауылы, Егемберді көшесі № 2а үй, Шу аудандық білім бөлімінің №5 кабинетінде 2019 жылдың 18 қантарына дейін қабылданады.
| « Декабрь 2025 » | ||||||
|---|---|---|---|---|---|---|
| Пн | Вт | Ср | Чт | Пт | Сб | Вс |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
| 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 |
| 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 |
| 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 |
| 29 | 30 | 31 | ||||