* » Страница 2

**

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы конкурсының қорытынды №16 хаттамасы

Мектеп лига - 2020

«Робототехника және ІТ: оқытудан тәжірибеге»


«Қауіпсіз мектеп автобусы»


«Қауіпсіз мектеп автобусы»

КОНКУРС!!!

КОНКУРС ЖАРИЯЛАНАДЫ

Шу ауданы жекеменшік балабақшаларда балаларды мектепке дейінгі оқу мен тәрбиемен қамту мақсатында Шу қаласында 25 орынға, Төле би ауылында 50 орынға мемлекеттік тапсырысты орындауға конкурс жарияланады.

Конкурсқа қатысу үшін жекеменшік мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары«Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне мынадайқұжаттар ұсынады:

1) комиссия төрағасының (төрайымының) атына жазылған өтініш (А.У.Бименбетовке);

2) заңды тұлғаны немесе дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы немесе куәліктің көшірмесін, мектепке дейінгі ұйымныңжарғысын, құжаттарды тапсырғанға дейін бір ай мерзімінен аспайтын банктен берілетін берешегінің (қарызының) жоқ екені туралы анықтаманы және салық органынан берілетін берешегінің жоқ екені туралы анықтаманы;

3) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары үшін қолданылатын

жылжымайтын мүлікке құқықты белгілеуші құжаттардың көшірмесі (жекеменшік немесе жалға алу);

4) «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрінің м.а. 2017 жылғы 28 сәуіріндегі № 217 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15217 болып тіркелген) бекітілген «Эпидемиалық маңыздылығы жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1–қосымшағасәйкес мектепке дейінгі ұйымның санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі туралы санитарлық-эпидемиологиялық қорытындының көшірмесін;

5) медициналық кабинеткелицензиясының болуы туралы көшірмесін немесе тіркелген жерін ескере отырып, емханамен жасалған қызмет көрсету туралы шартты;

6) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тамақтандыруға жұмсалатын ата-аналар төлемақысының белгіленген мөлшерімен, тек қана республикалық маңызы бар қаланың, астананың білім басқармаларының, қалалардың (аудандардың) білім бөлімдерінің жолдамасымен мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша балаларды қабылдау туралы жеткізушінің міндеттемесін ұсынады. Жеткізуші қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша міндеттемелер нысанын толтырады.

7) қызметті жүзеге асыруды бастағаны туралы Жамбыл облысының білім саласындағы Бақылау департаментіне берген хабарламасы.

 

Конкурстық өтінімге кіретін құжаттар тігіледі, нөмірленеді, мектепке дейінгі ұйымның құрылтайшысымен қол қояды,мөрімен расталады және конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген тәртіппен ұсынылады.

Жекеменшік мектепке дейінгі білім беру ұйымдары тарапынан мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша орын санына байланысты ұсыныстар саны артқан жағдайда жеткізушілерді комиссия конкурс негізінде таңдап алады.

Жеткізушіні конкурс арқылы таңдаудың қосымша өлшемшарттары:

1) жоғарғы және бірінші санаттағы тәрбиешілердің үлесі олардың жалпы санынан кемінде 10%;

2) мемлекеттік білім беру тапсырысы қызметін ұсыну бойынша тәжірибенің болуы болып табылады.

Құжаттар Төле би ауылы, Егемберді көшесі № 2а үй, Шу аудандық білім бөлімінің № 11 кабинетінде 2020 жылдың 2 наурызына дейін қабылданады.

Жалпы білім беру мекемелеріндегі оқушыларды ыстық тамақпен қамту бойынша түсіндірме жұмыстары

Жалпы білім беру мекемелеріндегі оқушыларды ыстық тамақпен қамту бойынша түсіндірме жұмыстары

Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімі ағымдағы жылдың 22 қаңтар күні Төле би ауылындағы М.Мақатаев атындағы шағын орталықты тірек орта мектебінде /РО/ «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін ыстық тамақпен қамтылу бойыншааудан мектептерініңәлеуметтік педагогтар ментәрбие ісі жөніндегіорынбасарларына жиналыс өткізіп, ыстық тамаққа тиісті нормативтікқұжаттар бойынша ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2017ж. 16 тамыздағы №611 бұйрығымен бекітілген «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптардыңжалпы ережелері», ауданмектептеріндегі аз қамтылған , көп балалы отбасынан шыққан, жетім және ата-анасының қарауынсызқалған балалардың құжаттарынқабылдау тегін ыстық тамақпен қамтуүшін «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 cәуірдегі № 198 бұйрығына 5–қосымша «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін жәнежеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну" мемлекеттік көрсетілетінқызмет стандарты бойынша және «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау төлеу және кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы ұсыну қағидаларын » бекіту туралы Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы №320 бұйрығына еңгізілген өзгерістер туралы 2020 жылғы 5 қаңтардағы №3 бұйрығы туралы ауданмектептерінің арасында түсіндіружұмыстары өткізілді.

 

 

 

«Қауіпсіз мектеп автобусы»

«Қауіпсіз мектеп автобусы»

Жамбыл облысы Шу ауданы бойынша 2019-2020 оқужылында 8 мектепке (Мойынқұм,М.Мәметова, Т.Рысқұлов, С.Сейфуллин, А.С.Макаренко, Ш.Уалиханов, Т.Әшімбаев, Жамбыл орта мектептері), мектебі жоқ елді мекендерден (Аң шаруашылығы, Көктөбе бекеті, Аспара бекеті) және тиісті мектебі жоқ елді мекендерден (Бөген шаруашылығы, Еңбек ауылы, Жиенбет ауылы, Су қоймасы) 323 оқушы тасымалдауменқамтылған.

Тасымалданатын оқушылар 8 автокөлікпен тасымалданады, оның 7-і 2013 жылы,1-і 2014 жылыжергілікті бюджет есебінен сатып алынған. Сегіз автокөлік ауылдық әкімдеріне тиесілі.

Балалардың өмір қауіпсіздігін сақтау үшін тасымалдайтын автокөліктердің техникалық жағдайы аудандық МАИқызметкерлерімен алты айда біррет толығымен тексеруден өткізілген. Оқушылардытасымалдайтын автокөліктің алды мен артында түндегі кезде жанып тұратынлента, «Балалар» деген жазумен және жол белгісі ілінген,өрт сөндіргіштер, аварияқауіпсіздік белгісі, автокөлік дөңгелеуіне қарсы тіреме, бірінші көмек көрсететін қорабшасымен қамтамасыз етілген.

Қазақстан РеспубликасыБілім және ғылым министрінің 2020 жылғы 15 қаңтардағы хатыныңжәне облыстық білім басқармасының 2020 жылғы 15 қаңтардағы №474хатының орындау мақсатында,білім бөлімінің 2020 жылғы 16 қаңтардағы№26 бұйрықпен бекітілген іс шара жоспарына сәйкес төмендегідей жұмыс атқарылған: «Қауіпсізмектеп автобусы»республикалық акциясы аясындаәр мектепте бұйрықтары шығарылып, іс шара жоспарлары жасалыныпбекітілді. Жоспарға сәйкес«Қауіпсіз мектеп автобусы» республикалық акциясыаясында аудан мектептерінде жолда жүруережелері тақырыбындабұрыштар жаңартылды, көркем плакаттар,буклеттер, тартпалар және ақпараттық бұрыштар жасалынды.

«Қауіпсізмектеп автобусы» акциясыныңаясында ағымдағы жылдың 17 қаңтар күніаудандық полицияқызметкерлерімен бірлесіп тасымалдау бар мектептердің автобустарының жағдайықаралды. Автобустың тазалығы сақталған, дыбыс сигналдарды бар, техникалық байқаудан уақтылы өткен, автокөліктің схемасы автобустың ішінде ілінген, оқушылардыңотыратын орындары суретке түсірілген, балаларды тасымалдаукезіндегі қауіпсіздік шараларыбойынша нұсқаулық ақпараттар орналасқан.

«Қауіпсіз мектеп автобусы»

 

«Қауіпсіз мектеп автобусы»

 

«Қауіпсіз мектеп автобусы»

 

«Қауіпсіз мектеп автобусы»

 

«Қауіпсіз мектеп автобусы»

 

«Қауіпсіз мектеп автобусы»

 

«Қауіпсіз мектеп автобусы»

 

«Қауіпсіз мектеп автобусы»

 

«Қауіпсіз мектеп автобусы»

 

«Қауіпсіз мектеп автобусы»

 

 


Б.Момышұлы атындағы орта мектебінің қамқорышылық кеңес отырысының хаттамасы

«Қауіпсіз мектеп автобусы» республикалық акциясы

«Қауіпсіз мектеп автобусы»

республикалық акциясы

 

«Қауіпсіз мектеп автобусы» республикалық акциясыаясында әр мектепте бұйрықтары шығарылып, іс шара жоспарларыжасалынып бекітілді. Жоспарға сәйкес «Қауіпсіз мектеп автобусы» республикалық акциясыаясында аудан мектептерінде жолда жүруережелері тақырыбындабұрыштар жаңартылды, көркем плакаттар,буклеттер, тартпалар және ақпараттық бұрыштар жасалынды.

Жоспарға сәйкес 1-4 сыныпоқушыларына жолда жүру ережелерінмеңгеру «Бағдаршам» атты 76 көрініс,105 сүрет байқауы, осы бағытта әр түрлітақырыпта 576 тәрбие сағаттарыөткізілді. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол ережелерін үйрету мақсатында дәлізде бейнероликтер көрсетілді. Барлық сынып бөлмелерінде жолда жүру ережелері тақырыбында бұрыштаржаңартылды. Сынып жетекшілер өткізілген сынып сағаттарында балалардың әр уақыттасақ және жолда мұқиятболуға, жол ережелерінбұзбай жүруге, тәртіпті сақтауға шақырды. Мектептердің жоғарғы сынып оқушыларына медбикелер жол апаты болған жағдайда алғашқы дәрігерлік жәрдем көрсетуінүйретті.

«Жол ережесін біліп жүр, жасөспірім!» тақырыбында әр сыныпта бірыңғай тәрбие сағаты жүргізілді, 2-30 қыркүйек, 1-8қазан күндері аралығында Шу АІІБ –нің қызметкерлерімен бірлесіп «Абайла, жасөспірім!» тақырыбында түсіндірме жұмыстары 24 мектепте өткізілді.

«Қауіпсіз мектепавтобусы» республикалық акциясыныңаясында 2019 жылғы 2 қазан күні балалартасымалдайтын автобустар арасындаавтобустардың техникалықжағдайының байқауы өткізілді. Аудан бойынша тиісті мектебі жәнемектебі жоқ 8 елді мекендерде тұратын 323 оқушыларға тасымалдауұйымдастырылған. Байқауға 7 елдімекендердің автокөліктері қатысты.Атап айтқанда Шу қаласындағы С.Сейфуллин , Тасөткел ауылындағы Т.Рысқұлов, Көктөбе ауылындағы Жамбыл , Бәйдібек ауылындағы М.Мәметова, Мойынқұм ауылындағы Мойынқұм, Далақайнар ауылындағы Т.Әшімбаев, Белбасар ауылындағы Ш.Уалихановатындағы орта мектептерінің автобустары.

«Қауіпсіз мектеп автобусы» республикалық акциясы 2019 жылғы 4 қазан күні сағат15-00 де Төле би ауылындағы аудандықмәдениет ұйінің алдындаөткізілді. Білім бөлімінің оқу секторныңы меңгерушісі Р.Мықтыбекова салтанаттытүрде акцияны ашты. Одан кейін оқушылар өз өнерлерін ортаға салып, жол қауіпсіздігі туралы әндер шырқап, Жамбыл гимназия, Е.Бекмаханов мектеп гимназиясы, М.Мақатаев, Әль-фараби, Абай/қ/ атындағы орта мектептерінің оқушыларының флешмоб билерін тамашалады. Сондай-ақ, іс-шара барысында «Жол қауіпсіздігін сақтайық» тақырыбында сурет байқауы өткізіліп, үздік деп танылған бірқатар 33 оқушы марапатталды.

Аудандық акцияға Шу қаласының,Төле би ауылындағы, тиісті мектебі және мектебіжоқ 8 елді мекендердің тасымалдаумен қамтылған оқушылар қатысты. «Қауіпсіз мектеп автобусы» республикалық акциясы аясында автокөлітерінің техникалық жағдайына тиянақты қарағанжәне жол ережесін бұзбаған жүргізушілерге білім бөлімінің «Алғыс хатымен» марапатталды.

Тасымалдаумен қамтылған 8 мектептің оқушыларына көлікпен тасымалдау үнемі жүзеге асыратын мектеп болғандықтан, балаларға тасымалдау алдында көліктің техникалық жағдайы мен тахографтардың бар болуы және олардың жарамдылығы туралы құжаттар тексеріліп , жүргізушініңденсаулық жағдайы үнемі тасымалдау алдында медбикенің тексеруінен өтіп отырады.

«Шалғайдағы ауылдықелді мекендерде тұратынбалаларды жалпы білім беру ұйымдарынажәне кері қарай үйлерінетегін тасымалдауды ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы білім бөлімітарапынан үнемі қатанбақылауға алынған.

 

 

 

 

 

«Қауіпсіз мектеп автобусы»  республикалық акциясы

 

 

 

 

 

 

 

Назад 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 ... 21 Вперед

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Жастар жылының салтанатты ашылу рәсімінде сөйлеген сөзі

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының жаңалықтары

Жаңалықтар күнтізбесі

«    Май 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 



Жалпы білім беру мекемелерінің картасы